400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған ортамен танысу: Мамандықтар әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың мектепалды топ жетекшілеріне арналған. Қоршаған ортамен танысу: Мамандықтар әлеміндетақырыбына жазылған қмж үлгісі. Ұстаздарға ашық сабаққа өтуде пайдасы бар. ҚМЖ жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған, әр тапсырмада топтық, жұптық жеке жұмыстар орқылы орындалады. Әдіс- тәсілдері оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділігін арттырады. Әр тапсырмада бала үні естіліп, 4К моделі, саралау мен кері байланыс берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы/сыныбы: МАД

№16 ЖОББМ

Білім беру саласы: Әлеумет

Толтебаева Мейраш

Оқу пәні: Қоршаған ортамен танысу


Тақырыбы:Мамандықтар әлемінде





Оқу мақсаты: Әр түрлі мамандық иелері туралы, еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы түсіндіру.

ҰОҚ мақсаты:

Мамандық иелері туралы сұрақтарға жауап айтады,әр маманның құрал-саймандарын бір-бірімен сәйкестендіреді.

Күтілетін нәтиже

Кейбір кәсіптік және ауыл шаруашылық мамандықтары туралы біледі;


Қалыптасатын дағды

Мамандықтардың қажеттігін, қарым-қатынасын бағалайды, құрметпен қарайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Сұрақ-жауап», «Кім тапқыр»

Ресурстар, дамытушы орта:

Әр түрлі мамандықтар бойынша құрал саймандары және мед.бөлме,сұлулық салонының бұрышы,асхана бұрышы.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Оқу қызметінің барысы

Уақыт

Сабақтың басталуы












Психологиялық ахуал орнату:

« Жылулық жолын жасаймыз»

- Балалар орнымыздан тұрып, бір-бірімізге ыстық алақанымызды ұстатып, ұзын жылулық жолын жасап, күнімізге сәттілік тілейік.

Балалар бір-біріненің алақандарын ұстап, сәттілік тілейді.





0-3мин.

Сабақтың негізгі бөлігі

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы анықталады.


– Біз бүгін мамандық иелері туралы әңгімелесеміз. Мектепке келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алды? (Мұғалім).

-Мұғалім туралы айтып беріңдерші.

-Кез келген адам мұғалім немесе инженер бола ала ма?


-Мұғалім болу үшін мұғалімнің оқуын, инженер болу үшін инженердің, аспаз болу үшін аспаздың оқуын оқу керек. Яғни,мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек.

-Әр маманның өз жұмысына керекті құрал саймандары болады ма?


(Менің, «Сұрақ-жауап» әдісін алған мақсатым, баларға ең бірінші қандайда бір мамандық иесі болу үшін білім алу керектігін ұғындыру. Саралап оқыту стратегиясының педагог пен бала арасындағы диалогы көрініс тапты. 4К моделінің «Сыни тұрғыда ойлауы» көрініс тапты. Оқытудың енжар әдісінен белсенді әдісін қамтамасыз ету мақсатында балалардың сұрақтарға жауап беру барысында сабаққа деген қызығушылықтары артып, іс-әрекетінен белсенділік танылып,оқытудың белсенді әдісі орын алды,яғни спиральдік қағидат бойынша жеңілден қыйнға қарай)


Топтық жұмыс:

1-топ Ұшқыштар.

2-топ Жүргізушілер


«Кім тапқыр» әдісі бойнша тапсырма: «Мамандардың құрал-саймандарын сәйкестендір»

Тапсырма сайыс түрінде өтеді.

Сайыстың шарты: Берілген карточкалардағы әр маман иесін өз құралымен сәйкестендіру. Тапсырманы бірінші орындаған топ жеңіске жетеді.


(Бұл тапсырманы алған мақсатым,бала мамандық иелерінің киім үлгісінен танып және берілген құралдарды мамандық иесімен сәйкестендіру.

Іс-әрекетті аяқтау үшін уақытпен санасып,баланың даму қарқынына сәйкес тапсырманы орындау жылдамдығын ескеріп, саралап оқытудың қарқын,жылдамдық,уақыт стратегиясы орын алды және тапсырманы орындау барысында қызығушылығы артып, қызығушылық стратегиясы орын алды.

4К моделінің «сыни тұрғыда ойлауы» және «командалық жұмыс»көрініс тапты. Яғни бірлесе отырып іс-әрекет барысында пікір-талас орын алып,достарының пікірімен келісе отырып,кейде келіспеушілк орын алып,өз ұстанымдарын қорғап, командада көшбасшылық етуге дағдыланды. Өзара қарым –қатынасқа түсіп, эмоцияларымен білдірп, «Коммуникативті дағдылар көрініс тапты. Тапсырманы орындау барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы,топтасып жұмыс істеу арқылы өзара диалог құрып, әрекеттесіп, тапсырманы практика жүзінде орындап қызығушылықтары артты «оқытудың интербелсенді әдісі» орын алды).


Бағалау критерилері:

1-топ Ұшқыштар. Жүргізушілерді 3рет шапалақ ұрып өте жақсы деп бағалайды.Себебі тапсырма толық әрі дұрыс орындалған.


2-топ Жүргізушілер. Ұшқыштарды 2Жұлдызшалар арқылы жақсы деп бағалайды. Себебі тапсырма дұрыс орындалғанымен жылдамдық жағынан қалып қойды деп.




Бақылау түрі



Аты

Мамандық туралы сұрақтарға жауап береді

Мамандық иелерін құрал-саймандарымен сәйкестендіреді

Сыни ойлауы

Командамен

жұмыс

жасауы

Коммуникативті дағдылары



Асан

+

+

+

+

+

Диана

+



+

+

Асхат

+




+


ҰОҚ мақсатқа жету барысында тапсырманы орындауда қолдауды қажет ететін балаларға жетелеуші сұрақтар қойып, тапсырма орындағанда қажет болса уақыт беріп, мақтау –мадақтау арқылы ойын толық жеткізуіне мүмкіндік беремін.




3-10мин

























10-20мин

Сабақтың қорытынды бөлімі


Белгілі бір маман иесі болу үшін не істеу керек?

Мамандар құралдарымен не істейді?


Сұрақтар қою арқылы балалардан кері байланысты ала отырып, сабақты қорытындылау.


Балаларды мақтап-мадақтау.


Ағаштарды бояу арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін білдіреді.

Ағашты толық бояу- толық түсіндім

Ағашты жартылай бояу-жартылай түсіндім

Ағашты аз бояу- мүлде түсінбедім.




20-25мин














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі