Материалдар / "Қорықтар" .
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қорықтар" .

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. "Қорықтар" . Қазақстан Республикасында кездесітін қорықтар туралы толық мәлімет беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
725
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ. «Қорықтар»

«Адамның табиғатсыз күні жоқ,

 Табиғаттың оны айтар тілі жоқ,»

-       деп ақын жырлағандай, адам да - табиғаттың баласы.

-Сендер қалай ойлайсыңдар, табиғаттың сулулығы неге байланысты?

- Адам қалай туған табиғатына көмектеседі?(Адамдар торғай отырғызып, айналаны когалдандырады, қоқыстардан тазартады, жануарларға қамқор болады.

-Ал адам үнемі табиғатқа көмектеседі?

-Адам табиғатқа қатігез бола ма?

-Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер қалай қорғалады?

-Неге Қызыл Кітап деп атаған?

-Қандай өсімдіктер мен жануарлар осы кітапқа тіркелген.

-Реликті деген сөз нені білдіреді?

-       Қорық – дегеніміз не? (Қорық –ол табиғат өз зандылықтармен тірішілк ете алатын қорғалған мемлекеттік орын. Мұнда жануарлар, құстар және тіпті насекомдар мемлекеттің қарамағында. Қорықта адамдарға гүлдерді жұлуға, жидектерді жинауға,балық аулауға, жанураларды ұстауға тиім салынады.)

-Қорықтарға кімдер жұмыс істеді?(Ғалымдар, күзетшілер, және экскурсияға келген келушілерге болады.)

-Қазақстанда неше қорық бар?(10 қорық)

-Олай болса біз бүгін қорықтарға саяхатқа шығамыз. Дайын болсақ, жолға шығайық.(Автобустың дауысы)


  1. «Ақсу-Жабағалы қорығы»

1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда арқар,елік, қарақұйрық, борсық, ілбіс,бұғы, ала мысығы қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.

2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Құстардан ұларкезеген торғайшауқарғақозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырыменжорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрібалықтың 2 түрі бар екені есепке алынды.

«Сәйкестікті тап» ойыны:

Оқушыларға бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің 10 суреттері соны тауып, артығын алып тастау беріледі.

Келесі тамаша жерге келіп жеттік

2.«Батыс Алтай қорығы»

1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, ХолзунКөксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрікездеседі. Өсімдіктерден марал отыалтын тамыр, жануарлардан бұлғынаюқұндызсусарборша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

«Жануарды құрастыр» тапсырмасы:

Аю мен құндызыдың шашыранқы қиықтарынан толық суретті құрастыру.

Әрі қарай:

3.«Қорғалжың қорығы»

1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суырдала алақоржынысу егеуқұйрығықосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі ұя салады. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз,бұйра бір қазандар ұя салады. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген..

  • «Жұмбақтар шешу» тапсырмасы:

4. «Марқакөл қорығы»

1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегіАзутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Оны «Қазақстанның маржаны» деп атаған.Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аюсілеусінбұғыарқарқасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

  • «Сөзжұмбақты шеш» тапсырмасы

5. «Наурызым қорығы»

1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзенақкіс кездеседі. кездеседі. Аппақ қардай аққулар –қорық символы.

  • «Фенологиялық бақылаудан үзінді» видеосы көрсетіледі.

6. «Алматы қорығы»

1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан(биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Шыршалы орманда бұғыелікТянь- Шань сілеусінібарысборсықтүлкіқасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиінсасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұларкекілік,бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

  • «Анаграмма» тапсырмасы:

7. «Үстірт қорығы»

Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді.

  • «Сиқырлы жәшік» тапсырмасы.

8. «Барсакелмес қорығы»

Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).

  • «Мақал-мәтелдер» жалғасын тап:

9. «Алакөл қорығы»

1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликті шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.

  • «Құстар шырқайды»тапсырмасы:

Аққу,шағала, қаз, тырна дыбыстарын шешу керек.

10. «Қаратау қорығы»

2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омыртқалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь-шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!