Материалдар / Қорытынды аттестацияға дайындыққа емтихан билеттері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қорытынды аттестацияға дайындыққа емтихан билеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларын Қорытынды аттестаттауға дайындауға Қазақстан тарихы пәнінен емтихан билеттері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2024
353
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№1 билет
1) Қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып,
құрылуына әсер еткен тарихи процестерді түсіндіріңіз.

Қазақ

хандығының

Хaндықтың құрылуы Қaзaқстaн aумaғындa ежелгі зaмaндaрдaн бері үздіксіз жүріп
келген бaрлық тaрихи үдерістер мен XIV-XV ғaсырлaрдaғы Шығыс Дешті Қыпшaқ aумaғы
мен оғaн көршілес aймaқтaрдaғы сaяси құрылымдaр дaмуының зaңды қорытындысы
болып сaнaлaды. Қaзaқ хaндығының құрылуы қaзaқ хaлқының қaлыптaсуының aяқтaлу
кезеңімен қaтaр бір тaрихи кезеңде жүзеге асты. Қaзaқстaн aумaғындa этникaлық үдерістер
қолa дәуірінен бaстaу aлып, біздің зaмaнымыздың XIV-XV ғaсырлaрындa өзінің хaлықтық
деңгейіне көтеріледі.
...XIII-XV ғaсырлaр aрaлығындa Шығыс Дешті Қыпшaқ aумaғындaғы мемлекеттік
құрылымдaр – Aлтын Ордa, Aқ Ордa, Ноғaй Ордaсы, Әбілхaйыр хaндығы, Моғолстaн
мемлекеттері бір мезгілде өмір сүріп немесе бірінің орнынa бірі келіп, сол ортa
ғaсырлaрдaғы Қaзaқстaнның сaяси кaртaсын өзгертті. XV ғaсырдың ортaсынaн бaстaп,
әртүрлі сaяси aтaулaрдың орнынa сaяси бір ғaнa термин – Қaзaқ хaндығы aтaуы орнығaды.
Кәрібaев Б.Б. Қaзaқ хaндығы дәуірінің кезеңделуі мәселелері. //
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. №4 (83). 2016
https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/download/869/629 сайтынан
алынған
[10]
3) «Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алды».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше
дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№2 билет
1) Қазақ хандығы кезеңіндегі дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын
сипаттаңыз.
[5]
2) Суреттер мен тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ХХ ғасырдың 20-80 жылдары
Қазақстан мәдениетінің даму ерекшеліктерін талдаңыз.

«Еңлік-Кебек» қойылымы
http://anatili.kazgazeta.kz/wpcontent/uploads/EK.jpg сайтынан
алынған

К. Байсейітова. «Қыз Жібек» операсы
https://dknews.kz/ru/eksklyuziv-dk/235693kulyash-bayseitova-pervaya-opernayapevica-kazashka сайтынан алынған

Ә. Қастеев. «Түрксіб»
https://www.oner.kz/content/uploads/2017/07/
Turcisib-1969-933x700.jpg сайтынан алынған

А. Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» көркем
фильмі
https://www.silkadv.com/en/content/kinoiskusstvokazahstana сайтынан алынған
[10]

3) «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі саналуандылық арқылы бірлік
қағидатына негізделген». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды
негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 3 билет
1) Қазақ ұлттық зиялыларының Алаш автономиясын құру жолындағы қоғамдық-саяси
рөлін сипаттаңыз.
[5]
2) Тірек-сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ежелгі және түркі
дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістерді түсіндіріңіз.
[10]

3) «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның жоспарлы экономикадан
нарықтық жүйеге көшуі сәтті өтті». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 4 билет
1) «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-мәдени мәнін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақ халқының дәстүрлі
дүниетанымының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Көне түркілер жерімен Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің
негізгі сенімі Тәңірлік дін, әруаққа табыну болды. Саяхатшы Вильгельм Рубрук түркі
жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән
ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар
көзі – табиғат. Бұл табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын
жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін
білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан
туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі»
деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс
қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салтдәстүрінде орын алған.
Исламға дейінгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер тарихы
https://e-history.kz/kz/e-resources/show/13280/ сайтынан алынған
[10]
3) «Алаш» партиясы қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруді мақсат еткен
партиялардың бірі болды».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 5 билет
1) Ежелгі отырықшы өркениет ошақтары – Шаш, Сырдария және Жетісудің негізгі
ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Картаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан
аумағындағы сауда қатынастарының дамуына тигізген әсерін түсіндіріңіз.

