400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған ортамен таныстыру.Тақырыбы:Мамандықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектепалды «Ә»даярлық сыныбының ұйымдастырылған технологиялық картасы

Күні:16.02.2017

Білім беру саласы: «Әлеумет »,«Коммуникация»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу,Сөйлемді дамыту.

Тақырыбы: Мамандықтар

Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу  қажеттілігін түсіндіру. Әңгіме құрастыруда өз ойын,өз армандарын нақты және  түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

Сөздік жұмысы: Тәрбиеші,дәрігер,аспазшы,ұста,етікші,мұғалім т.б

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері,таратпа суреттер


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивизациялық- қозғаушылық

Бүгінгі қоршаған ортамен танысу оқу іс әрекетімізді бастаймыз.

Келген қонақтармен амандасу.

Бүгін біз сендермен мамандықтар жайлы айтамыз.

Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

  • Балалар Шеңберге тұрып мені мұқият тыңдайды.

Келеген қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру -ізденушілік



1Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

2 -Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?

 -Үй салатын адамды-құрылысшыдейді екен , балалар.

 -Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалім деп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.

 Жақсы мамандық болу үшін жақсы оқу керек.

3Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

 1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!

 2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?

 3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.

 4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?

 5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.

 6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.

4Сергіту сәті

 -Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;

 Осы балалар биді билейтін адамдарды кім дейді?

 -Дұрыс ,биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.

 («Қара жорға» әнін қосып, балаларды билету)

- Рахмет,балалар,біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!

Игравизормен жұмыс:Балалар суретке қарап алайықшы.Қазыр мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жұмбақтың жауабын танып соны қоршап бересіндер.

Жұмбақ шешу

 1.Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы

 2.Кірпіштен сарай,үй салады,ол адам кім болады?

3. Қалықтайды, бірақ ұшпайды

4. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады

5. Білімнің жол басшысы, 
Шәкірттің қолбасшысы

5Саусақ гимнастикасы

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

6 Д\о «Не артық?» (Карточка)

Балаларға карточкаларды ұсыну ондағы заттардың ішіндегі артық затты атату.

Балалар Мамандықтарды Тек қана қалада немесе тек қана ауылда істелінетін қызмет түрлері болады. Сонымен бірге ауылда да қалада да істелінетін түрлері бар. Мысалы Малшы,диқаншы,фермерлік жұмыстар,мал дәрігері, малшы,шопан,жылқышы ,тракторшы, аңшы, ұста тек ауылда.Ал Инженер, тоқымашы,мәнерлеп сырғанаушы,т.б қалада.Мамандықтың көбі қала мен ауылда да бар. Кітапханашы, дүкенші,есепші, биші, әнші,жүргізуші,жөндеуші.

Ойын « Бұл мамандықпен қай жерде жұмыс істейді?»

Балаларға мамандықтардың суреттері беріледі. Олар Ауылда істелінетін мамандық болса ауылдың суретітақтаға магнитпен іледі.

9Балалар кім мамандықтар жайлы тақпақтар біледі.

Дәрігер:

Мен дәрігер боламын

Үлкеннің де баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын

Инженер:

Мен инженер боламын

Жерден алтын табамын

Жолын қуған әйгілі

Академик ағаның

10 Сұхбаттасу мамандықтың бір түрі.

Мен Журналист боламын.

Балалар сендермен қазыр мен сұғбат жүргіземін маған өскенде кім болатындарынды айтып беріндерші.

Балалар тыңдап отырады.


 Балалар тыңдап,мамандық иелерінің атаулары мен танысады.





 Балалар тыңдап қандай маман иесі екенін анықтайды:

 -Сатушы

 -Жүргізуші

 -Дәрігер

 -Шаштаразшы

 -Мұғалім

 -Аспаз-деп өз жауаптарын береді


Балалар биші деп жауап береді. Әннің ырғағына сай билеп бойларын сергітеді.






Балалардың жауабы.

(Аспаз)

(Құрылысшы)

(биші)

(шаштараз)

(Мұғалім)





Балалар саусақ гинастикасын орындайды.




Ойынға қатысады

Мұқият тыңдайды

Ойынға қатысады



Мұқият тыңдайды










Ойынға қатысады




Бірнеше балалар өздері білетін өлең -тақпақтарын айтады.


Рефлексивті-

түзетушілік

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1.Мамандық адамға керек пе? (иә)

2. Әр мамандықтың ерекшелігі бар ма? (иә)

3. Дәрігер балаларды оқытады? (жоқ, мұғалім оқытады?)

4. Мұгалім адамдарды емдейді? (жоқ, дәрігер емдейді)

5. Наубайшы нан пісіре ме? (иә)

6. Жүргізуші машина жүргізе ме? (иә)

7. Шаштараз шаш қимайды? (жоқ, қияды)

8.Егінші егін екпейді? (жоқ,егеді)

9. Кітапханашы кітап бере ме? (иә)

10.Аспаз тамақ даярламайды? (жоқ, даярлайды)

 - Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!

 Балаларды мақтау.Кім жақсы жұмыс істеген балаға смайликтер беру.

«Иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек :Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек

Нені игерді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді

Нені біледі: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі