Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекеттінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі:Сөйлеуді дамыту дамыту. Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді (ертегі) Мақсаты: ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету. «Г» «к» дыбыстарымен таныстыру: балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту; баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу. .

Іс әрекет кезені


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Жұмбақ жасырады: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.


Алуан түсті аңқыған иісті,
Қырларда олар жаңбырмен өсті.

Жұмбақты тыңдап жауабын айтады.

-Күн.

-Гүл.

Ұйымдастырушы - лық-ізденістік

Бүгін «күн», «гүл» сөздерінің басында тұрған дыбыстармен танысамыз.

- «Күн» сөзі қандай дыбыстан басталады? - «Гүл» сөзі ше?

Бәріміз бірге бірге «күн», «гүл» деп айтайықшы

Дыбыстардың айтылу артикуляциясын көрсетіп түсіндіреді. Бұл екі дыбыста дауыссыз дыбыс, бір біріне ағайынды дыбыстар. –«Г», «к» дыбыстарынан басталатын сөздер айтындаршы.

Мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұрғаның айтыңдаршы. Гүлім, көгім, гүріл, жүгір.

Көлік, көк, өрік ,кесе, кесте.

Сергіту сәті: Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.

-Балаларға орыс халқының «Қорыққанға қос көрінді» ертегісін оқиды.

Қорыққанға қос көрінеді.

Баяғыда әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін тауық және пештін астын мекендейтін тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек, немересінің қолында кішірек шелек, тауықта қиярдың үлкендігіндей, тышқанда оймақтай шелек бар екен. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан,тауық шалшықтан, тышқан торайдың тұяғы кірген жерден алады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп-шолп етеді екен Жол бойындағы бақшада самсап алма ағашы өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын. Оның астында қоян отыратын, бір жолы суға барып қайтып келе жатқанда жел соғып алма ағашының бұтағынан бір алма түсіп қоянның басына тиеді. Қоян ытқып жөнеліп су әкеле жатқандардың аяғына оралады. Сушылар үрейлері ұшып үйлеріне қашады. Әжесі сәкіге құлай кетеді, немересі әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пеш астындағы інге тығылады. Әжесі: «Ойпырмай! Аюдың мені таптап кете жаздағаны ай»-деп сарнайды. Немересі: «Әже бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!» –деп жылайды. Тауық: «Қыт-қыт-қыт!Түлкі мені андып жүр екен, жеп қоя жаздады!»- дейді. Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу мысықтың урейімді ұшырғаны, жаным шығып кете жаздады!»- дейді. Ал бұл кезде зытып орманға келген қоян. «Басыма мұндай қауіп төнбес. Төрт бірдей аңшы соныма түсіп, бәрінің де иті бар зорға қашып құтылып кеттім ау!» -деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дидактикалық ойын: «Белгілі дыбысқа сөз таңда». Әже сөзінде ә дыбысына. Қыз сөзіндегі қ дыбысына. Тауық сөзіндегі т дыбысына.

Балалардын жауабы:


-К-дыбысынан.

-Г-дыбысынан.

Сөзді қайталайды.



Тындайды.






-Гүл, Гүлнар, газет...

- Кесе, күн, көз, күз.....




Қай буында кездесіп тұрғаның айтып отырады.





Әуеннің мазмұнына сәйкес қимылмен жасайды.







Балалар ынта қойып тыңдайды





















Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді......




-Әтеш, әже, әкел....

Қошақан, қаз, қорқақ....

-Тарақ, тоқаш, текемет...

Рефлексия лық-түзетушілік


Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қорыққанда көзіне әр нәрсе елестейтінің білдіңдер. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.

Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: «г», «к» дыбыстарына сөз ойлап табады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орынына қоюға берілген тапсырманы. Түсінеді:Ертегі мазмұнын.

Қолданады: Өз ойларынан ертегі құрастыра білу дағдыларын.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі