Қолғап орыс халық ертегісі

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қолғап орыс халық ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыра отырып,балалардың жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға,балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту; балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қолғап» орыс халық ертегісі

Мақсаты: инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыра отырып,балалардың жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға,балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту; балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу; сандарды реті бойынша атауға "нешінші?" сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтап,берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен),5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру. Міндеті: Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті,қиялды дамыту. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.

Жүру барысы:

Балалар алаңсыз ойнап жүреді.

Педагог: Балалар көңіл күйлерің қалай?Бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп,сендерді музыка әуенімен нейро жаттығуын жасауға шақырамын.(Балалар музыка әуенімен,тәрбиешінің нұсқаған қимыл қозғалысын көрсетіп нейро жаттығу жасайды.)


Айназ: Апай мен балабақшаға келе жатырғанда қолғабымды жоғалтып алдым,көңіл күйім болмай тұр.

Педагог:Айназ сен көңіліңді түсірме,бүгін серуенге шыққанда достарыңмен бірге сенің қолғабыңды іздеп тауып қалармыз.

Балалар Айназдың көңілін көтеріп ойын ойнасақ қайтеді

Ойынның аты: «Сыңарын тап»

Ойын шарты:Балалар шашылған қолғаптың оң солын ажыратып тауып қолдарына киеді,кейбір сыңары жоқ қолғап иелері қолғаптарының сыңарын іздейді.Сыңарларын іздеп тауып,сыңарын оң солын айырып қолдарына киеді.

Есеннің қолына қолғап жетпей қалады.

Педагог:Балалар Есеннің қолғабын іздеуге көмектесейік.

Балалар:Ия,әрине.

Балалар Есеннің қолғабын табуға көмектесіп жүріп,шарды көреді.

Балалар: Апай шар кімдікі?

Педагог: Білмедім,қызық кім әкелді екен?Шардың ішінде не бар екен?Балалар шарды жарып көремізбе?

Балалар: жарып көрейік.

(Тәрбиеші шарды жарады,ішінен музыка әуенімен қолғап сыңары шығады.)

Қолғапқа жан бітіп сөйлей жөнеледі:Балалар мені босатқандарыңа көп рахмет.А ййй рахатынай.Шардың ішінде жатып-жатып ескіретін шығармын деп ойлағам. Педагог: Балалар бұл не болды екен?

Балалар: Бұл қолғап.

Педагог: Қолғап туралы не айта аласыңдар?

Балалар:Қолғаптың іші жылы,жұмсақ,қолғапты қолымыз тоңбас үшін киеміз.Қолғапты жүннен,мақтадан,жіптен тоқып киеді.

Педагог:Балалар қолғап сөйлейме?

Балалар: жоқ сөйлемейді.

педагог: Ой балалар,бұл жәй қолғап емес болдығой.

Қолғап: Мен туралы білетіндерің көп екен,тағы не білесіңдер?

Айсана:Мен тақпақ білемін.

«Қолғап» (Қалмаханбет Мұхаметқали)

Оу, балалар қараңдар,

Мына қалың қолғапты.

Қолғап кисе боранда,

Қолы үсіп тоңбапты.

Жүннен,жіптен,мақтадан,

Тоқып берген аналар.

Қардан соқты аққала,

Киіп алып балалар.

Әлимансур: Мен жұмбақ білемін

Бес ін,бес іннің аузы бір ін.

Мұстафа: Мен нақыл сөз білемін

Қолғап киген мысық тышқан аулай алмайды.

Мансур: Мен ертегі білемін.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар,Қолғап ертегісі қай халықтың ертегісі?

Балалар: Украйн халық ертегісі.

Қолғап: Балалар мен расымен ғажайып қолғаппын,менің қорабымда сендерге арналған ойын тапсырмалар бар,егер ертегі желісімен ойын тапсырмаларымды орындасаңдар есігімді ашатын боламын.

Тәрбиеші:Ал ендеше ертегі кейіпкерлерін есімізге түсірейікші

Балалар: Тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр,аю

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар.Олай болса ертегіні сахналауға кім шығады?

Ертегі сахналайтын балалар өз қалауларымен кейіпкерлердің киімін таңдап алады.

Балалар бүгін бізде Қайсар,Айым,Арайлым,Айымжан,Мерей,Сабыржан өнер көрсетеді.Ал қалған балалар,көрермен болып қошемет білдіріп отырамыз.

Тәрбиеші: Балалар ертегіде ең бірінші кім келеді?

Балалар: тышқан.

Тышқан: Өзім егін екпеймін

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Мен шиқылдауық тышқанмын,бұл қолғап жылы сияқты кірсем болама?

Қолғап: Еййй тышқан саған қорапшамда ойын тапсырмаларым бар,соның бірінші тапсырмасын орындасаң саған есік ашатын боламын.

Тәрбиеші: Ал қорапшаны ашып көрейік,қандай,ойындар жасырылған екен?

1.Ойын: «Ірімшікке апарар жол»

Ойын шарты:Дайын жол үстінен тәрбиешінің нұсқаулығымен,кеңістікті бағдарлай отырып стрелка бағытын қойып,оң солын ажыратып кедергілер арасынан өтіп ірімшікке жету.

Тышқан тапсырманы орындап,кедергілер арасынан өтіп ірімшікке жетеді.

Қолғап: Жарайсың тышқан деп,музыка әуенімен есік ашылады.

Тәрбиеші:Ал балалар екінші қолғапқа кім кіретін еді?

Балалар: Бақа

Бақа:Мен бақамын бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Бұл қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын,бұл қолғап сондай жылы.Егер қолғаптың тапсырмасын орындасаң ғана кіре аласың.

Қолғап: Бақа саған тапсырмам,өзің білетін жаңылтпашты жаңылмай айтсаң кіре аласың.

Бақа:Мінген қара бала,шанаға да

Анау бала танаға да.

Қолғап: Сен жаңылып қалдың бақа.

Бақа: достарым маған сендердің көмектерің керек.

Педагог:балалар бақаға көмектесемізбе?Ал қане кім жаңылтпаш айтып көмектесер екен?

Балалар жаңылтпаш айтып береді.

Жаңылтпаштар

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

***************

Тақпақ жаттап,

Айтсақ жақсы ақ,

Жатқа тақпақ

Жатта тақ-тақ.

********

Ала,ала,алашалар,

Тамаша олар.

Оған кім таласа алар.

****

Доп теп,

Дөп теп.

*******

Арқада алты арқар бар

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар,

Алты арқарда марқа арқар бар.

*******

Пай-пай-пай

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай,

Ұшып кетті торғай.

****

Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.

Қолғап:Жарайсыңдар балалар сендер бақа достарыңа көмектестіңдер.Музыка әуенімен есік ашылып бақа кіріп кетеді.

Тәрбиеші: Ал енді келесі кім келетін еді?

Балалар:қоян

Қоян: Мен ақ қоян,ақ қоян

Қалқиған ұзын құлағым

Құлағымды жел үніне

Тігіп жатар сақ қоян.

Бұл қолғапта кімдер тұрады?Менде кірсем болама?

Тышқан:Мен шиқылдауық тышқан,

Бақа: Мен бақылдауық бақа тұрамын.Егер қолғаптың тапсырмасын мүдірмей орындасаң қолғапқа кіре аласың.

Қолғап:ал аққоян сен нені жақсы көресің?

Қоян:сәбізді

Қолғап:олай болса достарыңмен бірге сүйікті асың сәбізбен бір ойын ойнап көр.

Ойын: «Нүктелі сәбіздер»

Ойын шарты:Балаларға үлестірмелі материалдар беріледі.Санына қарай сәйкестендіру.

Қоян балалармен бірге ойын тапсырманы орындайды.

Қолғап:Жарайсың аққоян,саған есігімді ашамын.

Есік музыка әуенімен сыңғырлап ашылады.

Тәрбиеші: Балалар: Ал енді келесі келетін қандай аң?

Балалар: Қу түлкі

Түлкі:Ананы да алдаған

Мынаны да алдаған,

Жүрген жері шу.

Мен түлкімін қу.

Педагог:Түлкіге қандай тапсырма берер екен?

Қолғап: Түлкі сен қырдың қызыл түлкісісің ғой,қане қулығыңды асырып есігімнен кіріп көрші.

Түлкі: Ой мен қатырамын ғой,қасыма қолдап жүретін достарым болса болды.

Музыка әуенімен қимылды музыка ырғағымен билей жүріп,қолғап ішіне кіріп кетеді.

Қолғап: Ой,бұл түлкі қалай ғана кіріп кетті,әйтсе де қу ғой.

Педагог: балалар енді кіретін қандай аң екен?

Балалар: Қасқыр

Қолғап: Қасқыр саған берер ойыным достарыңмен бірге «Тура және кері сана»

Ойын шарты: қолыңа алған санды,жердегі көкөніс,жемістер,ойыншықты санай отырып үстінен баса өтіп, сандарды тура және кері қою.

Қолғап: Жарайсың Қасқыр достарыңның көмегімен ойын тапсырмамды өте жақсы орындадың.

Педагог:Балалар бізде соңғы кіретін қандай аң қалды?

Балалар: аю

Аю:Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Бұл қолғапта кімдер тұрады?Менде кірсем болама?

жануарлар: Мен шиқылдауық тышқан,мен бақылдауық бақа,мен Аққоян,Мен қу түлкі,мен қасқыр тұрамын.

Қолғап: Аю саған берер ойын тапсырмам,саған алтындай асықтар бұйырыпты.Осы асықпен ұлттық ойын Ханталапай ойынын ойна.

«Ханталапай»

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып отырады.Ойынға бірнеше асық алынады.Асықтар арасында ерекше Қызыл асық болу керек.Ойын бастаушы асықтарды ортаға шашып жібереді,ойыншылар «Талапай»деп ортаға бас салып көп жинауға тырысады.Қызыл асық алған бала жеңімпаз,және көп жинаған балалар да жеңіске жетеді.

Қолғап: жарайсың деп,аюға есік ашылады.

(Аю кіре бергенде қолғап жыртылып құлап қалады).

Қолғап: ой ой ой,бұл қайткендерің,аю не деген үлкен едің?

Педагог: Қолғап сен мұңайма,қазір біздің балалар сенің көңіліңді көтеріп саған арнап қолғаптар дайындайтын болады.

Балалар шығармашылық бұрышқа барып әдемі қолғаптар жасайық.

Ақ параққа фломастермен қолымызды бастырып салайық,түрлі қиынды пішіндерді қолғабымызға әдемілеп жабыстырайық.

Балалар шығармашылық бұрышта қолдарын бастыра сызып,қолғапты түрлі қиынды пішіндерді танып айтып,жабыстырады.

Педагог: Жарайсыңдар балалар,сендердің қолғаптарың әдемі шығыпты.қолғап қуанып қалатын болды.

Ал енді балалар шеңберге тұрып. «ғажайып доп» ойынын ойнайық.Допты қағып алған бала сұрақтарға толық жауап береді.

1.Балалар бүгін біздер қай ертегіні сахналадық?

Балалар:қолғап.

2.Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Балалар: тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр,аю.

3.Ертегіде қоян қолғапқа нешінші кіреді?

Балалар: үшінші

4.Бүгінгі ойындар ұнадыма? Неліктен ол ойын саған ұнады?

Балалар жауаптары.

5.Аюдың орнында болсаң не істер едің?

Балалар: кешірім сұрар едім.

Жарайсыңдар балалар,серуенге шығатын уақыт та таяп қалды.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі