400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған орта және оның ластануына не себеп ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта және оның ластануына не себеп ?
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қоршаған орта және оның ластануына не себеп ?

Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. технология ілгері дамыған сайын «жасыл» орта осалданып барады. Қазіргі таңда, қоршаған орта мен оның ластануына не себеп? деген сұрақтың төңірегінде әңгіме қаузап көрейін.

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстан-2030” атты жолдауында: «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінаратсыз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады»-деген сөз өрбіткен еді. Ал, қоғам ол сөзді ескеріп те жатқан жоқ. Неге деймісіз? Себебі, атмосфераның, топырақтың, әлем мұхиттарының ұзақ уақыттан бері әрі үздіксіз ластануына қарап, экологиялық ахуал әлемдегі нөмір бірінші проблема деуге болады. Адам әрекеті күнделікті өмірде қоршаған ортаны ластап, көлік құралдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар оттегін көп мөлшерде пайдаланып, адамдар оны қалпына келтіруге асығар емес, тіпті қалдықтарды тазартуға күш салып отырған жоқтығын көріп те, аңғарып-ақ жүрміз. Көлік құралдарының қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрғанда да зиянды заттар бөлініп, топыраққа қонады да өсімдіктерге сіңетінін білеміз. Ал, мұның бәрі топырақтың құнарын жойып, қайта қалпына келуіне кедергі жасайтынын біле бермейміз.
Ал мұнай өнімдері, нитраттар, фосфаттар, гербицидтер мен тұрмыстық қоқыс әлем мұхиттарын ластап жатыр. Қарап тұрсақ, барлығы адамның көзге көрінбейтін іс-әрекетінің арқасында... Сондықтан, адам табиғат пен өзін құтқару үшін не істеу қажеттігін қазірден ойластырғаны дұрыс деп ойлаймын.

Қорытындылай келсем, қоршаған ортаны қаншалықты өзгертуге тырысқанымызбен, жер бетіндегі тіршілік табиғаттың қатаң заңына бағынып дамиды. Сондықтан адамзат өркениеті тұрақты даму үшін осы заңдар мен қағидалардан ауытқымауымыз керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
142
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі