400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қоршаған ортаны қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау».
Тәрбие сағатының мақсаты:
Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Қоршаған ортаны қорғау» суреттер топтамасы, бүктеме қағаздар, қызыл кітап.

Тәрбие сағатының барысы:
1 - жүргізуші:Гауһар
Адам табиғаттың бір бөлшегі,әрі ғажайып туындысы. Табиғат.Жер-Ана,Отан,туған жер,атамекен деген құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас,мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі,өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Бүгінде жер беті экологиялық апатты аймаққа айналды.
2 - жүргізуші:Асель

Жамбыл атамыз жырлағандай:
Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын,-дегендей,бүгінгі «Қоршаған ортаны қорғаймыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

(Уілдеп әуен ойнап тұрады) Балалар сахнаға «Туған ел» әнінің әуенімен кіріп шеңбер құрып тұрады.

1 - жүргізуші: Гауһар. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Олай болса Жер анаға деген ізгі тілектерімізді білдірейік 
І слайд 
Шаттық шеңбері.

Балалар кезекпен өздерінің Жер анаға деген ізгі тілектерін білдіреді.

Шөліркемей гүл тұрсын(сол қолын жайып көтереді)

Жерім жайнап құлпырсын(оң қолын жайып көтереді)

Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)

Көкте мәңгі гүл тұрсын (екі қолын төбесіне көтереді)

Нұр сыйлаған күн ыстық(қолдарын жаяды)

Ыстық бізге кең өлке(оң жаққа қарайды)

Ыстық бізге тыныштық(сол жаққа қарайды)

2 - жүргізуші:Асель . Қазақ халқы – табиғатты аялаған халық. Ата – бабаларымыз арттарына табиғатты қорғау туралы әр түрлі өсиет сөздер қалдырып кеткен.

Қанат : Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім

Мұстафа: Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас.

Айшат: Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас.

Олжас: Өзен біріксе теңіз болар, көп біріксе ел болар.

Әсемай: Өз елінің тасын сыйламаған,

Өзге елдің тауын да сыйламайды.

Т. Жібек: Құлазыған шөл жетім, құс қонбаған көл жетім.

1 - жүргізуші: Гауһар. Өте жақсы!Асель жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады, -білесің бе ? 
2 - жүргізуші:Асель . Әрине Гауһар, оларға ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар... 
ІІ слайд 
1 - жүргізуші: Гауһар. « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Олай болса сөз кезегін оқушыларға берейік. 
Гүлназ: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Балнұр: Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! 
А. Жібек: Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, 
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. 
Ойлашы кімге керек боламыз біз, 
Жұтудан таза ауаны қалған күні. 

Бекзат: Қараймын биік көгіме

Ойлаймын жиі егіле.

Сөгілген аспан, жер төсі,

Сыймай жатыр ма теріне?

Тағамы әбден таусылып,

Жеті қат жер де шаншылып,

«Невада» қозғалысынан

Күтетін сынды тамшы үміт

Көркейтсе жерді жөн басқа,

Жаны ашығандай жолдасқа.

Бүлдіре беру керек пе,

Аспан мен жерді тозғанша.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй деп – ұлы Абай ақынымыз жырлағандай, Әсел мен Гауһарды ң орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау » әні
2 – жүргізуші Асель: Ия, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? 

ІІІ слайд 
1 – жүргізуші Гауһар: «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? 
Ерсейіт: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспи теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Бақдәулет: Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, 
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! 
Келбет:

Аңқасы кепкен Аралым,

Сезінді ажал аранын.

Күлімдеп тұрған аспаным,

Күрсініп неге қарадың?

Мойнымызда әлі парызы,

Өтелерме екен қарызы.

«Орнымды сипап қалмаңдар»

Тек осы – балқаш парызы.

2 – жүргізуші: Асель: Келесі кезекте Нурила мен Жібек және Аружанның орындауында «Жылайды жапырақ» әні.

IV слайд 

1 – жүргізуші Гауһар: Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. 

Келесі «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айта аламыз? 
Зарина: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. 
А. Аружан: Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, 
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . 
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , 
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

2 – жүргізуші Асель: Халқымыз ежелден –ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған. Олай болса «Аққу» биін тамашалаңыздар.

V слайд 
1 –жүргізуші Гауһар: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін құстар. Олай болса «Орман сәні құстар» туралы не айталамыз? 
Жанерке: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабының» мақсаты – республика териториясында кездесетін сирек саны азайып кеткен жануарларды, өсімдіктерді қорғау, қалпына келтіру. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. 
Мұстафа: Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. 
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. 

2 – жүргізуші Асель(Аружан): Келесі кезекте «Гүлдер » биі.


VI слайд 
1 –жүргізуші Гауһар: Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар? Олар «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады. 
Асемай:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. 
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін Ақсу- Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Қорғалжын, Наурызым, Алакөл, Барсакелмес сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. Соларға сипаттама беріп өтейік.

Диас: «Ақсу - Жабағылы»

Қорықтың атасы – Ақсу – Жабағылы

Қолдайтын ЮНЕСКО – да санап ірі.

Қорғаштап жарты ғасыр келе жатыр,

Табиғат дейтін аса бағалыны.

Нұрболат: «Алматы қорығы»

Көбейіп арқар, құлжа, жетілді елік,

Шетелдік таңданады шетін көріп.

Қорық тұр іргесінде Алматының

Табиғи зоопаркі секілденіп.

Лес Мардан: «Барсакелмес»

Арал жоқ көп теңізде оған теңдес,

Алуан гүл көз тартадыадам сенбес.

Атының енді ұққандайшын мәнісін,

Аралай түскен сайын кеткің келмес.

Ержан: «Наурызым»

Наурызым қорықтардың ормандысы,

Ішінде алуан аң мен толған құсы.

Халыққа атын жыр ғып айта журер

Бір рет ну түрінде болған кісі.

Алихан: «Қорғалжын»

Құс базарын қиыр шеттен іздеме,

Қорғай білсек жетіп жатыр бізде де.

Кей көлдердің өз құстарын еселеп,

Құс қонады көктемде де күзде де.

Көлдер көп қой, көбінде құс аз әлі

Мұнша жанды жадыратпас наз әні

Қояндының жәрмеңкесі секілді,

Тарқамасын тамаша құс базары.

Алмас: «Марқакөл»

Асқар Алтай көтерген төбесіне,

Қайда жүрсем жүреді көл есіме.

Күн мен айға қол созып толқындары,

Көл бетінің ұқсаған төресіне.

Шөбі – жень –шень, ағашы балқарағай,

Бала да ұстапбалығын алған оңай.

Айдында мамырлап аққу жүзіп,

Күн батса да бетінде қалған арай.

2 –жүргізуші Асель: 
Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 

1 –жүргізуші Гауһар:  «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Біздің балдар табиғаттың әдемілігін осындай жыр жолдарымен жырласа, қыздарымыз табиғаттың әсемдігін мына өлең жолдарымен жырлайды, ( баяу музыка әуенімен оқылады) 

VII - слайд
Т. Жібек: Күн сәулесі төгілгені әдемі, 
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі. 
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі. 
Биік –биік шыңдарым да әдемі. 

Нурила:Айдын көлде аққу қандай әдемі 
Сұңқар құстың самғағаны әдемі 
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі 
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі 

Сандуғаш:Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі. 
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі 
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі. 
Сары түске боялған күзім қандай әдемі. 

Арайлым:Осылайша табиғатқа бір қарап,

Табиғатпен сырласу да әдемі.

Жер – Ананы аяласаң жан – тәнмен,

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі.

2- Жүргізуші Асель: Бүгінгі күннің экологиясына бей-жай қарамайтын,жүректері мейірімділікке толы 6 «А» сынып оқушыларының дайындаған мына бір көрінісін тамашалаңыздар.
1- Жүргізуші Гауһар:Келесі кезекте Жанеркенің орындауында «Гүлдер» әні.

2- Жүргізуші Асель :Хор «Атамекен» әні
1- жүргізуші Гауһар: Тау мен тас,
Өзен мен көл бұлақтар,
Мөлдір ауа,ал қызыл гүл жайнаған.
Жер бетінде сыбдырласқан құрақтар,
Аман болғай,ақ сәулелер ойнаған.
2 – жүргізуші Асель: Самал желі,
Құс базары көлдегі,
Ақ жауындар,
Ақ мамықтай аппақ қар.
Тамыр жайып тұрған ағаш шөлдегі,
Аман болғай,ақ қайыңды көк бақтар.
1 – жүргізуші Гауһар:Жан-жануар,
Қыбырлаған тіршілік,
Орман-тоғай,
Теңіз мұхит шалқыған.
Жапан түзде өсіп тұрған бір шыбық,
Аман болғай,ақ айдындар толқыған,-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







































2-жүргізуші: Адамның өзі- Табиғат пен Жер Ананың перзенті. Жер ананы сүйе білу, оны аялау- адамның азаматтық борышы.

Алихан: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары – ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Гүлназ: Табиғаттың тарылтпайық тынысын,

Қастерлейік оның байлық ырысын.

Ей, адамдар, арың қалай шыдайды,

Табиғат Анаң, ал сен оның ұлысың.

Жанерке: Қасиетті, қайырымды Жер Ананың

Мейірінен өмірге нәр аласың.

Аялы алақанмен аялау да

Азаматтық борышы әр адамның.

Атамекен жанға жайлы сая, бау,

Ар алдында сіңген екен ақ сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

2 – жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй деп – ұлы Абай ақынымыз жырлағандай, Әсел мен Гауһарды Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау » әнімен қарсы алайық.

1-жүргізуші баяндама оқылады(слайд көрсетіліп тұрады)

2- жүргізуші: Келесі кезекте «Гүлдер» биі.

  1. Жүргізуші: Ей, адамзат, сен алдымен досыңды ұқ

Досың жер, су, таза ауа, өсімдік.

Табиғаттан ала беріп барлығын,

Ал оны қорлау деген не сұмдық.

Зарина: Қараймын биік көгіме

Ойлаймын жиі егіле.

Сөгілген аспан, жер төсі,

Сыймай жатыр ма теріне?

Тағамы әбден таусылып,

Жеті қат жер де шаншылып,

«Невада» қозғалысынан

Күтетін сынды тамшы үміт

Көркейтсе жерді жөн басқа,

Жаны ашығандай жолдасқа.

Бүлдіре беру керек пе,

Аспан мен жерді тозғанша.

Келбет:

Аңқасы кепкен Аралым,

Сезінді ажал аранын.

Күлімдеп тұрған аспаным,

Күрсініп неге қарадың?

Мойнымызда әлі парызы,

Өтелерме екен қарызы.

«Орнымды сипап қалмаңдар»

Тек осы – балқаш парызы.

Жүргізуші: Бүгінгі күннің экологиясына бей-жай қарамайтын,жүректері мейірімділікке толы 6 «А» сынып оқушыларының дайындаған мына бір көрінісін тамашалаңыздар.
Қойылымға қатысушылар: Жер,адам,гүлдер,ауа,ақ қайың,емен,жануар,аққу,шыбық.
(Уілдеп әуен ойнап тұрады)
I жүргізуші :
Жазира-өлке,гүл маусым,
Жасыл әлем саған мәңгі нұр жаусын.
Тарқамасын орманымның у-шуы,
Мәңгі бақи табиғатым жайнасы.
II жүргізуші :
Табиғат адамзаттың әнісің,
Табиғатым елдігімнің жанысың.
Қоршаған ортаны қорғауға,
Бәріміз бүгін ат салысуға дайынбыз.
Сахнаға Бекзат жер кейіпінде шығады:
Ей,адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік ететін перзентімсің,бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емессің басқа да тіршілік иелері бар. Қазіргі таңда менің бүлінбеген ,жойылмаған нем қалды?
Ей,адамзат баласы!Қазір өзің-ақ естисің жер-жаһанның күңіренген дауысын.
Алмас ақ қайың кейіпінде:
Ей,адамзат,күннің аптап ыстығынан қашып,жапырағы жайқалған менің жапырағымды саялайсыңдар. Сонда да мені аямай отынға бұтайсыңдар.
Сахнаға Арайлым емен кейіпінде шығады:
Топырақты қарашірікпен байытамыз,саялы баспана,күнделекті қару-жарағың,малыңа өріс,өзіңе қоныс болсақ та бізді аяламайсыңдар,бұтақтарымды сындырып,қорлайсыңдар.
Сахнаға А. Аружан гүл кейіпінде шығады:
Соншалық нәзікпін,алдағы күнім беймәлім,өсіп-өспеуім белгісіз. Бірде қылтиып өсіп келе жатсам,қасымнан өткенде қызығып жұлып аласыңдар да,қоқысқа тастайсыңдар.
Сахнаға Мардан шыбық кейіпінде шығады:
Біз де тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзіміз. Бізді керек екенімізді біле тұра,сындырып ойнайсыңдар.
Сахнаға Сандуғаш жеміс ағашы кейпінде шығады:
Ыстық ауаны салқындатып,қатты желге тосқауыл боламыз,қысқы сауықтың ызғарын бәсеңдетеміз. Осыны біле тұра,бізді суғаруға ерінесіңдер.
Сахнаға Нурила аққу кейіпінде шығады:
Сары далам қыран ұшқан көгінде,
Аққу,қазы салаңдаған көлінде.
Еліктері еркін жөңкіп қыранда,
Азайып бара жатыр-ау расында.
Сахнаға Диас жануар кейіпінде шығады:
Ал,біздің жойылып кеткен,жойылуға шақ қалғандарымыз қаншама десеңші. Біз де табиғаттың бір бөлшегіміз. Осыны адамзат баласы ұқса екен дейміз.
Сахнаға Ержан шығып табиғаттан,жерден кешірім сұрайды.
Кешір,Жер-Ана!Бүкіл адамзат баласы атынан бүгін кешірім ретінде жанашырлық үлесімізді қосамыз.
Сахнаға Т. Жібек шығады:
Ей,адамдар!Күн мен гүлден жаралған
От сезім мен мейірім содан таралған
Тіршілік иесі Жер-Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах,ұрады дүние!
Сахнаға Бақдәулет кір ауа кейіпінде шығады:
Төнді қауіп адамға,төнді әлемге,
Мыңқ етпей ешбір ауа емдегенге.
Суынан мал
Малынан жан уланып,
Жатыр ғой табиғатым былғанып.
Сахнаға Гүлназ гүл кейіпінде шығады:
Біз мақтанып жатқан жоқпыз,не болмаса ескерткіш орнатыңдар деп тұрған жоқпыз. Тек қана сендердің іс-әрекеттеріңе налып тұрмыз.
Сахнаға Ерсейіт шығады:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей,адамдар қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың.
Сахнаға Нұрболат шығады:
Көз алдымда жатты қайран сұлулар,
Қайта оларды тірілтетін кімің бар?
О,адамдар,тағылыққа жол бермей
Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар!
Осы кезде Бекзат орнынан тұрып:
Жер құлпырсын!Өссін!
Қайта қайнасын!
Айдын көлге аққу жүзіп,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Самғап ұшқан қырандарың,
Елім деген ұландарың
Қанаттары талмасын.
Елбасының жолдауына назар сал
«Жасыл елге» үлес қосу әрі қарай жалғассын.
2 жүргізуші: Табиғаттың тарылтпағын тынысын
Тазалықтан басталуы керек екен әр ісің.

Осы көріністі пайдалана отырып:жер бетінде жалғыз ағаш,жалғыз көл,жалғыз өзен,жалғыз жануар қалған да өмірімізге олардың қажет екенін түсінейік.
1- жүргізуші: Табиғаттың сұлу- сымбат мүсіні, көрікті келбеті ьір тамаша туындылардың бірі- хайуанаттар. Халқымыз ежелден –ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған. Олай болса «Аққу» биін тамашалаңыздар.
2 – жүргізуші: Келесі кезекте Аружан мен Жібектің орындауында «Жылайды жапырақ» әні.
Хормен «Атамекен» әні.
1- жүргізуші: Тау мен тас,
Өзен мен көл бұлақтар,
Мөлдір ауа,ал қызыл гүл жайнаған.
Жер бетінде сыбдырласқан құрақтар,
Аман болғай,ақ сәулелер ойнаған.
2 – жүргізуші:Самал желі,
Құс базары көлдегі,
Ақ жауындар,
Ақ мамықтай аппақ қар.
Тамыр жайып тұрған ағаш шөлдегі,
Аман болғай,ақ қайыңды көк бақтар.
1 – жүргізуші:Жан-жануар,
Қыбырлаған тіршілік,
Орман-тоғай,
Теңіз мұхит шалқыған.
Жапан түзде өсіп тұрған бір шыбық,
Аман болғай,ақ айдындар толқыған,-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Запись опубликована 18.12.2012 автором Тілші. Серікова Назерке в рубрике Тәрбие сағаттары.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі