400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорапшаларға орналастыр

Материал туралы қысқаша түсінік
2 әртүрлі пішінді (тіктөртбұрыш, үшбұрыш)және 2 әртүрлә көлемді (сөздік нұсқау бойынша үлкен, кішкентай)заттарды таңдауды жүзеге асырып, оларды көлемі мен пішіндеріне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызыметінің технологиялық карта

Топ: І-сәбилер тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика

Тақырыбы: Қорапшаларға орналастыр

Мақсаты: 2 әртүрлі пішінді (тіктөртбұрыш, үшбұрыш)және 2 әртүрлә көлемді (сөздік нұсқау бойынша үлкен, кішкентай)заттарды таңдауды жүзеге асырып, оларды көлемі мен пішіндеріне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: матрешка,тіктөртбұрыш пен үшбұрыш (әртүрлі көлемде) бейнеленген 2 қорапша,3 үлкен және кішкентай тіктөртбұрыш пен үшбұрыш.

Сөздік жұмыс: тіктөртбұрыш,үшбұрыш

Билингвалды компонент: тіктөртбұрыш - прямоугольник, үшбұрыш –треугольник

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Жағдаяттан шығу:Матрешка балаларға қонаққа келеді, оларға геометриялық пішіндері бар қорапшалар сыйлайды.

Балалар матрешкамен амандасып,сыйлығы үшін алғыстарын айтады.

Ұйымдастыру

шылық - қозғаушылық

-Балалар, матрешка пішіндердің барлығын қорапшаларға салып,ретке келтіруімізді сұрайды.


Сөздік жұмыс: тіктөртбұрыш, үшбұрыш.


-Қорапшалардың сыртында пішіндер суреті жапсырылған, сол бойынша біз пішіндер тауып, қажетті қорапшаға салуымыз керек.

-Біз мына қорапшаға тіктөртбұрышты пішіндерді саламыз. Олар – үлкен және кішкентай.

-Олар тауып, осындай суреті бар қорапшаға салыңдар.

-Ал мына қорапшаға басқа пішіндерді саласыңдар, мынандай үшбұрыштарды.Оларда да – үлкен және кішкентай.


Билингвальды компанент:тіктөртбұрыш – прямоугольник,үшбұрыш - треу

гольник . Балалармен жұмыс жүргізеді.


Балалар қорапшаларды және пішіндерді қарайды. Балалар «тіктөртбұрыш», «үшбұрыш» сөздерін қайталайды.


Балалар тіктөртбұрышты пішіндерді алып (үлкен және кішкентай) тіктөртбұрыштың суреті бейнеленген қорапшаға салады. Үшбұрыштарды да осылай салады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дидактикалық ойын. «Матрешкадан тығылайық!»

Педагог «Тығылайық !» - деп бұйрық береді,содан кейін «Қыдырайық!» - деп бұйрық береді.

Балалар тізе бүге отыра қалып,беттерін қолдарымен жабады.Келесі бұйрықта топ ішінде қыдырып жүреді.


Күтілетін нәтижелер:

жасайды: заттардың көлемі мен пішініне қарай топтастыруды;

түсінеді: бірлесе жұмысты орындау дағдысын;

қолданады: 2 жаңа фигураны (тіктөртбұрыш және үшбұрыш ) және 2 көлемді фигураны ( үлкен және кішкентай).

Тәрбиеші:Ажигулова Б






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі