Қоршаған орта. Су сиқыры ( су мен тәжірибелер жасау)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған орта. Су сиқыры ( су мен тәжірибелер жасау)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу, мен тәжірибе жасау технологиямен таныстыру арқылы қызығушылықтарын арттыру; тәжірибе жасау кезінде құрдастарымен қарым-қатынас болу дағдырларын, қорытынды жасау, салыстыру қабілеттерін және бақылаушылық дағдыларын дамыту. Су туралы білімдерін кеңейту, балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (түсі, иісі) туралы білімдерін қалыптастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қоршаған орта.

Тақырыбы: «Су сиқыры»

Мақсаты: Балаларды қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу, мен тәжірибе жасау технологиямен таныстыру арқылы қызығушылықтарын арттыру; тәжірибе жасау кезінде құрдастарымен қарым-қатынас болу дағдырларын, қорытынды жасау, салыстыру қабілеттерін және бақылаушылық дағдыларын дамыту. Су туралы білімдерін кеңейту, балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (түсі, иісі) туралы білімдерін қалыптастыру;
Ойлау, сөйлеу, ой-өрісін және білуге құмарлық қасиеттерін дамыту.Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, топпен жұмыс жасай білуге, суға ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.

Дамытушы ойын: «Судағы балықтар».

Мақсаты: Балаларды әртүрлі тәсілдермен судан балықты алу дағдысын жаттықтыру, сумен ойын ойнату арқылы жағымды сезімді жеткізу. Кішкентай балықтардың суреті салынған қасықтарды, суға малып қасықтағы балық суретін суға түсіру. Балаларға сумен түрлі қызықты сиқыр жасауға болатынын көрсетіп, қызығушылықтарын ояту. Су бетіне қалқып шыққан фломастермен салынған суреттерді балаларға аулатып сиқыр көрсету.

Пайдананатын құралдар: Пластмассалық стақандар, су, қант, тұз, гуаш, тарелкелер, қасықтар, түрлі- түсті смайликтер (әр балаға жеке беру). Түрлі түсті фломастерлер. Жұмыртқа, мұз текшелері.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің жүру барысы:

Күй күмбірімен амандасып. Балаларды топқа кіргізу.

Көңілді шеңбер.
— Балалар қарандаршы бүгін бізге көп қонақтар келді барлығымыз қонақтармен көңілді шеңбер жасап амандасайық.
Қуан, шаттан, Алақай!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Сұрақ-жауап:
— Балалар, қане , айтыңдаршы қазір қандай мезгіл?

Қазыр жылдың көктем мезгілі.

көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінде үш ай бар.

Балалардан қыс мезгілінің ерекшеліктерін пысықтау.
Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын:
Дәмі жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ

Шомыласың, жүзесің,
Шөлдегенде ішесің. Бұл не?

Ғажайып сәт: Судың дыбысы естіледі.
Айтып берейікші.
Су қай жерде кездеседі?
Өзенде, жаңбырда,
Су бізге не үшін қажет?
Балалар:тамақ істеуге, шомылуға, ішуге.
— Ендеше, бізде су туралы қызықты ұйымдастырылған оқу қызметі болады.

Балалар! Сендер білесіңдер ме судың көп қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс – тәжірибелер мен сиқырлар көрсетуге болады. Қазір
нағыз ғалымдар сияқты түрлі тәжірибелер (эксперименттер) жасаймыз, сондықтан сендерді «Зертханаға» шақырамын.


Тәрбиеші: бүгін өзімізді жас зеттеушілер болып сезінетін боламыз. Зертханаға келу.

Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз.

Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нәрсеге тиіспейміз, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз.

Ұлттық құндылық: Топтарға бөліну үшін дорбадан түрлі түсті асықтарды алатын боламыз. Асығымыз қандай түс болса. Сол түс орналасқан столымызға барамыз.


1-тәжірибе: Судың қасиетін анықтау.

1. Су сұйық зат. Су құйылады. Су-бұл сұйықтық, ол ағады, оны құюға болады. Кәне, балалар суды бір ыдыстан басқа ыдысқа құйып көрейік. 3-4 балаға суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйдыру.
Қорытынды: су – бұл сұйық нәрсе, оны құюға болады.

Су иіссіз, дәмсіз.
Қолданылатын құралдар:бала басына су құйылған стакандар, бос стакандар.
Мақсаты: судың қасиетін анықтау: түссіз, иіссіз. Балалар суды ішіп және иіскеп көреді.
Тәрбиеші:Балалар, қалай ойлайсыңдар, судың дәмі бар ма?
-Балалар: судың дәмі жоқ.

Ал, енді, сендер судың дәмін көріңдер.
Дәмі бар ма?
Ал енді қасықпен қант алып, басқа стақанға құйылған су ішіне салындар.Судың қасықпен шайқап, дәмін көріндер, дәмі өзгерді ма?
Енді, балалар келесі бос стақандарға тұз салып араластырып, көрейік. Судың дәмі қалай өзгерді? қасықпен тұз алып, басқа стақанға құйылған су ішіне салындар.Судың қасықпен шайқап, дәмін көріндер, дәмі өзгерді ма?
Қорытынды: Судың дәмі жоқ, ол дәмсіз, бірақ су өзінің ішіне салған басқа заттың дәмін сіңріп алады.
Балалар қалай ойлайсындар, судың иісі бар ма?
Үстел үстінде сендердің алдында кофе мен лимон тұр, оны су толған стакан ішіне салып, иісін иіскеп көріңдер.
Судың иісі бар ма?

Таза судың иісі жоқ, бірақ оның ішіне басқа бір нәрсе қоссақ, ол сол нәрсенің иісін алады. Алдымыздағы су кофе мен лимон иісін алды.

Балаларға сумен сиқыр көрсету.

Салафанға су құйып салафанымызды қарындаштармен тесеміз. Салафандағы суымыз ақпады. Балалар таң қалады. Сумен сиқыр жасау сіздерге ұнады ма?


Су туралы өлең оқиды
Алидар.су деген –өмір көзі.

Тіршіліктің нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Каусар. Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

2-тәжірибе: «Мұз сиқыры»

Қолданылатын құралдыр: Әуе шарларына қатырылған мұз, түрлі түсті бояулар, әр балаға қылқалам.

Мақсаты: Мұзды түрлі түске бояу. Боялған мұз үстіне жылы су құю арқылы бояуын шаю. Мұзға тәжірибе жасау арқылы танымдық белсенділіктерін ояту.

3-тәжірибе: Су мөлдір. «Кемпірқосақтың жүруі»

Қолданылатын құралдар: түрлі түсті тәттілер,тәрелке.

Мақсаты: түрлі түсті тәттілерді тәрелкеге дөңгелек етіп орналастырып бетіне су құямыз. Түрлі түсті тәттілердің түстері қосылып кемпір қосақ түзеді.

Сергіту сәті.

Кел тартайық домбыра,

Телефонның орнына,

Қос ішекті, әйбәт

Былай-былай ойнат,

Домбыраның үнімен.

Бақшамызда ойнап.

4-тәжірибе. Дамытушы ойын: «Судағы балықтар».

Қолданылатын құралдар: Үлкен су құйылған ыдыс. Түрлі түсті фламастерлер. Қасықтар.

Мақсаты: Кішкентай балықтардың суреті салынған қасықтарды, суға малып қасықтағы балық суретін суға түсіру. Балаларға сумен түрлі қызықты сиқыр жасауға болатынын көрсетіп, қызығушылықтарын ояту. Су бетіне қалқып шыққан фломастермен салынған суреттерді балаларға аулатып сиқыр көрсету.

Жаңбыр дыбысы:

5-тәжірибе. «Жаңбыр жауды»

Қолданылатын құралдар: Үлкен шыны ыдыс, ақ көбік, сұйық көк бояу.

Мақсаты: Балаларға жасанды жаңбырдың жауғанын тамашалату. Шыны ыдысқа көбікті бұлт ретінде құямыз, бетіне көк бояуды жәймен құямыз.



6- тәжірибе. «Кермек су»

Қолданылатын құралдар: Су, жұмыртқа, тұз.

Мақсаты: Екі шыны ыдысқа су құю. Жұмыртқа суға батады. Ал бір ыдысымызға тұз салып араластырып жұмытқаны салып көреміз. Су кермектеніп жұмыртқаны жоғары көтереді.

Қорытынды:

Балалар, бүгін біз судың қасиеттерімен танысып алдық.
Сендердің естеріңде қызықты не қалды?
Бүгін сендер судың қандай қасиеттерін біліп алдыңдар?
-жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметіміз қызықты өтті деп айта аламын. Сендерге рахмет! Мен сендерді жақсы көремін, алдағы уақыттарда да тәжірибелер жасайтын боламыз. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды смаиликпен мадақтау.























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2025
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі