жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қоршаған ортамен таныстыру "Суды жақсы көретіндер"
Мектепке даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:08.02.2021
Тәрбиеші: Суюбаева Л.Ж
«Таным» білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі:Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Өлкем қандай тамаша»
Мақсаты :
Тәрбиелік: Достыққа, ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Табиғат туралы түсініктерін, қоршаған орта және оны қорғау туралы білімдерін нығайту.
Оқытушылық: Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету. Өлі табиғат туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: АКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету: таяқшалар,
Билингвалдық компонент: Туған жер- родная земля-native land, достық- дружба-friendship.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар сендер өздеріңнің туған өлкелерің жайлы не білесіңдер?
Маған айтып беріңдерші.
Тосын сәт:
Дұрыс айтасыңдар, ендеше біз сендермен, өзіміздің туған өлкемізге саяхат жасаймыз.
2. Негізгі бөлім:
Ендеше орнымыздан тұрып, саяхатымызды бастаймыз.
Балалар, бірақ бұл саяхатымыз әр аялдамада біз үшін тапсырма дайындап қойған.
1-Тапсырма. «Таяқшалардан шаңырақ құру» кюизенера таяқшалары
Көптілділік.: Туған жер- родная земля-native land, достық- дружба-friendship.
2-Тапсырма. «Жұмсақ модульдер»
Сөздік жұмыс:
3- Тапсырма: Геометритялық пішіндерден туған өлкеміздің бейнесін жасау.
Туған жерім-алтын бесігім
Балалар екі топқа бөлініп, әркім өз ойынша туған өлкелерінің бейнесін жасады.
Балалар сергіту сәтін бірге айтып, қимылмен көрсетеді.
Сергіту сәті:
Қаламызды көркейтер,
Ойыншықтар бар сенде,
Ойыншықтар бар менде,
Ат пен доп бар Есенде,
Қуыршақ бар Әселде.
3.Қорытынды.
Балалар маған бүгінгі саяхатымыз жайлы айтып беріңдерші.
Мектепке даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:10.02.2021
Тәрбиеші: Суюбаева Л.Ж
«Таным» білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Суды жақсы көоетіңдер»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, суды таза сақтауға, лас қоқыс тастамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытущылық: Ойындар ойнатып, қызығушылығын арттыру. Жануарлардың аттарын, олардың тіршілігі туралы түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
Оқыту: Су туралы білімдерін кеңейту. Суда жүзетін көлік түрлерін еске тусіру. Құрлыққа және суда өмір сүретін жануарларды ажырата білуге үйрету. Олардың аттарын және немен қоректенетіні туралы түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: АКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету: видеофильм, игровизор, суреттер, слайд.
Билингвалдық компонент: балық- рыба, көлік- машина
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ:
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды
Су шашып
Тілегей
Мұхиттан шықпайды. (кит)
Суда өседі, өнеді
Сыртқа шықса өледі. (балық)
Видеофильм
1. Бейнебаянда не көрсетілген?
2. Балықтардың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Суда балықтардан басқа не жүреді?
4. Суда қандай көліктер жүреді?
Д/о: «Топтастыр»
Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлармен, жерде тіршілік ететін жануарларды топастыру.
Ойынның мақсаты: Судағы және жердегі жануарларды ажырата білуге үйрету. Суда және жерде өмір сүретін жануарлар жайлы білімдерін кеңейту.
2.Негізгі бөлім:
Слайд бойынша әңгіме.
Балаларды суда жүзетін көліктермен таныстыру.
Сергіту сәті
Бірге ойнаймыз
күлеміз
Бірге балық
аулаймыз
Міне біздер
қандаймыз
Бөлінбейді
іргеміз
Әрқашанда
біргеміз.
Игровизор: «Кім қанда көлік жүргізеді?»
3.Қорытынды
1.Бүгін біз қандай балықтармен таныстық?
2.Балықтар қайда тіршілік етеді?
3.Балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?
4.Суда жүзетін қандай көліктермен таныстық?
Мектепке даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:10.02.2021
Тәрбиеші: Суюбаева Л.Ж
«Шығармашылық» білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі:Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық :. Бояуды дұрыс қолдану іскерліктерін дамыту.
3.Оқыту: Балалардың серуен кезінде байқағандары бойынша қысқы қырау жамылған шыршаны, қарапайым табиғаттан алған әсерлерін бейнелей білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар :АҚТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта, суреттер.үлестірмелі материалдар
Көптілділік:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
2. Негізі
бөлімі:
Балалармен жаңа жыл мерекесін
еске түсіріп, әңгімелеу.
Слайд бойынша жұмыс.
Үлгі бойынша жұмыс , әңгімелеу.
Суретті салу жолын көрсету.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз,
Көкке қарап,талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Балалар жұмысты бастау.Мұқият,таза орындау керек екені ескертіледі.
3. Қорытынды:
Бүгін не салдық?
Бүгінгі істеген жұмыстарын ұнады ма?
Мектепке даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:12.02.2021
Тәрбиеші: Суюбаева Л.Ж
«Қатынас » білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі:Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Қыс көрінісі»
Мақсаты :
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Суретке деген қызығушылығын арттыру. Зейін дамыту.
Оқыту: Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету.Синонимдерді сөздік қорына еңгізу.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Қыс көрінісі сурет
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): қыс-зима
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
. Балалар қазір бізде қыс мезгілі.
Балалар бүгінгі оқу
іс-әрекетімізде «Қыс көрінісімен
танысамыз.
2.Негізгі
бөлім:
Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын, кім шешуін табады екен?
Аяз қыстап, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Ол қандай ай?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.
- Ал енді балалар суреттегі қыс көрінісіне қараймыз. (суреттерді
жапсырады)).
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Ақпан айы
- Ақпан айы қыстың соңғы айы. Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала
жасаймыз, қармен ойнаймыз
Адам, торғай, ағаш, күн, жануарлар
Бізді қоршаған орта
Іздену барлау
Тәрбиеші: - Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге
байланысты, балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық.
- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін
жасайық.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
(Осы кезде есік қағып «Қоян» келеді).
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерге өзіммен бірге жұмбақ ала
келдім, кім шешуін табады екен.
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым (Сәбіз)
Олай болса балалар осы сәбіз арқылы жауып тұрған қардың суретін
салып бересіңдер ме?
- Балалар алдымыздағы беттің түсі қандай? Қандай пішінге ұқсайды?
Қардың түсі қандай?
- Салған суреттерімізден қоянға көрме жасап
берейік. Қоянға ұнады ма
екен?
- Рахмет сендерге балалар тамаша сурет салдыңдар. Сендердің салған
суреттеріңді алып орманға қайтайын. Достарыма көрсетемін. Сау
болыңдар.
Сау бол қоян
(Балалар қызыға қарайды. Суретке қарап әңгіме айтады, қимылмен
көрсетеді)
3.Қорытынды:
- Балалар сендер қыс мезгіліне байланысты тақпақтар білесіңдер
ме?
- Енді балалар ойын ойнайық Д. о «Ойлан тап» (Қыс мезгіліне
байланысты суреттерді тақтаға жапсырады)
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
(Үш ай бар)
- Қандай айлар?
(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Ақпан қыстың қандай айы?
(Ақпан қыстың соңғы айы)
Мектепке даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:12.02.2021
Тәрбиеші: Суюбаева Л.Ж
«Денсаулық» білім саласы ұйымдастырылған оқу қызыметі:Қауіпсіз мінез-құлық
Өтпелі тақырып: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Мен ауладамын»
Мақсаты :
Мақсаты: «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсінік беру.
Міндеттері: 1.еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
2.еңбек ету дағдыларын дамыту.
3.еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Ұйымдасырушылық- ізденістік
2.Әңгімелесу
-Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?
-Сендер үйде,топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?
3.Әңгімелеу: М.Төрежанов «Ертеңге қалдыруға бола ма?»
-Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?
-сұраққа жауап береді.
-әңгімені тыңдайды.
Негізгі бөлім
-Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке - аналарыңды, аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?
4:Ойын:
«Мен еңбекқор баламын».
Шарты: балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағы алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып,допты басқа балаға лақтырады.
5.Дәйексөз:
«Еңбек ер атандарады».
6.Дәптермен жұмыс:
-Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
-Суреттерді бояу.
7.Сергіту сәті:
Мынау- менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау- басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Тіреу болған әрқашан
Барлық істі атқарған.
8.Ғажайып сөздер:
- Жақсы бала еңбекқор, тілалғыш,ұқыпты.
- Еңбек адамға қуаныш сыйлайды, жақсы еңбегі үшін ел бағалайды.
сұраққа жауап береді.
-ойын шартымен танысып,ойынды ойнайды.
-дәйексөздерді қайталайды
-қимыл-қозғалыспен жасайды.
-ойынды қызыға ойнайды.
-ғажайып сөздерді қайталайды
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген