400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған ортамен танысу пәнінен конспект. Тақырыбы: "Қыстың керемет шағы".

Материал туралы қысқаша түсінік
ортағы топқа арналған қоршаған орта пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Пән: Қоршаған ортамен танысу

Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы

Тақырыбы: «Қазақстан-ортақ үйіміз"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Ертеңгі ел болашағы болып табылатын балғындардың өз елінің тарихына, табиғатына деген қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: : Балалардың қоршаған орта, табиғатпен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау есте сақтау зерделеуін дамыту.

3.ОқытуМақсаты:  Өз Отанын, туған жеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, айнала қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету:  Мазмұнды суреттер, глобус

Билингвалдық компонент:

Сөздік жұмыс: Республика;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдасты рушылық кезеңі (2 мин)

Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
-Ал сары түс ше?
-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?
-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
 -Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз!   Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. 

Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,  жері кең,  байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет.  Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)
Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан  туралы  тақпақтарды айтып еске түсірейік.
1.Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.
 2.Байтақ дала – туған жердің
Қымбат маған әр тасы.
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы

2.Сергіту сәті:

Көгінде күн нұрын төккен,
Жеріне гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

3.Сұрақ-жауап:

Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада?
Астана қаласында.
Астана - қандай қала?
Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы.
Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.

Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба?

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар, біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын! Т. б.
(Балалар алдын ала дайындап қойған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтағы орналастырады. )
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі