400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қоршаған ортамен танысу «Бұл не? Ойлан, тап»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру салалары: «Әлеумет»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Бұл не? Ойлан, тап»

Мақсаты: Балаларды отансүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және тәрбиелеу. Балалардың ой өрісін, тілдерін дамыту.

Қолданатын көрнекті құралдар: геометриялық пішіндер, ойынға қажетті суреттер, слайт.

Биллингвальды компонент: отан – родина –homeland, тәуелсіз – независимый – independent

Шаттық шеңбері.

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен, ақ пейілмен

Қайырла таң деймін мен.

Здравствуй, солнце золотое!

Здравствуй, небо голубое!

Здравствуй, вольный ветерок

Здравствуй, маленький цветок.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Дұрыс біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Балалар Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.

-Балалар мен сендерді «Бұл не? Ойлан, тап» деген ойынға шақырғым келіп тұр.

(Ойынға қатысушыларды таныстыру)

-Ойынымызды бастамас бұрын ҚР әнұранымен бастайық.

-Егер сіздер сұрақтарға жауап берсеңдер бір асықтан беріп отырамын. Топ басшысы пішіндерді таңдайды, оның артында сұрақтар бар.

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1




сары түсті дөңгелекте мақал айту.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

Отан – оттан да ыстық.

Отан – отбасынан басталады.

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

Жасыл түсті үшбұрыштың тапсырмасы ҚР рәміздерін атау.

Елтаңба

Ту

Әнұран

Музыкалық үзіліс «Отан менің ата – анам» өлеңі.

Көк түсті төртбұрыштың тапсырмасы «Пантонима» ойыны

аяқ киім тазалау

үй сыпыру

пианинада ойнау

хат жазу

жаттығу жасау.

Қорытындылау.

Қызыл түсті төртұрыштың тапсырмасы «Мекенін тап ойыны» ойыны.

Мақсаты: Жануарлар мен құстар қайда тіршілік ететінін түсіндіре отырып, мекенін тауып айтуға үйрету,сөйлеу тілдерін жетілдіру,естіп, қабылдауды дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ойын барысы: балаларға екі тапқа екі бөлек сурет беріледі. Үй жануарларын қораға, ал дала жауанларын далаға орналастырып жапсыру қажет.

Ойын соңында жеңімпаздар анықталып марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі