Материалдар / Қорытынды ашық сабақ "Теңіз әлеміне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қорытынды ашық сабақ "Теңіз әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған Қорытынды Іс-әрекет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2024
344
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Теңіз әлеміне саяхат»


Мақсаты: Су асты әлемінің тұрғындары туралы білімдерін тереңдету.Әртүрлі техникалық және көркемдік дағдыларды меңгерту.Ой қиялын дамыта отырып шығармашылыққа баулу .Табиғатты сүюге және қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету ,ойын,әңгімелесу, түсіндіру, дәстүрлі емес әдістерді қолдану.

Іс-әрекеттің көрнекіліктері: Теңіздің дыбысы, теңіз балықтары мен жануарларының суреттері-А4 форматта, Құм, Түрлі-түсті карандаш, балықтар, ыдыстарда су, глобус, дүрбі.

Тәрбиеші

Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Әдепті елдің баласы сәлем береді , демекші алдымен сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері

Әуен қосылады, балалар әуенмен қосылып қайталайды.

Тәрбиеші

Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Жақсы.

-Балалар мына үстелде қандай зат жатыр?

Рисунок 1

Балалар

Глобус

Тәрбиеші:

Иә, балалар бұл глобус. Глобус дегеніміз жер шарының кішірейтілген нұсқасы.

Бұл жерде берілген көк түстер ол жерде «су» дегенді білдіреді. Ал балалар айтыңдаршы судың адам өмірінде пайдасы қандай?

Балалар: Суды ішеміз, қолымызды жуамыз, анамыз дәмді тағамдар жасайды, бізді шомылдырады

Тәрбиеші: Әрине, дұрыс айтасыңдар балалар! «Су тіршілік көзі» судың адам өмірінде алатын орны өте зор екен.

Тәрбиеші: Балалар судың түсі қандай?

Тәрбиеші: Қазір балалар біз бір тәжірбие жасайық? «Судың түсі қандай?»

Қолымызда тұрған ыдысқа назар аударайық, енді сол суға өздерің қалаған түсті салып араластырасыңдар. Судың түсі өзгердіме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Көрдіңдерме балалар су түссіз, мөлдір, егер оған қандайда бір бояуды араластырсақ судың түсі өзгереді екен. Ал, енді екінші тәжірбиеміз «Судың пішіні барма?»

Мен қолымда тұрған суды екі ыдысқа бөліп құйдым қолымда тұрған судың пішіні қандай болды?

Балалар: Төртбұрыш, шеңбер

Тәрбиеші: Иә, бұл тәжірбиемізден шығатын қорытынды: Судың пішіні жоқ ол шексіз бірақ, оны қандайда бір ыдысқа құятын болсақ сол ыдыстың көлемін алады екен.

Тәрбиеші: Балалар бұл менің қолымда тұрған не?

Балалар: Ақ парақ

Тәрбиеші: Иә, бұл қағазда не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Ештеңе жоқ

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, менің қолымда тұрған қағазда ештеңе жоқ, бірақ қазір мен оны мына тұрған сиқырлы суыммен боясам бір сурет пайда болады.

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Балық

Тәрбиеші: Қағазымыздың артында жасырынып тұрған балық екен балалар.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Теңіз әлеміне саяхат» және ол жерде мекен ететін жануарлармен таныс боламыз.

Балалар қалай ойлайсыздар біз теңізге саяхатқа қандай көлік түрімен шықсақ екен? Суда жүретін көлік түрлерін атайықшы

Балалар: Кеме, қайық, Су көліктері.

Тәрбиеші: балалар мен сендерге бүгін саяхатымызға кеме мен жүзуді ұсынбақшымын. Олай болса бәріміз кемеге отырып саяхатқа шығуға дайындалайық.

- Балалар, біз қандай жерге саяхатқа шығатынымызды көріп алайық. Мен кеме капитаны боламын, ал сендер зерттеуші боласыңдар. Қане, өз орындарыңа жайғасыңдар.

- Балалар қараңдаршы! Белгісіз аралға келіппіз, жан-жағымызға қарайықшы, аралды толқыған су қоршап жатыр, енді осы аралға түсіп көрейік.

- Балалар, қараңдаршы, мынау кай теңіз жануары?

- Ия, дельфиндер кейде тұмсығымен соғып, акуланы да өлтіріп қоятын кездері болады. Аккуланың өзі де дельфиннен қорқатын сәттері жиі кездеседі.

- Делфин туралы не білесіңдер?

- Ал аккула туралы не білесіңдер?

- Аккуланың салмағы 14 тоннаға дейін барады, ал денесінің ұзындығы 15 -20 м дейін болады екен.

- Су патшалығындағы ен үлкен қандай жануар?

- Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік?

- Балалар сегізаяқ су астында баяу қозғалады. Бір қызығы сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса, ол дереу ұйқыға батады.

- Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік?

- Теңіз жұлдызшаларының денесі былқылдақ, бірақ ұстаған кезде қап-қатты болып қалады. Олардың үстіңгі жағын төмпешіктер, тікенектер, қысқа қылтанақтар жапқан.

- Теңіз жұлдызшасы туралы не білісіндер?

- Балалар, сендер өздеріңе таныс жануарлар мен жәндіктерді танып, атын атадыңдар.

- Су астында тағы да көптеген жәндіктер кездеседі - теңіз тасбақасы, теңіз аты, медуза, теңіз шаяны. Олар туралы келесі жолы танысамыз.

- Ал, балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, бойларымызды сергітіп, жаттығу жасап алайық.

Сергіту сәті: «Бала балық» әуені қосылады балалар қимылдарды қайталайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл жерде хат бар екен мен сендерге хатты алып оқып берейін.

«Сәлеметсіңдер ме? Құрметті жас саяхатшылар біздің таңғажайып мекенімізге қош келдіңдер! Бұл саяхат сендерге өте қызықты болатынына сенімдімін, және бізге өте ақылды, білімді балалар келетінін естіп көптеген тапсырмалар дайындадық. Сол тапсырмаларды мұқият жақсы орындайтын болсаңдар өздеріңе арналған сыйлықтарымызда бар. Балалар сендерге сәттілік!!!»

Тәрбиеші: Келіңдер балалар мына жерде жатқан балықтарды алып әр аймаққа бөлінейік.

1-топ тапсырма: «Түстерді сәйкестендіру»

«Балықтардың жеткіліксіз дене мүшесін толықтыру»

Рисунок 6 Рисунок 7

2-топ тапсырма: «Құм терапиясы»

Балалар құмнан балық мүсінін жасау.

3-топ тапсырма. «Сурет бояу»

4-топ тапсырма: «Балық аулау»

5-топ тапсырма: «Жұмсақ ойыншық»

Балалар өз қолдарымен жұмсақ ойыншық жасайды.

Рисунок 11

Саусақ жаттығуы «Балық»

Тұп-тұнық мөлдір суда,

Балық жүзіп жүр екен.

Біресе керіледі,біресе жиырылады,

Біресе құмға тығылады.

Тәрбиеші: Балалар сендер «Су ханшайымын» көріп тұрсыңдар ма?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Жүріңдер ендеше «Су ханшайымына» барайық

Су ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме! Балалар! Теңіз әлеміне қош келдіңдер!

Бұл жер сендерге ұнады ма? Бұл жерде қандай жануарлармен таныс болдыңдар?

Балалар: Иә, Дельфин, Аккула, Жұлдызқұрт, сегізаяқ.

Су ханшайымы: Жарайсыңдар, біз дайындаған тапсырмалар сендерге ұнады ма?

Балалар: Әрине.

Су ханшайымы: Балалар сендер тапсыраны өте жақсы орындадыңдар сол себепті уәде еткендей сендерге сыйлықтарымды таратайын.

Тәрбиеші: Рақмет сізге су ханшайымы! Енді біз өз бөбекжайымызға оралайық, келесі кездескенше, Сау болыңыз! Балалар жүріңдер кемемізге жайғасайық!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!