II –ші кіші «Көгершін»тобына арналған перспективтік жоспар.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қоршаған орта
|
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Өткізілген күні |
|
|
1-жарты жылдық |
||||
|
Апта тақырыбы: «Менің балабақшам» |
||||
|
1. |
Тақырыбы:Балабақша өз үйім Мақсаты:балабақшаның отбасына ұқсайтынын көрсету;балабақша қызметкерлерінің мамандықтары туралы білім беру (медбике,аспаз);ересектердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;балалардың бір–біріне дегене мейірімді қарым–қатынасын тәрбиелеу;балалардың жағымды көңіл күйлерін дамыту. |
1 |
05.09.17 |
|
|
Апта тақырыбы: «Үлкендердің еңбегі» |
||||
|
2. |
Тақырыбы: Мамандықтармен танысайық Мақсаты: Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту және оның түрлерімен таныстыру. Сөздік қорларын байытц. |
1 |
03.10.17 |
|
|
Апта тақырыбы: «Көлік» |
||||
|
3. |
Тақырыбы: Адам -тіршілік иесі Мақсаты:Сыртқы физиологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру(әр адамның қолы,аяғы, басы,құлағы және бетінде: көзі, мұрны, аузы бар).Көз,құлақ,ауыз,тіс,тіл,қол мен аяқтың не үшін қажеттілігін балаларға үйрету және адам-тіршілік иесі(демалады,қозғалады,тамақтанады,өседі) Өзінің эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге үйрету(қарным ашты-тойдым,шаршадым-демалдым,ауырдым-емделдім, ренжідім- қуандым,жыладым-күлдім т.б.) |
1 |
31.10.17 |
|
|
Апта тақырыбы: «Көлік» |
||||
|
4. |
Тақырыбы: Менің отаным- Қазақстан Мақсаты: Қазақстаның кең- байтақ , бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлеет астанасы туралы түсінік беру. Балалалардың қызығушылығын, ойау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу. |
1 |
28.11.17 |
|
|
Апта тақырыбы: «Қош келдің қыс» |
||||
|
5. |
Тақырыбы: Біздің қанатты достарымыз Мақсаты: Құстардың торғай және сауысқан және оларды бір – бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру. Құстарға ғана тән ерекшеліктерді түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу. |
1 |
05.12.17 |
|
|
Апта тақырыбы: «Сиқырлы қыс» |
||||
|
6. |
Тақырыбы: Қыс қызығы Мақсаты: Балалардың қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру, қыс қызығы туралы әңгімелеп айтуға баулу. Қыс айларыны кереметтерімен танысу. |
1 |
30.01.17 |
|
|
Апта тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі |
||||
|
7. |
Тақырыбы:Табиғат әсемдігі Мақсаты: Табиғат бізді қоршаған орта, оның табиғат байлықтары адамзаттың материалдық игілігі, әр бөлшегі адам өмірінің қорғаушысы және денсаулығының кепілі екенін түсіну жол ашу. |
1 |
06.02.18 |
|
|
Апта тақырыбы: «Нұр төккен, гүл көктем» |
||||
|
8. |
Тақырыбы:8- наурыз аналар мерекесі Мақсаты: Халықаралық мереке -8 Наурыз мерекесімен таныстыру. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау,қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру. Әдепті болуға тәрбиелеу. |
1 |
06.03.18 |
|
|
Апта тақырыбы: «Ас атасы нан» |
||||
|
9. |
Тақырыбы: Алтын дән Мақсаты: Тақырып мазмұнын меңгерту, күз туралы білімдерін тиянақтау, дәннің түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру. Нан туралы түсініктерін кеңейту, балалардың қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. |
1 |
03.04.18 |
|
|
|
Барлығы |
|
9 |
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Екінші кіші «Көгершін» тобы 05.09.17
Білім саласы: Әлеуметтік орта Жәкіш Г.А
Кіші бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Балабақша- өз үйім
Мақсаты: Балаларды өз бақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру. Балабақша ауласындағы гүлдер мен ағаштарға күтіп- баптауға баулу.
Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, еңбек іс- әрекеті.
Көрнекіліктер: бейнетаспадан балабақшаның сыртқы келбеті мен топтардың суретін көрсету.
|
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Балабақша есігін, Үшке тола ашқанбыз. Балапандай мәпелеп, Өсіреді біздерді. |
Балалар өлен мазмұнына сай қимыл- қозғалыс жасайды. |
|
Ізденістік Ұйымдастырушылық |
1.Әңгіме жүргізу. Сұрақ- жауап әдісі арқылы балабақша, балабақша қызметкерлері және бақшада не үйреніп, негедағдыландыратыны туралы әңгіме жүргізу. 2.Сергіту сәті. Аю отыр партада, Екі қолы қалтада. Апай сабақ сұраса, Ұйықтап қалыпты масқара. 3. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты: Балабақшаға баратын жолды табуға көмектесу. -Балабақшада асхана, музыка бөлмесі, бірнеше топтар, дәрігер бөлмесі және т.б. бар. Асханада балаларға тамақ дайындалады, ән- күй бөлмесінде көңілді ән айтып, би билейміз, ал дәрігер апай өзінің бөлмесінде балалардың денсаулығын тексереді. Балалар, сендерге балабақшада әдепті, ұқыпты, мейірімді тату болуға үйренесіндер, сол себепті балабақшаны «Тату достың мекені» деп атайды. Балабақшаларың әдемі болу үшін ауласын таза ұстап, гүлдер мен өсіп тұрған ағаштарды күтулерің қажет. |
Балалар тәрбиеші сұрақтарына шамаларына қарай жауап береді. Балалар бойларын сергітеді. Тек балабақшаға баратын жолды көрсету. Балалар тапсырманы тәрбиешімен бірге орындайды. Балалар қайталап айтады. -Асхана, дәрігер бөлмесі, ән- күй бөлмесі. Мынау біздің топ. Мұнда – біз ойнаймыз, сурет саламыз, ертегі тыңдаймыз. Тәрбиешімен бірге қайталап айту. |
|
Рефлексивті- реттеуші |
Серуенге шыққанда балабақша ауласын бақылайтындарын айту. |
Оқу іс- әрекетінде балабақша туралы білімдерін пысықтайды, яғни сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: балалар бақшаны өздерінің үйлеріндей жақсы көріп, ондағы қызметкерлермен келгенде амандасып, кетерде қоштасып, яғни әдептілік нормаларын сақтайды
Түсінеді: балабақшадағы өз тобының және басқа бөлмелердің аталауы мен атқаратын қызметі туралы
Қолданады: балабақшада бір- бірімен дос болу, қарым- қатынас жасау
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Күні: 31.10.17 ж
Білім саласы: «Әлеуметтік орта» «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: «Адам-тіршілік иесі»
Мақсаты:Сыртқы физиологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру(әр адамның қолы,аяғы, басы,құлағы және бетінде: көзі, мұрны, аузы бар).Көз,құлақ,ауыз,тіс,тіл,қол мен аяқтың не үшін қажеттілігін балаларға үйрету және адам-тіршілік иесі(демалады, қозғалады, тамақтанады, өседі) Өзінің эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге үйрету (қарным ащы-тойдым, шаршадым-демалдым, ауырдым-емделдім, ренжідім- қуандым,жыладым-күлдім т.б.)
Билингвалдық компонент:Көз-глаза, мұрын-нос
Сөздік жұмыс:дене мүшесі.
|
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Балалар біз бүгін ойыншықтар еліне саяхатқа шығамыз.Саяхатқа немен барамыз ? |
Балалар саяхатқа дайындалады машинамен. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Балалар міне ойыншықтар еліне де келдік,не көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар көңілді ме,әлде көңілсіз бе? Дұрыс айтасыңдар ойыншықтарымыз көңілсіз екен,олар сендермен ойнағылары келеді,қуыршақтарды,жұмсақ ойыншықтарды аламыз. Балалар кәне кім айтады бізде ойыншықтармен ұқсастық бар ма? Дұрыс айтасыңдар бірақ та олар біз сияқты сөйлей алмайды,сондықтан да біз оларға түсіндіреміз дене мүшелері бізге қандай қызмет жасайтынын. Балалар кім айтады дене мүшелері не үшін қажет? Дұрыс айтасыңдар біз дене мүшелерінсіз өмір сүре алмаймыз,олардың өзіндік қызметі бар. Сергіту сәті: Мен бір жас ақ қайыңмын, Сұңғағын көр бойымның. Лер етіп соқса самал жел. Ырғалуға дайынмын. Балалар, адамның әр дене мүшесі қандай қызмет атқарады? Адамдар өзінің эмоционалдық жағдайы туралы қалай баяндайды? Жарайсыңдар балалар. |
Біз көп,әр түрлі ойыншықтар көріп тұрмыз. Ойыншықтар көңілсіз. Балалар өздеріне ұнаған жұмсақ және қуыршақтарды алады. Иә ,бар олардың біз сияқты көзі,қолы,аяғы,мұрны,аузы бар. Көз көру үшін, құлақ есту үшін, қол ұстау үшін, тіл сөйлеу үшін және т.с.с. Балалар іс-қимылмен көрсетеді. Аяқ жүру үшін,қол жұмыс жасау үшін,көз көру үшін,құлақ есту үшін т.б Шаршадым, тондым, қарным ашты, ренжідім, жыладым |
|
Рефлексивтік- ізденушілік |
Біз өзіміздің дене мүшелеріміз жайлы білетін болдық және таза жүруіміз қажет. Дұрыс енді ойыншықтарымыздың көңілін көтеру үшін өлең оқып берейік. |
Балалар өз жауаптарын айтады. Балалар ойыншықтарға ранап өлең айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Адам денесінің мүшелерін;
Түсінеді: Адамның эмоционалдық жағдайы туралы;
Қолданады: Өз- өздерін таза ұстау.

Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Күні: 05.12.17
Білім саласы: «Әлеуметтік орта» «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Біздің қанатты достарымыз»
Мақсаты: Құстардың торғай және сауысқан және оларды бір – бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру.
Құстарға ғана тән ерекшеліктерді түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу.
Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Саусқан мен торғайдың суреті, үлестірмелі материал.
Сөздік жұмыс: Жемсауыт
Билингвальды компонент: Құстар- птицы, торғай- воробей, сауысқан- сорока.
|
Қызымет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт: Жұмбақтар жасыру. Балалар қазыр мен сендерге біздің қанатты достарымыз жайлы қызықты – қызықты жұмбақтар жасырамын. Соны бәрін бірге шешіп көріңдер. Жарайды ма? Итпен бірге таласар. Табаққа қонып қоймайды, Білсең қәне, айта ғой. Танисың ба........( торғайды) Жарайсыңдар, итпен бірге тамақты таласып, ұшып – қонып жүретін қанатты досымыз торғай екен. Өте жақсы. Енді келесі жұмбақты шешіп көріңдер. Үстіне ақ қамзолын киіп алып, Жүреді қанаттарын жиып алып (Сауысқан) Жарайсыңдар. Үстіне ақ тон киіп жүретін бұл қанатты досымыз сауысқан деп аталады екен. Өте жақсы, жарайсыңдар балалар. |
Қызығушылық танытады. Жетекшінің айтқанымен келіседі. Торғай Саусықан. |
|
Ұйымдастыру- шылық- ізденістік |
Балалар қараңдаршы, біздің топқа нелер ұшып келді? Торғай мен сауысқан аң ба, әлде құс па? Жарайсыңдар, өйткені олар ұшады. Құстар туралы әңгіме өткізу. Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді. Олардың ауыздарының орынында тұмсық, қолдарының орынында қанат, екң аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып, қалықтап жүреді. ( Суреттер көрсетіледі) Мынау- сауысқан. Оны ақ бүйірлі құс деп те атайды. Себебі оның екі бүйірі ақ түсті. Мынау не? Көгершіндер ішінде, Шауып жүр ғой бір нәрсе. Жақындап барып қарасақ, Торғай екен кішкене. Балалар айтындаршы, пішіні бойынша қайсысы құс үлкен? Торғай ма, әлде сауысқан ба? Бұл екі құстың түстері қандай? Бірақ екеуі де нелерге жатады? Құстар зиянды құрт- құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді құртады. Қыс мезгілінде құстарға жем тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оны ағаш бұтақтарына іліп қояды. Жемсауытқа нан қиқымдарын және тағы басқа жемдерді салып қояды. Билингвальды компонент: Құстар- птицы, торғай- воробей, сауысқан- сорока. Сергіту сәті: Күні бойы бұл құстар, Билеп жатыр тынбастан! Таңменен бәрін оятып, Дәмесі бар ырыстан! Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Д.о « Құсты тап!» ойыны. Шарты: ағаш бұтақтарына тек құстардың суреттерін жапсыру керек. |
Торғай мен сауысқан. Олар- құстар. Өйткені олардың қанаттары бар. Тәрбиешіні тыңдап, қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Сауысқан – қайталайды. Торғай. Өлеңді тыңдайды. Екеуінің пішіндері әр түрлі. Сауысқан үлкен, ал торғай кішкентай. Түстері әр түрлі. Сауысқан ақ – қара араласқан, ал торғай – қоңыр тұсті. Бірақ екеуі де құс. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдап отырады. Қайталайды. Өлең жолдары бойынша қимылдар жасайды. Тапсырманы орындайды. Ойынға кіріседі. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Ал енді еске түсірейік, бүгінгі сабағымыз қай тақырыпта болды? Жарайсыңдар, біздің қанатты досарымыз жайлы өттік. Олар туралы не білдіңдер? Сауысқан, торғай, қарға – бұлардың барлығын бір сөзбен қала атаймыз? Жарайсыңдар. Өте жақсы. |
Қанатты достарымыз туралы. Өткендерін қорыиындылайды. Бұлардың барлығын бір сөзбен – құстар деп атаймыз |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Құстардың пайдасы, оларды бір – бірінен ажырата алуды.
Түсінеді: Құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады: Құстарды басқа жан – жануарлардан ажырата білу дағдыларын.
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 30.01.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: Сиқырлы қыс
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балалардың қоршаған орта туралы түсінігін толықтыра отырып оны аялауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Қыс айларының кереметтерімен таныстыру, қыс туралы ойларын дамыту.
3.Оқыту: қыс қызығы туралы әңгімелеп айтуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Қыс қызығы» суреттер.
Билингвалдық компонент:қыс- зима, қар- снег
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Сырғанақ
Қар жамылды күллі
алап,
Жүрмедік біз құр
қарап.
Бір топ бала
бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ (Е.
Елубай)
2. Негізі бөлімі
1. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен
айырмашылығы неде?
2. Қыста адамдар қалай
киінеді?
3. Қыс мезгілі қызықты деп неге
айтамыз?
“Қыс
қызығы”
Сурет бойынша
әңгіме құрастырып
үйренейік.
Сергіту
сәті
Қыс қызығын
тойлаймыз,
Суықтан еш
тоңбаймыз
Шаңғыменен
сырғанап,
Қар атысып
ойнаймыз
Аққалада
жасаймыз,
Қарды ойып
қашаймыз
Беті, қолды
уқалап
Қуанышқа
батамыз
Ойын: Кім
жылдам?
Әркім өздері таңдаған суреттегі қысқы ойынға
қажетті затты тауып, бояу керек.
3. Қорытынды (2 мин)
Қыс мезгілін ұнатасыңдар
ма?
Қыс кезінде қандай ойын түрлерін ойнауға
болады екен?

Өткізу күні:06.02.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: Ғажайыптар әлемі
Тақырыбы:Табиғат әсемдігі
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:Табиғатқа қамқорлық жасауға, оған жанашырлық сезімін оятуға және табиғат қорғау, аялау әрбір адамзаттың борышы екеніне тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:Балалардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баули отырып, сөздік қорын дамытып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Оқыту: Табиғат бізді қоршаған орта, оның табиғат байлықтары адамзаттың материалдық игілігі, әр бөлшегі адам өмірінің қорғаушысы және денсаулығының кепілі екенін үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:тірі табиғаттың, өлі табиғаттын суреттері.
Билингвалдық
компонент:Күз – осенъ -
autumn ,
Қыс - зима -
winter ,
Көктем - весна -
spring
Жаз - лето -
snmmer .
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Жұмбақ.
Бір жерінде суық. Бір жерінде ыстық.
Бір жерінде түн. Бір жерінде
күн.
Керемет алып
неткен?
- Ия дұрыс айтасыңдар міне мынау жер шары,
пішіні қандай?
2. Негізі бөлімі
1.Әңгімелеу.Балалар жер шары дөңгелек. Осы жер бетінде
адамдар құстар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, таулар, гүлдер, төрт
түлік малдар бәрі мекен етеді. Балалар бір сөзбен айтқанда бәрін не
деп атаймыз? Айналаға қарайықшы көз салып бізді қоршап тұрған
табиғат.Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді. Тірі табиғат – олар
өседі. қоректенеді, тыныс алады тұқым шашады. Оларға адамдар, жан -
жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, балықтар жатады. Өлі
табиғат - қоректенбейді, өспейді тұқым, шашпайды. Оларға: су,
тас,
тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік
атауы оларсыз өмір сүре алмайды.
2. Қимыл қозғалыс
ойыны. «Жер, су,
тас,ауа»
Жер дегенде тұрамыз. Су - дегенде қолымыз
алдыда, Тас - дегенде қимыл көрсетіп қатып қаламыз. Ауа – дегенде
терең демаламыз.
3. Сөздік
жұмыс
Күз – осенъ -
autumn ,
Қыс - зима -
winter ,
Көктем - весна -
spring ,
Жаз - лето -
snmmer
Таным: Су туралы айту. Тәжірибе жасату,
қасиетімен таныстыру.
Су - вода –
water
4.Сергіту
сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп үлкен болып өседі.
3. Қорытынды (2 мин)
Бүгін не туралы
әңгімеледік?
Табиғат нешеге
бөлінеді?
Табиғатты қорғау аялау әр адамның парызы
міндеті. Кәне бізге берген сыйына рахмет айтайық. Күн сәуле
шашқаның үшін рахмет. Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет. Аспан, таза
ауаң үшін рахмет. Ағаш, көлеңке үшін рахмет. Табиғат бәрі үшін
рахмет!
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 03.04.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Пән: Қоршаған орта
Өтпелі тақырып: Ас атасы- нан
Тақырыбы: Алтын дән
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Нан туралы түсініктерін кеңейту, балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: тіл байлығын, ой - өрісін дамыту,
3.Оқыту: Тақырып мазмұнын меңгерту, дәннің түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Телевизор, суреттер, ағаш жапырағы мен жұлдызшалар салынған себет, дән түрлері, күріш, бидай сабақтары
Билингвалдық компонент: нан- хлеб
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
- Балалар, мен бүгін
көңілдімін, сендер ше?
- Біз де көңілдіміз.
- Көңілді болғандарың маған ұнайды, сол үшін бізді ғажайып сыйлық
күтіп тұрған сияқты. Мына себеттен не көріп тұрсыңдар?
- Жұлдызшалар көріп тұрмыз.
- Ия, қараңдаршы, ішінде қаншама әдемі жұлдызшалар бар! Бұл түрлі -
түсті жұлдызшалар бізге сүйіспеншілік белгісін білдіреді. Сонымен
сүйіспеншілік әртүрлі болады екен. Ол әр адамның жүрегінде
сақталады. Енді осы жұлдызшаларды алып, тілегімізді айтып, аспанға
қатты лақтырамыз.
Жұлдызды жерім қабылда
Ұшырып аспан көгіне
Жұлдызым менің қабылда
Нұр төгілсін еліме
Алақай!!!
ІІ. Негізі
бөлімі
1. Әңгімелесу.
- Балалар, мына ағашқа
қараңдаршы, қай мезгілдегі ағашқа ұқсайды?
- Ой, балалар, бұл жапырақтар жай жапырақ емес, сиқырлы жапырақтар
сияқты. Жапырақтың сендерге қояр сұрағы бар екен. Егер дұрыс жауап
берсеңдер, жапырақтарын сыйлайды.
1. Қай кезде қызыл, сары жапырақтар көп болады?
2. Жеміс, көкөніс, егіндер қай кезде жиналады?
(Осы кезде қапшық толы арбаны сүйретіп, тышқан кіреді. Балалар
шулап, тышқан қашып кетеді.)
- Қызық мына қапшықтарды не бар екен? Балалар, не істейміз?
- Ашып қарайық.
(Қапшықтар қозғалып, ортасынан бидай кейпіндегі қыз бала
шығады)
- Сәлем, достар!
- Сәлем сен кімсің?
- Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Бидай: - Балалар, сендер мені және менің достарымды тышқаннан
құтқарып қалдыңдар, рахмет!
- Қош келдің бидай, төрлет! Ал, балалар, енді қапшықтарды ашып
қарайық, не бар екен?
- Дәндер бар екен.
-Бұл дәндердің аттарын білесіңдер ме? Мен айтып түсіндірейін. Міне,
мынау күріш өзіміздің күнде жеп жүрген. Ал, мынау осы күріштің дән
болып пісіп тұрған сабағы. Мынау тары. Ал мынау бидай.
- Балалар, бидайдан не алынады?
- Ұн алынады.
- Дұрыс, бидайды диірменге тартып ұн жасайды. Ал, ұннан не
пісіреді?
- Нан пісіреді, тоқаш пісіреді.
- Өте жақсы, енді осы дәндердің бізге қалай жеткені туралы білуіміз
үшін, телевизорға назар аударайық.
(Сурет бойынша әңгімелеу)
- Көктемде диқандар жерді трактормен жыртып, жерге тұқым себеді.
Одан егін өніп шығады. Жаз бойы оны суарып, күтіп баптайды. Ал,
күзде егінді комбайнмен орып, машинаға тиейді. Жүргізушілер
машинамен астықты қабылдау орындарына жеткізеді. Ол жерде бидайдан
ұн дайындалады. Ұндарды наубайханаларға таратады. Наубайханаларда
ұннан неше түрлі нан пісіріледі. Ал, ертеңіне сол нандарды дүкен
сөрелерінде көреміз. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Соншама еңбек
сіңірілетін нанды барынша қадірлеуіміз керек.
- Балалар, ұннан наннан басқа да тағамдар, өнімдер жасалады. Енді
сол өнімдерді көрейік.
- Балалар, осы бидайға, нанға байланысты не
білесіңдер?
2. Тыйым
сөздер
Нанды бір қолыңмен үзбе!
Нан – тамақтың атасы.
3.Жұмақтар
Егістікте сары алтын,
Дастарханда наны алтын.(Бидай)
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас. (Таба нан)
4. Сергіту сәті
Жайқалады ақ бидай,
басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн,
жүргізуге дайын.
- Ой, жарайсыңдар балалар, нан туралы тақпақ, мақал - мәтел, тыйым
сөздерді жақсы айттыңдар. Жұмбақтарыңда қызықты болды. Ал, енді
«Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша ойын - жаттығу жүргізіп,
бойымызды сергітіп алайық.
Ө. Тұрманжанов. «Қайдан келдің бауырсақ?»
- Міне, балалар, осы кішкентай тамшыдай дәннің қасиеті үлкен екен.
Адамға нәр беретін, дастарханның берекесі нанның қасиетін, оның
қандай еңбекпен жасалатынын білдік. Сондықтан нанды шашпай, баспай
қастерлеу керек. Бидайды егіп, баптап, жинап, қамбаға құятын
егіншілердің еңбегі зор, олардың еңбегін құрметтеу
керек.
5. Дидактикалық ойын « Нан
пісірейік»
Нан пісірудің ретін еске түсірейік. Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады. Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
- Ал, бидай, біздің балаларға
риза шығарсың. Сен туралы қаншама жақсы сөздер айтты.
Бидай: - Әрине, ризамын. Сендер мен туралы өте көп біледі
екенсіңдер. Мен сендерге өзімнің дәнімді
сыйлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қоршаған ортамен таныстыру саласы бойынша ҰОӘ конспектілері

шағым қалдыра аласыз