400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қорқақ қоян"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоян туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

МPicture 1 аңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№26 «Қарлығаш» бөбекжайы тәрбиешісі

Мамытова Гүл Абдигалымовна









Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: аппликация,тіл дамыту,сенсорика,көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: “Қорқақ қоян”

Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,көрсету,тақпақтарды мәнерлеп айтқызу.

Көрнекі құралдар: Қоян суреті,геометриялық пішіндер,сәбіз суреті,муляж.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болғалы тұр. Кәне,орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері: Алақанды ашамыз,

Күннен шуақ аламыз,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашамыз.

Тәрбиеші: Балалар орнымызға отырайық.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалар:Көктем

Тәрбиеші: Көктемде ауа райы қандай болады?

Балалар: Күн жылы болады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар мына суретке назар аударайықшы ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар: Қоянның.

Тәрбиеші: Қоян қандай жануар?

Балалар: Қоян үй жануары және жабайы жануар.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Қоянның жабайы түрі де бар.Үйде де бағуға болады.Түстері қандай болады?

Балалар: Ақ,сұр.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар.Қоян немен қоректенеді?

Балалар: Сәбізбен.

Тәрбиеші: Сәбіздің түсі қандай?

Балалар: Сары.

Тәрбиеші: Қоянның құлағы қандай?

Балалар: Ұзын.

Тәрбиеші: Дұрыс,ал басы ше?

Балалар: Дөңгелек.

Тәрбиеші: Қоянның аяқ-қолы ұзынба? Қысқа ма?

Балалар: Қысқа.

Осы кезде Қоян жылап кіреді.

Қоян: Oй,балалар сәлеметсіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе.

Тәрбиеші: Қоян саған не болды? Неге жылап келіп жүрсің?

Қоян:Менің ағаштан жасалған үйімді түлкі тартып алды.Түлкінің үйі мұздан жасалған еді,күн жылыған соң еріп кетті.Содан менің үйімді алып қойды.

Тәрбиеші: Қоян сен жылама біздің балалар сенің көңіліңді көтеріп тақпақтар айтып берсін.Біз саған үй жасауға көмектесеміз.

Әдемі: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді

Қ.Әмина: Көктем келді,құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп,

Біздің көлге түстенді,

Былтыр келген қаз-үйрек.

Ораз: Көктем қырға төрледі,

Төрт түлік мал төлдеді,

Бәйшешектер құлпырып,

Деп тұрғандай,көр мені.

Аружан: Қоян,қоян,қояным,

Сәбізіңе тоясың,

Бақырайып көздерің,

Неге сонша қорқасың?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар.

Қоян: Рахмет,балалар! Менің көңілім көтеріліп қалды,жарайсыңдар!

Сергіту сәті: Бала,бала,балақан
Қане қайсы алақан,

Саусақтарың айбат,

Былай-былай ойнат.

Қоян: Балалар мен енді сендермен ойын ойынағым келіп тұр.

Тәрбиеші: Ендеше балалар қоянмен “Сәбіз жинау” ойынын ойнайықшы.

Ойын: ”Сәбіз жинау”

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,ойынды керемет ойнадыңдар.Енді қоянымызға үй жасауға көмектесейік.

Балалар үйді геометриялық пішіндермен дұрыс орналастырады.

Тәрбиеші: Балалар үйдің қабырғасы, шатыры қандай геометриялық пішін?

Балалар: Қабырғасы-төртбұрыш, шатыры-үш бұрыш.

Қоян: Жарайсыңдар балалар!Менің енді өз үйім болатын болды.

Тәрбиеші балалардан жеке-жеке үйінің түстерін сұрап шығады.

Балалар: сары,жасыл,көк.

Қоян: Балалар сендерге көп-көп рахмет.Менің енді әдемі үйім бар.Сендер ақылды, тәртіпті балалар екенсіңдер. Мен достарыма барып жаңа үйімнің бар екендігін айтайын.Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау бол Қоян!

Сабақты қорытындылау:

  • Балалар, бізге бүгін кім қонаққа келді?

  • Балалар: Қоян

  • Тәрбиеші: Дұрыс біз бүгін қоянды суреттедік.

  • Қоянның құлағы,басы қандай пішін болады?

  • Үйдің түстері қандай?

  • Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар

  • Осымен сабағымыз аяқталды.

  • Мақтау. Мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі