400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған орта және энергия ресурстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Алғабас шағын орталықты орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байділдаева Фарида

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

6-бөлім: «Қоршаған орта және энергия ресурстары». Электр қуатын үнемдеу.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.5.1

перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау

Сабақтың мақсаттары

Мәтіннен қажетті ақпаратты ала біледі, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды.

Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құрмет, өмір бойы білім алу.

АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Қуат, үнемдеу, жұмсау, артық.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Таулар сыры» бөлімі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту.

«Мен кіммін?» ойыны. Бір оқушы ортаға шақырылып, арқасына «күн» жазуы бар қағаз ілінеді. Оқушы жасырын сөзді табу үшін сыныпқа болжамалы сұрақ қояды немесе сөздерді атайды. Сыныптағы оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді. Екінші шыққан оқушыға «жел» сөзі жасырылады.

Мұғалім жаңа бөлімнің атауын «күн, жел» сөздері арқылы болжап көрулерін сұрайды. Бөлім тақырыбы анықталған соң, бағалау критерийлері мен десприпторлары, сабақ мақсаттары таныстырылады.





слайд

Сабақтың ортасы

7 мин














10 мин

























10 мин












5 мин

ЖЖ

Тыңдалым алдындағы тапсырма


Жаңа сөздер

Сәйкестендіру бағаны

Мағынасы

қ уат (зат есім)


затты тиімді пайдалану

үнемде (етістік)


энергия

жұмса (етістік)


мөлшерден тыс, көп

артық (сын есім)


пайдалану, жарату, іске асыру


Дұрыс жауаппен салыстырып, жұпта сөз тіркестер/сөйлем құрастырады.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі қолданылады.



Тыңдалым тапсырмасы

С. Оқушылар «Электр қуатын үнемдеу» бейнеролигін тамашалап, тыңдайды.

Тыңдалым мәтінін екі рет тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалым сұрақтары:

  1. Мәтін мазмұнына сай нұсқаны көрсетіңіз

А. үй шаруашылығы туралы
Ә. үй тауарлары туралы
В. қуатты үнемдеу кеңестері туралы
С. электр қуаты туралы

  1. Қуатты артық жұмсамау үшін не істеу керек?

А. тоқ шәйнек қолдану
Ә. кір жуғыш манинаға мөлшерден тыс зат салмау
В. шаңсорғышты жиі тазарту
С. электр қуаттың шығымын білу

  1. Үй ішінде қандай құрал-жабдыққа қуат көп жұмсалатынын белгілеңіз

А. қысқа толқынды пеш

Ә. тоңазытқыш

В. компьютер

С. автоматтық кір жуғыш машина

  1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпарат қандай?
    ________________________________________________________________________________________________________________

  2. Мәтінде қандай мәселе көтерілді?

___________________________________________________________________________________________________

Оқушылар жұпта жауаптарымен бөлісіп, дұрыс жауаппен салыстырады.

Мұғалім оқушылардың тыңдалым мәтінінің негізгі және қосымша ақпаратын анықтай алуларын қадағалайды, бақылайды.

Ф. Бағалау.

Бағалау критерийі:

Дескрипторлар

перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау

Мәтін мазмұнын түсінеді;


Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды.

Ж

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар топта тыңдалым мәтінінің мазмұны және өмірдегі тәжірибелері негізінде «Қуат көздерін қолдану» (1-топ), «Қуатты үнемдеу кеңестері» (2-топ) тақырыбында сызба-кесте жасап, ұсынады.


Жуап беру барысында қолдау ретінде «Попс формуланы» қолдана алады.

Менің ойымша ...

Себебі, ...

Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдей аламын, ...

Осыларға сүйене отырып, мен мынадай қорытындыға келді ...




Ф. Топ жұмыстары сынып алдына ұсынылады, қорғалады. Қалған топтар кері байланыс береді.


таратпа
















https://www.youtube.com/watch?v=eLPTcUfPkAM

«Электр қуатын үнемдеу»
2 мин.43 сек.



таратпа



















































Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді.

Оқушылар сабақ барысында АКТ арқылы ақпаратты өздерінің жадыларында ұзақ сақтай алады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
4305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі