400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоржынды сәндеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, танымдық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қоржынды сәндейміз.

Мақсаты: қазақтың үй бұйымы-қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қоржынды безендіре білуді үйрету, эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қылқалам, су, сүрткіш, қоржынның суреті.

Сөздік жұмыстар: қоржын, үй бұйымы.

Полингвальді:қоржын-корзина, бұйым-изделие.


Ұйым кезеңі:

Балалар шаттық шеңберге тұрады.


Армысың, асыл Күн!

Армысың, асыл Жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!



Педагог:-Балалар, қоржынның не екенін білесіңдер ме? Ата-әжелеріміз оны не үшін қолданған?

Қоржын- иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы. Түрлі заттар алып жүру үшін қажет. Қоржынның екі басы болады. Жолға шыққанда қоржынды аттың артына өңгеріп алады. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ кілемше түрінде жасалады. Оның ат қоржын, түйе қоржын т.б. түрлері бар.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Ою-өрнек сызайық.

«Түйетабан», «ботакөз»,

«Қойізі» мен «қосмүйіз»,

«Қарғатұяқ», «тышқаніз»,

«Бүршік» пен «гүл» әдемі,

Ою-өрнек әлемі.



Педагог: -Қоржынды бір түсті бояумен саламыз. Қоржын дайын болған соң оны асықпен әшекейлейміз.

Бір-бірінің жұмысын бағалау үшін балаларға сөз береді. Педагог балалардың салған суреттерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырады: қоржын туралы түсініктері мен білімдерін кеңейтеді, қоржынның түрлері, оның қолданылуы жайлы мәліметтерді біледі.

Түсінеді: қоржынды салу техникасы мен әшекейлеу ерекшеліктерінің барын түсінеді.

Қолданады: әшекейлеу реттілігін, ұқыптылық пен жұмысты орындау барысындағы жинақтылықты қалыптастырып, қолданады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
3675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі