Сабақ
жоспары
Сыныбы:
1«А»
сынып
Сабақтың
тақырыбы:
Үй
жануарлары
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Үй
жануарларының тіршілігі туралы баяндап,
балалардың үй жануарлары туралы
білімдерін толықтыру
Тәрбиелік: Үй
жануарларына қамқор болуға, оларды күте
білуге және қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Үй
жануарларының әрқайсысының өзіне тән
қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу
арқылы кез келген тақырып бойынша
ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Коррекциялық:
Сабақтың
типі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
түрі: Түзету
сабақ
Сабақтың
әдісі: Әңгімелеу,
түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті
тақта, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық
байланыс: Көркем
әдебиет
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
1) Оқушылардың
оку-құралдарын түгендеу.
2)
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-Балалар,
мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне
арналған тыңдайықшы:
Күзім-ау,
күзім-ау
Мінезің
қызық-ау
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау
Балаларға
ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған
жаттығулар жасату.
ІІ.
Жаңа сабақты меңгерту.
-Балалар,
мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?
-Ия,
дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен
құстар, яғни бұларды үй жануарлары және
үй құстары деп атайды. Олай болса, біз
бүгінгі сабағымызда
«Үй
жануарларымен» танысамыз.
-Үй
жануарларына қандай жануарлар жатады?
Білесіңдер ме
-Дұрыс
айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер
деп те атайды?
-Олай
болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың
қай үй жануарының даусына ұқсайтынын
табайықшы.
Барлығымыз
тыңдайық.
-Қай
жануардың дауысы?
-Сиыр.
Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?
-Сиыр
төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі
бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ
, етінен тағам түрлері, терісінен түрлі
бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады.
Төлін-бұзау деп атайды.
-Мына
дауыс қай жануардікі?
-Жылқы.
Жылқының баласын қалай атайды?
-Жылқы
салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру
мақсатында өсірілетін төрт түліктің
бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен
баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды
талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ
дейді. Жылқының етінен қазы-қарта
жасайды.
-Қай
жануардың дауысы деп ойлайсың?
-Қой.
Қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қозы.
Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні
терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында.
Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы.
500-600 қойды отар деп атайды.
-Мына
дауыс қай жануардікі?
-Ешкі.
Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің
төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен
түрлі киімдер тігеді.
-Мынау
қай жануардың дауысы?
-Түйе.
Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су
ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның
емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте
ерекші. Төлі – бота.
-Мынау
ненің дауысы?
-Дұрыс
айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік
ететін жануарға жатқызуға болады.
Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге,
қорғауға иттің көп көмегі бар.
-Енді
бұларды қалай күтіп-баптаймыз?
-Дұрыс,
таза су береміз, жем, шөпті уақытылы
беріп тұру керек. Қорасы
таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға
қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру
керек.
Сергіту
сәті
дәптермен
жұмыс
-Суреттерді
сәкестендіру
-Жылқы,
бұзау, тауық, үйрек, қой.
-Ия,
қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе
-Сиыр
баласы бұзау деп аталады. Жылқы баласы
құлын. Қой баласы қозы. Ешкі баласы лақ.
Оларға біз жем шөп береміз су береміз
-Балалар
өз беттерімен жұмыс жасайды.
Кері
байланыстылық- түзетушілік
Сабақты
қорытындылау:
«Үй
жануарлары» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: балаларды
үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға,
олардың қимылын көрсетіп, қалай
дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Шарты: Балаларға
үй жануарларының суреттері таратылып
беріледі. Әр бала сурет
бойынша үй жануары туралы білетінін
немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын
салып
өз
ойларын айтып шығады.
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі: Үй
жануарлары туралы жалпы түсінік алады.
Олардың қасиеттері мен дыбыстарын
ажыратады
Қандай
түсініктерді игерді: Қай
жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін
түсінді
Меңгерген
дағдылары мен іскерліктері: Үй
жануарлары туралы ойларын дамыту