Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қонақтарды күтеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қонақ кегенде қалай күтуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз

Мақсаты: а) Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: асүйлік, асханалық).

ә) Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.

б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ыдыс-аяқ, гүл.

Қолданылатын көрнекі құралдар: доп, гүл, тіл, дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық




Балаларға әртүрлі гүлдерді көрсетеді.

-Балалар, бұл не?





Балалар қызығушылық танытады.

-Бұл- гүл.

Ұйымдас

тырушылық - ізденістік

Шеңбер құрып тұрып «Гүл иіскеу» ойынын ойнату.

Мақсаты: балалардың ауызекі тілін дамыту.

Қолданылуы: шеңбер бойымен гүлді иіскеп көреді және гүлге әсерлеп сөздер айту қажет.

Мысалы, хош иісті гүл екен, әдемі гүл, жұпар иісті гүл, таңғажайып гүл.

-Балалар, сонымен қатар өсіп тұрған ауладағы гүлді жұлуға болады ма?

-Жақсы, жаңа біз гүлді хош иісті дедік. Кей уақытта үйге қонақ келгенде немесе мереке күндерде біз үстелдің ортасына құмыраға су құйып гүл қоямыз. Себебі: бөлменің ішінен аңқыған гүлдің иісі шығып тұрсын деп. Ал енді балалар гүл ұғымын түсініп алдық енді ойын ойнап алайық.

Ойын: «Көңілді доп»

Мақсаты: Ыдыстардың аттарын дұрыс атауға үйрету. Шарты: балалар шеңбер боымен тұрады, педагог ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек. Ескерту: бірінің айтқанын бірі қайталамайды.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі «Ыдыстың бөліктерін толықтырып сал» тапсырмасын орындату.

Сергіту жаттығуы.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бұрыл.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бұрыл.

Алға бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс- ыс- ыс

Болсын мол ыр- ыс,

Болып қапты қ- ыс

Аман болсын ту- ыс,

Ыдыстарды жу- ыс.


«Ы» дыбысының даусты дыбыс екендігін айту.

Шеңбер бойымен гүлді иіскеп, әдемі сөздермен гүлді теңеулерге теңейді.



-Гүлді жұлуға да, басуға да болмайды.





















Балалар шеңбер бойымен тұрады. Ойынды қызыға ойнайды.







Дәптермен жұмыс жасайды.





Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл- қозғалыс арқылы орындау.









Өлең жолдарын жатап алу.

Рефлекциялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:

біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білу;

игереді: жаңа сөздері;

меңгереді: «Ы» дыбысын ажырата біледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
1094
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12