Қорытынды ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қорытынды ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру дағдысы: «Қатынас» «Таным» «Шығармашылық»

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қорытынды оқу іс-әрекеті.

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.

Әдісі: Дидактикалық ойындар «Кім тапқыр», «Кім білгіш», «Тәртіпті сандар», , сергіту сәті, ,көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.

Көрнекілігі: Кубик, сандар,әріптер ,карточкалар.

 Түрі: Өткен сабақтарды пысықтау

 Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Балалар бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.

Күндегі оқу іс-әрекетімізден ерекшелігі сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Ол үшін екі топқа бөлініп отырамыз.

Енді топтарымыз аты және ұранымен таныстырып өтсін.

І-топ:

Топтың аты – «Сұңқар»
Ұраны:

Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ:

Топтың аты- Қыран
Ұраны:

Қыран қалықтап самғайды
Қыранның қанаты талмайды .

 Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріліп отырады. Оқу қызметінің соныңда қай топта жұлдыз саны басым сол топ жеңіске жетеді.

Хат келеді:

 І-хатқалта

 «Кім тапқыр» Сұрақ-жауап бөлімі.

1)Жыл мезгілдерін білеміз бе?

 Қандай?

 2)Бір жылда неше ай бар?

3)Қазір жылдың қай мезгілі?

 4)Көктем мезгілінің айларын білеміз бе?

 5)Бір аптада неше күн бар?

 Бүгін аптаның қай күні?

6)Қазақ альфавитінде қанша әріп бар?

7)Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 Қандай-қандай?

 8)Дыбыстарды не істейміз?

 9)Әріптерді ше?

10)Әріптерден не құраймыз?

 11)Буындардан не құраймыз?

 12)Сөзден не құраймыз?

 

 ІІ-хатқалта

 «Кім білгіш ойыны?» Тақтадан әріптер көрсетіледі, балалар текшені көтеру арқылы дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. -Дауысты дыбыстарға қызыл текше. -Дауыссыз дыбыстарға көк текше көтеру арқылы ажыратады.Көрсетілген әріптермен сөз құрастыру. « Сиқырлы әріптер» ойыны.

Кубикті лақтырып, қандай әріп түссе сол әріптен басталатын сөз ойлап, сөйлем құрастырып буынға бөлуіңіз керек.

 ІІІ-хатқалта. «Сандарды рет-ретімен қойып шығу» І-ші топқа:1ден10ға дейін сандарды қойып шығу:II-ші топқа 10-нан 1 ге дейін кері қойып шығу.

Берілген тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті.

Бойыңды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын

Ойын(Таным,шығармашылық)

Екі топтан бір баладан шығып ойнайды.

Ойынның шарты:Үстелдің үстінде тұрған сандарға конструктордың көмегімен қандай сан болса сонша конструкторды жылдам қойып шығу керек .Қай топтығ баласы жылдам әрі дұрыс ойын шартын орындаса сол топ жеңімпаз болады.

Күтілетін нәтиже:

-Берілген тапсырмаларды орындайды.

-Ойын шарттарын ұғынып, түсінеді.

-Жыл бойы алған білімдерін көрсете алады.

Бағалау: Екі топтың жұлдызшаларын санап жеңімпазды анықтау.
-Балалар, сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар.



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі