400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қонақтарды күтеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
а) заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: асүйлік, асханалық). ә) сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру. б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 09.12.2015ж Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз.

Мақсаты: а) заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: асүйлік, асханалық).

ә) сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.

б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға әр түрлі гүлдерді көрсетеді.

-Балалар, бұл не?

Балалар қызығушылық танытады.

-Бұл – гүл.

Ұйымдаструшы лық – ізденістік

Шеңбер құрып тұрып «Гүл иіскеу» ойынын ойнату.

Мақсаты: балалардың ауызекі тілін дамыту.

Қолданылуы: шеңбер бойымен гүлді иіскеп көреді және гүлге әсерлі сөздер айту керек.

Мысалы, хош иісті гүл екен, әдемі гүл, жұпар иісті гүл, таңғажайып гүл.

-Балалар, сонымен қатар өсіп тұрған ауладағы гүлді жұлуға болады ма?

-Жақсы, жаңа біз гүлді хош иісті дедік. Кей уақытта үйге қонақ келгенде немесе мереке күндерді біз үстелдің ортасына құмыраға су құйып, гүл қоямыз. Себебі: бөлменің ішінен аңқығап иіс шығып тұрсын деп. Ал енді балалар гүл ұғымын түсініп алдық енді ойын ойнап алайық.

Ойын: «Көңілді доп»

Мақсаты: Ыдыстардың аттарын дұрыс атауға үйрету.

Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады, тәрбиеші ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек.

Ескерту: бірінің айтқанын бірі қайталамайды.

Сергіту жаттығуы.

Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бұрыл.

Иіліп оңға бұрыл, Алға қарай бір адым,

Сағаттың тіліндей, Артқа қарай бір адым.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс – ыс – ыс Аман болсын ту – ыс,

Болсын мол ыр – ыс, Ыдыстарды жу – ыс.

Болып қапты қ – ыс.

«Ы» дыбысының дауысты дыбыс екендігін айту.


Шеңбер бойымен гүлді иіскеп, әдемі сөздермен гүлдерді теңеулерге теңейді.


-Гүлді жұлуға да, басуға да болмайды.









Балалар шеңбер бойымен тұрады. Ойынды қызыға ойнайды.





Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.


Өлең жолдарын жаттап алу.

Рефлексиялық – түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже: Біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;

Игереді: жаңа сөздерді; Меңгереді: «Ы» дыбысын ажырата біледі.


«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.06.2019
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі