Материалдар / Қоршаған ортаны қорғау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоршаған ортаны қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаны қорғау біздің борышымыз жайлы оқушылардың білімін толықтыру; мәтінге байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену, грамматикалық тапсырмаларды орындауға жаттығу; деңгейлік тапсырмаларды орындау, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданып диалог құру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
1912
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 6 «Б»

Пән атауы: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау біздің борышымыз жайлы оқушылардың білімін толықтыру;

мәтінге байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену, грамматикалық тапсырмаларды орындауға жаттығу; деңгейлік тапсырмаларды орындау, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданып диалог құру;

Күтілетін нәтиже: оқушылар 5 маусым –қоршаған ортаны қорғау күніекенін,онда өткізілетін іс-шаралармен танысады;

Кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, топтық жұмыс, сөздік жұмысы, сенмантикалық карта, «ЖИГСО» әдісі, «Автор орындығы» әдісі, INSERT , рефлексия

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

ресурстар

3 мин

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

а) Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

ә) психологиялық дайындық; бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту


Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып және өзінен алдын айтқан оқушылардың қасиеттерін қайталап айтады.




4 мин

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.


Оқушыларды үлестірмелі қағаздарға тақырыпқа сай жемістердің атаулары арқылы 3 топқа бөлу

І топ: «А»

ІІ топ: «Б»

ІІІ топ: «В»


Оқушылар берілген үлестірмелі қағаздарды алып, шағын топтарға бөлінеді .





интербелсенді тақта,

үлестірмелі қағаздар.


5 мин

Үй тапсырмасын пысықтау


«Кластер» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау

Әр топ өздеріне қатысты «Кластер» әдісі арқылы топтастырады


Флипчарт, маркерлер

15 мин

Негізгі бөлім

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

1. Ой қозғау.

«Қоршаған ортаны қорғау» туралы видеоролигі арқылы тақырыпты ашып, «Кластер» әдісі арқылы түсіндіреді

2 Сөздік жұмысы

3. Жаттығу жұмысы. Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрау.



4. 2-тапсырма

Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау

Оқушылар видеороликтерді көреді, сол бойынша өз ойларын постерге топтастырып жазып, айтып шығады

Жаңа сөздермен танысып, сол бойынша сөйлем құрайды



Берілген тақырып бойынша деңгейлік тапсырмадарды орындайды.

флипчарт, маркерлер

10 мин

Қорытынды

INSERT әдісі арқылы сабақты қорытындылау



Оқушылар «Қоршаған ортаны қорғау» туралы не білген, не үйренгенін жазады

Кітап, интербелсенді тақта, дәптер, қалам

3 мин

Бағалау.


Сабақ барысында тапсырмаларды бағалаумен қатар, мұғалім

топ басшыларын сайлайды.

Топтық бағалау топ мүшелері бағалайды, бағалау парақшалары арқылы

Бағалау парақшалары.


2 мин

Үйге тапсырма

«Қорықтар неге керек?» тақырыбына эссе жазу.


Интернет, кітап

3 мин

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?

  • Бір-біріңе көмектесе алдыңдар ма?


Оқушылар стикерлерге

берілген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.

Түрлі-түсті стикерлер.























































Мерзімі:21.02.17ж 6«г»-сынып

Сабақтың тақырыбы:Қоршаған ортаны қорғау. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша мәлімет беру,Қазақстанның көрікті жерлері,қорықтары,қызыл кітап туралы мәлімет ала отырып,әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту.



Білімділік: оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мағыналық, тұлғалық жағынан өзара байланысын түсіндіре отырып, қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

Дамытушылық: сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу, сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік: мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу. Оқушыларға сабақ барысында адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап

СТО технологиясының элементтері,тірек сызбалар,грамматикалық жұмыс,практикалық.

Сабақтың эпиграфы: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын презентация, интерактивті тақта,мақал-мәтелдер, ведиоролик.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,тарих,география,биология

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысымын қадағалау,кезекшіні бекіту,кабинет тазалығына назар аудару. –Сыныпта кім жоқ?

- Сыныпта......жоқ.

б) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Түрлі түстер арқылы топқа бөлу.

Қоңыр түс – Жер тобы

Көк түс-Аспан тобы

Сары түс –Күн тобы.

II.Үй тапсырмасы: «Мина алаңы» әдісі арқылы тексеру .

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысалы

4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысалы

5. Лепті сөйлем қалай жасалады? Мысалы

6. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не? Мысалы

7.Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?

8. Лепті сөйлем соңына не қойылады?

Ал енді балалар «Хикая картасы» әдісі арқылы үйге берілген «Жер –Ана» әңгімесін бейнелеп шығыңдар.

1.Жер тобы- Әңгіме желісінің суретін ретімен бейнелейді.

2. Аспан тобы- Сол салынған сурет арқылы мазмұндап шығады.

3. Күн тобы- Мәтінге сұрақтар дайындайды.

III. Жаңа сабақ

Ендеше балалар, Жер-Ана бәріміздің анамыз. Онсыз өмір жоқ. Ішетін суымыз, жейтін нанымыз да жердікі. Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады...

1-кезең «Қоршаған орта» туралы ведиоролик көрсету арқылы «Ой қозғау» сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2-кезең Сөздікпен танысу.

3-кезең Мәтінмен жұмыс . 2-тапсырма. Мәтінді оқып шығу.

1топ. Жер. «Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты қандай ?»

2топ. Аспан. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.

3топ. Күн. «Қоршаған ортаны қорғау» постер құрастырыңдар.

4-кезең .Тапсырмалармен жұмыс

Адасқан сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем екенін айтып шығу.Бір сөзге фонетикалық талдау жасау

1топ. Жер.Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта. «Жауаптымыз» сөзіне фотетикалық талдау

2топ. Аспан. Керек ,қандай , қоршаған болу орта. «Қоршаған» сөзіне фотетикалық талдау.

3топ. Күн. Дүнижүзілік, қоршаған қорғаудың, ортаны, күні 5- маусым. «Дүниежүзілік» сөзіне фонетикалық талдау.



5-кезең «Домино әдісі» арқылы мақалдарды аяқта.

1.Жер тобы

1.Жері байдың....,(елі бай)

2.Туған жердің.... (топырағы ыстық)

3.Арманымен ер сұлу, орманымен-....(жер сұлу)

4.Туған жердің күні де ыстық,.... (түні де ыстық)

5. Күте білсең, ..... (жер жомарт)

2. Аспан тобы

  1. Жаңбыр жауса... (жер ырысы.)

2. Батар күннің ... (атар таңы бар.)

3. Қыстағы суық, ... (жаздағы ыстық.)
4. Жаңбырмен ...(жер көгереді.)
5. Қыстың қамын жаз ойла, ...(жаздың қамын қыста ойла.)

3. Күн тобы
1
. Ел іші-....-........ (алтын бесік)
2
. Аң патшасы — ... (арыстан)

3. Көкек өз атын.. .(өзі шақырады.)
4. Ағаш көркі жапырақ,... (адам көркі шүберек.)

5. Жүзден — жүйрік,...( мыңнан — тұлпар)

6-кезең «Жер.Су.Ауа» ойыны. «Жер»дегенде жерде жүретін жануар, жәндіктерді, «Су» дегенде суды мекендейтін жәндіктерді, «Ауа»дегенде құстарды атаулары керек.

7-кезең Жұмбақтар шешу.

Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық:

1.Бар ма, жоқ па ,

оны білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. ( Ауа)

2.Еш жерге тұрақтамайды ,

Ол жоқта жер құрғайды. (Су)

3.Көктемде көгереді.

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста ақ көрпе жамылады. (Жер)

IY. Сабақты бекіту: Ассоцияция жазу. «Қоршаған ортаны қорғау» Табиғат.

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  1. Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?

  2. Бір-біріңе көмектесе алдыңдар ма?

Оқушылар стикерлерге

берілген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.

Түрлі-түсті стикерлер.

Y.Үйге: «Қоршаған ортаны қорғау» деген тақырыпта эссе жазу.
YI. Бағалау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!