400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қолөнер - мол өнер. Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қолөнер туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қол өнер-мол өнер».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен жұмыс істеуді үйрету.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеудегі дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, әсемділікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Сумоншақпен жасалған бұйымдар, сызбалар, суреттер, карталар, нақыл сөздер.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Сым темірлер, әр түрлі моншақтар, қайшы.
Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Математика, бейнелеу өнері, әдебиет, биология.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Тазалық, гигиеналық талаптарға сай жұмыс жүргізуін қадағалау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Өтілген сабақ материалдарын тест сұрақтарына жауап беру арқылы пысықтау.
Тест сұрақтары
1. «Бисер» дегеніміз не?
а) ұсақ моншақтар
ә) домалақ ірі моншақтар
б) сопақша моншақтар
2. Бисермен жұмыс істеуде керекті құрал-жабдықтар.
а) мата, қайшы, кергіш
ә) ине, жіп, кергіш
б) мата, ине, жіп, кергіш, қайшы.
3. Бисер неден жасалады?
а) шыны, металл, керамика, хрусталь
ә) металл, шыны, асыл тас
б) керамика, хрусталь, асыл тас.
4. Бисерді, моншақты қайда қолданады?
а) киімге, сувенирге, әшекей заттарға
ә) сөмке, әмиян
б) алқа, білезік бұйымдарына.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бисер тоқу, моншақ тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеп түрлі сыйға тартуға болатын бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ, сәндік бұйымдарды-сырға, білезік, алқа тоқуға да болады. Бисерді көп шығаратын елдер-Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.
Біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар.
Аңыз бойынша, өте ерте уақытта бір бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатқан құмды жағалауға түнеп, түнде от жағады.
Оттың қасына үлкен кесек-кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең тұрса оттың қоламтасынан ғажайып тас сияқты қатты, су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне шағылысқан тасты көреді.

Бұл кристалл еді. Ал ол қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала бастаған деген сөз бар. Ортасынан жіп өтетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйымдар ретінде тұтына біліді.
Моншақтардың әр халықта атауы әр қалай болған. Индияда-хар, Кубада-кояр, Эпопияда-чале, Анголада-миссанға, Болгарида, Румынияда, Молдавияда-зебиргадан, Россияда-ожерели, цепочки, гайтаны десе, қазақ, қырғыздар-моншақ, сумоншақ деп атаған.
Нақыл сөздер.
1. «Өнерліге өріс кең»
2. «Өнер көкке жеткізер»
3. «Мал жұтпайды, өнер жұтамайды».
Абай.
IY. Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын дайындау.
2. Қажетті құралдарды орналастыру.
3. Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
4. Оқушыларға жұмыс беру.
5. Оларға бағыт-бағдар беру.
6. Жұмыстарын тексеріп, кемшіліктерін айтып өту.
7. Жұмыс орнын жинастыру.
8. Қорытындылау. Баға қою.
Пайдалы кеңестер. Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін. Егер бұл жұмыстың басында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып (кесте-1) көрсетілген әдіспен бекітуге болады.
Әр сымның әр ұшымен тоқылу принципімен кері қарай жүру. Бұл егер сым жіңішке немесе моншақтың тесігі үлкен болған жағдайда. Егер моншақ ұсақ немесе сым жуан болса, сымның ұштарын бұйымның шеткі шалуларының арасынан кейін қайта бекіту.

Y. Сабақты қорытындылау.
Бисермен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура келеді. Сонымен бисерден, моншақтан қандай жұмыстар жасауға болады?
- Қыздардың жауабын тыңдау.
Қорыта келгенде, жұмыстың жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етуін қадағалау.

YІ. Үйге тапсырма беру.
Жұмысты үйде аяқтау немесе моншақтан өзінше жұмыстар жасау.

YІІ. Бағалау.
Қыздардың жұмыстарын салыстырмалы түрде бағалау.

0

0

0

0











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.12.2020
1667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі