400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қоқыс дерті - ғасыр дерті" тәрбие сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды айналадағы табиғатты қорғауға үйреті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қоқыс дерті - ғасыр дерті»

Мақсаты:

1. Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттың тозуы- экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру

2. Экологиялық тәрбие беру.

3.Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.



Міндеттері:
1) Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Адам денсаулығы мен қоршаған орта мекендеушісінің өзара байланысын көрсету, осы мәселеге байланысты теориялық ақпарат жинау.

4) Әдістеме арқылы қоршаған ортада адам өмірінің экологиялық жағдайының сапасы мен санының көрсеткішімен таныстыру.



Күтілетін нәтиже

  • Төлеби ауданының қоқыспен ластануының экологиялық деңгейін анықтау;

  • Экологиялық көзқарас арқылы баспананың ішкі әрлеуін бағалау;

  • Ауыл, қала сыртына қоқысты жинақтау және сұрыптау алаңы жасалып, қоқыстың мөлшері және құрылымы туралы мәлімет жинақтау;













І-бөлім. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың өту барысы 1-кезең “Таныстыру” өз топтары жайлы мәлімет беру 2-кезең “Сен білесің бе?” табиғат, экология, қоқыс жайлы тапсырмалар орындау 3-кезең “Тіл-маржан” мақал-мәтел 4-кезең “Менің көрікті өлкем” сурет салу сайысы 5-кезең “Қорытынды“

ІІ. Негізгі бөлім.


Мұғалім: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Экология деген не? (оқушылар пікірін тыңдау)

Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. «Экология – тірі организмдердің бір — бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым.

Эколог маман деген кім?

Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп, қорғайды.

Аймақтың экологиялық мәселелері. Атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіптік саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Ал құрылыс кәсіпорындарында – құрылыс индустриясының қарқынды дамуымен, жылу энергетика кәсіпорындарында – тұрғындардың жылу және электроэнергияларын тұтыну қажеттіліктерінің артуымен байланысты.Атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көл емінің артуы 2012 жылы негізгі үлесті өңдеуші кәсіпорындар қосқан, олардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінде 5,5% құраған, электроэнергиясы, газ және су өндірісі мен тарату кәсіпорындарында – 2,5%, өзге салалар – 5,1%. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемі 2012 жылмен салыстырмалы 1,4% артқан. Салыстырмалы, 2012 жылы ауданның тазарту

құрылғыларының саны 7,0% қысқарған, онымен байланысты тазалаушы құрылғыларға түскен ластаушы заттардың саны 10,9% төмендеген. Ауданның кәсіпорындарында тазалаушы құрылғылардың санының қысқаруы, олардың жағдайының төмен болуы, күрделі жөндеуді талап етуі немесе құралдардың бөлшектерін ауыстыруды талап етуімен байланысты. Тазалаушы құрылғылардың жұмысының тиімсіздігі, оларды жөндеу мен жаңа тазалау құрылғылары құрылысына қаражаттардың жетпеуі ауаның ластану деңгейінің артуының негізгі себептерінің бірі. 2007 жылы тазалаудан және жоюдан кейін аудан атмосферасына 2,8 мың тонна ластаушы заттар шыққан. 

Сабақтың барысы:

1-кезең “Таныстыру” өз топтары жайлы мәлімет беру І топ «Ауыл» Төлеби ауданында 12 ауыл округ әкімдігі бар. Ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ, ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етңлген. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.


Picture 4 ІІ топ «Қала» Ленгер - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан қала. Бұрынғы атауы " Киров" қазірге кезде Төле би ауданы болып өзгертілген. (1945 жылдан), аудан орталығы (1956 жылдан), темір жол станциясы Шымкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км, Бадам өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 20 мың адам (2003). Іргесі 19 ғасырдың 70-жылдарында қоңыр көмір өндіретін шағын кеніш ретінде қаланған. 

ІІІ топ «Аудан» Төле би ауданы  Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945).


ІҮ топ «Облыс» Оңтүстік Қазақстан облысы  Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.[3]

Осы мәліметтерге сүйене отырып қазіргі уақытта осы өңірлерде, яғни аыл, қала, аудан, облысымызда экологияға байланысты табиғатымыз қаншалықты таза деп ойлайсыңдар? Қоқысты тазарту жұмыстары өз жүйесінде ме? Біздің өңіріміздің тазарту жолдары өз деңгейінде жүргізіле ме? Осы сұрақтардың жауабын нақты ашу үші келесі кезеңге кезек берсек. Мұнда әр топ өз өңірлері бойынша, біздің ауданымыз қаншалықты талапқа сай жұмыс жүргізілетінін білсек, сол жайлы мәлімет берсеңіздер.

2-кезең “Сен білесің бе?” табиғат, экология, қоқыс жайлы тапсырмалар орындау постермен жұмыс

І топ. «Ауыл» тобы

Ауылда табиғатымызды ластамау үшін қандай қоқыс тазарту жұмыстары жүргізіледі? Қаншалықты талапқа сай?


ІІ топ. «Қала» тобы

Қалада қандай жұмыстар жүргізіледі? Қаламыздың коммуналдың қызметі жайлы білесіңдер ме? Олар талапқа сай қызмет атқара ма?



ІІІ топ. «Аудан» тобы

Ауданымыздың экологиясы қаншалықты таза? Қоқыс тазарту жұмыстары жүргізіле ме? (Өз ойларын айту.)

Адам санының күрт өсуі, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының дамуы, қуат көздерінің өндіруі, көлік түрлерінің пайдалануы. Экология мәселелерінің бірі-адам баласын тамақпен, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз ету. Жер бетінде адам саны 6,5 млрд. жетіп отыр. Атмосфераны тас көмір, мұнай, газ, автокөліктер. Автокөліктен шығатын күкірттің диоксиді мен озот оксиді- жауын-шашынмен қосылып қышқыл жаңбыр түрінде таралады. Өзендегі балықтар қырылып, ормандағы ағаштар қурайды.









ІҮ топ. Облысымыздың экологиясы жайлы қандай мәліметтер білесіңдер? Орталығы Шымкент қаласының тазалық жүргізуі жайлы білесіңдер ме?

Шымкент қаласының экологиясы үшін басты мәселе тұрмыс қалдықтарын өңдеу болып тұр. Қала күн санап кеңейіп, қоқыс тасталатын жерлерге жеке меншік үйлер көптеп тұрғызылып жатыр. Қаланың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындары үшін салынған «Достық» мөлтекауданы қоқыс тасталатын аймаққа тиіп тұр. «Достықтың» бой көтеруіне мұрындық болған. Қала әкімі шетелден қоқыстарды озық технологиялы зауыт әкеліп орнатқалы жатыр


3-кезең “Тіл-маржан” мақал-мәтел жарысы. Слайдттан суреттер көрсетіледі, сол суретке байланысты мақал-мәтелдер жазады, әр топ жазған тапсырмаларын оқып қорғайды.

4-кезең “Менің көрікті өлкем” сурет салу сайысы. Әр топқа уақыт беріледі, белгілі уақыт ішінде сурет салады. Салған суреттерін топ мүшелері қорғайды.





5-кезең “Қорытынды“ Бейнеролик «Табиғат үн қата алса...».

Табиғат-Анаға тілек айту:

Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
Күнің жарық болсын!т.б. 
Хормен :  Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз! 





Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Баешов Ә., Айтбаев Н., Қышқыл жаңбырлар және олардың ортаға әсері. Химия мектепте -2003.-3-9-14 бет.

  2. Банников А.И. др. Основы экологии и охраны окружающей среды М., Колос, 1996.

  3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева г.З. Экология, Алматы, “Ғылым”, 2001 -236 бет.

  4. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы. 1995.

  5. «Төлеби туы» газеті 2016



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
26.02.2019
5355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі