400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қонаққа барамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған»

балабақшасының тәрбиешісі.

Алматы облысы, Іле ауданы,

Жетіген ауылы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу – қызмет: экология негіздері

Тақырыбы: «Қонаққа барамыз»

Мақсаты: 1.Бөлме өсімдіктері, күзгі ағаштар, үй құстарының қорасы туралы түсініктерін қалыптастыру

2. Ой - өрісін дамыту, балалардың белсенділігін, қызығушылыгын дамыту

3. Табиғатты қорғауға қамқор болуға тәрбиелеу

Қажетті құрал – жабдықтар көрнекіліктер: күзгі ағаштар, бөлме гүлдері, құс қорасы.

Сөздік – жұмыс: сабағы , жапырағы, гүлі, діңі, бұтағы

Билингвальді компонент: гүл – цветок, ағаш – дерево, құстар – птицы

Балалар қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа – баламыз.

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз

Тәрбиеші: Балалар, қазір қай мезгіл?/Күз/

Тәрбиеші: Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?/Күзде күн суытады/

Тәрбиеші: Жапырақтар түсіп қалды, күн қатты салқындады,

Тәрбиеші: Қар жауғанда қай мезгіл келеді?/Қыс/

Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар, қараңдаршы ағаштың жапырағы түсіп қалыпты. Ағаштың бөліктерін атай аласыңдар ма?/Иә, атай аламыз/

Тәрбиеші: Ондай болса атап берейік. Жерден шығып тұрған үлкен бөлігі не деп аталады?/Діңі деп атаймыз/

Тәрбиеші: Діңнен шыққан майда бөлігі не деп атаймыз?/Бұтағы деп атаймыз/

Тәрбиеші: Ағаштан жерге түскен не? / Жапырақтары/

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ағаш туралы кім тақпақ біледі?

Бала:

Тербеледі ағаштар

Алдынан жел еседі

Кіп – кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі

/Кукари куууу кукари кууу деген дыбыс шығады мұңайған тауық шығады/

Тауық: Балалар мен әжемнің аулаға шығарып қойған қауашақтағы гүлін сындырып алдым мммм ?

Тәрбиеші: Жылама біз саған көмектесеміз. Көмек тесеміз ба, балалар?/ көмектесеміз/

Тауық : Рақмет

Тәрбиеші: Гүлді қауашаққа қайта отырғызып береміз/Эксперимент жүргізу//Ыдысқа гүл отырғызу/

Тәрбиеші: Балалар тауыққа гүлдің құрлымын айтып береміз бе? / атап береміз/

Тәрбиеші: Ең төменгі жіп тәріздес бөлігі не деп аталады? / Тамыры/

Тәрбиеші: Топырақтан шығып тұрған бөлігі не деп аталады?/Сабағы/

Тәрбиеші: Ал мынау, жайқалып тұрған бөлігі не деп аталады? /Жапырағы/

Тәрбиеші: Әдемі де, әсем бөлігі не деп аталады? / Гүлі/

Тәрбиеші: Қандай тиым сөздер білесіңдер?

Гүлді жүлуға болмайды

Ағашты сындыруға болмайды

Тәрбиеші: мынау еккен гүлімізді тауыққа сыйлайық?

Тауық: Рахмет көп көп.

Тәрбиеші: Тауық Айзеренің «Гүл» туралы сізге айтатын тақпағы бар екен

Айзере:

Ұмытпай күнде,

Су құям гүлге

Жайнайды гүлім

Құлпыртып түрін

Тауық: Жарайсыңдар балалар сендер білімді, қамқор, балалар екенсіңдер. Менің үйіме қонаққа жүріңдер./қонаққа балалар бірге барады/......Мыналар менің достарым.

Мынау біздің демалатын, ұйықтайтын қорамыз. Қорада жұмыртқа туамыз, кеш батқанда қораның ішіне кіріп қонақтаймыз. Балалар менің достарымның ішінен қайысын танисындар?

Тәрбиеші: Балалар, қараңдар қандай құстары бар екен?/ - Тауық, ,Әтеш, үйрек, қаз, балапандар/

Тәрбиеші: Тауықтың қандай пайдасы бар?/ Етін, Жұмыртқасын жейміз/

Тәрбиеші: Тауық сенімен ойнағымыз келіп тұр. «Тауық пен балапандар» деген ойынды ойнап жіберейік.

Ойын: Біз балапан боламыз ,жаңбыр жауғанда тауық саған барып тығылып қаламыз. /Музыка ойналып тұрады, Жаңбырдың дыбысы шығады/ойын жалғасады.

/қорадан тауықтың дауысы шығады/

Тауық: Ой менің достарым айқайлап кетті гой. Қораға кіріп көрейінші. О,Менін достарым көп жұмыртқа туыпты. Осы жұмыртқамды сендерге берейін. / киндер таратылады//тауыққа балалар «рахмет» айтады/

Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Тәрбеші: тауық не жейді? Не ішеді?/ - дән, арпа, бидай. Су ішеді/

Сау – саламат болайық /Балалар қоштасады/

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі