"Қорқақ қоян" Кіші топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қорқақ қоян" Кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметті Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: "Қорқақ қоян" Кіші топ балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы : «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Сенсорика .

Тақырыбы : «Қорқақ қоян»

Мақсаты : Балаларды біркелкі заттарды ортақ сенсорлық сипаттары бойынша (көлемі,пішіні, түсі) біріктіру қабілетіне үйрету; әртүрлі заттарды ортақ сенсорикалық сипаты, түсі және түрлі топтама қасиеттері мен сапасы бойынша бірін-біріне сәйкестендіруге дағдыландыру; қолдың ұсақ моторикасын, зейіні мен ақыл-ойын дамыту; жасына сай қарапайым сөйлеу бірліктерін игеру қабілеттерін жетілдіру; қоршаған орта түстеріне қызығушылықтарын ояту; ойыншық кейіпкерлері арқылы ойын барысында белсенді болуға тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫС

Бала тілін "әне", "міне", "көрдім" сөздері мен түс атаулары арқылы жетілдіру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ғажайып сәт, дамытушы ойын-жаттығу, сергіту сәті, іс-тәжірибе ойын-жаттығуы, көркем сөз, тақпақты мәнерлеп оқу, кейіпкермен қоштасу.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Ойыншық қоян, қасқыр тақта, көрсеткіш, қызыл, сары, қара, көк, жасыл және ақ түсті фетрдан жасалған үйшіктер .

ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Қызыл, сары, қара, көк, жасыл және ақ түсті шаршы формасындағы

терезелерден (үйшіктерден) құралған карталар; көлемдері терезелермен бірдей ақ қоян, жасыл бақа, қызыл алма, сары банан, көк текше, қара дөңгелек.







Оқу қызметінің барысы :

Кіріспе бөлім : Ғажайып сәт: Топқа сүйкімді қоянның келуі.

-Балалар қараңдаршы біздің топқа сүйкімді аппақ қоян келіпті .

- Амандасып алайық.

(Балалармен бірге әуенді қимыл сәлемдесуі. ) теледидар бейне ролик арқылы қимыл қозғалыстарымен сәлемдесуін қайталап айту.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

"Қоян қайда тығылды?" дамытушы ойын-жаттығуы.

Балалар жарты шеңбер жасап орындықтарға отырады.

Балаларға қызыл, сары, көк, жасыл және ақ түсті шаршы формасындағы терезелерден (үйшіктерден) құралған панно ұсынылады.

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1



- Балалар, түстерді атайықшы. Қайталаңдар. Жарайсыңдар!

Ақ қоянның кескінін көрсету.

- Балалар, қоян қасқырдан қорқады, қоянды қасқырдан жасыру керек.

Қоянды ақ түстен басқа барлық түске жапсырып көрсету, балалардан

көрінетінін не көрінбейтінін сұрау.

- Балалар, қоян қайда отыр?

Балалар саусақтарымен көрсетеді, "әне", "көрдім" деп жауап берулері мүмкін.

- Ал, балалар, мен қоянды тағы да жасырамын. Көзімізді жұмайық... Ашайық...

Мұқият қарайық. Ештеңе жоқ па? Қоян қайда отыр?

Ақ терезеге жапсырылған ақ қоянды алып шығу.

- Ой, балалар, мынау не? Иә, қоян. Қоянның түсі қандай? Ал үйшігінің түсі қандай? Тамаша. Жарайсыңдар!



- Балалар қоян қандай тағамды ұнатады білесіңдер ме ?

- Балалар қояндар сәбізді өте жақсы көреді .

-Сәбіз ден басқа қырыққабаттыда жақсы көреді .

- Балалар қоянның баласын көжектеп атайды .

«Көжек» тақпағын мәнерлеп оқу.

- Көжек, көжек, көжегім,

Ішесің бе көжені?

- Жоқ, мен көже ішпеймін,

Сәбізді тықырлатып жеймін.

Сәбіз қатты, бірақ тәтті".

Балаларға хормен айтқызу, бірнеше рет қимылмен көрсетіп, қайталату. Көркем сөзді ойыншыққа қарап айту қажет. Балалар да көркем сөзді айту барысында көжекке қарап, қимылмен көрсетеді.

- Жарайсыңдар! Тамаша!

-Балалар бүгінгі тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындайық .

1. Қоянның сүйікті тамағын тауып беру .

2. Көжектерді киім түстеріне қарай үйшіктерін табу.

Сергіту сәті

Кейіпкермен қоштасу.

- Балалар, қоянды қасқырдан жасырып, қорғап қалдыңдар, тақпақ оқып бердіңдер. Жарайсыңдар! Қоян сендермен қоштасып, рақмет айтып жатыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу қызметінің аяғында педагог балалардың білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қояды:

- Балалар, бүгін оқу қызметінде немен таныстық?

- Ақ қоянмен таныстық.

- Жарайсыңдар, балалар!

- Қоянның түсі қандай? Ақ.

- Ал үйшігінің түсі қандай? Ақ.Тамаша. Жарайсыңдар!

- Балалар, қоянды қасқыр көріп қоймас үшін қандай үйшікке орналастырдық?

- Ақүйшікке.

- Тағы қандай түсті үйшіктер болды? Қызыл, сары, көк, жасыл.

Қайталайық, балалар! Жарайсыңдар!

- Бәрекелді, балалар, бүгін оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар, рақмет, сау болыңдар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
991
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі