«Қоржынды әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық
әртүрлі өрнектерімен сәндей
білуге үйрету.Оюларды бір
–бірімен салыстыра отырып, берілген
сұраққа жауап беріп, олардың ойлау қабілетін
дамыту.Балаларды
қазақтың жол қалтасының мән-мағынасын
таныстыру,оның
сыртқы түрімен әшекейін суреттеу.Қағаздан
қалталар жасай білуге
баулу, және өзіндік ой-қиялымен,оларды өрнектей
білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қалталар,қағаздан қиылған
қошқар мүйіз оюлар,желім
Сабақ
барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіздір ме, қонақтар,апайлар.Балалар үлкен
шеңбер жасап тұрайық.
Қуан шаттан
алақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң
достар!
Қайырлы күн
апайлар! –деп «уф» деп үрлейік.
балалар енді орнымызға жайғасып отырайық.Балалар ұзақ жол сапарға
аттанар алдында адамдар жолға ең керекті заттарды алатынын айтып
береді.Заттарды артқа қоржынға (рюкзак) жол дорбаға,салып
қояды.Сонымен қатар қазақ халқының тағы да жол қалталарының ішінде
иыққа асатын түрлері, бар.түйе мен жылқыға жабатын да түрлері бар
екен.Осындай жол қалталарын қоржын деп атайды екенбіз.Оған
азық-түлік,заттарды ,киімдерді де салуға болады екен. Бұл қоржын
бірге тігілген екі дорбадан тұрады.Адамдар бұл қалтаның бір жағын
алдыға қарай,екіншісін арқаға тастап, өте ыңғайлы жағдайда жүруге
негіздеген ,бір жағынан адамның қолы бос жүреді.Үлкен ауыр жүгі бар
қалталарды түйенің өркешіне артқан.
Ғажайып
сәт: Әженің келуі.Амансыңдар ма
балалар? Балалар менің
қоржынымды көрген жоқсыңдар ма?мен
қоржынымды
іздеп,таба алмай жүрмін.
Тәрбиеші: Әже біз қоржын көргеніміз
жоқ. Әже біз сізге көмектесеміз.
Балалар:
Ия Әже
біз сізге көмектесеміз.
Тәрбиеші:
Әже
жоғары шығыңыз.
Балалар,менің қолымдағы қандай
зат екен?Жол қалтасын қоржынды қарап көру,заттар салуға арналған
дорбаларды атау,ою-өрнектерімен қалай өрнектелгенін атап
көрсету.(қошқар мүйіз,гүл, құс қанаты,толқын)
Балалар:
Әрине
қоржын. Қоржын әдемі, екі қалтасы бар екен.
Тәрбиеші: Қоржынымды ашайын
Ішінен шашу шашайын
Жүкті теңдеп буғаным
Аман ба екен туғаным
Құрт,май, бауырсақ,женттім бар,
Кел,ұялмай,бәрін де
ал- деп ,ендеше біз қазір бәріміз
Әжемізге қоржын қалта жапсырайық.
Балалар сендер қандай өнер туралы мақал-мәтел
білесіңдер?
Нұркелді: «Шебердің қолы
алтын»
«Шешеннің сөзі
алтын»
Нұрхан «Адамды өнер
танытады»
Меруерт «Еңбек етсең ерінбей»
«Тояды қарнын тіленбей»
Тәрбиеші.рахмет балалар,шаршаған
боларсыңдар енді бойымызды сергітіп алайық.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкене ағаштар
Биік-биік боп өседі.
Жел гулейді алдымнан
Ешкімге бас имейді
Ағаш басы қозғалып
Ақырындап
билейді –жарайсыңдар
балалар!
-Міне балалар,Әжеміздің де қоржын қалтасы дайын
болды. Бәріңде жақсы жапсырған екенсіңдер.Қоржын қалтамызға «қошқар
мүйіз» оюын жапсырған болсақ тақпақ айтып берейік
Меруерт: Қолтаңбасын әжемнің анық
көріп
Бұл кестенің сырына қанық
болып
Өнерімен өзгелерді
тамсандырған
Қошқармүйіз өрнегін салып
беріп.
-Өте жақсы.
-Балалар,барлықтарың еңбектерінің арқасында
нәтижелі жұмыс жасадық.Әжеміз бізге рахметін айтып сендердің үлкен
болып өсуіне тілек білдіреді.
-Рахмет олай болса мен сендерге «Еңбек»туралы
тақпақ айтайын.
Гүл өсірсең
терлеп
Мұның аты-еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның бәрі еңбек
Сабағыңды жөндеп
Әзірлесең жөндеп
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана
жеңбек-деп еңбек еткен бала ғана
бәрін де жеңеді екен, олай болса тек еңбек ете
білейік.