Материалдар / Қорқыныш психологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қорқыныш психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
ойын түрінде өтілетін сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
909
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қорқыныш психологиясы


Жоспар

  1. Презентация

  2. Тыныштық сәті


«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»


Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


  1. Музыкалық ойын

Ойынның шарты бойынша орысша өлеңдерді немесе қазақша өлеңдердің аудармаларын табу.


  1. Менің балақайым, сенің күлкі ең әдемі, ең биік..(Самая вышка Raim & Artur)

  2. Сен қыз соғыс. Мен сені ұстап алдым. Құдай, қыз құпия. Сен қызсың - соғыс. (HammAli & Navai)

  3. Біздің арамызда мұз еріп жатыр,енді бізді ешкім таппасын. (Грибы)

  4. Ұстаңыз! Ұстаңыз! Менің қолымнан ұстаңыз! (Дима Билан)

  5. Танцуй со мной, держи тело свободно. Это дискотека из 90- х.( RaiM & Artur & Zhenis)

  6. А ты оригинал. Пусть народ верит в тебя (Төреғали Төралі)

  7. Сен арасын - мен омарташымын. Біз балды жақсы көреміз. (RASA)

  8. Мені құшақтап, соқыр етті, табалдырықты аттады, бірақ махаббат бермеді. (Александр Ревва)

  9. Мен әлі де ол туралы, ойлаймын, ол маған туыстарымнан да жақын. (Jony Аллея)



4. Алма ойыны


Байқауға бірнеше жұп шақырылады. Әр жұпқа екі алма, біреуі қызға, екіншісі жігітке беріледі. Жүргізуші сигналы бойынша қыз жігітті, ал жігіт қызды алмамен тамақтандырады. Қай жұп бірінші бітеді, сол жұп жеңеді.

5. Қорқыныш —бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Тіршілік үшін қауіпті факторлардың нақты әрекетінен болатын ауру не басқа да зардап түрлерінен ерекше қорқыныш олардан күн ілгері болады. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш сезімінің қарқындылығы мен тән сипаты ерекшелігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, үрей). Егер қауіп негізі анық емес не ұғынылмаған болса, ондай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады.

Қорқыныш – өзін-өзі сақтау инстинктіне негізделген, жүйке жүйесінің белгілі бір физиологиялық өзгерістерімен жүретін, қатерлі жағдайда туындайтын эмоция.
Жас ерекшелігіне байланысты негізгі қорқыныш түрлері:
Жаңа туылған нәресте:
жаңа ортадағы қорқыныш
анасынан алыстау қорқынышы
бөтен адамдардан қорқуы

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда:
қараңғыдан қорқуы
түнгі қорқыныштар
жалғыз қалып қою қорқынышы

3 жастан 5 жасқа дейін:
жалғыздық қорқынышы, яғни ешкімнің елемеуі
қараңғылық қорқынышы
тыныш, тұйық ортадан қорқуы
қиял-ғажайып кейіпкерлерінен қорқуы

5 жастан 7 жасқа дейін:
белгілі бір жағдайға байланысты қорқыныштар, мыс: өрт, тереңдік, апаттар, т.б.
ата-аналарының ұрысуынан, ұруынан қорқу
жануарлардан қорқуы
қорқынышты түстерден
ата-анасынан айырылу қорқынышы
кешігіп қалу қорқынышы
өлім қорқынышы
ауруға шалдығып қалу қорқынышы

Осындай қорқыныштардың алдын алу үшін, баланың алаңдаушылығын жою үшін ата-аналарға бірнеше кеңестер:
балаға көбіне еркіндік беріп, оның достарын шақырып, бірге тиімді уақыт өткізуін қадағалаңыз;
баланы жыртқыш аңдармен, полиция қызметкерлерімен, дәрігерлермен қорқытпаңыз, себебі  бізге оның мәні болмаса да, балалар оны шын деп қабылдауы мүмкін;
көбірек сурет салуға баулу;

баланы сол қалпында қабылдап, жақсы көру, оны көршінің әдемі қызымен немесе сабақта үздік інісімен салыстыруға болмайды;
әр бала өзіне деген отбасының жылуын сезінуі керек, балаға жақсы дос бола біліңіз.

1. Жалғыздықтан қорқыныш Аутизммен ауырып жүрген адамдардың ішкі жан дүниесінде жалғыздық атты үлкен қорқыныш бар. Олар үнемі жабық есік саясатын ұстауға бейім. Оның басты сыры неде сұрасаңыз, түсініктерін тым тереңге бастап кетеді. Кез келген адам бақытты болғысы келетінін ескерсек, онда қоғамсыз бақыттың болмайтынын естен шығармау ләзім. Себебі, сенің бар мүмкіндігіңді жүзеге асыратын да, жарға соғатын да қоғам.

2. Өлімнен қорқыныш (акрофобия, гематофобия және т.б.) Ойлау жүйесі сезімтал әрі секемшіл жандардың қорқынышы. Бүгінгі таңда осы қорқыныш түрінен қаншама жандар өліп кетіп жатыр. Ажалдың араны десек те болады: ішкі әлем кеңістігі, қан көру, биіктіктен қорқу, өлген жандарды көру, зорлық пен зомбылық, тағысын тағылар.

