400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қонақжай. Қонақ түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілік санатымды растау үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы Қонақжай


Сабақтың мақсаты Қонақ күтудің ерекшелігін оған

Балалардың және отбасының әрбір

мүшесінің қатысын «қонақжай»,

« меймандос»,»ілтипат» ұғымдарымен

таныстыру

Қонақ түрлерімен таныстырып,келген

Қонақты күтуде балалар қандай

міндет атқаруға тиіс екенін әңгімелеп

ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын

мәнерлеп сөйлеуін дамыту

Әдет ғұрыпты құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі түсіндіру,сұрақ жауап

Сабақтың түрі жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Сабақтың барысы ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

«Отбасы берекесі», «Балаң жақсы болса» мәтіндерін сұрау.

-Балалар,бүгінгі сабақ күндегіден ерекше.Қонаққа Қожанасыр

және ұстаздарымыз келіп отыр.Қожанасыр атамыз бізге

қандай сыйлықтар әкеледі екен

Отбасы деген не

Неке деген не

ҚР-ның Конституциясында отбасына қамқорлық туралы

не деген

Жас отбасына қандай қамқорлық көрсету керек

Отбасы мүлкі деген не

Отбасы қоры деген не

Қазақ отбасында қандай әдет ғұрып қалыптасқан

Сенің үйіңде кімдер тұрады

Әдептілік ,тәрбие ,бала туралы мақал айту

Асар деген не

Жаңа сабаққа даярлық

Балалар, сендердің үйлеріңе қонақ келе ме

Сендер қонаққа барасыңдар ма

Қонақты қалай күту керек

Оқушылардан жауап алу

Ой қозғау

Менің сендерге дайындаған сұрағым бар.Соған жауап

Беріңдер.Сонда сөзжұмбақ шешіледі

Сөзжұмбақтан қандай сөзді оқуға болады

-Қонақжай.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қонақжай»

деп аталады.

Қазақ халқында қонақтың төрт түрі бар.

Арнайы қонақ-алыстан іздеп келген туыстарың.Бұлар

нағыз сыйлы,сағына күткен қонақтарОларды сыйлап,күту

керек.

Құдайы қонақ-бейтаныс шалғай елден, алыс жерден

жолаушылап жүрген тосын қонақ.Олар нағыз сауабы

тиетін қонақтар.Оларды ықыласпен күту керек.

Қыдырма қонақ-ерігіп,желігіп,үйден үйге ,ауылдан ауылды

Кезіп,сөз аңдып өсек теріп,қымыз ішіп ет жеуді әдетке

Айналдырған сандалма қонақ.

Қылқима қонақ- түтіні түзу шыққан шайнап,қылқытып

жұтып тағы бір түтіні түзу шыққан үйге тарта нағыз

сұғанақ қонақ.

Кітаппен жұмыс.

Мұғалім өзі оқиды.Оқушыларға тізбектей оқыту.

«Меймандос», «Ілтипат», «Қонақжай» сөздерінің

мағынасын ашқызу.

Үйге келген қонаққа қандай ілтипат көрсетеміз

Қандай сөздер айтасыңдар

«Төрге шығыңыз», «Қолыңызға су құяйын».

Қазақ халқы барын қонаққа беріп,өзі қалғанын жеп

отыратын халық.

Дәптермен жұмыс.

Балалар, сендер қонақ келсе дастарханға не қоясыңдар

Дастарханға не қоятынын дәптерге жазу.

Бекіту кезеңі.

Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру.

Қонақтың қандай түрі бар.

Балалар,бүгін бізде қонақтар отыр.Бұл кісілерді

қонақтардың қай түріне жатқызуға болады.

Арнайы қонақ.

Неге

Сабағымызға ол кісілерді шақырдық.

Өте жақсы.Бұл кісілерді жақсылап күтуіміз керек.

Яғни, бұл кісілерді риза етуіміз керек.Ол үшін сендер не

істеулерің керек.

Сабаққа жақсы қатысып ,жақсы оқуымыз керек.

Жарайсыңдар.

«Өле жегенше, бөле же», «Сыйласаң сыйлы боласың»,

«Атаңа не жасасаң, алдыңа сол келеді».Осы

мақалдардың мағынасын ашқып,сабағымды бекітемін.

Үйге тапсырма.Мәтінді оқып келу.Үйлеріңе қандай қонақ

келеді.Жазып келу.

Білімдерін бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі