400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы тақыбында ғылыми жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады.

Сіздің барлық әлемге немқұрайлы қраған кезіңіз болды ма? Ештеңе істегіңіз, ешқайда барғыңыз келмеген, ешкімді көргіңіз келмеген күндеріңіз болған шығар. Кейде бұл күндердің барлығы біртекті де қызықсыз болып кетеді. Осы кездері өмірге қуанышпен қарайтын, таңда күліп оятатын күш қажет. Менің ойымша бұл күш-шабыт. Әр мұғалім –психолог, ойшыл , кемеңгер, шығармашылық мамандық иесі. Сондықтан ұстаз шабытсыз болмайды. Әр сабаққа дайындалған кезде, әсіресе сабақтан тіс шараларға дайындалғанда , әр түрлі сценарий, баяндама немесе мақала жазғанда шабыттанамын . Мен үшін рухани күштің қайнар бұлағы - жақын жандар. Көңіліме жақын жандардың мейіріміне , сүйіспеншілігіне бөліне отырып шабыттанамын. «Жақсы адамды көргенде- жаның семіреді», - деген мақал тегін айтылмаған. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: « Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Мен оқушыны шабыттандыру үшін, ол оқушыны түсінуге, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Себебі, бір оқушыға «Жарайсың», «Сен дарындысың» «Сен бүгін мені қуанттың» деген сөздер шабыт берер болса, енді бірі «Менен асқан оқушы жоқ» деп, тоқтап қалуы мүмкін. Ондай жағдайда керісінше «Сенің бұдан артыққа шамаң келеді» деген сөздермен мақсатын айқындай, талпындыра түсемін. Әрбір баланың бойында кішкентай болсын жақсылық нәрін тауып, соны ту етіп ұстап, биік адамгершілік құндылықтарға жетелеуге тырысамын. Әрбір сабақтан шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін асыра түсіруге күшімді жұмсаймын.Өз басым, мәдени орындарға бару арқылы, әдеби кітаптарды оқи отырып және де мерекелік іс-шараларға қатысу арқылы, сондай –ақ әріптестерімнің сабақтарына қатыса отырып, тәжірибе алмасудың өзінен де шабыттанамын. Бастаған ісімнің ойдағыдай аяқталғаны да, мен үшін, үлкен шабыт береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсем, нақты шеберлікті, шабытты, қиялды оқушыны шабыттандыра отырып, үлкен тәлім –тәрбие беріп, еліміздің гүлденуіне, болашағына үлкен үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу – тек өзі шабыттана отырып, алдындағы баланың шабыттануына себепкер бола алатын жігерлі, терең ойлы, шеберлі, өз-ісіне берік, еңбекқор ұстаздың қолынан келетін іс деп санаймын. Парасатты ұрпақ тәрбиелеуге барлық күш жігерімді, еңбегімді, алған тәжірибемді барынша жұмсаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2963
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі