400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоқыс сұрыптаушы робот

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қоқыс сұрыптаушы робот» зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде: басты мақсаттардың бірі «Роботты- автоматты құрылғы ретінде адамзаттың пайдалану мүмкіндігін кеңейту, бағдарламалау арқылы алгоритмдік ойлау жүйесін қалыптастыра отырып, қалдық сұрыптаушы роботты құрастыруға қол жеткізу» болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу
жұмыстарының облыстық кезеңі байқауына





Мектеп атауы: «Дөң мектеп-гимназия» КММ



Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қалдық сұрыптаушы робот

Орындаушы: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң мектеп – гимназиясының 3 класс оқушысы Құланбай Айару Амантайқызы

Жетекшісі: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң мектеп-гимназиясының информатика пән мұғалімі Бижанова Д.М.























2020 жыл



Picture 7

Аннотация

«Қоқыс сұрыптаушы робот» зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде: басты мақсаттардың бірі «Роботты- автоматты құрылғы ретінде адамзаттың пайдалану мүмкіндігін кеңейту, бағдарламалау арқылы алгоритмдік ойлау жүйесін қалыптастыра отырып, қалдық сұрыптаушы роботты құрастыруға қол жеткізу» болды.

Негізгі бөлімнің біріншісінде роботтардың шығу тарихы зерттелген.

Екінші бөлімінде LeGo роботтардың құрамы, бөлшектерінің жұмыс қызметі туралы ақпарат жинақталып, жұмыс жасау принциптері зерттелген.

Үшінші бөлімінде сауалнама жұмыстарының қортынды мониторингі жазылған.

Төртінші бөлімінде қоқыс сұрыптаушы роботтың жұмыс жасау принципттері көрсетілген.

Қортынды бөлімінде өз ұсыным көрсетілген.

















Мазмұны

І. Кіріспе........................................................................................ 6-7 бет

ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................. 8 - 22 бет

  1. Бізді қоршаған роботтар............................................................. 8- 9 бет

  2. Робот техникасының тарихы...................................................... 10-11 бет

  3. LEGO mindstorms Ev3 құрамы.................................................... 12-16 бет

  4. Жинақтаған мәлімет бойынша қортынды................................. 17-19 бет

  5. Қалдық сұрыптаушы машина...................................................... 20-22 бет

ІІІ.Қортынды........................................................................................ 23 бет

ІV. Қолданылған әдебиеттер.............................................................. 24 бет

























Кіріспе

«Робот» деген сөз біздің өмірімізге нық басып кірген. XXI ғасырда «ақылды» машинасыз өмірді елестету қиын. Олар бүкіл ортаны жаулап алды: әскер, медицина, зауыттар, цехтар т.б.

Зерттеуімізді сауалнамадан бастауымызда жөн көрдік. Өз сыныптастарымның арасында сауалнама алдым. Содан кейін өмірімізді жеңілдетін роботтар құру үшін ең бастысы мектепбімізге 1 желтоқсаннан басталған үйірмеге қатысып, LEGO mindstorms Ev3 құралымен таныстық.

Зерттеліп отырған жұмысымның мақсаты: Роботты- автоматты құрылғы ретінде адамзаттың пайдалану мүмкіндігін кеңейту, бағдарламалау арқылы алгоритмдік ойлау жүйесін қалыптастыра отырып, қалдық сұрыптаушы роботты құрастыруға қол жеткізу.

Зерттеу жұмысымның әдістері:

  • Мәлімет жинау;

  • LEGO mindstorms EV3 программалау ортасымен танысу;

  • Бағдарлама құру.

З

6

ерттеу жұмысымның өзектілігі: Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады.Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Адам өмірі жоғары сатыда болғандықтан, қалдықтарды сұрыптап, елімізге пайда келтіретін робот құру жөн көрдік.

Гипотезасы: Болашақта шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салатын, күнделікті тұрмыста қолданатын «Қалдық сұрыптаушы роботтар» қызмет атқарады.


























7



Бізді қоршаған роботтар

Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы. [4]

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдертүрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.







Сурет 1. Tesla Motors компаниясының автомобильді зауытындағы роботтар.


Ө

8

неркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы(ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.[4], [1]





















9



Робот техника тарихы


1464 ж.

Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құрған болатын.[1]

Сурет 2. Гуманоид автомат жобасы

1833 ж.

Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас ең бірінші компьютерлік программист болып есептеледі.


Сурет 3. Ч.Бэббидждің аналитикалық машинасы

1

10

921 ж. – Rossum’s Universal Robots (R.U.R.) – Россумның Әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастика туындысы.

Аталмыш туынды ағылшын тіліне «робот» ұғымын енгізді.






Сурет 4. Спектаклден үзіңді

1949 ж. Уильям Грей Уолтер «Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботын құрастырды. [2]

Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты оны «Тасбақа» деп атады.









Сурет 5. «Тасбақа» роботы


1

11

942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. 1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған. Толығымен автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болды. Ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламанатын робот Unimate болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған. Қазіргі таңда коммерциялық және индустриалдық роботтар кеңінен тараған. Ол роботтар адамдарға қарағанда жұмысты арзанырақ, жинақы және нық орындайды. Сол салада қолданылатын роботтардың кейбір жұмыстары адам үшін лас, қауіпті және жалықтыратын болып табылады. Роботтар кеңінен құрастыру, жинақтау, жеткізу, жер және ғарыш зерттеулері үшін, медициналық оталар, жарақ ретінде, зертханалық зерттеулер, қауіпсіздік үшін қолданылады.

Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар мынадай оймен жазылған:

  • Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.

  • Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын -орындауға тиіс.

  • Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек роботехника.[1], [4]












«Мен, Робот» кітабының алғашқы

басылымының мұқабасы






12


Lego mindstorms EV3 құралы

Lego ойыншық шығару компаниясы 1932 жылы құрылды. Негізін қалаушы Оле Кирк Кристианс (Ole Kirk Christiansen). Бұл компания Lego атауын 1934 жылы «Leg Godt» дат тілінен аударғанда «жақсы ойнау» деген сөз тіркесінен шыққан. Алғашында компания ағаш ойыншықтар шығара бастады. 1949 жылдан бастап Lego компаниясы «Автоматты қосылғыш құрылғы» төрт немесе сегіз тетігі бар ойыншықтар шығара бастайды. 1954 жылы «Lego кубиктер» деп атай бастады. Қазіргі таңдағы кубик қосылғыштар 1958 жылдан бастап өңдіріске енді. Осы жылдан бастап компания өз «ойын жүйесін» шығара бастады. Оған қосымша құрастырушы элементтер, адам тәріздес, жануарлардың, көліктердің фигуркілер.[5]

Ойыншықтар мен қатар Lego компаниясы робототехника саласына көп үлесін қосуда. Lego mindstorms Ev3 сериясы бірнеше двигательден, дисплейден, датчиктерден тұрады. Lego mindstorms EV3 бөлшектері:

Бөлшектер 4 үлкен топты құрайды:

  1. Электронды құрамдас бөліктер:

    • EV3 модулі.

    • Датчиктер.

    • Моторлар.

    • Байланыстырушы кабельдер. EV3 жабдықталуы

2. Тегершіктер, дөңгелектер және белдіктер.

3. Байланыстырушы элементтер.

4. Құрастырылымдық элементтер.

    • Бөренелер.





Электронды құрамдас бөліктер

E

13

V3 жұмыстың ми орталығы болып табылады.

Ол негізгі поцессорды құрайды, яғни бағдарламаларды жіберіп және басқа да электронды бөліктерді бақылайды. [1]

Негізгі қызметтері:

  • Ішіне салынған жарықдиоды бар дыбыстар мен суреттерді жаңғырту, мүмкіндігінше басқару;

  • EV3 микрокомпьютердегі тікелей мәліметтерді тіркеу және бағдарламалау мүмкіндігі;

  • Орнатылған Bluetooth бақылаушы;

  • Wi-Fi қолдаушы.

Аталмыш бағдарламалаушы микрокомпьютер LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 роботының жүрегі мен миы болып табылады.

Микрокомпьютер қызметі:

  • микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне арналған өзгеретін түстер қызметі бар алтыбатырмалы интерфейс басқару;

  • жоғары өткізгіштігімен монохромды дисплей;

  • орнатылған спикер;

  • USB порт;

  • mini SD форматындағы жады картасын оқуға арналған слот;

  • 4 порт енгізу және и 4 порт шығару.

С

14

онымен қатар, микрокомпьютер USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс ұстап тұра алады. Сондай-ақ бағдарламаланған интерфейс арқылы бағдарламаларды модульдың ішінде жазуға мүмкіндік береді.

Ол мобильді құрылғылармен жұмыс істей алады және қуат көзі ретінде АА батарейлерімен үздіксіз тоқ аккумуляторын қолданылады.

EV3 модулін қосу

  1. EV3-ді қосу үшін ортада тұрған ОК батырмасын басыңыз.

  2. Батырманы басқаннан кейін батырмалардың астында қызыл индикатор жанады және жүктелу мәтіні көрінеді. EV жүктелгенше күтіңіз. Бұл шамамен 20 секунд уақыт алады.

  3. И ндикатор жасыл түсті болған кезде, сіздің EV3 модуліңіз қосылды және жұмыс жасауға дайын дегенді білдіреді!

Модульдің қосылу жағдайы

Мотор дегеніміз не?

Мотор (тартпа, қозғалтқыш) тек қана роботты емес, сонымен қоса түрлі механизмдер мен манипуляторды қозғалысқа әкелетін роботтың ажырамас бөлігі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, мотор робот үшін электр қуатын қозғалыс қуатына айналдырады.

Е гер біз роботтың қозғалысты бастағанын қаласақ, қозғалтқышты басқарудың әртүрлі драйверлері арқылы моторға электр кернеуін беру керекпіз.

Үлкен мотор

Негізгі қызметтері:

  • кіріктірме айналу тетігі;

  • 1

    15

    градусқа дейін өлшеудің дәлдігі.

Үлкен мотордың сипаттамасы

EV3 үлкен моторы 1 градусқа дейін жоғары дәлдікпен басқару үшін тахометриялық кері байланысты пайдаланатын қуатты мотор болып табылады. Сондай-ақ ол тәжірибелер жасау кезінде дәл есептеуді қамтамасыз ету үшін қолданылу мүмкін. Мотор корпусының құрылымы тісті берілісті оңай жинауға мүмкіндік береді. [1]

Датчик — әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді. Датчик — әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді.

Жанасу датчигі

Негізгі қызметтері:

  • датчик басуды, басудың жоқтығын, басудың санын анықтайды;

  • ә рекет тің 3 режимін ажырата алады.









Жанасу датчигі









16



Ультрадыбысты датчик

Негізгі қызметтері:

  • қашықтықты өлшейді;

  • нысандарды анықтайды.

Гироскопиялық датчик

Негізгі қызметтері:

  • көлбеу бұрышты өлшейді;

  • айналу жылдамдығын градуста және секундта өлшейді. [1]

Датчиктердің модульге қосылуы













17



Жинақталған мәлімет бойынша қортындылай келе өз сыныптастарымыздың сауалнама алуды жөн көрдік.

Робот техникасы туралы сыныптастарымыздың түсініктері бар, жоқтығын білу үшін «Бүгінгі күні «роботтар» біздің өмірімізде барма?» деген сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға барлығы 20 оқушы қатысты.

Сауалнамада:

1. Бүгінгі күні «роботтар» біздің қоршауымызда бар ма?

А) Ия -13 Б) жоқ-5 В) білмеймін-2 оқушы жауап берді

2. Робот сөзін бұрын сонды естіп көрдіңіз бе?

А) Ия-20 Б) жоқ-0 В) білмеймін-0 оқушы жауап берді

3. Сот. телефон роботқа жата ма?

А) Ия -30% Б) жоқ-45% В) білмеймін-25% оқушы жауап берді

4. Адам тәріздес робот көрдін бе?

А) Ия-55% Б) жоқ-45% В) білмеймін-0% оқушы жауап берді

5. LeGO роботтарды көрдін бе?

А) Ия-60% Б) жоқ-25% В) білмеймін-15% оқушы жауап берді

6. Робот әлемі сені қызықтыра ма?

А) Ия-60% Б) жоқ -25% В) білмеймін -15% оқушы жауап берді

7. Сенің ойынша болашақ роботсыз бола ма?

А) Ия-10% Б) жоқ-60% В) білмеймін -30% оқушы жауап берді

8. Өзінің роботының болғаның қалар ма едің?

Ия-70% Б) жоқ-25% В) білмеймін -5% оқушы жауап берді


С

18

ауалнама нәтижесі бойынша « робот» сөзінің таңсық еместігі, олардың роботты пайдалану салалары туралы түсініктерінің барлығына көзіміз жетті. Сондықтан біздің шығармашылық ізденіс жұмысымыздың маңызы бар. Біздің жасап отырған роботтарымыз тұрмыс қалдықтарын жинайтын машиналардың алғашқа нұсқасы болатындығына сенімдіміз.


Диаграмма 1. Сауалнама қортындысы

























19





Қалдық сұрыптаушы робот

ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Оның бір себебі дұрыс өңделмеген қалдықтар.[2] Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістікжарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Біздің қалдықтарды сұрыптайтын роботымыз 4 түрлі қалдықтарды сұрыптап орнына апарады. [3]

Lego mindstorms EV3 жинағынан қалдық сұрыптайтын машина түрін жасадық.

Picture 1















Lego машина

Машина жинауға екі үлкен мотор, 1 орташа мотор, компьютер модулі, түс ажыратқыш датчик, байланыстырғыш сымдар т.б. құрылғылар жұмсалды.

Р оботтың жұмыс жасау принципі түс ажыратқыш датчигі арқылы қара сызықпен жүріп алдындағы қалдықта алып, қара сызықпен кері жүріп қай түске жататын қоқыс екенің анықтап сол түстегі қоқысқа тастайды.





20



Қоқыс контейнерлері

қ алдық сұрыптаушы роботтың жүретін жолы





Lego mindstorms EV3 программалау ортасында старт блогінан соң, рульдік басқару блогі, уақыт түсті анықтау блогі, бұрылыс программа командаларын орындайтын бағдарлама пайдаланылады. Бағдарламада тармақталған алгоритм пайдаланылады. «Егер» «онда» «әйтпесе» деген мағнады жұмыс жасайды.

21

Қалдық сұрыптаушы робот алдынан қызыл түсті қалдықты көрген кезде, ортаңғы моторды түсіріп қалдықты алып, кейін 1,5 айналым жасап, солға бұрылады, сол кезде төртінші порттағы түс датчигі жердегі қызыл түсті алаңды іздеп тіке жүреді, егер қызыл түсті алаңды тапса, ортаңғы мотор жұмысы қызыл түсті қалдықты қалдыру. Содан соң, кейін қарай жүріп, келесі қалдықты іздейді. Көк түсті қалдықты бірінші порттағы түс датчигі арқылы тауып, ортаңғы мотор жұмысы орындалады. Артқа 1,5 айналым жүріп, оңға бұрылады. Төртінші порттағы түс датчигі көк түсті тапқан соң, қалдықты тастап кейін қарай жүреді. Дәл соңдай мақсатпен сары және ақ түс қалдықтары жеткізіледі.





Lego mindstorms EV3 бағдарламалау ортасы[6]

























22



Қортынды

Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер.  Мұның түрлі себебі бар -  тұрмыс қалдықтарын өңдейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде.

Елімізде бірқатар қоқыс сұрыптаушы зауыттар жұмысын бастауда, алайда адам көмегімен сұрыпталады қоқыстар. Роботтарымыз адам өмірін жеңілдететін болса, осындай зауыттарда жұмысын менің роботым типтес роботтар жұмыс жасаса деген ойым бар.
































23



Қолданылған әдебиеттер

  1. www.robotics.nis.edu.kz

  2. http://palata.kz/kk/articles/24627

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%83

  4. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D1%82

  5. http://nbiplus.com/idea/istoriya-uspeha-kompanii-lego

  6. Lego mindstorms EV3 бағдарламалау ортасы

24




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
1391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі