жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоңыр үнді домбыра.
|
|
22-ұОқ. қОҢыР Үнді дОмБыРА (заттық жапсыру) |
мектеп/мұ: |
||||||
|
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
||||||
|
|
сынып/топ: |
қатысқандардың саны: |
қатыспағандардың саны: |
|||||
|
|
ұОқ-нің оқыту мақсаттары |
0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану. 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу). 0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар). 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер: -затқа қарап заттық жапсыруларды құрастыра алады; -бөлшектерді жапсыру кезектілігін пайдалана алады; -қайшыны дұрыс ұстай алады, оны еркін пайдалана алады; -жапсыруға арналған материалдарды тиімді пайдалана алады. |
|
||||||
|
Көптеген тәрбиеленушілер: -заттардың тиісті түсін, пішінін, пропорцияларын және фактурасын таңдай алады; -заттарды бүкіл парақта орналастыра алады; -тұрақты түпкі ойды сақтай алады, өз әрекетін жоспарлай алады, жұмысын аяқтай алады. |
|
|||||||
|
Кейбір тәрбиеленушілер: -өз бастамасы бойынша әртүрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады. |
|
|||||||
|
тілдік мақсаттар |
дағдыларды дамыту: -жұмыс әдістері мен орындау кезектілігі туралы айтып беру; -түпкі ойды түсіндіру; -ұлттық салт-дәстүрлермен, қолөнермен танысқан, халық шығармашылығы бұйымдарын жасаған кезде сөз қорын байыту; -түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау; -тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау. Көптілділік: музыкалық аспап – музыкальный инструмент – мusicalin strument. |
|
||||||
|
негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -музыкалық аспап, үлгіқалып, контур бойынша қию, негізгі бөліктер, ою-өрнек. |
|
|||||||
|
|
талқылауға арналған сұрақтар: Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің? Домбыра қандай бөліктерден тұрады? Домбыраны қандай өрнектермен сәндеуге болады? Қошқармүйізді қандай тәсілмен қиып алуға болады? |
|
||||||
|
Алдыңғы білім |
Қазақтың музыкалық аспаптарымен танысу. Қайталау және ырғақ қағидалары негізінде қарапайым өрнектер құрастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу. Желіммен және қайшымен жұмыс. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, геометриялық сәндік элементтерді, фигураларды бірден көп етіп қию. |
|
||||||
|
Жоспар |
|
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||||
|
і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. |
|
|
|||||
|
|
Ойна, домбырам, ойна! Балаша мәз қылып, Күй болып төгіліп, Қуантып бір таста. Су болып сарқыра. Ойдан ой қуалап, Жалықпа, домбырам, Тау-тасты аралап, Сағындым үніңді. Қайтайын сенімен, Жүрекке мұң төгіп, Ойнашы, домбыра, Артынан қуантып, Төгілтші, тоқтама! Арғымақ боп жүгір. |
Музыкалық сүйемелдеу. |
|
|||||
|
II. өмірлік нәтижені |
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге қазақ домбырасының үнін тыңдауды |
Аудиожазба. |
|
|||||
|
өзектендіру. |
ұсынады. Домбыраны тыңдағанда нені елестеткендерін сұрайды. |
|
|
|||||
|
мақсат қою. |
Cабақтың мақсаты – домбыраның аппликациясын жасау. |
|
|
|||||
|
2–5 минут |
|
|
|
|||||
|
III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Педагог балаларға суретке қарауды ұсынады. Домбыра – қазақтың музыкалық аспабы. Аспаптың негізгі бөлігі сопақша пішінді, ал ішектер орналасқан бөлігі ұзын болады. Балаларды домбыраны қолмен ұстап көруге шақырады. Домбыра – қазақтың ең көне аспабы. Оны қазақтың әр үйінен кездестіруге болады. Ол қазақтардың өміріндегі ең қажетті және міндетті заттардың қатарына жатады. Қайшы мен желімді қалай дұрыс пайдалану керектігін еске түсіріп, айтып беру ұсынылады. Ол үшін майлық пен клеенка қажет. (ұ) саусақтарға арналған «Оркестр» жаттығуы. Біздің саусақтарымыз – әртістер, (екі қолдың саусақтары ашыпжұмылады). |
Әліппе-альбом. Музыкалық аспап – домбыра. Домбыра бейнеленген көшірмелер. Музыкалық сүйемелдеу. |
|
|||||
-
Пианистер, баянистер,
(екі қолдың саусақтарымен аталған аспаптарда ойнағандай қимылдар жасалады).
Скрипкашылар, кернейшілер – Барлығы да әртістер.
(барлық саусақтар кезеккезек бас бармаққа тигізіледі).
Мықты музыканттар (осылайша кері тәртіпте). Халықтың көңілін табады, Қуаныш сыйлайды (шапалақтау).
(ұ, Ж) Аппликация жасау технологиясы.
Педагог тәрбиеленушілерге өздеріне белгілі қию тәсілдерін пайдалана отырып домбыраның аппликациясын жасауды
ұсынады.
Домбыраның төменгі бөлігі үшін сопақша пішін қию – тіктөртбұрыштың төрт бұрышын біркелкі дөңгелектей отырып қиылады.
Домбыраның жоғарғы бөлігіне арналған таспа әзірлеме-парақтан қиып алынады.
Домбыраның бөліктері негіз-параққа жапсырылғаннан кейін тәрбиеленушілер екіге бүктелген қағаз парағын пайдалана отырып қошқармүйіз өрнегін қиып алады.
Педагог балалардың бөлшектерді бүлдірмей, дәл қиюын қадағалайды. Қию сызығының бұдырсыз, анық болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет. Өрнек жасау технологиясы
балаларға белгілі болғандықтан, педагогтің өрнек жасау технологиясын басқаларға көрсету үшін балалардың бірін шақыруына болады. Бұл тәрбиеленушілердің өз түсінігін бекітуі және кезектілікті қайталауы үшін қажет.
(ұ) қауіпсіз жұмыс ережелері.
ҰОҚ шеңберінде тәрбиеленушілерге қайшының ашасын кең етіп ашу керектігін ескертеді. Ашаның орта бөлігімен қияды. Қағаз
парағының үлкен бөлігін ұстап тұрып, кіші бөлігін қиып алады. Желім жапсырылатын бөліктерге жағылады. Желім шетінен ортасына қарай жылдам жағылады. Желім жағылған бөлшек жоғары салынады, оның үстіне парақ жабылады және одан кейін шүберекпен оны ортасынан шетіне қарай мұқият тегістейді.
Түрлі түсті қағаз, жай қарындаштар, ПВА желім (немесе қарындаш-желім), желімге арналған жаққыш, сулық клеенка.
Жадынама.
IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия. 26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау. Педагог ҰОҚ қорытындылайды. Шағын көрме ұйымдастырылады. Балаларды бір-бірін бағалауға тартады.
ҰОҚ соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын кейіпкерлеріне не бүкіл сыныпқа/топқа дауыстап айтады:
Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің? Бүгін саған кім көмектесті?
Сен нені жасай алмадың және не себепті? Келесіде оны жасау үшін не істейсің?
Ең қиыны не болды?
Ең қызықтысы не болды? Тағы да нені жасай алмадың?
ҰОҚ-дегі жұмыс үшін кімге алғыс айтар едің?
Көрме ұйымдастыру.
Музыкалық сүйемелдеу.
1

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген