400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорықта

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорықта 4 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі


Мұғалімі

Молдабекова Динара Умбеткуловна





  1. тапсырма

Сыныбы

4

Сабақ тақырыбы

Қорықта

Оқу мақсаты

4.3.5.1. қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Тапсырма

Тапсырманың әдістемелік негіздемесі

«Пазл» әдісін пайдаланып ғаламтор желісінен алынған материалдар бойынша тақырыпқа болжам жасаңдар

Жетекші сұрақтар

1.Тақатада берілген материал бойынша,өз ойларыңды айтып, пікір білдіріңдер.

2. Көрген суреттерің бойынша бүгінгі тақырыпты болжап көрейік, не жайлы деп ойлайсыңдар?

Пазл әдісі суреттің әр бір бөлігіндегі сұрағына дұрыс жауап беріп, Қазақстан картасын құрастыруға жетелейді. Бұл әдісті алу себебім, оқу мақсатында көрсетілгендей, ғаламтор желісінен алынған дереккөздерді пайдаланып, білім алушылардың білім, білік, ой ұшқырлығын, түсіну түйсігін, шығармашылық қабілетін,тілдік дағлыларын қалыптастырады. Сонымен қатар білім алушылар қызығушылық танытып , өзара пікір алмасып машықтанады. Көрген суреттерін егжей-тегжей зерттей отырып, болжау жасауға дағдыланады. Білім алушылар бір-біріне сұрақтар қойып, материал бойынша өз ойларын айта білуге,жеткізе білуе жаттығады. Білім алушылар берілген матриалды шынайы өмірмен байланыстыра отырып сөйлем құрауға үйренеді.

Алынған тапсырма оқу мақсатының іс -әрекетіне сәйкес берілген білім алушылар ғаламтордан алынған деректерді өз көзқарастарын дәлелдеуде орынды қолдануға, мысал келтіруге, талдау жасауға мүмкіндік береді. Мәтіннің дереккөздеріне сілтеме жасайды.Олардың қызығушылығы артып,сабақта белсенділік танымы дағдыланады. Ізденімпаз, зерттеушілік қабілеттері арта түсіп,түрлі ақпарат құралдары арқылы қолдана білуге,жаңалық ашуға бағыттайды.

Тапсырманы құрастыруда білім алушылардың жас ерекшелігі ескерілген, мазмұны оқушылардың білім деңгейіне сәйкес құрастырылған.

Сабақтың пәнаралық байланысы география саласына қатысты, термин сөздермен, картамен жұмыс жасай алуды үйренеді.
















  1. тапсырма

Сыныбы

4

Сабақ тақырыбы

Қорықта

Оқу мақсаты

4.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Тапсырма

Тапсырманың әдістемелік негіздемесі

«Молекула» әдісі арқылы анық айтылған сөзді тыңдап, (тірек сөздер)пайдаланып, нақтылау сұрақтар арқылы қысқаша жазба жұмысын орындаңыз

1

1948

ағылшын ғалымы

«Табиғатты қорғау » одағы

бар

2

«Қазақстанның Қызыл кітабы»

бірінші рет

1978 жылы

ұсынды

3

«Қызыл кітап» атауын

өсімдіктердің

Питер Скотт

тіркелген

4

Қазақстан

құстардың

жануарлар туралы

құрылды

5

Одақ

жылы

307 түрі

шықты.

6

«Қызыл кітапқа»

алғаш рет

489 түрі

кітап шығарды.


Молекула әдісі шашыраңқы тірек сөздер пайдаланып, қысқаша жазба жұмысын орындау. Осы әдіс арқылы оқу мақсатында сәйкес,тірек сөздер арқылы қысқаша жұмыс жазу барысында, білім алушылар сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, шығармашылық жұмысқа дағдыланады.Олардың білім, білік, ой ұшқырлығы, түсіну түйсігін, функционалдық сауаттылығын дамытады,тілдік дағлыларын қалыптастырады. Нақты әрі анық айтылған сөздерді мұқият тыңдауға үйренеді. Сонымен қатар білім алушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, жазба жұмысын сауатты орындауға машықтанады. Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында ізденісте болуға, тыңғылықты зерттеуге , дәлел мен дәйек келтіруе дағдыланады. Білім алушылар жазба жұмысын орфорафиялық нормаға сай жазуға үйрене отырып, жүйелі жазуға машықтанады. Білім алушылар тірек сөздерді шынайы өмірмен байланыстырып сөйлем құрауға жаттығады.

Алынған тапсырма оқу мақсатының іс -әрекетіне сәйкес берілді білім алушылар тыңдалған, анық айтылған тірек сөздердің мағынасын түсіне отырып,дұрыс сөйлем құрап, қысқаша жазба жұмысын орындауға бағытталады.

Тапсырманы беруде білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып , тапсырма мазмұны оқушылардың білім деңгейіне сәйкес құрастырылған.

Сабақтың пәнаралық байланысы география саласына қатысты, термин сөздермен, картамен жұмыс жасап,тақырыпты ашады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.02.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі