жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоршаған ортамен танысу
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні :
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
Балалардың
ойлау, қабылдау, зейін
қабілеттерін дамыту. Грамматикалық
талғада
жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін
көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен
бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Наурыз мерекесіне арналған
суреттер,
интерактивті тақта,
киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел,
бесік.
Әдіс
– тәсілдер:
көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру,
әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: табиғи заттар
Билингвальды компонент: мереке -праздник
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Шаттық шеңбері. Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» тақырыппен оқу қызметін бастаймыз. |
Балалар допты қағып алып, тәрбиеші айтқан артық затты табуға тырысады. Ойын шартын мұқият тыңдап, ойынға белсене ат салысады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
— Балалар,
міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл
басы. Наурыз үлкен мейрам.
-Музыка
қосу)
Қазақ
халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі
– бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы
жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал
етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз.
«Жаңбырменен жер көгереді, батамен
ер көгереді», «Баталы құл арымас» —
деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі
ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен
бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге
айналдырған. |
Балалар арқан тартысады)
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Балалар бүгінгі оқу қызметінде біз не туралы айттық. Наурыз мерекесі қандай мереке болып саналады. Наурызда қандай іс шаралар жасалады.
Тәрбиеші балаларға Наурыз мерекесіне байланысты жақсы тілектер айта отыра қорытындылауды |
Наурыз мерекесі туралы айттық. Наурыз жыл басы болып саналады. Адамдар наурыз көже пісіреді. Той думан болады. Дастархан жайылады, бір-біріне жақсы тілектер айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Наурыз мейрамы туралы
Түсінеді: салт-дәстүрді құрметтеуді .
Меңгеру: Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттері
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні :
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік.
Мақсаты: Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік туралы түсіндіру. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қауіпті жағдайлар туралы слайдтар, суреттер, ойыншық немесе құрал - саймандар
Әдіс – тәсілдер: көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: қауіпсіздік
Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері – правила безопасности, жүгіруге болмайды – нельзя бегать, сөйлеуге болмайды – нельзя разговаривать.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрады. «Танысайық» ойыны. |
Тәрбиеші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды: - Мына баланың аты кім? Балалар хормен баланың атын айтады. Осылай кезекпен ойын жалағаса береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын танып алған. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым. - Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не? - Иә, балалар сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз. Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін? Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір кісі есікті қағып, ашуды өтінді. - Сендер не айтасыңдар? - Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс – әрекеттерің қандай болады?
Тәрбиеші үстел үстіне құрал – саймандарды: балға, балта, шеге,қайшы, сіріңке қояды.
«Жақсы – жаман» ойыны. Шарты: құрал – саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту. - Бұл заттардан зардап шекпес үшін не істеу керек? - Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер. Тәрбиеші апайларың күнде қайталайды, әрбір уақытта естеріңе салып отырады. Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін.
Сергіту сәті: Ойна, балам, болмай алаң, Ештеңеден қауіптенбей. Бала болғын жалындаған, Жайнай түссін, бейне гүлдей. Қауіпсіздік ережесін Барлық жерде, сақтай білгей! Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, балалармен қоштасады. |
Балалар Сақтанышпен сәлемдеседі. Сақтанышқа не болғанын сұрайды.
Қауіпсіздік деген – өзіңді қорғау және сақтау.
Балалар ойларын айтып, қауіпті жағдайларды айтады.
Ойларын айтады.
Құрал – саймандарды не үшін пайдаланылатынын айтады. Құралдармен танысып, пайдалы және зиянды жақтарын айтады.
Қауіпсіздік ережелерін Сақтанышқа йтып береді.
Өлең мазмұнына байланысты Сақтанышпен бірге қимылдар жасайды.
Балалар Сақтанышпен қоштасады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Тәрбиеші балалардан «Сақтықта – қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.
|
Балалар педагогтың көмегімен қай жерде болмасын сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне - өзі көмек беру дағдысын.
Түсінеді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін.
Қолданады: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні :
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы ардагерлері
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру.Сөздік жұмысы жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттері дамыту.Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Демонстрациялық материалдар
Әдіс – тәсілдер: көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: ардагерлер
Билингвальды компонент: ардагерлер-ветераны
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрады. Амандасу рәсімі. |
Амандасу рәсімін орындайды. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Аз емес зар жылаған, егілген жан, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс. Қирады талай арман көңілге алған Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік) 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс. Балалардың тақпақтары: Бақыт сыйлап жатады әр күн Санамызға жарық берген Әкелері аталардың Бұл Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап жұртты, Келе берсін бақыт таңы. Жеңіс күнің болсын құтты, Батырлардың ұрпақтары
Барша халық жеңіс күнін тойлайды, Жас сәбилер думандатып ойнайды. Ардагерлер көздеріне жас алып, Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін! Есен – аман болайық, Енді соғыс болмасын! Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл!
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел!
|
Балалар Сақтанышпен сәлемдеседі. Сақтанышқа не болғанын сұрайды.
Қауіпсіздік деген – өзіңді қорғау және сақтау.
Балалар ойларын айтып, қауіпті жағдайларды айтады.
Ойларын айтады.
Құрал – саймандарды не үшін пайдаланылатынын айтады. Құралдармен танысып, пайдалы және зиянды жақтарын айтады.
Қауіпсіздік ережелерін Сақтанышқа йтып береді.
Өлең мазмұнына байланысты Сақтанышпен бірге қимылдар жасайды.
Балалар Сақтанышпен қоштасады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Тәрбиеші балаларданоқу қызметінде не туралы айтылғаны жайлы сұрайды.
|
Балалар жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жеңіс күні туралы
Түсінеді: ардагерлердің ерліктері туралы.
Меңгереді: Отанды сүюді
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Еліміздің рәміздері
Мақсаты: балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі – өнеге сөздерді үйретіп, елді қорғауға баулу.
Көрнекіліктер: елтаңба, ту суреттері, гимн мәтіні, слайд
Әдіс
– тәсілдер:
көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сөздік
жұмыс:
елдігімнің белгісі, рәміздер.
Билингвальный
компонент:
Отан – Родина, ту – флаг, рәміз – символ,
елтаңба – герб.
президент.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші Қазақстан туралы әңгіме жүргізеді. -Отан дегеніміз не? Ия, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, сенің жерің және халқың. Біздің отанымыз-Қазақстан. |
Балалардың тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруі |
Ұйымдастыру-іздестіру |
-Балаларға Қазақстан картасын көрсету. -Мына картадан Қазақстанның мемлекеттік шекарасын көрсетіп беріңдерші. Өлең оқып беру. Алтай – Жайық арасы, Жарты әлемдей даласы, Ол – біздің Қазақстан. Кенге толған қойнауы, Төлге толы жайлауы, Ол – біздің қазақстан. Жастан сүйіп аңсаған, Тәтті күй мен кәусар ән, Ол – біздің Қазақстан. Анамыздай тілеуі ақ, Отан бізде біреу-ақ, Ол – біздің Қазақстан. Мына картадан қарағанда біздің Қазақстан – үлкен мемлекет. Онда көптеген қалалар, ормандар, далалар, таулар, өзен, көлдер, пайдалы қазбалар бар. Бұрын Қазақстан совет одағының құрамында болған.1991 жылы Қазақстан өз бетінше тәуелсіз, егеменді мемлекет болды. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу. -Біздің еліміздің туының түсі қандай? Біздің туымыздың көгілдір түсі ашық, бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік және байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті және біздің халқымыздың алға ұмтылысын және биік ойларының асуларын бейнелейді. Қазақстан мемлекеттік туын көркемдеу үшін қазақ халқының қолөнеріне сәйкестендіріліп, арнайы ою-өрнек жасалынған.ҚР мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Ал қанатты тұлпарлар біздің халқымыздың өмірі әрдайым жылқымен, арғымақ атпен байланысты болғанын әңгімелейді. Елтаңбада бес жұлдыз әр адамның өмірінде жарық жұлдызы бар және мұндай жұлдыз мемлекетте де болу керек дегенді білдіреді. «Елтаңбасы елімнің» тақпағы. Елтаңбасы елімнің Неткен айбат, әдемі. Тұнығындай көңілді – Ортада – аспан әлемі, Құт-береке – шаңырақ. Орын алған ол төрден, Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкерген, Тәуелсіздік жолында. Талай-талай тер тамған, Билігім өз қолымда – Еркіндігім – елтаңба. Сендер қалай ойлайсыңдар, мемлекеттік елтаңбаны қайдан көруге болады?
-Тәуелсіз Қазақстанның елбасы кім?
-Әнұран дегеніміз не? - Спортшыларымыз жеңіске жеткен кезде біздің отанымыздың туы көтеріліп,әнұраны орындалады. Әнұранды айтқан кезде міндетті түрде орнымыздан тұрамыз, ал ер адамдар бас киімдерін шешіп,оң қолын жүрек тұсына қояды.Ал қазір орнымыздан тұрып, әнұранымызды тыңдайық. Отан туралы мақал-мәтелдер: Отан – оттан да ыстық. Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Дәптермен жұмыс. |
Балалар Қазақстанның шекарасын картадан көрсетіп береді.
Өлең тыңдайды.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы айтады.
«Елтаңбасы елімнің» тақпағын тыңдайды.
ҚР маңызды құжаттары біздің мемлекеттік теңгемізде бейнеленген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әр мемлекетттің өзінің әнұраны болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Әнұранды дауыстап айтады.
Мақал-мәтелдерді жаттап алады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сонымен, балалар біздің мемлекетіміз қандай кең ауқымды, үлкен екенін білдіңдер. Сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма? Сау болыңдар! |
Иә Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтуды.
Нені игереді: рәміздерді мәнерлеп суреттей алуды.
Нені біледі: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндеті екенін біледі.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні :
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:Заттар әлемі
Мақсаты: Заттар әлемі туралы түсінік беру. Заттардың адамөміріндегі маңызы туралы көзқарастарын кеңейту. Балаларды айналадағы қоршаған ортаға танымдық қызығушылықпен қарауға баулу.
Көрнекілігі: демонстрациялық материалдар, сағат, айна, сөмке, машиа, ыдыс-аяқ, түйме, киім, ойыншықтар.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: табиғи заттар
Билингвальды компонент: зат – предмет, табиғи заттар – природные материалы.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, «Төртіншісі артық» ойынын ойнату. Ойын шарты: тәрбиеші төрт заттың атын атап тұрып, допты балалардыңбіреуіне лақтырады. Бала айтылған тқрт заттың біреуі артық екенін айтуы тиіс. Мысалы: 1. Үстел, орындық, төсек, шәйнек. 2. Шырша, қайың, емен, құлпынай. |
Балалар допты қағып алып, тәрбиеші айтқан артық затты табуға тырысады. Ойын шартын мұқият тыңдап, ойынға белсене ат салысады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:1. Әншейінде біреусің Қарай қалсаң, екеусің.
2. Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құяма? Қасықсыз тамақ жемейді, Олардың атын не дейді?
Әртүрлі заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді. - Қай зат не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар бұл заттарды кімдер жасайды? - Ал бұл заттарды жасау үшін материалдарды қайдан алады? Әрине табиғаттан алады. Мысалы, ағаш. Ағаш табиғатта өседі. Ағаштан нелер жасалынады? - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бізді қоршаған ортаның барлығы – заттар. Олар табиғи заттар немесе адам қолымен жасалған заттар болып бөлінеді. Табиғи заттар және қолдан жасалынған заттар туралы мағлұмат беріледі. Сергіту сәті: Мынау – киім. Мақта жерде өседі. Оны жинап, фабрикаға жөнелтеді. Ол жерде мақта тазартылады, жуылады, содан соң жіп иіріледі, жіптен мақта тоқылады, матадан киімдер тігіледі.
«Топтастыру» ойыны.Ойынның шарты: тәрбиеші бірнеше заттардың атын атайды. Балалар оны бір сөзбен топтап, жалпы атауын айтады. |
Айна
Ыдыс – аяқ.
Балалар суреттердегі заттарды атайды. Олардың адам өміріндеі қажеттіліктері туралы өз ойларын айтады. - Оларды ересек адамдар жасайды.
- Табиғаттан алады. Балалар ағаштан жасалынатын заттарды атайды. - Заттарды иіскеп көреді, ұстап көреді, сипайды, ақырын ұрып көреді.
Мұқият тыңдайды.
Балалар мәтін мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстар жасайды.
Балалар тапсырманы орындайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Тәрбиеші балалрдың бүгінгі оқу іс – әрекетінен алған әсерлерін, қандай тақырыпқа әңгімелескендерін сұрайды. Заттарды күтіп ұстау туралы айтылған ережелерді балалардың өздеріне ұсынылады.
|
Балалр заттардың адам өміріндегі маңызын қайталап, естеріне түсіріп, ережелерді ұсынады. – Заттарды күтіп ұстау. - Шаңын сүту, жуу. - Пайдаланып болған соң орнына қой. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: берілген тапсырманы орындау арқылы, заттардың қасиетін анықтайды, қорытынды жасайды.
Түсінеді: заттарды күтіп ұстауды, ұқыптылықты, қоршаған ортадағы заттардың барлығы адамның тұрмысы мен тіршілігі үшін қажеттілігін.
Меңгеру: заттардың екіге бөлінетіні туралы түсініктерді.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні :
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік.
Мақсаты: Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік туралы түсіндіру. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қауіпті жағдайлар туралы слайдтар, суреттер, ойыншық немесе құрал - саймандар
Әдіс – тәсілдер: көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: қауіпсіздік
Билингвальды компонент:қауіпсіздік ережелері – правила безопасности, жүгіруге болмайды – нельзя бегать, сөйлеуге болмайды – нельзя разговаривать.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрады. «Танысайық» ойыны. |
Тәрбиеші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды: - Мына баланың аты кім? Балалар хормен баланың атын айтады. Осылай кезекпен ойын жалағаса береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын танып алған. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым. - Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не? - Иә, балалар сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз. Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін? Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір кісі есікті қағып, ашуды өтінді. - Сендер не айтасыңдар? - Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс – әрекеттерің қандай болады? Тәрбиеші үстел үстіне құрал – саймандарды: балға, балта, шеге,қайшы, сіріңке қояды. «Жақсы – жаман» ойыны. Шарты: құрал – саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту. - Бұл заттардан зардап шекпес үшін не істеу керек? - Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер. Тәрбиеші апайларың күнде қайталайды, әрбір уақытта естеріңе салып отырады. Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін. Сергіту сәті: Ойна, балам, болмай алаң, Ештеңеден қауіптенбей. Бала болғын жалындаған, Жайнай түссін, бейне гүлдей. Қауіпсіздік ережесін Барлық жерде, сақтай білгей! Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, балалармен қоштасады. |
Балалар Сақтанышпен сәлемдеседі. Сақтанышқа не болғанын сұрайды.
Қауіпсіздік деген – өзіңді қорғау және сақтау.
Балалар ойларын айтып, қауіпті жағдайларды айтады.
Ойларын айтады.
Құрал – саймандарды не үшін пайдаланылатынын айтады. Құралдармен танысып, пайдалы және зиянды жақтарын айтады Қауіпсіздік ережелерін Сақтанышқа йтып береді
Өлең мазмұнына байланысты Сақтанышпен бірге қимылдар жасайды. Балалар Сақтанышпен қоштасады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Тәрбиеші балалардан «Сақтықта – қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.
|
Балалар педагогтың көмегімен қай жерде болмасын сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне - өзі көмек беру дағдысын.
Түсінеді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін.
Қолданады: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:Еліміздің рәміздері
Мақсаты: балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі – өнеге сөздерді үйретіп, елді қорғауға баулу.
Көрнекіліктер: елтаңба, ту суреттері, гимн мәтіні, слайд
Әдіс
– тәсілдер:
көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сөздік
жұмыс:елдігімнің
белгісі, рәміздер.
Билингвальный
компонент:Отан
– Родина, ту – флаг, рәміз – символ,
елтаңба – герб.
президент.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші Қазақстан туралы әңгіме жүргізеді. -Отан дегеніміз не? Ия, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, сенің жерің және халқың. Біздің отанымыз-Қазақстан. |
Балалардың тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруі |
Ұйымдастыру-іздестіру |
-Балаларға Қазақстан картасын көрсету. -Мына картадан Қазақстанның мемлекеттік шекарасын көрсетіп беріңдерші. Өлең оқып беру. Алтай – Жайық арасы, Жарты әлемдей даласы, Ол – біздің Қазақстан. Кенге толған қойнауы, Төлге толы жайлауы, Ол – біздің қазақстан. Жастан сүйіп аңсаған, Тәтті күй мен кәусар ән, Ол – біздің Қазақстан. Анамыздай тілеуі ақ, Отан бізде біреу-ақ, Ол – біздің Қазақстан. Мына картадан қарағанда біздің Қазақстан – үлкен мемлекет. Онда көптеген қалалар, ормандар, далалар, таулар, өзен, көлдер, пайдалы қазбалар бар. Бұрын Қазақстан совет одағының құрамында болған.1991 жылы Қазақстан өз бетінше тәуелсіз, егеменді мемлекет болды. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу. -Біздің еліміздің туының түсі қандай? Біздің туымыздың көгілдір түсі ашық, бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік және байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті және біздің халқымыздың алға ұмтылысын және биік ойларының асуларын бейнелейді. Қазақстан мемлекеттік туын көркемдеу үшін қазақ халқының қолөнеріне сәйкестендіріліп, арнайы ою-өрнек жасалынған.ҚР мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Ал қанатты тұлпарлар біздің халқымыздың өмірі әрдайым жылқымен, арғымақ атпен байланысты болғанын әңгімелейді. Елтаңбада бес жұлдыз әр адамның өмірінде жарық жұлдызы бар және мұндай жұлдыз мемлекетте де болу керек дегенді білдіреді. «Елтаңбасы елімнің» тақпағы. Елтаңбасы елімнің Неткен айбат, әдемі. Тұнығындай көңілді – Ортада – аспан әлемі, Құт-береке – шаңырақ. Орын алған ол төрден, Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкерген, Тәуелсіздік жолында. Талай-талай тер тамған, Билігім өз қолымда – Еркіндігім – елтаңба. Сендер қалай ойлайсыңдар, мемлекеттік елтаңбаны қайдан көруге болады?
-Тәуелсіз Қазақстанның елбасы кім?
-Әнұран дегеніміз не? - Спортшыларымыз жеңіске жеткен кезде біздің отанымыздың туы көтеріліп,әнұраны орындалады. Әнұранды айтқан кезде міндетті түрде орнымыздан тұрамыз, ал ер адамдар бас киімдерін шешіп,оң қолын жүрек тұсына қояды.Ал қазір орнымыздан тұрып, әнұранымызды тыңдайық. Отан туралы мақал-мәтелдер: Отан – оттан да ыстық. Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Дәптермен жұмыс. |
Балалар Қазақстанның шекарасын картадан көрсетіп береді.
Өлең тыңдайды.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы айтады.
«Елтаңбасы елімнің» тақпағын тыңдайды.
ҚР маңызды құжаттары біздің мемлекеттік теңгемізде бейнеленген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әр мемлекетттің өзінің әнұраны болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Әнұранды дауыстап айтады.
Мақал-мәтелдерді жаттап алады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сонымен, балалар біздің мемлекетіміз қандай кең ауқымды, үлкен екенін білдіңдер. Сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма? Сау болыңдар! |
Иә Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтуды.
Нені игереді: рәміздерді мәнерлеп суреттей алуды.
Нені біледі:Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндеті екенін біледі.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
(сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты:1.
Балаларды жолда жүру ережесімен
таныстыру.
2.
Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге
жол ережесінің
белгілерімен
таныстыру.
3.
Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол
ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам,
жол белгілері салынған суреттер, жолақ
сызықты жол, буклет.
Билингвальды
компонент:
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
|
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Жұмбақтарды
шешу: |
Балалар жұмбақтарды шешеді
Балалар тәрбиеші сұрақтарына мұқият жауап береді
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Өлең
шумақтары:
|
Өлеңді жаттап алады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жол ережесін
Игеру: Бағдаршамнан дұрыс өту
Меңгеру: Жолда ойнамай дұрыс жүруді
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Байланыс құралдары.
Мақсаты:
Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.
Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.
Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Балаларды шеңбер бойында тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады: Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым. |
Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді. |
Ізденістер. ұйымдастыру |
2. Сергіту сәтін өткізу. Біздер тату баламыз Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасайық, Жақсы сергіп қаламыз. 3. Әліппе-дәптермен жұмыс. Суреттегі байланыс құралдарын ататып, олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету. Мысалы: Факс – фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралы. Сәлемдеме – пошта арқылы жіберілген сәлем-сауқат.
|
Балаларға тақырыпқа қызушылықпен жауап береді.
Компьютер, телефон сияқты байлыныс құралдары туралы білетіндерін айтады.
Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.
Сурет бойынша байланыс құралдарының атқаратын қызметін әңгімелейді.
Балалар бір-бірімен ойыншық телефон арқылы сөйлеседі.
Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды. |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
|
Балалар байланыс құралдары мен оның қажеттілігін айтады. |
Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен танысу.
Білуі тиіс: әрбір байланыс құралдарының қызметін білу.
Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау, оларға құрметпен қарау.
Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды.
Мақсаты: 1. Адамдардың әртүрлі мамандықтар туралы балалардың білімдерін жетілдіру.
Балалардың мұңайшы, шахтер құрылысшы мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру.
Жанар-жағар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтау үйрету.
Сөздік жұмыс: мұнай, таскөмір, әк.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Аспан түрді түндігін Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы! |
Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды. |
Ізденістер. ұйымдастыру |
Педагогтің түсіндіруі: -Мұнайдан алынатын жанармай, Жағармайлармен машиналар жүреді. Мұнайдан парафин алынады. Парафинді электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз. Шамшырақты дұрыс пайдаланбасақ, одан өрт шығу қаупі туып, айнала қоршаған ортаға көп шығын келтіруі мүмкін. Сол себепті сақтық ережелерін сақтау қажет. Таскөмір тұрмыста жылу үшін, әкті құрылыста үйлерді ағарту үшін пайдаланады. Тас қалаушы – бұл құрылыс маманы. Үй құрылысында әртүрлі мамандық иелері бар. Олар: ағаш шебері, сылақшы, тас қалаушы, краншы, дәнекерлеуші, шатырлаушы. Сәулетші үйдің жобасын жасағаннан кейін құрылыс орны таңдалып алынады. Экскаватр өзінің үлкен қалағымен жерді қазады. Құрылысшылар үй салады. Сол сияқты басқа да мамандық түрлері бар Олар: дәріегр, архитектор, инженер, шахтер, т.б.
Сергіту сәтін өткізу.
Көтереміз қолымызды, Созыламыз жоғары. Бір, екі, үш, Денеңді солға бұр. Қолыңмен көмектесіп, Беліңдер шынықтар.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
|
Балалар жанар және жағар май туралы түсінгендерін айтады.
Сурет бойынша әңгімелеп береді.
Жалпы дамыту жаттығуларының 1-2 түрін орындайды.
Суретпен белсенді жұмыс істейді.
Балалардың үлгі жауабы: - Мен болашақта архитектор боламын. Архитектор сәулетті ғимараттарды жасайды. Өзім тұрған ауылыма (қалама) салынатын әдемі, биік үйлердің жобасын сызамын. |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
Сұрақтар:
|
Балалар ата – аналардың мамандықтары жөнінде әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже: мамандықтар туралы түсінігін нығайту.
Білуі тиіс: пайдалы қазбалардың алыну жолдарын білуі.
Түсінігі: жанар майлар бар жерлерде сақтық ережелерін сақтау.
Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеп беру.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?
Мақсаты:
Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық, жылу қажеттілігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Әрқашан аман болайық, Елімізде тыныштық болсын. Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын. |
Балалар жақсы тілекпен амандасады. |
Ізденістер. ұйымдастыру |
Нан – тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы.
|
Балалар педагогті мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап беруге тырысады.
Өлеңге қосылып, сергіту жаттығуын жасайды. |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
Сабақта алған білімдерін төмендегі сұрақтардың көмегімен пысықтау:
|
Нан туралы өлең, мақал-мәтел айтады. |
Күтілетін нәтиже: диқан еңбегін бақылау.
Білуі тиіс: нанның дастарқанға келуі жолын білу.
Түсінігі: диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу.
Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құра білу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Көпұлтты Қазақстан
Мақсаты:
Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толтыру
Көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұлт, достық, тіле, т.б.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
|
Балалар дөңгелене тұрып, көздерін бір минуттай жұмып тұрады. Сонан соң көздерін ашып, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жылы лебіздер білдіреді. |
Ізденістер. ұйымдастыру |
Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова, Нұркен Әбдіров сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Жылда 9 мамыр «Жеңіс күні» деп талып өтеді. Қазақстанның қарулы күштері өте мықты. Оның құрамына ішкі әскерлер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және басқа да әскерлері кіреді. Сергіту сәтін өткізу. Ақ көгершін, көгершін Қолқанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін Кең дүниенің көлемін. Әліппе-дәптермен жұмыс.
|
Суреттегі батырларды – Б. Момышұлын, Т. Тоқтаров, Ә. Молдағұлова және М. Мәметованы атайды.
Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуын жасайды.
Өлеңді жаттап алады.
|
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
Ұлы Отан соғысының батырларын ата. Қандай көшелерді білесіңдер? |
Балалар белсенділікпен жауап береді. |
Күтілетін нәтиже: Ұлы Отан соғысының батырларының аттарын есте
сақтау.
Білуі тиіс: Отанды сүйіп, оны құрметтеуге тиіс.
Түсінігі: өздері болашақ Егеменді Қазақстанның азаматы болатынын түсіну.
Көрсете білуі: еліміз туралы ойын жеткізе білу, өлеңді жатқа айту.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қазақстан байлықтары
Мақсаты:
Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.
Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
Табиғатты аялауға баулу.
Сөздік жұмыс: қорық, қаскер.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.
|
Балалар қуанып, күлімдеп амандасады. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы сезімдерін білдіреді. |
Ізденістер. ұйымдастыру |
Педагогтің түсіндіруі:
«Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Қаскер-жануарларды рұқсатсыз қырып-жоятын адам. Сергіту жаттығуын өткізу. Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату. |
Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінуге талпынады.
Өлең жолдарын айтып, дене жаттығуын жасайды. |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою. |
Балалар құстарға, аңдарға қамқор болуға келіседі. |
Күтілетін нәтиже: қорықтар және ондағы мекендейтін жануарлар, құстар туралы ұғымдарының қалыптасуы.
Білуі тиіс: жойылып бара жатқан аңдарды, өсімдіктерді, құстарды білу.
Түсінігі: қорықтардың қаншалықты пайдасы барын, мағынасын түсіну.
Көрсете білуі: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету, қамқор болу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:Заттардың адам өміріндегі маңызы, не неден жасалады?
Мақсаты: Күзде жерге түскен табиғи материалдарды жинап алып,кептіруге, онымен жұмыс істеу шеберліктерін дамыту. Ағаштардың дәндерінен түрлі заттарды жасауға болатынын айтып түсіндіру үйрету.
Керекті құралдар: Ағаштар суреті, дәндері.
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері
|
Балалардың іс-әрекеті |
|
Күздің ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізу. Күзде ағаштар жапырақтары сарғайып түсі,седіреп бұтақшалары қалады. Ағаштар суреттерін көрсетіп,бұл дәндері.Осы ағаш дәндерін келесі саяхатта теріп жинауымыз керек.Табиғи материалдардан жасалған құс,жануарлардың суретін көрсету,әңгімелеу. Экологиялық дәптермен жұмыс а)Суреттегі бұйымдарға қара,олар қандайтабиғи заттардан жасалған? ә)Қай жәндік ұнайды, соны тәрбиеші көмегімен ұжымдық жұмыпен көрсет. |
Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.
Балалар тәрбиешімен бірге жұмыс жасап отырады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс Күзде жерге түскен табиғи материалдарды жинап алып, кептіруге, онымен жұмыс істеуді
Үйрету керек табиғи материалдарды жинауды, әрі оларды сақтай білу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын ,сөзді бйланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздер,суреттер,отан туралы мақал-мәтелдер.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.
|
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы сезімдерін білдіреді. |
Ізденістер. ұйымдастыру |
-Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады. -Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар? -Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. -Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр. -мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар. -Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ? -Астана қаласы -Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз, Астанамыз Астана –бас қаламыз. -балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі? |
Балалар еліміз жөнінде мағлұматтар алады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінуге талпынады.
Әділет: Көк туымыз бетінде, Қыран бүркіт қанатты. Сол қырандай еркіндеп, Біз өсеміз талапты |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
Cонымен, , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар. |
Балалр өз тілкектерін айтады |
Күтілетін нәтиже:.
Білуі тиіс:Қазақстан мемлекеті туралы.
Түсінігі: Қай мемлекетте тұратынын
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Әскери мамандықтар
Мақсаты: Балаларды әскери мамандық түрлерімен таныстыру, әскери мамандық туралы жалпы білім беру.Киімге, қару жараққа ,әскери техникаға қарап, әскери қызметтерді ажырата білу дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктері: демонстарциялық материалдар,қарындаш,жұмыс дәптері
Билингвальды компонент:әскери военный, ұшқыш летчик, теңізші моряк
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру. «Ел қорғауға әзірміз »әнін орындау. |
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтыпкәнді орындайды |
Ізденістер. ұйымдастыру |
Тәрбиеші Ш.Мәмбетовтың «Бейбіт өмір солдаты» өлеңін оқиды.
Билингвальды компонент:әскери военный, ұшқыш летчик, теңізші моряк Балалар бүгінгі біздің әңгімеміз әскери мамандық туралы болмақ. Ұлы Отан соғысы кезінде біздің көптегенәскери сарбаздарымыз ерлікпен шайқасып,неміс фашистерінен елімізді қорғап қалды. Танкист, ұшқыш,теңізшілердің суреттерін көрсетіп, олардың немен айналысатындарын түсіндіру.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.,
Сергіту сәті: Бір,екі,үш, Бойға жинап күш, Отан қорғау жолында Сен де алға түс. «Жерде,суда,ауада» ойынын ойнату Дәптермен жұмыс
|
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды Бейбіт өмір туралы Ұшқыш,танкист
Суретке қарап әңгіме леу |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
Сұрақ жауап арқылы оқу іс әрекетінде алған білімдерін пысықтау. |
Балалар бір бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:.
Білуі тиіс: болашақта сарбаз, отан қорғауға ұмтылады
Түсінігі: әскери мамандардың отан қорғау қызметін бағалай білуді
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Мақсаты: Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.
-Отан – біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Т. Молдағалиев «Қазақстан картасы» өлеңін мазмұнын талдау. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Көзіміз ашамыз. Туған қала туралы ойынымызды әңгімелейміз. Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап». Ойының шарты: Ойын үшін Қазақстан картасы пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана – Бәйтерек, Алматы – Қазақстан қонақүйі, т.б. |
Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер. Отан – ана, Отан – үлкен, Қазақстан – туған ел!
Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі. |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
ҚР – біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан - өте үлкен, бай республика . «Жері байдың – елі бай» |
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Туған жерлері туралы білу
Түсінігі:Туған жерге дген сүйіспеншілікті арттыру
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:Арнайы жүк және жолаушылар көлігі Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол. Биллигвальды компонент машина-көлік
Іс – әрекет бөлімдері |
Педогогтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Педагог балаларға көліктердің түрі көп екенін айтады. Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз? М. Әлімбековтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қанатымызды жаямыз. Ұшақ болып ұшамыз, Суда жүйткіп жүземіз, Кемелерді түземіз. Жол тәртібін сақтап, Троллейбусқа мінеміз. (Қимылмен көрсетеді) Дидактикалық ойын: «Жолдан өтесің бе?» Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншіліер.Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек. Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет (Тік ұшақ) Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар (Трамвай) |
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.
Бағанға ілінген Аспалы сым жолы бар, Көшелерде жүгірген Троллейбус жолығар. Сым долымен зулайды, Басқа жаққа бұрмайды. |
Қорытын - дылау. Өзін – өзі бағалау |
|
|
Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс: көлік аттары мен қызметтерін Түсінігі: көліктердің пайдалы іс-әрекетін бағалау, оларға құрметпен қарау. Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ауылда.
Оқу-іс әрекетінің мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер.
Білім беру тәсілдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
|
Бүгін ауа райы қандай?
Балалардың жауаптары. Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады. - Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған дауысы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық. Дәптермен жұмыс: Н.Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.
Сергіту сәті: Атамның қалып күрегін, Ауланың қарын күредім. Әжеме құдықтан су әкеліп беремін. Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.(Қимылмен көрсетеді) Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап». Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.
Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?
|
Балалар сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен танысу.
Білуі тиіс: ауыл мен қаладамдарының тіршілік айырмашылығын
Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген