Қорытынды атесттау жинағы Эссе тапсырмалары 9-сынып қазақ тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорытынды атесттау жинағы Эссе тапсырмалары 9-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ
ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
Әдістемелік жинақ

Шымкент – 2022

2

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

КБЖ 74.268.0
Т50

Әдістемелік жинақ Шымкент қаласының әдістемелік орталығының сараптамалық кеңесінде
баспаға ұсынылған, №4 хаттама 12.12.2021 ж.
Жалпы редакциясын басқарған: Айтбаева Ш.С.
Авторлар ұжымы: Бейсетаева Б., Салыбекова Б., Мауленова Б., Ирбаева Н., Донаева Б.,
Кабашева К., Маханова Э., Наркулова Д., Юлдашева Г., Бахрамова М., Шокеманов Е.,
мырзанова а., Сырымбаева Н.

9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларының
Т50 жинағы І бөлім:әдістемелік жинақ / жалпы ред. басқарған Ш.С. Айтбаева. – Шымкент :
Шымкент қаласының әдістемелік орталығы, 2022. – 94 б.

Жинаққа 9-сынып бітірушілері емтихан тапсыратын міндетті (қазақ тілі, орыс тілі, өзбек
тілі, алгебра) пәндерден үлгі тапсырмалар енгізілген.
Жинақ пән мұғалімдері мен 9-сынып оқушыларына арналған.

КБЖ 74.268.0
© Шымкент қаласының
әдістемелік орталығы, 2022

3

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

КІРІСПЕ
Қорытынды аттестаттау – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемінмеңгеру
дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс.
2019-2020 оқу жылынан бастап негізгі орта мектеп бітіруші түлектер үшін
қорытынды аттестаудың форматы өзгерді. Себебі 9-сыныпты бітіруші түлектер 7сыныптан бастап үш жыл бойы жаңартылған оқу бағдарламасымен білім алып
және оқудағы жетістіктері критериалды жүйеде бағаланып келеді. Орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім
алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
бұйрығына өзгерістер мен мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда: 9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау
мынадай нысандарда өткізіледі:
1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс
(эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары
үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ
тілімен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын
сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан
тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын,
француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
Қала мектептерінің шығармашыл мұғалімдері әзірлеген 9-сыныпқа арналған
қорытынды аттестаттау тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері міндетті
қазақ тілі, орыс тілі, өзбек тілі, алгебра пәндері бойынша оқыту тілі бөлінісінде
(қазақ, орыс, өзбек тілдерінде) үлгі тапсырмаларын қамтиды. Ұсынылып отырған
жинақтағы үлгі тапсырмалар мен нұсқалардың негізінде мұғалімдер өздерінің
оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауына болады.

4

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі жалпы орта білім беретін мектептерге)
Нұсқа №1
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Тәуелсіздік шежіресі
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің
біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз
бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас
мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады .
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге
жаңа мемлекет — Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді.
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына
шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз
қолымызда. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі
ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Кең — байтақ
жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір
сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бүгінгі бейбіт те
шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның
бағыты болуы тиіс. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары
болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін.
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Тәуелсіздік-Бабалар аманаты
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік
– таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз
тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етекжеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл - атадан
келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған
еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен
экономикасы болды. Іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі
үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы
деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі.
Бүгінгі бабадан қалған бай өлке - аталар аманаты. Арысы қазақ хандығынан
бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан
атадан тараған ұрпақтың парызы - осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің
керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту - әрбір ұрпақтың
міндеті. Қазақта «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ
құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ

5

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс.
Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
Тапсырма.
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Тәуелсіз елді әлемге
танытудағы жастардың үлесі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі
100-150 сөз болуы қажет.
[20]

6

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі жалпы орта білім беретін мектептерге)
Нұсқа №2
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Экологиясыз болашақ – келешегі кемел болашақ
«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен болған
сұхбат.
– Бүгінде сіз басқарып отырған «Табиғат» экологиялық одағы қандай ісшара атқарып жатыр?
– Табиғатты қорғау бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Біз мәселені
көтерген кезде, бүгіннен бастап келер ұрпаққа не қалдыратынымызды, қалай
жасау керек, не істеу керек екенін және оны шешу жолдарын да бірге ұсынамыз.
Сондықтан табиғи байлығымызды қорғап қалу үшін бақылап отыратын бекеттер
аштық. Іске қосылғанына көп болмаса да, төңірегінде тұратын азаматтар тек
алғыстарын білдіруде.
Шарында біздің ұсынысымызбен ұлттық саябақ құрылды. «Медеудің»
маңынан «Жас жұбайлар» паркін де аштық. Балқаш атом стансасынан шығатын
қалдықтың адам денсаулығына тигізер зиянын дәлелдеп, өнеркәсіп жұмысын
біржолата тоқтаттық.
– Еліміздің экологиясын жақсарту үшін не істеу керек?
– Біріншіден, Заң жағы реттелу керек. Ең бастысы, қаражат, ынта, тәрбие
болса, біраз мәселе шешіледі. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, көктем
мезгілінде ағаш егуді әдетке айналдыру керек. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты қорғау - әрбір азаматтың
парызы екенін үнемі естен шығармауымыз тиіс.
Елдос Өмірзақұлы.
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Қазақстанның экологиялық мәселелері
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы
(2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан
астам адамды құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр:
бейбітшілікті және табиғатты қорғау - екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» деп белгілі жазушы Л.Леонов айтқандай, Қазақстандағы қалыптасқан
экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.
Қазақстандағы экологиялық аймақтар:
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен
ластануы. Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы
уылдырықтың 95%-ын береді де, оның табысы 10 млн. долларды құрайды.
Бекірені шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның
санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы
керек.

7

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған шығыс
облыстары жатады. Онда ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық
комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік
қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған (қалалық) территориядағы
атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы (біртіндеп
нашарлап тозуы), ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
Тапсырма.
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты таза
болашақты қалай жасауға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз
көлемі 100-150 сөз болуы қажет.
[20]

8

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі жалпы орта білім беретін мектептерге)
Нұсқа №3
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
«Қызыл кітап» - табиғат қорғау негізі
Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» — халықаралық
дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не
жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар
мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Кітаптың беттері әртүрлі түстен тұрады. Қара
беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез
азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері
көрсетілген.
Қазақстанда бұл кітап 3 рет басылып, соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта
құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде:
ақбөкен, гепард, арқар, барыс, бұғы және қарақұйрық т.б.бар.
Қызыл түс қауіптілікті білдіреді. Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға
шешім қабылданды. Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам
болғандықтан, қоршаған орта мен табиғатқа баса назар аударуымыз қажет.
«Қызыл кітап» - табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен
тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Онда жойылу қаупі бар түрлердің
тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер
жазылған.
«Қазақстанның қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол
жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Ә мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Табиғатты сақтау – болашақты сақтау
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау
бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде
дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда.Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде
мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің
алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде
Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл
шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі»
комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына
тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың
еш қиянаты жоқ,» - деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат
жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше, заңсыз аң аулаушылар «Қызыл
кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше
қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.

9

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарларға, құстар мен
өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер
оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы,
елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы
болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің қызылдығы өзінің соры»
дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң болмасын, өзінің бір
артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің
немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер
шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал
денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер
біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты
қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты
жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза
қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін.
Тапсырма:
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл кітап»
қорғаған аң-құстарды біз қорғай алмаймыз ба?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.
[20]

10

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі гуманитарлық бағыттағы
гимназия сыныптары үшін)
Нұсқа №1
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Тәуелсіздік - Тұғырым
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осыдан 30 жыл бұрын аса күрделі геосаяси
жағдайда Тәуелсіздікті жариялады.
«Артық жолдас таппадым татулықтан» деп халқымыздың ұлы перзенті хакім
Абай айтқандай, Қазақстан қоғамының ынтымағы мен бірлігі біздің
мемлекеттілігіміздің негізгі ұстанымына айналды. Тәуелсіздікке қол жеткізу
арқылы тарихымыз бен мәдениетімізді жаңғырттық, экономикамызды өркендетіп,
қуатты мемлекет қалыптастырдық. Қазақстанның биік белестерді бағындырып
келе жатқан әр қадамы, табысы мен жеңісі – Тәуелсіздіктің арқасы.
Ұлы мақсаттарды көздеген халқымыздың жарқын болашағы жолында айқын
мақсаттар қойылып, жасампаз істер атқарылуда. Бүгінде қайта жаңғырған
мәдениетіміз бен руханиятымыз жаңа арнаға бет бұрды. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы - халқымыздың тамыры терең мұрасын ұлықтаған төл тарихымызға
жаңа тыныс беретін бірегей бастама. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласы - «Дала өркениетінің» әлем тарихындағы маңызы және оның адамзат
өркениетіне ұсынған құндылықтары көрсетілген бірегей құжат.
Ұлы даланың сан ғасырлық ұлағаты ұлт тарихын жалғастырушы келешек
буын өкілдерінің ертеңіне жол ашатынына күмән жоқ.
30 жыл ішінде мемлекеттігіміздің мықты іргетасы қалыптасты, Қазақстан
әлемдік қауымдастықтағы беделі жоғары мемлекетке айналды.
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерді одан әрі нығайту үшін
халқымыздың көкейіндегі өзекті мәселелерге назар аударылуда. Халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартудың маңыздылығы қазіргі әлемдік ахуалдың
шиеленіскен тұсында аса өзекті мәселе.
Ұлы даланың сан ғасырлық ұлағаты ұлт тарихын жалғастырушы келешек
буын өкілдерінің ертеңіне жол ашатынына күмән жоқ.
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
Исраил САПАРБАЙ, ақын-сазгер, драмматург:
Біздің ата-бабаларымыздың қолы жетпеген егемендікке біздің қолымыз
жетті. Осы үшін шүкірлік айтуға тиіспіз.
Тәуелсіздік бұл – әрбіріміз үшін қасиетті ұғым. Біз бақытты ұрпақпыз.
Өйткені, біздің ата-бабаларымыз, келешек ұрпақ үшін деп, яғни мына сіз бен біз
үшін елімізді, жерімізді қорғау жолында қасық қаны қалғанша аянбай күресті.
Кезінде сонау зар заман ақындары мен жыраулары еркіндікті, теңдікті аңсап
жырға қосты. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті арта түсері
сөзсіз. Тәуелсіздік - бізге Алланың берген ең үлкен сыйы.

11

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, филология ғылымдарының докторы,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе еді! Ол Егемен ел болам деген қазақтың арманы.
Әлем назары Тәуелсіз атанған Қазақстан мемлекетіне ауды. «Қазақтың бүкіл
тарихы – бірігу тарихы» – деп Елбасымыз қадап айтқандай, Егемендік,
Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани
тірегіне айналды.
Қазір кез-келген елге барғанда аяғыңды нық басып, сол елдің шекарасынан
жалтақтамай ары өтесің, бері өтесің. Өйткені сен қазақ елінің өкілісің, Қазақстан
азаматысың! Төбеңде желбіреген көк туың бар, жүрегіңнің тұсында бойыңды
қуаттандыратын Әнұраның бар. Сен Тәуелсіз елдің тумасысың, егемен елдің
азаматысың.
Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ, «Қазақ үні» газетінің тұрақты оқырманы әрі
авторы:
Тәуелсіздік – әрбір азаматтан туған мемлекетімізді аялауды және қорғауды,
біздің халқымыздан мызғымас бірлікті, шабытты еңбекті және болашаққа сенімді
талап етеді. Тәуелсіздік болашаққа сеніміміз біздің дамуымызды қамтамасыз
етеді.
Қазақстанды дамыған, инновациялы, берекелі елге айналдыру –
жалпыхалықтық мақсат-мұрат! Өз басым осы мүддеге жетуге бізге ештеңе кедергі
бола алмайтынына нық сенемін.
Бүгінгі таңда біздің еліміздің тағдыры біздің ұлттық сана сезімімізге,
отаншылдығымызға, болашаққа деген сенімімізге байланысты. Біз Отан үшін
аянбай еңбек етуіміз керек деп білемін. Сенімсіздікке бой алдырмай, керісінше
«жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мүмкіндіктерімізді біріктіріп батыл түрде
алға жылжуымыз керек. Сонда ғана жеңіске жетеміз!
Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын
жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.
Эссе үшін тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Тәуелсіздік - тәу етер
жалғыз кие» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 150-200 сөз
болуы қажет.
[20]
Мақала үшін тапсырма
Тәуелсіздіктің тарихын және оның маңызын түсіндіру мақсатында сізге
«Тәуелсіз елдің тұғыры биік» деген тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Екі
мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып мақала мәтінін жазыңыз. Сөз
көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]
Әңгіме үшін тапсырма
Сіз Тәуелсіздік күніне арналған қала көлеміндегі мерекелік іс-шараның
куәсі болдыңыз. Жоғары деңгейде өткізілген кештен өзіңіздің алған әсеріңізді
бөлісе отырып, «Аңсатып жеткен азаттық таңы» тақырыбында әңгіме жазыңыз.
Сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]

12

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі гуманитарлық бағыттағы
гимназия сыныптары үшін)
Нұсқа №2
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Қазақстандағы туризм
Қазақстан экономикасының дені қара алтынға, яғни мұнайға байланған.
Қазіргі таңда мұнайдың бағасы бірде өсіп, бірде төмендеуде. Бұл тұрғыда,
«Еліміздің экономикасын тұрақты ұстап, оны көтеру үшін басқа саланы да
дамытып, соған басымдық беру қажет», - деген сарапшылардың пікіріне
толыққанды келісуге болады.
Қазақстан үшін ең ұтымды шешім – туризм саласын дамыту. Алайда бұл
мәселеге толыққанды көңіл бөлінбей келеді. Әлем бойынша туризм саласында
жақсы дамыған елдер қатары көп. Олардың көшін бастап тұрған - Түркия, Араб
Әмірліктері, Египет, Тайланд, Үндістан елдері. Жыл сайын аталған елдерге
туристер ағылып барып жатады.
Ал Қазақстанға ше? Біздің елімізге келетін туристер саны бұл елдермен
салыстыруға келмейді. Еліміздегі демалыс орындарынан шетелдік қонақтар емес,
өзіміздің қазақ азаматтарының көпшілігі амалсыздан келетіндей. Барлығының
арманы - шетелге шығу, мысалы, Гаваи, Маями аралдарында демалу, Түркияға
барып, Қара теңізге шомылу.
Қазіргі таңда көпшіліктің айтатыны: «Бурабайға демалуға барғанша,
Түркияға барған дұрыс, екеуіне де бірдей қаражат жұмсалады,» - дейді. Мұндай
пікірлер еліміздегі демалыс орындарының бағасының тым шарықтап кеткендігіне
дәлел бола алады.
Қазақстанда туристік агенттіктердің саны 600-ден астам. Алайда олардың
басым көпшілігі қазақстандықтардың шетелге саяхаттау жоспарын жасаса, тек
14,5%-ы ғана елімізге келетін туристермен айналысады. Біздің елімізге келетін
шетелдіктердің көбі іссапармен ғана келеді екен.
Қазақстанға келетін туристерден түсетін пайда жалпы туризмнің 3%-ын ғана
құрайды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өзге елдерде бұл көрсеткіш 50%ға дейін жетіп отырады.
Елімізде туризмнің инфрақұрылымы өз дәрежесінде жасалмаған. Еліміздегі
жол мәселесі сын көтермейді. Осы жолдармен жүрген турист екінші рет
Қазақстанға оралғысы келетіндігіне үлкен күмән туғызуға болады.
Демалыс орындарындағы қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасы да тым
төмен. Қызметкерлердің басым көпшілігі ағылшын тілін меңгермегендіктен,
шетелден келген қонақтарға қызмет көрсету қиынға соғады. Өздерінің ойын
дұрыс жеткізе алмаған туристер екінші рет бұл жерге келуге зауқы да соқпасы
анық...
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді

13

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтың
БАҚ тілшісіне берген сұхбаты.
— Қайрат Серікұлы, еліміздегі туристік саланың жалпы беталысы қандай?
Биылбұл салада қандай өзгерістер болады?
— Туризм - көптеген елдерде басымдыққа ие сала. 2030 жылы 1,8 млрд. адам
ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады.
Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем жұртшылығы Қазақстанда
демалу мүмкіндіктері жайлы, туризмнің алуан түрлері бойынша қандай
мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы енді ғана
біліп жатыр. Қазақстанда динамика жақсы. Келушілер туризмі бойынша,орта
есеппен, жыл сайын 10%-ға өсіп келеміз. Біздің азаматтарымыз барынша көбірек
Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда
өткізуге ниетті адамдар саны көбеюде. Шетелге жылына үш рет шыға алатын
адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді.
Туризм салалары туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және
саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Біздің елде эко және
этнотуризм 46%-ға дейін артуда.
— Эко және этнотуризм бойынша, жеткілікті дамыған, шетелдік
келушілерарасында барынша сұранысқа ие қандай бағыттарды атап өте
аласыз?
— Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі — Алматы өңірі. Бұл өңірде ең
көп туристерді қабылдайтын «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны
«Жетісу» деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, «Көлсай» көлін, «Қайыңды»
көлін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда
туристер көптеп келеді. Щучинск–Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор.
Бурабайға бүгінде туристер көптеп тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді.
Бірақ оның элементтері бар: адамдар табиғатта демалу үшін атқа мініп, қымыз
ішу үшін келеді.
Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын
жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.
Эссе үшін тапсырма:
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Қазақ жеріне
туристердітартудың жолдары қандай?»деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі
сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]
Мақала үшін тапсырма:
Бүкіләлемдік туризм күніне орай, сізге БАҚ-қа «Қазақстандағы туризм және
экология» деген тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен
өз пікіріңізді пайдаланып мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы
қажет.
[20]
Әңгіме үшін тапсырма:
Еліміздегі демалыс орындарына шетелдік қонақтар емес, өзіміздің қазақ
азаматтарының көпшілігі амалсыздан келетіндей. Барлығының арманы - шетелге
шығу. Аталған мәселені негізге алып, туризм туралы әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі
150-200 сөз болуы қажет.
[20]

14

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі гуманитарлық бағыттағы
гимназия сыныптары үшін)
Нұсқа №3
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Отбасы құндылығы – ұлт болашағының негізі
Халқымыздың тамыры тереңге кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе
жатқан рухани байлықтарының бірі - отбасы құндылықтары. Отбасы құндылығы
қай кезеңде де, қай мемлекетте де саясаттың ең маңызды бөлігі болған.
Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі. Бұл - адам баласы үшін қастерлі
ұғым. Елге, жерге деген сүйіспеншілік, барлық асыл қасиеттер отбасынан
басталады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына
деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға
ерекше көңіл аударып келеді.
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында
көптеген шаралар атқарылды. Бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да
білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясаттың нәтижесінде ана
мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау
стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай
жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда, көп балалы отбасыларды әлеуметтік
қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып,
көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Бұл мақсаттарға тек 2019 жылғы республикалық бюджеттен 193,7 млрд.
теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15 пайызға артып келе
жатыр.
Көп балалы отбасыларын насихаттау, оларға қолдау көрсету Қызылорда
облысында ерекше қолға алынған. Бала туу көрсеткіші бойынша, Сыр өңірі
республикада 4-орында тұр. Облыстағы 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27
мыңдайы - Батыр Ана. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен»
алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы - «Алтын алқа»,13 мыңдайы
«Күміс алқа» иегері.
Осындай отбасыларын таныту, отбасы құндылығын насихаттау – жастарға
үлгі, өнеге берудің үздік үлгісі. 2014 жылдан бері дәстүрлі ұйымдастырылып
жүрген «Мерейлі отбасы» байқауы да осы мақсатты көздейді.
Отбасы құндылығын дәріптеудің ұлттың демографиялық өсіміне де оң әсері
бар.
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
Парламент Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли
Бектаевпен сұхбат.

15

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

– Қазіргі таңда отбасы құндылықтарының төмендеп бара жатқандығы
жиі айтылады. Сіздің ойыңызша, ол неден байқалады?
– Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға
ұшырап бара жатқаны – ащы да болса, ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген
біздің балаларымыздың кіндігін кім кеспей жүр, бұрын жерге ғана көмілетін сол
кіндік қайда қалмай жатыр?! Басқасын айтпағанда, ұлдарымыздың сүндет тойын,
мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде ысырапшылдықпен
өткізуіміз қай атадан қалған дәстүрімізде бар еді?!
Өкініштісі, той өткізу бәсекеге айналып, құдалық даңғазалыққа ұласып бара
жатыр. Сол қыруар шығынның үйленген жастардың бақытына емес,
бақталастығына айналып, ақыры жақсылыққа апармай жатқандығын да көріп
жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отбасылардың арасындағы
кикілжіңнің осы қаржы мәселесінен туындайтыны анықталып отыр.
Статистикалық көрсеткіш бойынша, Қазақстанда неке құрған әр үш
отбасының біреуінің шаңырағы шайқалады екен. Бұл проблема қалалық жерлерде
40 пайызды құраса, ауылдық жерлердегі деңгейі 27 пайызға жеткен. Мұндай
келеңсіздіктің 40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ойландырады.
Соңғы бес жылда еліміздегі мұндай фактілердің саны көбейген.
– Қазіргі таңдағы қыз балалардың тәрбиесіне көзқарасыңыз?
– Отбасы құндылығы дегенде, алдымен, қыз бала тәрбиесі ойға оралады.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Баланың тағдыры анасына тікелей байланысты. Соңғы
кезде тастанды бала мәселесі аз қозғалып жүрген жоқ. Олай дейтініміз,
статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 436-сы тастанды балалар екен.
Бұл – қыз балалармен қатар, қазақ жігіттерінің де азаматтық борышы мен әкелік
жауапкершіліктен бас тартуларын көрсетеді. Бұл - адам тауқыметі ғана емес,
нағыз қоғам тауқыметі.
Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын
жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.
Эссе үшін тапсырма:
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Отбасы құндылығын
насихаттаудың ұлт болашағына әсері бар ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Эсседегі сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]
Мақала үшін тапсырма:
ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен жанұялық құндылықтарды нығайту
мақсатында қыркүйек айының екінші жексенбісінде «Отбасы күні» ресми мереке
ретінде тойланады. Осы мерекеге орай, сізге мектепішілік газетке мақала жазу
тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Ұрпақ
тәрбиесі – отбасы құндылығын сақтаудың негізі» тақырыбында мақала мәтінін
жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуықажет.
[20]
Әңгіме үшін тапсырма:
Аталған мәселені негізге алып, «Менің отбасым – менің мақтанышым»
тақырыбында әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]

16

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі арнайы ұйымдар үшін)
Нұсқа №1
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні («Ол кім? Бұл не?» кітабынан)
Қызыл кітап
«Қазақстанның Қызыл кітабы» - республика аумағында кездесетін сирек,
саны азайып, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдік түрлері туралы,
оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану туралы толық
мәліметтері бар негізгі құжат.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» деп аталатын
2 томнан тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған І бөлімі 1978 жылы
басылып шықты. Оған омыртқалылардың 78 түрі енді. Оларға сүтқоректілерден
қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді қайраңы, қызыл қасқыр, Тянь-Шань аюы, қара
күзен, Орта Азия сілеусіні, шағыл мысығы, қарақұйрық, үстірт қойы, арқар, т.б.;
құстардан Алтай ұлары, қара ләйлек, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ, безгелдек, бүркіт,
субүркіт, лашын, т.б.; балықтардан Сырдария тасбекіресі, Арал албырты, Каспий
тасбекіресі, т.б. кірді.
Қазақстан Қызыл кітабының өсімдіктерге арналған ІІ бөлімі 1981 жылы
басылып шықты. Оған өсімдіктердің 308 түрі тіркелді.
«Қызыл кітап» - аң-құс пен өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің жойылу
қаупін, оларды көздің қарашығындай қорғау қажеттігін, оларды аулауға тыйым
салынганын ескертетін белгі, сол түрлерді сақтап, көбейту ісінің бағдарламасы
болып табылады.
Ә – мәтіні (мақаладан үзінді)
Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене
танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тыныстіршілігін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен-орнын, пайдасы мен
зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен үндес» екендігін аңғарып,
олардың аталығын, аналығын және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына
ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған немесе
«кесірі тиеді», «киесі ұрады» деп есептеген. Мысалы, жыланды «қыбыр»,
«ұзынқұрт» деп, ал қасқырды «ит-құс», «бөрі», «ұлыма» деп атаған.
Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар балалаған кезде,
құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды
ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен
қамқорлық пен табиғатқа деген жанашырлықты көрсетеді.
(Рысбай Сәтімбекұлы)
Тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғат – адамзатқа
аманат» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы
қажет.
[20]

17

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі арнайы ұйымдар үшін)
Нұсқа №2
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні (ғаламтор материалы)
Табиғи ресурстар - ел байлығы
Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның да табиғи ортасы табиғат
жағдайы мен табиғат ресурстарынан тұрады.
Табиғат ресурстары - бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор.
Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы
қазбалар, жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі - табиғат
ресурстарын құрайды.
Су ресурстары. Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі
таралмаған.
Жер ресурсы. Қазақстанның жер ресурсы орасан зор, оның жалпы көлемі
270,1 млн га-ды құрайды.
Биологиялық ресурстар. Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен
ерекшеленеді. Еліміздегі өсімдіктердің 5700 дей түрі кездеседі, оның 14% тек
Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Республика аумағы орманға өте тапшы. Орман алқабы бар болғаны- 13
млн.га. Қазақстан орманының басым бөлігі - сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді
аумақтарда өседі. Қылқан жапырақты ормандар Тянь-Шань, Жонғар Алатауы,
Алтай тауларында кездеседі.
Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі,
бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар. Қазақстанның
табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары және шаруашылықтың
өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор.
Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау, еліміздің табиғат
байлықтарын сақтау, яғни табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды
пайдалану - әрбір азаматтың міндеті.
Ә – мәтіні
Табиғат-тал бесігің
Кім болса да өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі, оның табиғат
таңғажайыптары, ерекше таулары мен орман-тоғайларымен мақтанатыны рас. Ол
– жазылмаған заңдылық. Өйткені жер бетіндегі ең сұлу, ең әдемі жер – кез келген
адам үшін туған жері. Сол туған жерінің табиғат байлығы. Табиғаттың сыйға
тартқан байлығын, тау-тасын, өзен-көлін ата-бабаларымыз қорғаштап, күтіпбаптап жүріп бізге жеткізді. Біз өз кезегінде ұрпағымызға бүлінбеген қалпында
аманаттауымыз керек. Табиғатты аялайық, оны қорғайық деп дабыраны көп
жасағанымызбен, шынайы іске келгенде тоқырайтын да сәттер болатындығы
бүгінгі күннің шындығы.

18

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Соңғы кездері екінің бірі аңшылықты әуес көріп, онымен айналысуды
«модаға» айналдырды. Әсіресе хайуанаттар әлеміне көз салушылар мен қол
сұғушылардың көбейгендігі де жасырын емес. Арнаулы рейд кезінде аудан
тұрғыны Б.К.ның қолындағы ұзындығы 50 метрлік балық ұстайтын торды
тәркілеген мамандар, арнайы құжат толтырып, акт жазып, балықшыға балық
аулаудың ережелері мен тәртібін түсіндірді. Өзенді жағалай жоғары көтерілгенде
«КАМАЗ» жүк көлігіне отын басып жатқан бір топ жігітті байқадық. Олардың да
отын алуға рұқсаттары болып шықты. Заң бұзушылық байқалмады.
Табиғатты баға жетпес байлыққа теңейміз, ал оның қорғалу
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
11.02.2024
4299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі