жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоректендіру жүйесі
Шулдақбаев Мұратәлі Миралыұлы
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған.
Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарында орталық, және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
|
7.1 – сурет – Іштен жанатын моторлардың қоректендіру жүйелері
7.2 Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктертерден құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 7.2 – көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.
|
1 - ауа филътрі, 2,3 - енгізу және шығару түтіктері, 4 - карбюратор, 5 - отын өткізгіші, 6 - бак, 7-насос, 8 - өшіргіш (глушитель) тутігі, 9,10 - қосымша және бас өшіргіш (глушитель).
7.2 – сурет – Карбюраторлы ВАЗ қозғауышының қоректендіру жүйесі.
Карбюраторлы моторда отын насос арқылы бактан (6) тұндырғыш сүзгі және отын өткізгіш арқылы насоспен сорылады да карбюраторға жіберіледі. Енгізу тактісінде атмосфера ауасы сүзгіден (ауа тазартқыштан) өтіп басқа қоспалардан тазартылады да карбюраторға (4) келіп түседі.
Мұнда ауа тозаңданған отынмен араласады және енгізу түтігіне (коллектор) бағытталады. Жанғыш қоспаны дайындау енгізу түтігіне жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып кетеді. Бұл процесс мотор цилиндрінде енгізу және сығылу тактісі кезінде аяқталады. Жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін пайдаланылған газ шығаратын түтік жүйесі және өшіргіш (глушитель) арқылы сыртқа шығарылып тасталады.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін “карбюрациялық” процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды.
Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген.
Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады.
Карбюраторлы автомобиль моторлары негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Мотордың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялың беріктілік қасиеттері болуы керек.
ГОСТ-қа сәйкес автомобиль бензинінің келесі маркалары шығарылады: А-66, А-76, А-80, АИ-93, А-90, А-95, және АИ-98.
А әрпі - автомобиль бензині екендігін, И әріпі – зерттеу әдісі бойынша (исследовательским методом) ал цифры - бензиннің октан санын керсетеді.
Антидетонациялың беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) қүйылады. А-72 маркалы бензин этилденбетен. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этилденбеген де түрлерін шығарады. Этилденген бензиндер мынадай түстерге боялған: А-66 - қызғылт сары, А-76 - жасыл, А-93 - көк және АИ-98 - сары.
Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оның қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды.
Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос.
7.3 Қоректендіру жүйесінің қондырғылары
Бензин насосының құрылысы 7.3 – суретте көрсетілген ГАЗ–53 автомобильінің мысалында қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.
|
1 – қол тұтқасы; 2 – қороп; 3 – диафрагма; 4 – сору клапаны; 5 – сору каналы; 6 – қақпақ; 7 – клапандар қоробы; 8-айдау клапаны; 9, 12 серіппе; 10 – шток; 11 – тірек; 13-тірек
7.3 – сурет – Бензин насосының құрылысы
Ауа тазартқыш. Ауа құрамында көптеген газдардың - оттегінің, азоттың, сутегінің, т.б. - болатыны белгілі. Отынның жануы үшін ауа құрамында массасына орай 23% -ке жуық оттегі болады.
|
1, 22 - корпус; 2,10,11,12,16 – түтіктер; 6,18,24 - резеңке төсемдері; 13 - термореттегіш, 14 – шланг; 15 – термоэлемент; 19 - сүзгіш элементтері; 21 - ілгешек, 25 - қалқағыш
7.4 – сурет – Қарапайым (а) және термореттеуішті (б) ауа сүзгісі
Егер ауаны тазартпаса, онда бір жұмыс сменасында мотордың цилиндріне бірнеше килограмм шаң түсуі мүмкін. Оның қатты бөліктері цилиндрдің, поршеньнің және басқа қажалатын бөлшектердің жылдам тозуын тездетеді. Цилиндрге түсетін ауаны тазартпай автомобиль жұмыс істеуге жарамайды.
Ауа тазартқыштары сұйықты және қүрғақ элементті болып екіге бөлінеді. Автомобиль моторларының көбінде құрғақ ауыстырмалы қағаз немесе картоннан жасалған фильтр элементтерін қолданады.
7.4 Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесі, осының алдында қаралған карбюраторлы двигательдерден айырмашылығы, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдің ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да, ондағы ауамен араласып, жану қоспасын құрайды.
Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда, дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрі жасалады, яғни қалыпты, байытылған немесе кедейлетілген түрлері.
Дизельді қозғауыштардың тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтанда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соңында бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соңында, цилиндр ішіндегі ауа өте қатты қысылғандықтан, оның температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді.
Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкен болады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май мен ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзеді.
Дизельді қозғауыштардың осындай ерекшеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жүйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді. Олардың негізгілері жанар майды үлкен қысыммен цилиндр ішіне беретін құралмен қоса (жоғарғы қысымды жанармай насосы), оны сол үлкен қысыммен бүркіп беретін құрал (ФОРСУНКА) болып табылады. Ал ауамен қамтамасыз ететін құралдар, жоғарыда қаралған карбюраторлы двигательдердікінен онша айырмашылығы болмайды. Дизельді қозғауыштардың қоректендіру жүйесінің принципиалдық схемасы келесі суретте көрсетілген.
|
1-жоғары қысымды жанармай насосы; 2-жанармай багы; 3-қабылдағыш сүзгі; 4,6,7,11,12,13,15-төменгі қысымдағы түтіктер; 5-ірі сүзгі; 8-кіші қысымды насос; 9-қол насосы; 10-майда сүзгі; 14-жоғары қысымдағы түтік; 16-форсунка; 17-ауа тазартқыш; 18-қозғауыш
7.5 – сурет – Дизельді двигательдің қоректендіру жүйесі.
Ондай жүйе негізгі мынандай құралдардан жинастырылады: жанар май ыдысы (2), ірі (5) және майда (10) сүзгілер, кіші қысымды насос (8), жоғары қысымдағы насос (1), жанар май бүркіп шашатын форсунка (16) және ауа тазартқыш (17). Олар мына төмендегідей ретпен жұмыс істейді. Сору процесі кезінде цилиндр (18) ішіне ауа тазартқыш (17) арқылы таза ауа сорылып кіреді. Әрі қарай қысу процесі жүреді. Осы қысу процесінің соңында цилиндр ішіне жанар май форсунка арқылы бүркіліп беріледі.
Цилиндр ішіне жанар май берілу жұмысы мынандай ретпен атқарылады. Жанар май ыдысынан (2) тазалағыш тор (3) арқылы жанар май сорылады. Оны соруды кіші қысымды насос (8) іске асырады. Сол кезде жанар май жол жөнекей ірі сүзгі (5) арқылы өтіп, онда механикалық қоспалардан тазаланады. Жанар май әрі қарай майда сүзгіге (10) аздаған қысыммен беріледі де, онда мұқият тазаланып жоғарғы қысымды насосқа (1) жетеді. Осы насосқа дейін жанар май үнемі үздіксіз ағынмен беріліп тұрады.
Жоғарғы қысымды насос екі түрлі қызмет атқарады.
Біріншісі - жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында ғана үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді.
Екінші қызметі, двигательдің жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп қана береді.
Сонымен жоғарғы қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.
|
7.6 - сурет – КамАЗ автокөлігінің жоғары қысымды отын нососы
Жоғары қысыммен келген жанар майды форсунка ұсақ тамшыларға айналдырып, цилиндр ішіне бүркеді. Сондықтанда оның бүркетін бөлігі цилиндр ішінде орналасқан. Сонымен бүркілген жанар май әрі қарай жоғарғы ауа температурасының әсерінеи буланып, ауамен толық араласады.
Форсунка және отын өткізгіштер. Дизель қозғауыштарда форсункалардың (сурет 7.6) көмегімен отынды майда тозаңдатылған күйде және үлкен қысыммен жану камерасына тозаңдатып бүркеді. Форсунканың негізгі бөлігі корпустан және инеден (9) түратын - тозаңдатқыш (1). Ине корпустың конустік ер-шігіне штанганың (3) көмегімен серіппемен (8) қысылған. Автомобиль форсункаларының көбінде серіппелері реттегішсіз болады.
|
1 - тозаңдатқыш, 2 - гайка, 3 - штанга, 4 - корпус, 5 - ныгыздаушы сақина (кольцо), 6 -торлы фильтр, 7 - шайбы, 8 - басқыш.
7.7 – сурет – Форсунка.
Реттегіші бар форсункаларда серіппені белгілі бір қысымға винтпен реттейді. Реттеуіш винт форсунканың корпусында болатын стаканның түбіне винтпен бүралған. Реттеуіш винтті өздігінен бүралып кетуден қосалқы гайка сақтандырады. Үстіңгі жағынан винт қалпақпен жабылған, онда серіппе қуысына өтіп кеткен отын шығарылатын ағы-зу түтігін қосу үшін бүрандалы тесік болады.
Форсунка тозаңдатқыш (1) камерасындағы отын қысымы серіппе күшінен асып кеткенде, төменнен инеге әсер ететін күш, оны көтереді де, отын камерадан тозаңдатқыш тесіктерге түсіп олар арқылы жану камерасына тозаңдатылған күйінде бүркіледі.
Отын енгізілгеннен кейін тозаңдатқыш камерасындағы (1) қысым күрт төмендейді де ине серіппенің әсерімен форсунканың шығару тесігін жауып тастайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген