жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоршаған ортамен танысу
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Менің отбасым» (фотосуреттерді қарау және әңгімелесу)
Мақсаты: Туған үйі жайында ұғымдарын кеңейту, «Мен – отбасы мүшесімін» деген түсінікті ұғынуға тәрбиелеу. Отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға, ықыластарын туғызу, отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға (анам көже пісіріп жатыр, әкем кілемді шаңсорғышпен тазалап жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке бара жатыр). Өзінің отбасы туралы, отбасыларында бір-біріне қалай көмек көрсететіні туралы сұрақтарға жауап беруді үйрету. Басқа балалардың да өзінің отбасылары бар екенін, ата-аналары мен балалары бір-бірін жақсы көріп, көмектесетіні жайлы түсінуді үйрету. Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.
Көрнекі құралдар: Отбасы суреті, ойын, отбасы мүшелерінің жеке суреттері
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық - қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Бас бармағым – атам, Балалы үйрек – әжем. Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам. Кішкене бөбек – мен, Бәрі менің – жанұям. |
Шаттық шеңберін қимылмен көрсетеді |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Барлық саусақтарды кезектестіріп, бас бармаққа тигізу, алақанды ашып-жұму. Мақал-мәтел: Отан-қуат, Отбасы шуақ. Отбасы туралы сурет бойынша әңгімесі. Сергіту сәті: «Бір үйде біз нешеуміз?» (2-3 баладан отбасы туралы әңгімелеуді сұрау) - Сенің отбасыңда кімдер бар? - Сен үйде ата-анаңа көмектесесің бе? - Сенің өзіңнен үлкен ағаң бар ма? «Мен үйде не істеймін?» (қимылдар жасау)
Ата Айтады ертек жан атам, Ақ сақалын салалап. Құмарымды таратам, Жер мен көкті аралап. Әже Мейірімді жел жібек, Күндей ыстық құшағы. Ет жүрегі елжіреп, Құлыным деп құшады. |
Мақалды жаттайды.
Отбасы туралы біледі.
Балалар өз отбасылары туралы айтады. Сұрақтарға жауап береді.
Бір бала қимылдар жа-сайды, қалған балалар оның не істегенін табу керек Отбасы мүшелері туралы өлеңдерді жаттап алады.
. |
Рефлексивті -түзетушілік |
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларға сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін дамыту
Болуы керек: Балалардың логикалық ойлауын дамыту
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере алуы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Адам – тіршілік иесі»
Мақсаты: Өзі және өзінің құрылымы (дене мүшелері) жайында алғашқы түсініктер-ді қалыптастыру. Адам тіршілік иесі екені туралы ұғым беру (дем алады, қимылдай-ды, қоректенеді, өседі). Эмоционалды күйі жайында айтуға үйрету (қарным ашты, тойдым, шаршадым, демалдым, ауырып қалдым, жазылдым, ренжідім, қуандым, жыладым, күлдім т.б.)
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.
Көрнекі құралдар: Адамның дене мүшелерінің суреттері.
Іс –әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз, Өсіп өніп толамыз, Күнге қарай талпынып, Күнге қанат қағамыз. Әлемдегі барлық адамдарға, Тек жақсылық тілейміз! |
Шаттық шеңберін қимылмен көрсетеді |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Әр адам қайталанбас мінез-құлқымен, сезімдерімен ерекшеленеді, бірақ барлық адамдар құрылысымен бірдей: дене бітімдері бірдей, бірақ, кей адам көп ауыршаң болады, кейбіреуі көңілді, дені сау. Кейбір адам үнемі көңілсіз, өздерін ғана ұнатады, кейбір адам көмек беруге әзір тұрады... Өзімізді сүйе білуге, сыйлай білуге, қорғай білуге және көмектесе білуге үйренеміз. Бүгін біз әр адам, жалпы барлық адам көп-көп нәрселерді жасай алатын, жасай алмаса, үйрене алатын – сиқыршы екенін білетін боламыз». «Дене мүшесі» (суреттер) Сергіту сәті: Мінеки, қандай менің денем! Менің басым бар. Оңға-солға, бір-екі. (Басты оңға-солға бұру). Ол мойында мықтап отыр, Бұрамыз-бұрамыз. (Айналдыра бұру). Содан соң дене келеді, (Артқа –алға еңкею) Қол бар бәрінде, (Жоғары-төмен сермеу). Аяқ керек біздерге, жүгіруге, секіруге, тұруға (Орнында жүгіру, секіру, отыру). Мінеки, қандай менің денем. Д/о: «Дене мүшесін ата» Шарты: Балаларға дене мүшелерін дұрыс атап, көрсете білуге үйрету. |
Тәрбиешіні мұқият тындайды.
(Басты оңға-солға бұру)
(Айналдыра бұру)
(Қолды жоғары-төмен сермеу).
(Орнында жүгіру, секіру, отыру)
Дене мүшелерін атайды. |
Рефлексивті -түзетушілік
|
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балаларға адам тіршілік иесі екені туралы ұғым беру
Болуы керек: Балалардың логикалық ойлауын дамыту
Баланың қолынан келуі: Дене мүшелерін дұрыс атау, Сұрақтарға жауап бере алуы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Әйгерім қуыршақтың туған күні»
Мақсаты: Балалардың ата-аналары, туыстары, өзiнiң ойыншықтары жайында алғашқы топта не бiлiп, үйренгенiн ауызша сұрақтар қою арқылы байқау, ойын-әңгіме, сурет көрсетiп әңгiмелеу арқылы қайталап естеріне түсіру. Өзiнiң аты-жөнi, жасы, отбасы мүшелерiнiң аты-жөндерi, оларға өзiнiң қатысы, отбасының күнделiктi өмiрi, отбасылық мерекелер туралы түсiнiктерiн қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау
Көрнекі құралдар: : отбасы суреттері, отбасылық мерекелер суреттері, ойыншықтар.
Іс –әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз, Өсіп өніп толамыз, Күнге қарай талпынып, Күнге қанат қағамыз. Әлемдегі барлық адамдарға, Тек жақсылық тілейміз! |
Шаттық шеңберіне тұрады. Амандасады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Отбаслық мереке туралы әңгімелеу. - Балалар, өмірге нәресте келгенде ата-әжелер, ата-ана, аға-әпкелері қуанып шаттыққа бөленеді. Бұл күн әрбір адам үшін ең маңызды күн болып саналады. Туған күнде жылы-жылы лебіздер мен тілектер айтылады. Ата-аналары, туыстары туған күн иесіне сыйлықтар әзірлейді. Балалар, бүгін бізде Әйгерім қуыршақтың туған күні. Тосын сәт: Осы кезде топқа есік қағып қуыршақ кіреді. Ол балалармен амандасады. Өлең Жоқ па бұл күн есіңде? Қарашаның он бірінде. Жасың төртке толады, Той жасаймыз туған күн кешінде. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып жұмамыз. Д/о: «Қуыршаққа шай әзірлейміз» Шарты: Балалармен бірге шәй дастарханын әзірлеу. |
Отбаслық мереке туралы әңгімені тыңдайды.
Балалар қуыршақпен амандасады.
Әйгерімге сыйлық береді.
Сергіту сәтін орындай-ды. Қимылмен көрсетеді.
|
Рефлексивті -түзетушілік
|
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасылық мереке туралы білу;
Болуы керек: Отбасы мүшелерін сыйлау түсінігі;
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере алуы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Туған өлкеміздің жануарларымен таныстыру» (Аққу жайлы аңыз)
Мақсаты: Балаларды табиғатты қорғап, оны бағалай білуге, өз ойларын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Туған жердің киелі аңыздарын қадірлеп сақтап, құрметтей білуге баулу. Туған жер бойынша әңгімелей отырып, білімін толықтыру. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Киелі, кие, көгілдір.
Көрнекі құралдар : Аққу суреті, қаланың көрікті жерлерінің суреті.
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Аспан, таза ауаң үшін рахмет! Ағаш, көлеңкең үшін рахмет! |
Шаттық шеңберін қимылмен көрсетеді |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Аққудың суретін көрсетіп әңгімелеу. Аққу – мойны ұзын, денесі созылыңқы, тұмсығы тіке сұлу құс. Тіршілігін суда өткізеді. Өте жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққудың балапандарын – «көгілдір» деп атайды. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобын Каспий теңізінің жағалауынан кездестіруге болады. Олар осында қыстап шығады. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыт құсы, жақсылықтың жаршысы, сұлулықтың белгісі деп санаған. Киелі құс, құс төресі деп санаған. Оған ешқашанда оқ атпайды Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарап, табынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Аққулардай самғаймыз. Бір отырып, бір тұрып, Жаттығуды жасаймыз. Д/о: «Құстарды ата» Ойын шарты: Құстарды атап, құстардың арасынан аққу құсын танып атау. Тыйым сөз: Аққуды атпа, досыңды сатпа. Аққу Өтсе де қанша замандар Тәртіпті берік сақтайды. Ешқашан есті адамдар Аққуларды атпайды |
Аққу туралы толық мағлұмат алады.
Сергіту сәтін орындайды. Қимылмен көрсетеді. .
Құстарды атап, аққу құсын табады.
Тыйым сөзді есіне сақтайды.
Балалар өленді қайталайды және жаттауға кіріседі. |
Рефлексивті -түзетушілік
|
Оқу қызметін қортындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Туған жердің киелі аңыздарын және аққу туралы білу;
Болуы керек: Табиғатты қорғап, бағалау
Баланың қолынан келуі: Тыйым сөздер мен өлеңдерді жаттап, сұрақтарға жауап бере алуы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Тамақты кім пісіреді» (аспазшының еңбегін бақылау)
Мақсаты: Ересектердің қызметі және еңбек әрекеттері жайында балалардың түсініктерін жетілдіру. Аспазшының еңбек әрекеттері туралы білім беру: көже және сусындар (компот) пісіреді, тоқаштар дайындайды, ыдыстарды жуады т.б. Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылығын және оның нәтижесін қадірлеуді тәрбиелеу. Балалардың қолдарынан келетін еңбек әрекеттерді орындауға тарту (ас ішетін үстелді жабдықтау, тамақ ішкеннен кейін ыдысты әкелу).
Сөздік жұмыс: аспазшы, пісіреді, жуады, қуырады, бұқтырады.
Көрнекі құралдар: Суреттер, ыдыс-аяқтар, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз, Күнге қарай талпынып, Күнге қанат қағамыз. Әлемдегі барлық адамдарға, Тек жақсылық тілейміз! |
Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
Бөбекжайдағы аспазшылар туралы слайдпен көрсете отырып әңгімелеу. Аспазшы мамандығы қандай жақсы. «Ас – адамның арқауы» – деген. Денсаулыққа пайдалы. Ас ішпесек, өмір сүре де алмаймыз. Түрлі, дәмді тағамдар дайындап адамдардың алғысын алған қандай керемет. Аспазшы Біздің бұл бақшада Әлде бал қаймақ па, Бар әсем асхана Борщ па, сорпа ма, Бар онда аспазшы Әлде бал, қаймақ па, Ақ көңіл жақсы ана. Тұрады ортада. Тәп-тәтті тамағы, Пісіре білгенге, Апай, ас маманы. Астың жоқ маманы. Сергіту сәті Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз. Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. Д/о: «Ыдыстарды ата» Балаларға ыдыстарды дұрыс орналастыра білуге үйрету. Д/о: «Көкөністер мен жемістерді ірікте» Шарты: Көкөністер мен жемістерді іріктеуге үйрету. |
Бөбекжайдағы аспазшының атқаратын қызметімен танысады.
Балалар өленді қайталайды және тәрбиеші көмегімен жаттауға кіріседі.
Сергіту сәтін орындайды. Қимылмен көрсетеді.
Ыдыстарды орналастырады.
Көкөністер мен жемістерді ажыратады. |
Рефлексті түзетушілік |
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Аспазшының еңбек әрекеттері туралы білу
Болуы керек: Аспазшының еңбектерін құрметтеу
Баланың қолынан келуі: Өлеңді жаттай алуы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Көліктердің тигізер пайдасы»
Мақсаты: Көлік түрлерін және олардың қолданысқа сай болуы туралы балалардың түсінігін жалпылау және жүйелеу. Заттарды қарау және зерттеу, ажырату, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атай білуін дамыту. Заттарды іс-әрекеттері-мен атай білуін бекіту (жүреді, ұшады, жүзеді). Заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (көліктер).
Сөздік жұмыс: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.
Көрнекі құралдар : Көлік түрлерінің суреттері, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: Жүк көлігі, әуе көліктері, су көліктері, жеңіл көліктер.
Іс –әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Сылдыр-сылдыр, сылдырмақ, Шақырады сылдырлап. Қарайды құлыншақ Қарайды қуыршақ. Үйдің ішін аралап, Добым кетті домалап. |
Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Көліктер туралы әңгімелесу. - Балалар, алдарыңдағы ойыншықтарды атап беріңдерші.
- Жеңіл көлік, ауыр жүк көлігі, автобус, бұл көліктер не үшін қажет? - Ал, фургон көлігі не үшін керек?
- Бұл көліктердің барлығының кабинасы бар (көрсету) - Кабинада жүргізуші отырады.
- Көліктердің астауы мен дөңгелектері бар (көрсету) - Балалар, сендер көлік жүргізгенді ұнатасыңдар ма? - Балалар, мен автобусты өз қолдарымен жасаған балаларды танимын. Автобустары нағыз автобусқа ұқсап шықты. - Көргілерің келе ме? - Қараңдаршы, шынында да нағыз автобусқа ұқсайды ма? - Кабинасы бар ма? - Кабина ішінде кім отыр? - Автобуста тағы не бар?
- Жүргізушінің артында тағы кімдер отыр? - Балалар, жолаушылар қайда бара жатыр?
- Көліктердің қандай пайдасы бар?
- Балалар менің жұмбағым бар шешуін тауып көріңдерші. Жұмбақтар: Көшеде жүреді кішкентай үйлер, Арқасында ауыл жүр, Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер. Ала тайым шауып жүр. - Балалар, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Ендеше көліктер туралы ойын ойнайық. Ендеше, барлығымыз көлікке отырайық, балабақша ауласын аралап шығайық. Машина Бип-бип,бип, - дейді, Жолдан былай кет,-дейді, Күшікті басуға, басуға Болмайды, болмайды машина, Бип-бип-бип. |
- Жеңіл көлік, ауыр жүк көлігі, автобус, фургон көлігі. - Олар адамдарды тасиды. - Фургон көлікпен балабақшаға тамақ әкеледі.
- Жүргізуші сөзін айтады.
- Иә.
-Иә.
- Иә. - Бар. - Жүргізуші отыр. - Терезелері, дөңгелек-тері, орындықтары бар. - Жолаушылар отыр. - Олар балабақшаға, мектепке, жұмыстарына бара жатыр. - Олар уақытымен бара-тын жерімізге жеткізеді.
(Машина,автобус) Балалар жолаушы болады.
|
Рефлексивті -түзетушілік
|
Оқу қызметін қортындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Көлік түрлерін білу керек.
Болуы керек: Заттарды іс-әрекеттерімен атай алуы
Баланың қолынан келуі: Көліктердің тигізетін пайдасы туралы әңгімелеуі
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Сүйікті анамыз»
Мақсаты: Балалардың аналарына деген сүйіспеншілігін, құрметін тәрбиелеу. Балаларға өздерінің аналары туралы айтуға, сезімдерін ояту (анасының аты кім, анасының баласын қалай қамқорлайды, үйде қандай игілікті істер жасайды т.б.)
Сөздік жұмыс: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекі құралдар: ойыншықтар, әуен, құстар мен жануарлардың үйшіктері бейнеленген суреттер.
Іс –әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған, Бақыт үшін баланың, Айналайын ақ мамам! |
Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
- Балалар, ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, баласын, азамат етіп тәрбиелеу міндетім - деп, санайтын ананың еңбегі өте зор. - Ананы сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге әр бала міндетті. - Балалар, сендер аналарыңды не үшін жақсы көресіңдер? - Үйде аналарыңа қалай көмектесесіңдер? - Анаң сені қалай жақсы көреді? - Еркелетіп қалай атайды? - Аналар мерекесіне аналарыңа гүл сыйлайсыңдар ма? «Тату-тәтті отбасы» - Балалар, бәрінің адамның да, құстардың да, аңдардың да өз отбасылары, туған үйлері бар. Адамның ең қымбаттысы – отбасы. Отбасы – сенің атаң, әжең, әкең, анаң, ағаң, інің, апаң, сіңілің. Сергіту жаттығулары: Гүлдеріміз қызғалдақ, Ашылады әдемі-ақ. Желмен бірге шайқалып, Мұрынға жақын апарып. Бір иіскейік тамсана, Хош иісі тамаша. - Балалар, аналарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер?
|
Ана туралы әңгімені мұқият тындайды.
Әркім өз аналары туралы әр түрлі әңгімелеп айтады. Әр баланың ойлау сезімі, ой-өрісі әр түрлі.
Ойын ойнайды.
Сергіту жаттығуларын орындайды. Қимылмен көрсетеді.
Балалар тілектер айтады. |
Рефлексивті -түзетушілік
|
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. - Ең қымбатты адам кім? - Үйде аналарыңа қалай көмектесесіңдер? Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ана туралы білу, анасының аты кім екенін айтуы керек;
Болуы керек: Анаға деген сүйіспеншілігі, құрметі болуы керек;
Баланың қолынан келуі: Балалар өздерінің аналары туралы айтуы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Қуыршақтың бөлмесін даярлайық» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәнерінде, жиһаз бен ыдыс-аяқ заттарының атауларын, олардың құрамы мен сапасын білдіретін сөздерді қолдана білуді бекіту. Балаларға сөйлеу барысында заттардың (жиһаз бен ыдыс-аяқтың) топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
Сөздік жұмыс:. әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекі құралдар: Жиһаздар, ыдыс-аяқтар, ойыншықтар, суреттер
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Бәрі де бар бақшада, Ойын бөлме, асхана. Орындық та, тақта да, Заттар да көп басқа да. |
Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
- Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қуыршақ Әйгерім. Онымен амандасайық. - Неге көңілсізсің қуыршақ Әйгерім? - Балалар, Әйгерім жиһаз алып келді, бірақ оны қалай орналастыру керек екенін білмей тұр. - Көмектесеміз бе? Әйгерім әкелген қорапты алып, оның ішінен үстел, орындық, шкаф, төсек, диван шығару. - Мен Әйгерімнің әкелген заттарын шығарып көрсетемін. Сендер оған қарап, ол туралы айтайық. - Мынау не?
- Мынау не?
- Мынау не?
- Мынау не?
- Мынау не?
- Дұрыс. Балалар, енді осы заттардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? - Балалар, Әйгерімге бөлме дайындап берейік. «Әр заттың өз орнын тап» - Балалар, мынау не ? - Оны қайда қоямыз?
- Дұрыс, келген қонақ болсын, Әйгерімнің өзі болсын, керек кезде отырып дем алады. - Ал мынау не ? - Оны қайда қоямыз? - Мынау не ?
- Мынау не ?
Сергіту жаттығулары: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбырды, Ойлы қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Д/о: «Қуыршаққа бөлме жасаймыз» Шарты: Балаларға жиқаздарды орнына қоюды және неге қолданатынын үйрету. |
Балалар қуыршақ Әйгеріммен амандасады.
- Иә.
- Бұл төсек, онда Әйгерім ұйықтайды. - Бұл орындық, онда отырады. - Ол шкаф, онда ыдыстар, киімдер салады. - Диван, онда жатып дем алады. -Үстел, онда сабақ оқиды, тамақ ішеді - Жиһаздар.
- Диван. - Диванды үлкен бөлмеге қоямыз.
- Бұл үстел - Ас ішетін бөлмеге. - Орындық, оны үстелдің қасына қоямыз, өйткені оған Әйгерім отырады. - Төсек, оны жататын бөлмеге қоямыз. Әйгерім жатып ұйықтайды. Сергіту жаттығуларын орындайды. Қимылмен көрсетеді.
Тәрбиеші көмегімен ойын ойнайды. |
Рефлексивті -түзетушілік
|
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар жиһаздарды атап, оларды орнына қоя білу керек.
Болуы керек: Оқу қызметіне қызығушылығы
Баланың қолынан келуі: Сұрақ-жауап арқылы әңгімелей алуы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Серуенге барамыз» (жаттығу ойындары)
Мақсаты: Серуендеуде, табиғатта мінез-құлық, қауіпсіздік негіздерімен таныстыру. Ересектерден алыстап кетуге, белгісіз саңырауқұлақтармен жидектерді жинамауға, ересектердің рұқсатынсыз өткір заттарды қолдануға, отпен ойнауға, өзінің денсаулығына деген қамқорлық дағдыларын, серуен кезінде мінез-құлық ережелерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекі құралдар: Гүлдердің, ағаштардың, жануарлардың, құстардың, жыл мезгілдерінің суреттері, күректер, тырмалар, су құйғыштар, қоқсық салатын қап, сыпыртқылар.
Іс –әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Біз гүлдерше өсеміз Жапырағы жайқалған, Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған. |
Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді. Амандасады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балаларға жыл мезгілдері бейнеленген суретке көңіл аударту. Әуен ойнап тұрады. Табиғаттағының бәрі қуана алады және де олар табиғатқа қуанады. Өзімізді көктемгі күнге қуанып, көгалға жүгіріп шыққан көңілді секектеген шегірткелер ретінде елестетейік. «Шегірткелер биі» Шегірткеше секіріп қимыл жасап көрсету. Табиғатқа қамқор жасау туралы суреттер. - Мен орманда немесе тауда қыдырып жүргенде әрқашан кішкентай жылғаларға көмектесемін, олар таза және мөлдір болу үшін, сол жылғадан су ішетіндерді қуанту үшін қоқсықтан, тастардан тазартамын. Сергіту жаттығулары: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап аламыз. «Табиғаттың көмекшілері» - Сендер қалай ойлайсыңдар, табиғатқа көмектесу үшін біз өзімізбен бірге не алуымыз керек? Қараңдар, бізде күректер, тырмалар, су құйғыштар, қоқсық салатын қап, сыпыртқылар бар. - Балалар, табиғаттың достары қашан да көмек қажет ететіндерін ұмытпайық. - Табиғатқа көмектесетіндердің ең басты ережесін есте сақтайық. Әрқашан осы ережені бұзбайық! Табиғатты қолдай біл, Аң, құсын да қорғай жүр. Білуіміз керек мұны біз, Біз де табиғаттың ұлымыз Табиғат бөлек демеңіз, Сол үшін жауап береміз! |
Балалар суреттерді қарайды. Тәрбиешіні мұқият тындайды.
Балалар шегірткеше секіріп қимыл жасайды.
Сергіту жаттығуларын орындайды. Қимылмен көрсетеді.
Құралдармен танысады.
Табиғатты қорғау ережелерімен танысып, естеріне сақтайды.
|
Рефлексивті -түзетушілік
|
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Серуенде табиғатты тамашалау
Болуы керек: Серуенде мінез-құлық ережелерін сақтайтын болу керек.
Баланың қолынан келуі: Сұрақ-жауап арқылы әңгімелей алуы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген