400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қолғап ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңшының қолғабы орманда түсіп қалады. Қолғапты ормандағы аңдар қөздерінің мекені етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай бақшасы








«Қолғап» (украйын халық ертегісі).





Дайындаған: А.Асқарова









Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

Мақсаты:Балаларды ауызбіршілікке, достыққа, қамқорлыққа, татулыққа, бірлікке, қайырымдылыққа үйрету.

Көрнекілігі: Кардоннан жасалған қолғап.


Рөлдерде:

Аңшы: Нұрислам

Ит: Айдын

Тышқан: Али

Бақа: Қасиет

Қоян: Арай

Түлкі: Іңкәр

Қасқыр: Мейрам

Қабан: Дінмұхамед

Аю: Аңсар


Автор: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар. Қыстың бір күнінде шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Бірінші болып қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан:

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын. Енді бұл менің үйім болады.

Автор: Орманда жүрген бақылдауық бақа да бақылдап қолбақтың қасына келді.

Бақа:

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Бақа: 

- Мына қолғапта кім бар? Кім тұрады?

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын. Ал сен кімсің?

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Шиқылдауық тышқан, мен сенімен бірге тұрайыншы!Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді. Кел кіре ғой!Екеуміз бірге тұрайық.

Автор:

-Міне олар екеу болады.Секеңдеген қоянда қолғапқа келіп жетеді. Қолғаптың қасына жақындап келіп былай дейді.

Қоян:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоян.


Қоян: Мына қолғапта кім бар? Кім тұрады?

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен секеңдеген қоянмын. Шиқылдауық тышқан,бақылдауық бақа! Мен де сендермен бірге тұрайыншы! Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Кел кіре ғой! Бізбен бірге тұр! Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Автор:Бір кезде Қолғапқа көріп түлкі әпкелері қолғапқа жақындап келіп былай дейді.

Түлкі:

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Түлкі: Мына Қолғапта кім бар? Кімдер тұрады?

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын.

Қоян: Мен секеңдеген қоянмын. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі әпкелерің болам. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші. Барлығымыз дос болып бірге тұрайық.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Автор: Сөйтіп олар төртеуі болып қолғапта бірге тұрып жатады.

Орманда сұр қасқыр жортып жүреді. Қолғапты көріп тоқтай қалып, қолғаптың ішіне үңіліп былай дейді:

Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Қасқыр: Мына Қолғапта кім бар? кім тұрады?

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын.

Қоян: Мен секеңдеген қоянмын.

Түлкі:Мен түлкі әпкелерің болам. Ал сен кімсің?

 Қасқыр: Мен сұр қасқырмын. Мен де сендермен бірге тұрғым келеді. Маған қолғаптың ішіне тұруға рұқсат етіндерші.

Түлкі:Кел кіре ғой! Барлығымыз бірге тату-тәтті болып тұрайық. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Автор: Кенеттен қолғапқа қабан жүгіріп келеді де, былай дейді:

Қабан:

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.       

Қабан: -Қорс, -қорс, -қорс! Мына қолғапта кім бар? кімдер тұрады?

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын.

Қоян: Мен секеңдеген қоянмын.

Түлкі:Мен түлкі әпкелерің болам.

 Қасқыр: Мен сұр қасқырмын. Ал сен кімсің?

 Қабан: Мен қорсылдаған қабанмын. : -Қорс, -қорс, -қорс! Мен де сендермен бірге тұрайыншы.

Қасқыр: -Кім келсе де қолғапқа келеді. Ал сен мында қалай сиясың?

Қабан: -Әйтеуір, үйтіп-бүйтіп сияр едім.

Қасқыр: -Енді не істейміз кіре ғой.

Автор: Енді олар алтауы болып, қолғапта тұрады. Қолғаптың іші аңдарға толады, іші өте тар еді. Орманда қорбандап аю жүреді. Қолғапты көріп қорбандаған аю келеді де, былай дейді:

Аю:

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Аю: Мына қолғапта кім бар? кімдер тұрады?

Тышқан: Мен тышқанмын.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын.

Қоян: Мен секеңдеген қоянмын.

Түлкі:Мен түлкі әпкелерің болам.

 Қасқыр: Мен сұр қасқырмын.

 Қабан: Мен қорсылдаған қабанмын. -Қорс, -қорс, -қорс!

Ал сен кімсің?

Аю: Мен қорбандаған аюмын. Ой сендер қандай көпсіңдер. Мен де сендермен бірге тұрайыншы, кіргізіңдерші мені.

Қабан: Біз сені қалай кіргіземіз. Онсызда қолғаптың іші тар.

Аю:Мен де сияр едім. Кіргізсеңдер болды.

Қабан: -Жарайды, кір, тек бір жеріне сиярсың.

Автор: -Енді олар жетеуі қолғапта тұрады. Онсызда қолғаптың іші тар еді, тіпті жыртылуға шақ тұр. Бір кезде ата қолбағының жоқ екенін байқайды. Ол кері қайтып қолғапты іздейді. Қолғапты тап деп итіне бұйырады. Қолғаптың жбырлағанын көрген ит үре бастайды.

Ит: -әуп-әуп-әуп.

Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдарсыңдар ма? Қолғаптан тез шығыңдар.

Автор: Қолғап қозғалатын сияқты. Ит үріп, қолғаптың ішіндегі аңдар жан-жаққа қашып кетеді. Ал ата келіп, қолғабын алып, үйіне қайтады.







"Қолғап" ертегісін кейіпкерлегендер:

Аңшы: Нұрислам

Ит: Айдын

Тышқан: Али

Бақа: Қасиет

Қоян: Арай

Түлкі: Іңкәр

Қасқыр: Мейрам

Қабан: Дінмұхамед

Аю: Аңсар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі