400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қомқор жобасы аясында «Құстарға қамқорлық жасайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасын іске асыру бойынша жылдық жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасын іске асыру бойынша ересек тобына жылдық жоспар

2025-2026 оқу жылы


Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық жасайық»

Жобаның түрі: Танымдық, экологиялық жоба.

Қатысушылар: «Балапан» тобының тәрбиеленушілері және ата- аналары.

Іске асыру мерзімі: Ұзақ мерзім.

Жобаның өзектілігі: Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Құстардың экожүйедегі рөлі. Маусымдық көмек қажеттілігі. Жануарларға мейірімділік сезімін қалыптастыру. Бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту. Ұлттық тәрбие.

Мақсаты: Балаларға құстардың табиғаттағы маңызы туралы түсіндіру және оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларда құстарға деген мейірімділік қамқорлық, адамгершілік. қасиеттерін қалыптастыру. Құстардың түрлерін ажырату. Құстарға қандай жағдайларда көмектесу керектігін түсіндіру, жем беру, су қою, ұяларын бұзбау. Балалардың ойлау, сөйлеу, мәдениетін дамыту. Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру. Экологиялық сауаттылықты қалыптастыру.

Міндеті: Балалардың бақылау, ой қорыту, өз пікірін айту, дағдыларын дамыту. Сурет салу, әңгімелеу, сияқты шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: Құстардың түрлерін (үй құстары, дала құстары, жыл құстары,) ажырата алады. Құстардың тіршілігі, қорегі, мекен ету ортасы, туралы қарапайым мәліметтер біледі. Құстарға қамқорлық жасау жолдарын айтады (жем шашу, ұя жасау, су кұю, т .б.)

Істей білу керек:Құстарды тану. Үй құстарымен дала құстарын атау. Құстарға көмектесу жолдарын айту. Құстарға не көмектесу керектігін өз сөзімен түсіндіру. Жем салғышпен жұмыс жасау. Жем салғышты дұрыс пайдалана білу(төгіп- шашпай мұқият)

















Жобаны іске асыру бағыты: Дайындық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең.


Тақырыбы: «Құстар әлемімен танысу.»

1.Балаларды құстар әлемімен таныстыру. Мақсаты: Балаларға құстар туралы жалпы түсінік қалыптастыру, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы білім беру, табиғатты аялауға және құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері: Құстардың түрлерімен таныстыру; Құстардың тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру; Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту; Құстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету; Сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту;

Негізгі бөлім:Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Құстар — табиғаттың әсем жаратылысы. Олар жануарлар дүниесіне жатады және бүкіл жер шарында кең таралған. Құстардың денесі қауырсынмен қапталған, екі қанаты, екі аяғы және тұмсығы болады. Көпшілігі ұша алады. міндеттері: Құстар табиғатқа үлкен пайда келтіреді. Олар зиянды жәндіктерді жеп, табиғатты қорғайды. Кейбір құстар дән таратып, өсімдіктердің көбеюіне көмектеседі.

Құстар екі топқа бөлінеді: Жыл құстары — күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Мысалы: қарлығаш, тырна, аққу. Отырықшы құстар — бір жерде қыстап қалады. Мысалы: торғай, көгершін, сауысқан. Құстардың адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттың сәні болып саналады. Сондықтан құстарға қамқорлық жасап, ұя бұзбау, жем беру, қорғау — әр адамның міндеті. Қорытынды:Құстар — табиғат байлығы. Оларды қорғау және қамқорлық жасау — табиғатты аялаудың бір белгісі. Құстардың өмір сүру ортасын қорғау- табиғаттың маңызды жолы.

Ұйымдастырылған іс-әрекет Тақырыбы: «Құстардың өмір сүру ортасы» Білім беру дағдысы:«Таным», «Қоршаған ортамен таныстыру» Мақсаты:Балаларға құстардың өмір сүру ортасы туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі мен табиғаттағы ерекшеліктерін таныстыру. Міндеттері: Құстардың мекендейтін орындарын ажырата білуге үйрету; Танымдық қызығушылықтарын дамыту; Сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; Табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Құстар суреттері, орман, көл, дала бейнелері, ұя макеті. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрсету.

Іс-әрекет барысы Шаттық шеңбері: Құстар ұшып келеді, Әсем әнге салады. Табиғатты қорғайық . Құстарды біз қолдайық!



Негізгі бөлім:

Әңгімелесу: «Құстардың өмір сүру ортасы»

Құстар әртүрлі табиғи ортада тіршілік етеді. Олар өзіне қолайлы жерге ұя салып, қорегін тауып өмір сүреді. Құстар ағашқа, бұтаға, жартастарға және үй шатырларына ұя салады. Олар табиғат жағдайына бейімделіп ұя салады.

Тәрбиеші балаларға құстардың әртүрлі жерде өмір сүретінін түсіндіреді.

\Құстардың негізгі өмір сүру ортасы: Орманда — тоқылдақ, үкі, бұлбұл; Далада — бозторғай, бөдене; Су маңында — аққу, үйрек, қаз; Тауда — бүркіт, лашын; Адамдар мекендейтін жерде — торғай, көгершін, қарға.

Құстар ағашқа ұя салады, жем іздейді, балапан шығарады.


Сұрақ-жауап:

Қандай құстарды білесіңдер?

Аққу қайда өмір сүреді?

Торғайды қайдан көреміз?

Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?



Дидактикалық ойын

«Қай құс қайда мекендейді?»

Балалар құстарды сурет бойынша өз мекеніне орналастырады.

Сергіту сәті:

Қанат қағып ұшайық,

Құстар болып самғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Көңілді боп ойнайық.


Шығармашылық жұмыс:

«Құсқа ұя жасаймыз» құрастыру немесе жапсыру.

Қорытынды:

Бүгін не туралы білдік?

Құстар қайда өмір сүреді?

Құстарды қорғау керек пе?

Қорытынды:

Құстар — табиғат байлығы. Оларды қорғау және қамқорлық жасау — табиғатты аялаудың бір белгісі. Құстардың өмір сүру ортасын қорғау- табиғаттың маңызды жолы.


Мадақтау:

балаларды мақтау, жұлдызша тарату.



Серуен


Тақырыбы: «Құстардың түрлері»

Мақсаты:

Балаларды құстардың түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін бақылауға үйрету және табиғатқа қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:

Құстарды сыртқы белгілеріне қарай ажырату;

Бақылау қабілеттерін дамыту;

Сөйлеу тілін жетілдіру;

Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Бақылау:

Тәрбиеші балалармен бірге ауладағы құстарды бақылайды.

Әңгімелесу:

Балалар, қандай құстарды көріп тұрмыз?

Торғайдың түсі қандай?

Құстар қалай дыбыстайды?

Құстар немен қоректенеді?


Еңбек:

Құстарға жем шашу, жем салғышты тазалау.

Қимылды ойын:

«Құстар мен мысық»

Балалар құс болып ұшады, «мысықтан» қашады.

Дидактикалық ойын:

«Құстың атын ата»

Тәрбиеші сурет көрсетеді, балалар атын атайды.

Тәрбиеші: Құстар туралы тақпақ айтқызады.

Тақпақ Аянат

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерже жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп.

Торғайларға тастаңдар.


Серуен қорытындысы.

Құстарға қамқорлық жасау керек екенін түсіндіру.




Ұйымдастырылған іс-әрекет

Білім беру дағдысы: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар»

Мақсаты:

Балаларға қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру, олардың тіршілігімен таныстыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Қыстап қалатын құстардың атауларын үйрету;

Құстардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін кеңейту;

Сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту;

Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Құстар суреттері, жем салғыш макеті, қыс мезгілінің суреті, үнтаспа.



Іс-әрекет барысы

1. Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып:

Күн жылуын төгеді,

Құс қанатын сермеді.

Табиғатты қорғаймыз,

Құстарға қамқор боламыз!


2. Әңгімелесу


Тәрбиеші балаларға қыс мезгілі туралы сұрақтар қояды.

Қазір қай мезгіл?

Қыста күн қандай болады?

Қандай құстарды білеміз?

Қандай құстар қыстап қалады?


Тәрбиеші түсіндіреді:

Қыстап қалатын құстар – жылы жаққа ұшып кетпейтін құстар. Олар қыс бойы бізбен бірге болады. Торғай, қарға, сауысқан, көгершін қыстап қалады.


3. Дидактикалық ойын

«Қай құс артық?»

Мақсаты: Қыстап қалатын және жыл құстарын ажырату.

Шарты: Балалар суреттер арасынан қыстап қалатын құстарды табады

4. Сергіту сәті

Құстар болып ұшайық,

Қанат қағып қонайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.


5. Шығармашылық жұмыс

«Құстарға жем салғыш» құрастыру немесе бояу.

Балалар жем салғышқа қандай жем салуға болатынын айтады.

6. Қорытынды

Біз қандай құстармен таныстық?

Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?

Қыста құстарға не береміз?


Тәрбиеші балаларды мадақтайды.




Балаларға іс әрекет арқылы құстарға қамқорлық жасауды үйрету.

Мақсаты:

Балаларға құстар туралы түсінік беру, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу, табиғатты аялауға үйрету.

Міндеттері:

Құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту;

Құстарға жанашырлық сезімін қалыптастыру;

Қамқорлық жасау әрекеттерін тәжірибе арқылы үйрету;

Еңбекке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Іс-әрекет түрлері:

Құстарға жем шашу

Балалармен бірге аулаға шығып, құстарға жем беру. Нан қиқымын, тары, бидай шашу арқылы қамқорлық көрсету.


Құс ұясын жасау

Қағаздан немесе табиғи материалдардан ұя құрастыру. Балалардың қызығушылығын арттырады.


Серуен бақылауы

Серуен кезінде құстарды бақылап, олардың дыбысын тыңдау, түрлерін ажырату.

Шығармашылық жұмыс

Құстардың суретін салу, жапсыру, мүсіндеу жұмыстарын ұйымдастыру.


Дидактикалық ойындар

«Қай құс қалай дыбыстайды?», «Құсты тап», «Ұшатын және ұшпайтын құстар» ойындары.


Тақпақ, жұмбақ айту

Құстар туралы өлеңдер жаттау, жұмбақ шешу арқылы тіл байлығын дамыту.


Қорытынды:


Іс-әрекет арқылы балалар құстарға қамқорлық жасаудың маңызын түсінеді. Табиғатты қорғауға, жануарларға мейірімді болуға үйренеді.




Ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық жасайық»

Білім беру дағдысы:

Таным, қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:

Балаларға құстар туралы түсінік беру, олардың табиғаттағы рөлін таныстыру және құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту;

Қыстап қалатын құстарды таныстыру;

Құстарға жанашырлық сезімін қалыптастыру;

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:

Құстар суреттері, жем салғыш макеті, дәндер, аудиожазба, бейнеролик, үлестірмелі материалдар.


Іс-әрекет барысы


І. Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып:

Тәрбиеші:

Күн жылуын төгеді,

Құстар әнге бөледі.

Табиғатты қорғайық,

Қамқор болып жүрейік!


ІІ. Әңгімелесу


Тәрбиеші.Балалар, құстар қайда өмір сүреді? Балалар: Далада,орманда, биікте ұшып жүреді.

Тәрбиеші:Қандай құстарды білесіңдер?

Балалар: суық торғай, көгершін,қарға ,сауысқан

Тәрбиеші.Қыста құстарға не қиын болады?

Балалар: азық тауып жеу.

Тәрбиеші.Біз құстарға қалай көмектесеміз?

Балалар: Жемшашарларына нан,дән, саламыз


ІІІ. Негізгі бөлім

Құстар туралы түсіндіру Құстар табиғатқа пайда әкеледі. Олар зиянды жәндіктерді жейді, табиғатты әдемі етеді. Қыста құстарға жем табу қиын, сондықтан адамдар оларға қамқорлық жасайды.



IV. Дидактикалық ойын

«Құсты тап»

Шарты:

Тәрбиеші құстың дауысын қосады, балалар қандай құс екенін табады.


V. Сергіту сәті


Қане қанат қағайық,

Құс болып біз ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.


VI. Шығармашылық жұмыс

«Құстарға жем шашайық» аппликациясы

Балалар дайын құс суретіне дәндерді жапсырады.


VII. Қорытынды

Бүгін не туралы айттық?

Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?


Мадақтау:

Балаларды мақтап, «Құстардың досы» медальдарын беру.




Тақырыбы: Құстарға көмектесейік.

Әңгімелесу.

Құстардың табиғаттағы рөлі өте маңызды. Олар табиғат тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі және адамға да көп пайда әкеледі.


Құстардың табиғаттағы рөлі мен пайдасы:


Зиянды жәндіктерді жояды

Құстар егінге зиян келтіретін жәндіктерді, құрттарды жейді. Осы арқылы өсімдіктерді қорғайды.

Өсімдіктердің таралуына көмектеседі

Кейбір құстар жемістерді жеп, дәндерін басқа жерлерге таратады. Бұл жаңа өсімдіктердің өсуіне әсер етеді.

Табиғат тепе-теңдігін сақтайды

Құстар жануарлар мен жәндіктер санының шамадан тыс көбеюіне жол бермейді.


Қоршаған ортаның тазалығын сақтайды

Кейбір құстар өлекселерді жеп, табиғатты тазартады.


Адамға қуаныш сыйлайды

Құстардың әсем үні адамдардың көңіл-күйін көтереді, табиғатты көркейтеді.


Ауыл шаруашылығына пайдасы бар

Құстар зиянкестерді азайтып, егіннің жақсы өсуіне көмектеседі.


Қорытынды:


Құстар — табиғаттың ажырамас бөлігі. Оларды қорғау, қамқорлық жасау әр адамның міндеті. Құстар көп болса, табиғат та әдемі әрі таза болады.




Әңгімелесу .

Құстар туралы қызықты мәліметтер

Құстардың денесі қауырсынмен жабылған.

Құстардың көпшілігі ұша алады.

Ең кішкентай құс – колибри. Ол гүл шырынымен қоректенеді.

Түйеқұс ұша алмайды, бірақ өте жылдам жүгіреді.


Үкі түнде жақсы көреді және түнде аң аулайды.

Тоқылдақ ағашты тоқылдатып, қабық астындағы жәндіктерді табады.

Қарға өте ақылды құс болып саналады.

Аққу – өте әдемі әрі таза құс.

Кейбір құстар мыңдаған шақырымға ұшып қоныс аударады.

Құстар табиғатты зиянды жәндіктерден қорғайды.

Балаларға арналған қызықты сұрақтар:

Қандай құс ұша алмайды?

Қай құс түнде жүреді?

Құстарға қыста қалай көмектесеміз?

Сен қандай құсты жақсы көресің?

Кеңес:Құстарға қамқорлық жасау.

Табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Міне, қарапайым әрі пайдалы кеңестер:


Құстарға қалай қамқорлық жасауға болады?

1. Тамақ беру

Қыста және ерте көктемде құстарға дән, бидай, тары, күнбағыс беруге болады.

Нанның көп мөлшерін бермеңіз – ол зиян болуы мүмкін.

2. Су қою

Әсіресе жазда құстарға таза су өте қажет.

Шағын ыдысқа су құйып, қауіпсіз жерге қойыңыз.

3. Ұя жасау

Ағаштарға ұя ілуге болады (құс үйшігі).

Бұл құстардың көбейіп, қауіпсіз өмір сүруіне көмектеседі.

4. Табиғатты қорғау

Ағаштарды кеспеу, гүлдерді жұлып алмау – құстардың мекенін сақтайды.

5. Құстарды үркітпеу

Ұяларын бұзбау, жұмыртқаларын алмау керек.

6. Қыста көмектесу. Суықта құстарға тамақ табу қиын, сондықтан арнайы жемсалғыш (кормушка) жасау өте пайдалы.

Құстар – табиғаттың сәні әрі экожүйенің маңызды бөлігі. Оларға қамқор болу – әр адамның міндеті.




Серуен

Тақырыбы: «Құстарға ұя жасап, жылы жер сыйлайық»

Мақсаты:

Балаларға құстарға қамқорлық жасаудың маңызын түсіндіру, ұя жасау арқылы құстарға жылы орын дайындауға үйрету.

Міндеттері:

Құстардың тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру;

Құстарға жанашырлық сезімін тәрбиелеу;

Табиғатты аялауға баулу;


Еңбекке қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер:

Дайын ұя макеті, құстар суреті, ағаш бұтақтары, жем салғыш, дәндер.

Серуен барысы

І. Бақылау

Тәрбиеші балаларды аулаға шығарып, ағаштағы құстарға назар аудартады.

Сұрақтар:

Балалар, қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

Балалар:көгершін, қарға, торғай.

Тәрбиеші.Құстар қайда қонады?

Балалар: ағаштың бұтағына

Тәрбиеші:Қыста құстарға не жетіспейді?

Балалар:азық жетіспейді

Тәрбиеші:Құстарға қалай көмектесуге болады?

Балалар: Жемшашарларына жем, нан үгіндісін салу керек.



ІІ. Түсіндіру

Тәрбиеші:

«Қыста құстарға суық болады. Кейбір құстар ұя жасап паналайды. Адамдар құстарға ұя іліп, жем беріп қамқорлық жасайды. Біз де құстарға жылы жер дайындай аламыз.»


ІІІ. Еңбек әрекеті

«Құстарға ұя орналастыру»

Балалар тәрбиешімен бірге дайын ұяны ағашқа іледі немесе жем салғышқа дән салады.



IV. Қимылды ойын

«Құстар қалай ұшады?»

Балалар құстардың қимылын салып ұшады, қонады, жем тереді.


V. Қорытынды

Біз бүгін не жасадық?

Құстарға не үшін ұя керек?

Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Балалар: Құстарға ұя жасадық, ұя қыста жылы болу үшін керек. Құстарға жем беріп қамқорлық жасау керек.


Қорытынды сөз:

«Құстар — табиғаттың сәні. Оларға қамқор болу — біздің міндетіміз.»



Тақырыбы.Құстарға қысқы азық.

Қысқы азықтың маңызы.


Қыс мезгілінде құстарға қорек табу қиын болады. Жерді қар басып, жәндіктер азаяды. Сондықтан адамдар құстарға жем беріп, қамқорлық жасауы керек.


Қысқы азықтың құстар үшін маңызы:

Құстардың аш қалмауына көмектеседі;

Суықта тоңбай, күш жинауына әсер етеді; Құстардың қыстан аман шығуына көмектеседі;

Табиғаттағы құстар санын сақтайды.

Құстарға берілетін азықтар:

Тары, бидай, күнбағыс дәні, нан қиқымы, сұлы


Балаларға түсіндіру:

«Егер құстарға қыс кезінде жем берсек, олар аш болмайды. Құстар бізге пайдалы, сондықтан біз оларға қамқор болуымыз керек.»

Қорытынды:

Қысқы азық — құстар үшін өте маңызды. Құстарға жем беру арқылы балалар мейірімділікке, табиғатты қорғауға үйренеді.




Ашық серуен:


Тақырыбы.«Құстарға қысқы азық берудің ережелері»

Қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасау — табиғатты қорғаудың бір түрі. Құстарға дұрыс азық беру олардың қыстан аман шығуына көмектеседі.


Құстарға азық берудің негізгі ережелері:


Жемді тұрақты беру

Құстар бір жерге үйреніп қалады. Сондықтан жемді уақытылы салып тұру қажет.


Пайдалы азық беру

Құстарға тары, бидай, сұлы, күнбағыс дәні, нан қиқымы беруге болады.


Тұзды және бұзылған тағам бермеу

Тұзды нан, қуырылған тағам, көгерген азық құстарға зиян. Жем салғышты таза ұстау

Жем салғышты тазалап тұру құстардың ауруға шалдықпауына көмектеседі.


Жем салғышты қауіпсіз жерге ілу

Оны желден қорғалған, мысық жетпейтін жерге орналастырған дұрыс.

Су қоюды ұмытпау

Қыста да құстарға таза су қажет.


Ата-аналарға кеңес:

Балалармен бірге құстарға жем беру — мейірімділікке, табиғатты аялауға тәрбиелейді.

Қорытынды:

Құстарға қысқы азық беру — қамқорлық пен жанашырлықтың белгісі. Табиғатты қорғайық, құстарға көмектесейік!


Тақырыбы: «Менің сүйікті құсым»

Білім беру саласы:Қатынас.Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты:Балаларға құстар туралы түсінік беру; Сөздік қорларын молайту; Өз ойын толық сөйлеммен жеткізуге үйрету; Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Құстардың суреттері, ойыншық құстар, үнтаспа, карточкалар.

Өту барысы:

Шаттық шеңбері: Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!


Ұйымдастыру кезеңі:Балалармен амандасу. Көңіл күйлерін сұрау.Құстар туралы қысқаша әңгімелесу.

Қызығушылықты ояту: Балалар мен бүгінгі іс - әрекеттібастамс бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Қос қанаты бар,
Ұшады аспанда.
Ән салып сайрайды,
Қонады ағашқа.
(Құс)

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз құстар туралы әңгімелесеміз. Құстар әр түрлі болады Әр аданың өзінің сүйікті құстары боладыБалалар менің сүйікті құсым – қарлығаш. Қарлығаш кішкентай, әдемі құс. Оның қанаттары ұзын болады. Ол тез ұшады. Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады. Адамдар қарлығашты жақсы көреді.сендердіңде сүйікті құстарың болу үшін мен сендерді құстармен таныстырып өтейін Құстардың түрлері өте көп Балалар құстар қыстап қалатын құстар және жыл құстары болып екеіге бөлінеді. Қыстап қалатын құстар: Торғай, қарға, сауысқан, көгершін, тоқылдақ, шымшық. Ал жыл құстары: Қарлығаш, тырна, аққу, қаз, үйрек, бұлбұл. Олай болса балалар сендерде өздеріңнің сүйікті құстарыңды атап көрсетіңдер Қане Нұрлыбек сенің сүйікті құсың қандай

Нұрлыбектің жауабы: Торғай

Тәрбиеші: Нұрлыбек сен неліктен торғай құсын сүйікті деп айтың.

Нұрлыбектің жауабы: Себебі торғай қыс мезгіліндеде тоңбайды. Өзі сондай кішкентай. Қыстап қалатын құс болғандықтан, торғай менің сүйікті құсым.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ондай болса мен сендерге бірнеше құстардың суретін салып дайындап алып келдім. Әр қайсы балалар өзінің сүйікті құсын тауып, бояп шығады.

Шығармашылық жұмыс: Балалар өздерінің сүйікті құстарының суретін бояйды және атын атайды.

Сергіту сәті

Құстар болып ұшайық,
Қанат қағып қонайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.

Дидактикалық ойын«Құсты тап»

Шарты:
Тәрбиеші құстың сипаттамасын айтады, балалар қай құс екенін табады.

Мысалы:Ақ түсті, көлде жүзеді. (Аққу)

Үйдің маңына ұя салады. (Қарлығаш)


Қорытынды:Сұрақ-жауап:Біз не туралы әңгімелестік?

Саған қандай құс ұнайды?

Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?

Мадақтау:Балаларды мақтау, жұлдызша беру.





Тақырыбы: «Жыл құстары оралды»

Білім беру салалары:Қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, музыка, шығармашылық

Форматы:Саяхат-сабақ, ойын технологиясы арқылы

Мақсаты:Балалардың жыл құстары туралы түсініктерін кеңейту, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:Жыл құстарының ерекшеліктерін таныстыру; Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту; Ұжыммен жұмыс жасауға баулу; Құстарды қорғауға тәрбиелеу.

КөрнекіліктерҚұс бейнелері Ұя макеті Ағаш макеті Құстар үні аудиосы Қанаттар, Конверт ішіндегі тапсырмалар

Іс-әрекет барысы

Ғажайып сәт

(Топқа құстардың дауысы естіледі)

Тәрбиеші қолына хат ұстап келеді.

Тәрбиеші:
— Балалар, бізге орманнан хат келіпті.
Қане, оқып көрейік.

Хат:

«Сәлем, балалар!
Көктем келді. Біз жылы жақтан оралдық. Бірақ бізге көмектерің керек. Тапсырмаларды орындасаңдар, орманымыз қайта жанданады.
Құстар»

Шаттық шеңбері

«Құстарша самғайық»

Қане, қанат қағайық,
Құс болып біз ұшайық.
Көктем келіп далаға,
Қуанышпен қонайық.

(Балалар құс қимылдарын жасайды)


Саяхат сабағы

1-аялдама: «Құстар әлемі»

Сұрақтар:Қандай құстарды білесіңдер? Қай құстар жылы жаққа ұшады? Неліктен олар қайта оралады?

Тәрбиеші түсіндірмесі:Жыл құстары күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде күн жылығанда туған жеріне қайта келеді.


2-аялдама: «Құстың үнін тап»

(Құстар дыбысы қосылады)

Балалар қай құстың дауысы екенін табады.


Дидактикалық ойын«Ұясын тап»




Шарты:
Құстарды өз ұясына орналастыру.

Сергіту сәті

«Көңілді құстар»

Ұштық-ұштық талмаймыз,
Қанат қағып шаршамаймыз.
Биікке біз самғаймыз,
Ұямызға қонамыз.

(Музыкамен қимыл жасалады)

3-аялдама: «Шебер қолдар»Шығармашылық жұмыс

«Құсқа ұя жасаймыз»Балалар түрлі түсті қағаздан ұя құрастырады.Немесе:мақтадан бұлт жасау; күн жапсыру; құстарды орналастыру.

Қорытынды«Күншуақ» әдісіБалалар күннің шуақтарына өз әсерлерін айтады:Маған не ұнады? Қандай құсты білдім?Құстарға қалай көмектесеміз?

Күтілетін нәтижеБалалар:Жыл құстарын ажыратады; Құстар туралы әңгімелейді; Табиғатты қорғау керектігін түсінеді.

ЕрекшелігіБұл ұйымдастырылған іс-әрекетте:ойын технологиясы; дыбыстық әдіс; саяхат форматы;шығармашылық жұмыс; қимылды сергітубіріктірілген.





Тақырыбы:«Құстар – табиғаттың досы»

Мақсаты:Балаларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, оларды қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:Құстар туралы білімдерін кеңейту.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:Құстардың суреттері, ұя макеті, жем салғыш, аудио (құстар дауысы), бейнеролик

Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызуЖылы лебіз айту: Балалар, бүгін біз ерекше іс-әрекет өткіземіз. Олай болса бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық! Қане балалар орнымыздан тұрайық, дөңгелене шеңбер құрайық.Шаттық шеңбері:Құстар біздің досымыз Бақшамыздың сәніміз Қорғайық біз бәріміз Қамқор бала боламыз (Құстардың дауысы қосылады)
Тәрбиеші:Балалар тыңдаңдаршы бұл неннің дауысыболды екен?

Балалардың жауабы: Құстардың дауысы.

Тәрбиеші: Құстар қайда өмір сүреді?

Балалардың жауабы: Табиғата, ағашта өмір сүреді.

Тәрбиеші: жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар Балалар Құстар – табиғаттың досы. Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.
Құстар болмаса, табиғатта тепе-теңдік бұзылады.
Олар әдемі ән салып, бізге қуаныш сыйлайды. Балалар құстардың түрлері дене пішіндеріәртүрлі болады. Мысалы:Балалар қарға деген құс түсі қара дене пішіні үлкен, тұмсығыда үлкен болады. Ал торғай деген құс түсі сұр болады, қарғадан қарағанда дене пішіні кішкентай болады. Торғайдың тұмсығыда кішкентай болады екен.Балалар құстар қыстап қалатын құстар және жыл құстары болып екеіге бөлінеді. Қыстап қалатын құстар: Торғай, қарға, сауысқан, көгершін, тоқылдақ, шымшық. Ал жыл құстары: Қарлығаш, тырна, аққу, қаз, үйрек, бұлбұл. Балалар құстар адамға көмектессе,адамдарда құстарға көмектеседі. Адамдар қыс мезгілінде құстарға жемсауыт жасап жем береді. Балалар құстарға өзіндік жем беру ережелері бар. Оны келесі іс - әрекетте айтатын боламыз. Балалар ондай болса сендермен бір дидактикалық ойын ойнайық:
«Қай құс?»Мақсаты: Құстарды ажырата білу
Шарты: Суреттен құсты тауып, атын айту Жарасыңдар балалар ойын өте қызықты болдысендерге ұнадыма Балалар шаршағанымызды басу үшін бір сергіп алайық

Сергіту сәті: Тәрбиеші оқиды балалар қыймылмен көрсетеді. «Құстарша ұшайық» Құстар болып ұшайық (Қолдарын екі жаққа жайыпұшу қимылын жасайды) Қанат қағып алайық (Қолдарын жоғары -төмен қозғайды) Жоғары самғайық (Аяқтың ұшыменкөтеріледі) Төменжергеқонайық (Отырып қону қимылын жасайды) Шиқ - шиқ етіп ән салайық (Қолдарын аузы тұсына апарып дыбыс шығарады) Орнымызға бараық (Жай жүріп орындарына келеді)Шығармашылық жұмыс:Тақырыбы: «Құсқа ұя жасау» (жапсыру/құрастыру)
Балалар қағаздан немесе табиғи материалдардан ұя жасайды.

Қорытынды:

Құстар бізге не береді?
– Біз құстарға қалай қамқор боламыз?

Балалар жауап береді.

Мадақтау:

Балаларды мақтау, жұлдызша беру

Күтілетін нәтиже: Құстар туралы түсінік қалыптасады Табиғатты қорғауға қызығушылық артады

Изображение 1











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.09.2026
20
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі