15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қоңыр күз"
Тақырыбы: Қоңыр күз
Мақсаты: Қоңыр күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Күзбен қоштасу барысында өткізгелі отырған « Қоңыр күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
Құрметті келген қонақтар бүгінгі мерекеміздің басты кейіпкерлері «Аққу» тобының бүлдіршендерін ортаға шақырайық. қол соғып бірге қарсы алайық!
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.
Күз мезгілінің соңғы айы. Қыс мезгіліде таяп қалды. Күз мезгілі үшке бөлінеді Алтын күз, Жомарт күз, Қоңыр күз болып. Алтын күз дейтін себебі айналаның бәрі жапырақтар, шөптер сары түске енеді сондықтанда алтын күз деп атайды. Ал, Жомарт күз деп егіншілеріміздік астықтарын жинайтын кезі астық жиналып болған соң егіншілер сабан той жасаған молшылық пен байлықтың кезі. Қоңыр күз деп ағаштар жалаңаштанып жердің бәрі қоңыр тартып аспанды сұр бұлт жауып тұрады міне мұны қоңыр күз дейді. Балалар міне сендермен өз өзгерісімен ерекшеленіп тұратын күз мезгілімен қоштасу барысында өткізілетін ертегілігімізді тақпақтармен бастасақ.
Тақпақтар
Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі
Ән: Күз
Қонаққа саңырауқұлақ келеді
Саңырауқұлақ: Балалар сәлеметсіздер ме! Мұнда не болып жатыр?
Балалар сендер тақпақтар білесіңдер ма?
Өлең білесіңдер ме?
Бәрін жаттап алғандарың көрініп тұр ал сендер менің жұмбақтарымды шеше аласыңдар ма?
Жұмбақтар
Ағайынды бәрі шықса жасыл түссе қызыл (Жапырақтар)
Аяғынан тік тұрған, Қалпағы бар антұрған (Саңырауқұлақ)
Тырс-тырс тамады, тереземді қағады (Жаңбыр)
Өте жақсы балалар мен сендерге енді өзімен бірге «Саңырауқұлақтар» биін ала келдім.
Би: Саңырауқұлақтар
Ойын: Жемістер мен көкөністерді ажырат
Жүргізуші: Енді сен біздермен бірге қонақ болып, балалардың ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Тақпақтар
Листик клена на ладошку
Потихонку упадеть
Это осень золотая
По дорожке к нам идет
Осень славная пара
Любит осень детвора
Груша, слива, виноград
Все паспела для ребят
Что за время года
Дождик морсит
Это проста осень
В детский сад спешит
Балалар сендерге Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім? Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жиын-терін болатын
Қамбаға астық құятын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән «Күз келгенде..»
Тақпақтар
Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді
Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп
БИ: Жапырақтар
Ойын: Жапырақ жинау
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар бізге тағыда бір қонақ келе жатқан сияқты кім екен қарайықшы.
(Бағбаншы ата қонаққа келеді)
Бағбан ата: Амансыңдар ма балалар не тойлап жатырсыңдар?
Ал сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?
Мен бау-бағшаны қарайтын күтіп баптайтын күзететін бағбан аталарың боламын. Мен де күзді өте жақсы көремін өйткені барлық екен егіндерімізді жиып-теретін науқанының басталатын кез. Не ексең соны орасың деген . Жерді күтсең,қарасаң оның саған берер азығы мол.
Жүргізуші: Бағбан ата біздің балаларымыздың өлеңі мен тақпақтарын тыңдап көңіл күйіңізді көтеріп қонақ болуға шақырамыз.
Мен кәне сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін тауып беріңдерші
Көкала кастюм киеді
Күннің көзін сүйеді ол не? Қарбыз
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады ол не? Пияз
Көктемде ақ гүлге оранады
Күзде қызыл доп болып оралады ол не? Алма
Ой жарайсыңдар ал енді менің сендерге алып келген Жемістер биім бар
Би: Жемістер
Жүргізуші: Өте тамаша балалар рахмет сендерге енді кезекті балалардың тақпақтарына берейік
Тақпақтар
Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мерек
Алтын күзді тойлаймыз
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгіледі
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді
Таза жездей жайнаған
Сары бояу айналам
Енді сары бояумен
Күз суретін саламын
Ән: Күз жомарт
Алтын күз ханшайымы, Бағбан ата, Саңырауқұлақ қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші:
Жарнама,тағы жарнама!
Жаңалықтан құр қалма!
Тілек айтқанға сыйлық бар.
Күзге арнап ортаға
Осымен күзбен қоштасу арналған «Қоңыр күз» атты ертенгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген