Зертханалық-практикалық
сабақтың жоспары №33
Топ
|
112-9-61
|
|
|
|
Дәрістің
өткізілетін күні
|
19.04.19
|
|
|
|
Пән
аты:
Ақида мәтіні
Оқытушы:
Жакипов Ж.Ж.
Дәрісхана:
№___
Дәрістің
түрі:
Зертханалық сабақ
Оқыту
әдісі:
Талдау,
тәржімалау, түсіндірме беру, түйінді
мәселе қою
Дәрістің
тақырыбы:
Діннен қайтудың үкімі.
Дәрістің
мақсаты: Діннен
қайтудың үкіміне қатысты
Құран мен хадистегі дәлелдермен және
ғұламалардың дәйекті сөздерімен танысу;
Дамытушылық:
Оқушыларды белсенді қатысуға
ынталандыру, кәсіби іс шеберліктерін,
зейінділік пен белсенділік іс-қимыл
әрекеттерін қалыптастыру және
зерттеушілік, теориялық білімдерін
машықтанумен ұштастыру, қабілеттерін
дамыту. Мамандыққа деген қызығушылықтарын
арттыру;
Тәрбиелік:
Сабақта
пайдаланылған мәтіндер,мысалдар арқылы
адамгершілік және эстетикалық тәрбие
беру. Өзін-өзі
басқару, өзін-өзі қызмет етуге
жауапкершілікті сезінуге және әр бір
атқарылған жұмысты тиянақты орындауға
тәрбиелеу.
Дәріске
қолданылатын көрнекі құралдар:
Тақта, суреттер, оқулықтар, сөздіктер.
Дәріс
барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі (5
минут):
Сәлемдесу,
дәрісхана тазалығы, оқушылардың қатысымын
түгелдеп, сабаққа дайындықтарын тексеру
және оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Сергіту сәті. «Сөз
жасыру» 5 мин.
Мақсаты:
Ыммен, ишаратпен, дене қимылы арқылы
сөздің ұғымын жеткізу.
ІІ.
Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру
(30
минут):
Күпірліктің
ниеті – ниеті күпірлік.
Сұрақтар:
Күпірлік деген
не?
Куфри инкари
(түбегейлі қабыл етпеу)
Куфри жухуд (біле
тұра қабыл етпеу)
Куфри инади
(қырсықтықтан туындаған күпірлік)
Куфри нифақ (екі
жүзділіктен туындаған күпірлік)
ІІІ.
Сабақты өткізуді
ұйымдастыру (30 минут):
Тақырыпқа
түсінік беру:
Муртәд
- ислам дінін қабыл етіп, мұсылман
болғанымен кейіннен кейбір себептерге
байланысты басқа бір дінге өткен кісі.
Муртәд кісі шынайы дін болған ислам
дінінен шыққан соң діни тұрғыдан
қарағанда иман етпеген кісімен бірдей
болып, істеген амалының бәрі ақыретте
еш болады. Ислам дінінен басқа бір дінді
іздеумен сол дінге кіру Аллаһ құзырында
қабыл болмай, ақыретте ондай пенденің
тозақтық болатындығы жайында Құранда:
«Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам»
(3.Әли Имран-19), «Кім Исламнан басқа бір
дін 68 Мухтасар Сахихи Бухари, 31-бет. Иман
негіздері 112 іздесе, әсте одан қабыл
етілмейді де, ақыретте зиянға ұшыраушылардан
болады» (3.Әли Имран – 85) – деген аяттар
бар.
Жұмыстың
орындалу тәртібі: Деңгейлік тапсырмалар:
А) Діннен қайтудың үкіміне қатысты
Құраннан дәлел келтіреді. Ә) Хадистен
мәліметтер жинайды. Б) Ақли ережелермен
таныстырады. Оқушылар 3 топқа бөлініп,
өздеріне берілген тапсырмаларды орындап,
қорғап шығады.
ІV.
Сабақты өткізуге нұсқау беру (20
минут):
«Сұраққа
жетіп ал» әдісі
арқылы оқушыларға сұрақ-жауап ұйымдастыру.
Сұрақтар:
Муртад деген не?
Мүшрік
және серік қосудың түрлері
Ширки истиқлал
(екі құдай қабыл етумен серік қосу)
Ширки тәбғиз
(Аллаһ құдайлардан тұрады деп серік
қосу)
Ширки тақриб
(дәнекер қою арқылы серік қосу)
Ширки тақлид
(еліктеу арқылы серік қосу)
Ширки әсбаб
(табиғат заңдылықтарын негізге алумен
серік қосу)
V.
Сабақты қорытындылау және бағалау (5
минут):
«Бағдаршам»
әдісі
арқылы бағалау жүргізу. Әр
бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес
карточкалар таратылған. Ұстаз олардың
сабақты меңгергендеріне байланысты
карточкаларды көтеруін сұрайды.
VІ.
Үй тапсырмасы: Діннен
қайтудың үкіміне қатысты қосымша
дәлелдер жинау
Әдіскер:
______________
Оқытушы:
______________