400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қонаққа дастарқан жаямыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 7 ҰОҚ

Білім беру саласы: Әлеумет.


Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу


Тақырыбы: Қонаққа дастарқан жаямыз


Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін дамыту, олардың қасиеттерімен таныстыру.


Міндеттері: 1. Ыдыс-аяқ және оның қасиеттері, пайдалану әдісі туралы білімдерін жинақтау;


  1. Заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу, қарастыру арқылы тануды қалыптастыру;


3.Ыдыстарға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:


орындайды: ыдыс-аяқтардың атауларын атайды.


түсінеді: ыдыс-аяқ неден жасалғанын.


қолданады: ыдыс-аяқтарды неден жасалғанына қарай жұптастыру тәсілдерін.


Қолданылатын көрнекі құралдар: хатқалтадағы хат, әртүрлі материалдан жасалған


ыдыстар заттары: қасықтар, кесе, тәрелке, кастрөл, нан салғыш.


Сөздік жұмыс: шыны ыдыс-аяқ, темір ыдыс-аяқ, ағаш ыдыс – аяқ.


Билингвалды компонент: ыдыс – посуда.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі


Таңғажайып сәті

Педагог балалардың назарын қызыл хатқа аударады. Балаларға хатты оқиды:


«Құрметті балалар! Хатты жазып отырған мен – қуыршақ Сәуле. Жақында мен сендерге қонаққа барамын».


  1. Негізгі кезең Білімді өзектендіру:

Тәрбиеші балаларға қазақ елі қонақжай екені туралы айтады!

– Кәне, қанақжайлықты көрсетейік. Сәулеге шай берейік.


– Ол үшін дастарқан жаю керек.



Балалардың назарларын дастарқанға аударады.


– Дастарқан жайу үшін не керек?


Жұмбақтар


– Ыдыс туралы жұмбақтарды шешейік.


Жұмбақтардың шешімін таба отырып, тәрбиеші ыдыстарды дастарқанға жаяды.


Қалпағы бар,

Басы жоқ.

Тұтқасы бар,

Топсасы жоқ,

Аузы бар,

Тiсi жоқ.

Қарыны бар –

Кiшi тек,

Түтiгi бар –


Көшi көп. (Шәйнек)


Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)


Төңкерсең күмбез сынды,

Шалқайтсаң құдық сынды.


Жиегiнде қос құлағы бар,

Тiк көтерген үш бұтағы бар. (Қазан)



– Осы заттардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? Билингвалды компонент: ыдыс – посуда


– Қалай ойлайсыңдар? Осы заттардың ішінен қайсысы артық?

–Дұрыс! Артығы – кастрөл. Қазан тамақ әзірлеу үшін арналған. Қазан неден жасалған?

–Қазан темірден жасалған. Сондықтан ол темір ыдыстарға жатады. Темір ыдыстар мықты.

Дегенмен бұл ыдысты ұқыпты пайдалану керек.

–Үстелдегі ыдыстарға мұқият қарайық. Темірден жасалған қандай ыдыстар бар?

–Қасық не үшін қажет?

Тәрбиеші кесе мен шынаяқ көрсетеді.

– Олар неден жасалған? Шынаяқ пен кесенің айырмашылығы неде?


– Дастарқанда тұрған ыдыстардың қайсысы шыныдан жасалғанын атаңдар. Тәрелкені көрсетеді.


–Тәрелкенің пішіні қандай?

– Балалар шыны ыдыстарды лақтыруға бола ма?

– Әрине, болмайды. Шыны ыдыс сынып қалады.


Сергіту сәті

Өлең жолдарын балалармен бірге айтады. Қимылдарды жасап көрсетеді.


Сәлем, мен шәйнекпін,

Өзім үлкен, жуанмын

Міне, менің қолым


Міне, менің мұрным


19

Шай қайнайды-пф-пф-пф

Енді оны құямын.


Қуыршақ Сәуле келеді. Балалармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақты дастарқанға шақырады. Балаларға тапсырма ұсынады.


Үлестірмелі материалдармен жұмыс

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Жеке жұмыс өткізеді.


3. Рефлексия.

Оқу қызметін қорытындылау.


  • Біз бүгін не туралы сөйлестік?

  • Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Біз табиғатқа қалай қарауымыз керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
2694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі