«Қонаев – ғасыр саңлағы».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қонаев – ғасыр саңлағы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Қонаевтың Қонаевтың қайраткерлік өмірінен мағлұмат беру. Өмірде ұлы тұлға болып қалыптасқан атамызбе балаларды жақын таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың  тақырыбы:         «Қонаев – ғасыр саңлағы».

Сабақтың  мақсаты:  

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Қонаевтың Қонаевтың  қайраткерлік  өмірінен мағлұмат  беру. Өмірде  ұлы  тұлға болып қалыптасқан  атамызбе балаларды  жақын    таныстыру.
        
 
Міндеті:

1. Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан - жақты түсінік

қалыптастыру.

2. Кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы

жүргізген саясатын үлгі ету.

3. Д.А.Қонаев  туралы  ой-пікірлерін  арттыру, ойларын  еркін  жеткізе  білуге

 дағдыландыру.

4. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А.Қонаев туралы

түсініктерін кеңейту. 


Күтілетін нәтиже:

1. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А.Қонаев туралы білді.

2. Ой - пікірлері  арттып, ойларын  еркін  жеткізуге  дағдыланды.

3. Д.А.Қонаев туралы жан - жақты түсініктері қалыптасып, кеңейді. 


Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: әңгіме, талдау, сұрақ-жауап, бейне баян көру.

Көрнекілігі: Д.А.Қонаевтың суреттері, ғылыми еңбектері, баспасөз материалдарында

жарияланған мақалалар, видеолар, нақыл  сөздер, буклет.


Сабақ жоспары.

Ұйымдастыру кезеңі

а. Сәлемдесу.

ә. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І. Тренинг. «Суреттен нені байқадыңыз?».

Ай.

Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызу қандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.

Ақ түсті келбет.

Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бір сарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

ІІ. «Ойлан тап» ойыны. Тапсырманы дұрыс орындау нәтижесінде оқушылар сабақтың

тақырыбын табады. ( Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  )


7

38

18

17

34

37

1

17

8

7

1

37

17

8

25

34

16

37

15

20

18

1

8

4


ІІІ. « Мақтан тұтар ұлы тұлға » Д.А.Қонаевтың өмірбаяны туралы бейне баян көру.


ІҮ. Оқушылардың дайындап келген мәліметтерге кезек беру


Игі істері және жетістіктері.


сайланды.

  • КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне

 делегат болды.

  • 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің

мүшесі.

  • Өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

  • Ел басқарған жылдары 68 жұмысшылар  кенті,43 қала пайда болды.

  • Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

  • Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды.

  • Металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал,  ҚарағандыПетропавлШымкентАлматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. 

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым  саласында орасан зор қызмет етті.100-ден аса ғылыми еңбектермен  зерттеулер жазды.

  • Қазақ өнерін жоғары бағалаған, өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті.

  • Қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі,Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қ Р- ның Ұлттық ҒылымАкадемиясының ғимараты тұрғызылды.Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынды. Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты.Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары,  әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

  • Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті.


Марапаттары:


Мақалалары мен кітаптары:

  • 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»

  • 1992 жылы – «О моём времени»

  • 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»

  • 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»


Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер.


Қызықты ақпараттар.

  • Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.

  • Отбасында 11 баланың 4 - шісі.

  • Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.

  • Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.

  • Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.

  • Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.

  • Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м

  • Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады.


Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғытамыздың 22-сінде, 82 - жасқа қараған

шағында кенеттен қайтыс болды.


Ү. Д. А. Қонаев атамыздың нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіре отырып талдау.

1. Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.

2. Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
    Жан таппайды екенсің.

3. Әр заманың  өз әні, өз сәні бар.

4. «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».


ҮІ. Сергіту сәті.  «Ойын ойнайық» .


ҮІІ.   Біз Қонаевты білеміз бе ?

1. Д.А.Қонаевтың туған жылы , айы ? Жауап:   1912 жыл 12 қаңтар.

2. Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген? Жауап:  Алматы қаласы.

3. Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім? Жауап:  Зухра Шәріпқызы.

4. Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды? Жауап 82 жасқа қараған шағында.

5. Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?
    Жауап:  1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.


ҮІІІ. Қорытынды . «Тазалық» ойыны арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған

әсерлерін анықтау.


Picture 7

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2024
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі