Материалдар / Қоршаған Орта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоршаған Орта

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Қоршаған ортаның экологиялық жайсыздығы


Мақсаты:

  1. Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемелар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беру

  2. Табиғатты сүйе білуге, білдірмеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу

  3. Экологиялық аймақтар туралы мағлұмат беру


Көрнекіліктер:

Қазақстан картасы, табиғат туралы өлең шумақтары, алма ағашы, жарнама, табиғат көрінісі

Түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың өтілу барысы:

Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге мынадай сауал қойғалы отырмын.


Мұғалім: Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім,

Кім айтады, кәнекей, ол жерден мен не көрдім?

Жауаптар: тау, өзен, ағаш, құстар, гүлдер т.б.

Мұғалім: Жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан-жағыма мен кенет,

Қарап едім не көрдім?

Жауаптар: күн, бұлт, жануарлар, құстар, тас т.б.

Мұғалім:

  • Дұрыс, ендеше, балалар, бүгінгі тақырыпты бәріміз бірге әрі қарай жалғастырайық

  • Экологогиялық аймақтар туралы не білеміз?

(қысқаша өз ойларын тиянақтау)

І бөлім: Экология ұғымы туралы мағлұмат

Мұғалім:

Енді балалар экранға назар аударып, экология туралы ұғымдарға тоқталайық:










Мұғалім:

Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, организмнің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек.

Осы тақырыпта Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлең шумақтары бар:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алаған секілді. Қ.Мырза Әлі.


ІІ бөлім: Экологиялық аймақтарға саяхат

Мұғалім:

Енді балалар осы аталған экологиялық аймақтардың ішіндегі Арал мен Семей өңіріне саяхатпен жалғастырамыз.

Саяхатқа шықпас бұрын осы өзіміздің тұрған, туып-өскен жеріміз Шалқар өңірі экологиялық аймақтар қатарына жатады ма, жатса не себепті соған тоқталып өтелік.

(оқушылардың өз ойлары тыңдалады)


Жүргізуші:

Арғы күннен арманын қосқан әні,

Арал, Балқаш – қазақтың қос жанары.

Бірі кетсе... Орнындай аққан көздің,

Үңірейіп біреуі бос қалады,- деп жырлағандай біз саяхатымызды Арал өңірінен бастаймыз.

(Экраннан Арал өңірі көрсетіліп, экологиялық аймақ аталу себебі, қазіргі Арал теңізі туралы мағлұмат беріледі)

Жүргізуші:

Ән: «Аралдан ұшқан аққулар», сөзі: Ш.Сариевтікі, әні. С.Бәйтерековтікі

Жүргізуші:

Семейім танылып ең бар ғаламға,

Абай мен Шәкәрімдей ұлдар туған.

Бүгінде жарылыстан зар жылаған,

Болашаққа үміт артар қай ұрпағың.

Саяхатымызды әрі қарай Семей өңірімен жалғастырамыз.

(Экраннан Семей өңірі көрсетіліп, Семей полигоны туралы оқылады)

Жүргізуші:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Тіршілік табынады бір өзіңе,

Қайда кетті-ау сол кезгі келбет-көрік,- дей келіп кезекті әнге береміз.

Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»

Жүргізуші:

Ал, достарым экологиялық аймақтың қанша дегенмен адамға әсері болмай қоймайды. Сондықтан да Көкше жеріне барып әсекм табиғатта тамашалап, дем алайық. Көкшенің саясына, Оқжетпесті тамашалап серуендейік.

(Экраннан Көкше өңірінің табиғаты көрсетіліп, баяу үнмен музыка ойнатылады)

Достарым, мына әсем табиғатты тамашалай отырып, алма ағашынан алма алып жей отырсақ қалай болады. Бірақ бұл ағаштың бір сиқырлы сыры бар екен, алмаларын бізге тегін бермейді. Біздің бізді қоршаған сыртқы орта туралы білімізді байқағысы келетін секілді. Бізге қояр шарты: табиғат туралы өлең жолдары мен мақал-мәтелдер айту

(оқушылар тыңдалады)

Жүргізуші:

Ш.Аймауытов «Экологиялық проблемалар ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы болып отыр» деген екен.

Бұл күнде көзім ашық сауаттымын,

Білемін табиғаттың қуат-құнын.

Ғалам мен келешектің алдында мен,

Тіршілік үшін әр кез жауаптымын.

Мұғалім:

Мұрат емес, озғаным, озбағым,

Кімге керек азған соң, тозған арың?

Айналайын Адамдар, аялаңдар.

Туған жердің ырысы мол табиғатын

Хор: «Менің Қазақстаным»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!