3. Социофобия (сахнаға шығу қорқынышы), агорафобия (ашық ортадан қымсыну) Әрине, көпшілік адамдар өз сезімдері мен эмоцияларын бөгде адамдардан жасырып ұстағанды дұрыс көреді. Әрине, олар білімді, ойлау жағынан келгенде шығандап озып кеткен. Бірақ, осы бір қорқыныштың ауылында жүргендері түсініксіз, бір қарағанда күлкілі болып көрінетіні өтірік емес.

4. Өрмекшіге, тышқанға, тарақанға, ұшаққа, динозаврға, жыланға, елеске, құбыжыққа, биік өкшелерге (аяқ-киім) деген қорқыныш   Осынау қорқыныштардың ұзын-ырғасы бір жүйеге кірігеді. Интеллектілік ойлау жүйесімен ауыратын адамдарда жиі  болып тұрады. Оған дау жоқ. Себебі де түсінікті, олар өте сезімтал келеді: әртістер, суретшілер, сәнқойлар, т.б. 

5. Жақын қарым-қатынастан қорқыныш 16 жастағы жасөспірім балаларда ғана емес, 40 жастағы ерлерде де, әйелдерде де  кездесетін нышан. Бір қызығы, аталған қорқыныш түрімен сезімге бей-жай қарамайтын жандардың ауырады. Олар: бірінші қарым-қатынастары сәтсіздікке ұшыраған, бала кезден қалып қойған өкпелері бар, төпеп тастайтын эмоцияның кесірінен зиян шеккен жандар.

6. Естен ауысу қорқынышы Абстрактылы түсінікке негізделген немесе сондай ой-пікірмен жүретін адамдар сезінетін тұрақты қорқыныш түрі. Олар тылсым дүниелермен тілдескісі келеді, ғарыш әлеміне саяхаттағысы келеді, философия мен физиканы жете меңгергісі келеді. Олар өстіп жүріп, адам баласының ойына кіріп-шықпайтын фантастикалық пікірлерді тудырады.

7. Верминофобия (микроағзалар мен бактериялардан қорқыныш) Өмірде осы қорқыныш түрін аз кездестірмеген шығарсыз. Күнделікті асқа отырарда немесе бейберекетсіз әр бес минут сайын қолдарын жуа беретін адамдар болады. Олар өздіктерінен барып, ешқандай дүниеге жақындай алмайды. Себебі, оларда бактерия жұқтырып алам деген қорқыныш басым болады.

8. Қорқақ болып қалу қорқынышы Ерлердің қорқынышы десек те болады. Мұндай қорқыныш түрі көбіне өзін басқа жандарға жауапты санайтын адамдарда болып тұрады. Міне, осынау адамдар өз-өздерін үнемі қыл үстінде жүргендей сезініп, билікті ешкімге бергісі келмейді. Және бір қызығы, бұл қорқынышты әйелдер қауымы да сезінетін болып шықты.

9. Уланып қалу қорқынышы Бұл қорқыныш түрі өз алдына жеке дүние іспетті. Басқа қорқыныш түрлерімен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды. Әрине, қорқыныштың осы түрі интуитивтік ойлау жүйке жүйесі дамыған адамдарда да болса да. Жер бетіндегі қорқыныштың аталған түрі - 5 пайыз. Мәселен, уланып қалу қорқынышы Сталинде болған.

10. Кәріліктен қорқу Жастар арасында сирек кездесетін қорқыныш. Орта жастағы әйелдер мен 50 жасты алқымдап қалған еркектерде жиі кездеседі. Аталған қорқыныштың себебі түсінікті, себебі, әйел міндеті - баланы туу мен өсіру, ал ерлердің міндеті - ұрпақ өрбіту мен отбасын қамтамасыз ету.


6. Ол кім? Бұл не? Ойыны


Жүргізуші ойынға бір ойыншыны шақырады, ойыншыға бірнеше картинкалар беріледі. Бірақ ойыншы ол картинкаларды көре алмайды, яғни ойынның шарты бойынша ойыншы картинкаларға артқа қарап отырады. Оған студенттер кез-келген тақырыпта сұрақтар кояды.


7. Ситуациялық жағдай.

Жүргізуші 6 студентті шақырады ,яғни оларға әрқайсысына бір ситуациялық жағдай беріледі. Қорқыныш сезімін жеңу үшін студенттер ситуациядан шығу керек. (Ата-ана мен мұғалімнің арасындағы ситуация, емтихан кезіндегі ситуация, қаржы министрі мен жұмысқа тұруға келген маманның арасындағы ситуация).


8.Билет ойыны


Ойынға 3 студент шақырылады. Студенттерге Лас Вегас, Нью-Йорк, Лосанджелес қалаларына тегін баруға билет беріледі. Бірақ ойынның шарты бойынша студенттер не үшін бару керек екенін және неге ол билетке лайықты екенін айту керек. Кім көп дауыс жинайды, сол жеңеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!