Қазақстан тарихы: 11-сыныпқа арналған оқулық. (1-бөлім) - З.Е. Кабульдинов,
А.Д. Сандыбаева, Ф.Р. Лебаев,- Алматы: «Атамұра» 2020
[10]
3) «Қазақстан мәдениеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы әлемге
танылуда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін
бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№6 билет
1) Ұлы Даланың ерте көшпенділерінің мәдениеттерін атап, олардың ерекшеліктерін
сипаттаңыз.
[5]
2) Сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, дәстүрлі қазақ қоғамындағы
әлеуметтік топтардың қызметін түсіндіріңіз.

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. –
Астана: «Фолиант», 2003
[10]
3) «Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тек қана этникалық
процестердің заңды нәтижесі». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№7 билет
1) «Орталық Азия» ұғымының мағынасын тарихи және географиялық тұрғыдан
сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы
білім және ғылымы дамуының мәселелері мен болашағын талдаңыз.
Ғылым және оның басымдықтары
2011 жылы ақпанда «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданды. Заңда жаңа құрылған
ғылыми-зерттеу институттары қызметінің қағидалары, ғылыми зерттеулер мен
қаржыландырудың тетіктері айқындалған. Жаңа заңда ғылыми еңбектің нәтижесін
коммерциялауға, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық ынталандыруға көп
көңіл бөлінді.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық
басылым/ Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014
[10]
3) «Қазақ халқының этногенезіне моңғол шапқыншылығы түбегейлі өзгерістер
әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін
бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№8 билет
1) Қазақ этногенезінің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Түрік қағанатының құрылуы
Еуразия кеңістігіне қандай өзгерістер әкелгенін түсіндіріңіз.
«Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларында этникалық өзгерістер
орын алды. Бұл аймақтағы үстемдік біртіндеп түркітілдес тайпалардың қолына өтті.
Әлеуметтік даму және аймақтық-саяси бірігу үрдісі қарқын алып, І мыңжылдықтың екінші
жартысында түркітілдес тайпалар Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, Еділ өңірі мен Солтүстік
Кавказ аймақтарында бірқатар ірі мемлекеттердің (қағанаттардың) негізін қалады... Бұл
кезеңді ежелгі түркі дәуірі деп атайды».
С. Кляшторный. «Еуразия далаларының халықтары мен мемлекеттері» еңбегінен. 2009
ж.
[10]
3) «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы депортация Қазақстанның демографиялық
ахуалына ауқымды өзгерістер әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№9 билет
1) Дәстүрлі қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз.
[5]
2) Берілген мақала үзіндісін оқи отырып, халықтың рухани өрлеу жолындағы тарихимәдени ескерткіштердің маңызына баға беріңіз.
«Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол
халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз –
ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кеңбайтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді
мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз
тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрынсоңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне
қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі
жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін,
Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудің киелі мекендерін және
басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде
орнықтыруды меңзейді.»
https://afmrk.gov.kz/the-article-of-the-head-of-state.html сайтынан алынған
[10]
3) «Қазақ хандығындағы қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуында ақын-жыраулар ең
маңызды рөл атқарды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды
негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№10 билет
1) Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік топтардың саяси-құқықтық ерекшеліктерін
сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, сақтардың әлемдік тарихи
үдерістерге тигізген ықпалын талдаңыз.
Алтын киімді ерте көшпелілер
Сақ-скиф заманы – адамзат баласы үшін өте маңызды кезең. Б.з.д. VIII-VII
ғасырларға дейін әлемнің қай өлкесі болмасын, өз бетінше бейтарап дамып келсе, осы
уақыттан бастап күрт өзгерістер басталғанын сезінеміз. Сондықтан ол дәуірді «кіндік
уақыт» деп те атайды. Осы әлемдік жарысқа Еуразия ішкі өлкесін мекендеген сақ-скиф
тайпалары елеулі үлес қосты. Олар Батыс пен Шығысты бір-бірімен араластырып,
өркениет жетістіктерін үйлестіріп отырды. Көшпелілер Еуразиялық деңгейде рухани
салт-дәстүрдің, дүниетанымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Мемлекет аталатын
құбылыстың өзі де ол заманда көшпелілердің отырықшы елді бағындырып, басқару
жүйесін жасауымен тығыз байланысты еді.
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. –
Астана: «Фолиант», 2003
[10]
3) «Қазақстандағы білім беру жобалары еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырды».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше
дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№11 билет
1) Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілер мемлекеттерін сипаттаңыз.
[5]
2) Инфографиканы және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, тәуелсіз Қазақстан
экономикасын дамытудағы ұзақмерзімді стратегиялардың рөлін түсіндіріңіз.

Аяған Б.Қазақстан тарихы (1946 жылдан қазіргі уақытқа дейін), 9-сынып
[10]
3) «Қазақстан нарықтық жүйеге өту жолында кездескен қиындықтарды еңсеріп, әлемдік
экономиканың белсенді қатысушысына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№12 билет
1) VI-VIII ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің саяси тарихын сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Алтын Орда мемлекетінің
Еуразия кеңістігіндегі саяси-экономикалық үдерістерге ықпалын түсіндіріңіз.
«Өзбек ханның тұсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне
айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы билік тізгінін өз қолына берік ұстап,
бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды.
Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар, оның ішінде Көк Орданың
билеушілері де Өзбек ханның талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Оның қолында
300 мыңға дейін жауынгер болды. ХIV ғасырдың 20-жылдарында Алтын Орданың
Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа
жылжуын уақытша тоқтатып тастады. Өзбек ханның тұсында Алтын Орданың Киев
Русіне жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті».
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап. – Алматы: «Білім», 2005
[10]
3) «Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік шегараларын межелеу қазақ
жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№13 билет
1) Қазақ хандығының құрылуындағы Ақ Орданың тарихи маңызын анықтаңыз.
[5]
2) Картаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Ұлы Жібек жолының
Қазақстандағы бағыттарын атап, әлеуметтік-экономикалық маңызын түсіндіріңіз.

https://m.0088.kz/image/catalog/Plakat/21%20kart%20KAZ/14002342-3.jpg сайтынан
алынған
[10]
3) «Андрон тайпаларының материалдық мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениет
дамуында ерекше орын алады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 14 билет
1) Қазақ халқының қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Қазақстан–2030» ұзақ
мерзімді стратегиясының тәуелсіз Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлін
талдаңыз..
«Қазақстан – 2030»
Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы
(үзінді)
3-ұзақ мерзiмдi басымдық: Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары,
дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
Экономиканың өзi тұрақсыз дамудың аралық кезеңiнде тұрғанда, мемлекеттiң
реттеушi рөлi мен араласуы бара-бар болуға тиiс. Жаңа әлемдiк экономикалық үлгiлерге
сай болу үшiн бiз мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгi мен сапасын едәуiр көтеруге,
жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және
олардың белсендiлiгiн арттыруға тиiспiз.
...Бiрiншi Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына
макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық
тәжiрибе енгiзілуге тиiс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970002030 сайтынан алынған
[10]
3) «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары ұлт-азаттық күрестің жаңа
сапалы формасын, саяси түрін қалыптастырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 15 билет
1) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жетістіктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, тәуелсіздік алғаннан кейін
Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы 1990 жылдары күрделі нарықтық өзгерістерді басынан кеше
отыра, экономикалық дербестікке ие болды, әлемдік және аймақтық үдерістердің
белсенді қатысушысы атанды. 2000 жылдары дағдарысқа дейінгі кезеңде оның
дамуының оң факторлары байқала бастады: ІЖӨ өсімі, төмен деңгейдегі инфляция,
тұрақты банк жүйесі, дамыған инфрақұрылым, инвестиция мен өмір сүру деңгейінің өсуі.
Бұның бәрі оң тәжірибе мен туындаған мәселелерді шешуге ықпал етті.
Қазіргі экономикалық шындықтар мынадай, экономика саласындағы мемлекеттің
интенсивті қызметі нарықтық реформалар мен жекешелендіруді жүргізу үшін емес,
ғаламдық экономикалық және қаржы дағдарысының салдары жағдайында ұлттық
экономиканы күшейтуге бағытталып отыр. Екіншіден, дағдарыстан кейінгі
экономикалық дамуға тиімді жағдайлардың барлығы дерлік қалыптасқан.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/
Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014
[10]
3) «Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктері көшпелі
өркениетпен тығыз байланысты дамыды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?
Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№16 билет
1) Орталық Азия өркениеттерінің тарихы туралы сақталған жазба деректерді
сипаттаңыз.
[5]
2) Тірек-сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақ хандығындағы
әлеуметтік топтардың қызметін түсіндіріңіз.

https://articlekz.com/uploads/data/files/pics9/4_28.jpg сайтынан алынған
[10]
3) «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өркениеттер сұхбатының
жаһандық алаңы ретінде танылды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№17 билет
1) «Сакральді Қазақстан» жобасы аясындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап,
олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Зар заман» ақындарының
қоғамдық-саяси идеяларын түсіндіріңіз.
Зар заман ағымы – қазақ қоғамдық ойы, әдебиеті тарихындағы күрделі бір кезең. Ұлт
мүддесінің жоқтаушысы болған «Зар заман» ағымының ақындары өлең толғауларында
біріншіден, кең байтақ қазақ даласын экономикалық және идеологиялық жағынан толық
меңгеру үшін неше түрлі шара амалдарды жүргізген отарлау саясатын әшкерелеп, соны
халықтың санасына жеткізіп, қоғамдық ой дәрежесіне көтеруге ұмтылды.
«Жер тағдыры – ел тағдыры» екендігін жете пайымдаған ақын-жыраулар
қоныстандыру саясатының зардаптары, нәтижелері тек халықты күйзеліс пен
кедейшілікке ғана емес, сонымен бірге жерінің тозып, халықтың ішкі рухани тірегі
болған тілі мен діні, әдет-ғұрып, салт-санасы,
«аяқ асты» болатындығын өз
шығармаларында дер кезінде көтерді.
Иманбаева С.С., профессор, ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(173). 2019
[10]
3) «Көшпелі мал шаруашылығының технологияларын меңгеру арқылы Орталық
Азия халықтары әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына үлес қосты». Сіз бұл
пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер
келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№18 билет
1) Отырықшылар мен көшпелілер арасындағы шаруашылық және сауда қарымқатынастарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың ру-тайпалық
құрылымын түсіндіріңіз.
Қазақ рулары туралы
«Кіші жүз қазақтарын сипаттау. Күшті руы – Алшын, ал Алшын екіге бөлінеді:
Қаракесек және Байұлы болып. Қаракесек бәрінен де күшті, алты ру, атап айтсақ: Шекті,
Қаракесек, Шөмекей, Төртқара, Қаракете, Қарасақал. Осы алты рудың билігі Әбілқайыр
ханда болды. Кіші жүз екі Борсықта, Ор өзенінің жоғары бастауында, Елек пен Жем
бойында, Жайық қаласынан Жайыққа құятын өзендердің жағасында, Гурьев пен Каспий
теңізіне дейінгі жерлерде көшіп жүреді...
Орта жүзде күшті ру – Арғын, құрамында он алты ру бар. Бұл рулардың басшылары
– Барақ сұлтан мен Абылай сұлтан. Орта жүзде Найман құрамында он бір ру бар.
Қыпшақ тоғыз рудан тұрады. Орта жүзде Уақ пен Керей Кіші жүздің Жетіруы сияқты
Тәуке ханның кезінде қосылған. Орта жүз Тобыл мен Есіл өзендерінің бойында, Ертіс
өзенінің жоғарғы ағысында, Көкшетау маңында көшіп жүреді...
Ұлы жүзде он ру бар. Барлығы да Үйсін аталады. Ұлы жүзде ең күшті ру – Қоңырат...
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2003.
[10]
3) «ХХ ғасырдың 20-80 жылдары Қазақстан ғалымдары техника және
жаратылыстану ғылымдарының дамуына зор үлес қосты». Сіз бұл пікірмен
қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер
келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№19 билет
1) Қазақстан аумағында шаруашылықтардың қалыптасуына әсер еткен табиғигеографиялық факторларды анықтаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақ хандығының
құрылуының алғышарттары мен себептерін талдаңыз.
Қазақ хандығының құрылу тарихы
... Қазақ мемлекеті шығу тегі, өмір сүру салты және мәдениеті жағынан ұқсас түркі
тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазақ халқы мемлекеттілігінің
дамуында Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы
маңызды кезең болды.
Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың екінші жартысында құлдырауды бастан
кешірген екі мемлекет – Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі саяси
жағдайымен байланысты болды. Қазақ мемлекетінің құрылуы Керей мен Жәнібек
сұлтандардың есімдерімен байланысты. Олардың жаңа хандықтың іргесін бекіту
жолындағы күресі рулық ақсүйек қауымның да, қатардағы көшпелілер мен егіншілердің
де мүдделеріне сәйкес келді. Олар халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысы болды.
...
Бакина Н. Қазақстан тарихы. 6 сыныпқа арналған оқулық
[10]
3) «Мәдени-генетикалық код – жаһандану дәуірінде ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап
қалу кепілі». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу
үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 20 билет
1) ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы мектеп үлгілерін
анықтап, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2) Картаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы қола
дәуірінің археологиялық мәдениеттерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

https://0088.kz/plakat%D1%96/ezhelgi-aza-stan-tarihy-abyr-a-a-iletin-kartalar-zhina-y-12dana сайтынан алынған
[10]
3) «Шежіре – қазақ қоғамындағы ру-тайпалық ұйымдасудың біріктіруші факторы».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше
дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 21 билет
1) ХХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстандағы индустрияландырудың барысын
сипаттаңыз.
[5]
2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың этникалықаумақтық бірлестіктерінің қалыптасу алғышарттарын түсіндіріңіз.
Қазақ жүздерінің құрылуы туралы
Қазақ жүздерінің құрылуын қазақ өлкесінде орын алған саяси-әлеуметтік қозғалыстар
тарихынан іздеу керек. Қазақ хандығы шаңырақ көтерген XV ғасырдың ортасында Шу
мен Талас бойындағы Керей мен Жәнібектің қол астына, кейін Ұлы жүз құрамына енген:
дулат, қаңлы, сарыүйсін, албан, суан сияқты, кейін Орта жүз құрамына қоңырат және
қыпшақ атты рулар кірді. Кіші жүз құрамына бір кездері Аштархан, Ноғай, Қырым
хандықтары құрамына енген қазақ рулары кірді. Ал Орта жүзге Шыңғыс хан
шапқыншылығы кезінде-ақ дербес мемлекеттер болып үлгерген байырғы түркі рулары:
найман, керей, арғын, қыпшақ рулары бірікті. Қазақ руларының бұлайша бірігуін
олардың этникалық жақындастығы, антропологиялық типі немесе өмір салтының
өзгешелігі емес, ең алдымен, географиялық жағынан орналасуы тұрғысынан қарастырған
жөн. Кейін әрбір жүз құрамына ірілі-уақты рулар келіп қосылып, олардың қатары үнемі
өсіп отырған.
Құл-Мұхаммед Мұхтар. Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі. – Алматы:
Атамұра, 1994
[10]
3) «Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының алғашқы ағартушы-ғалымы». Сіз бұл пікірмен
қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 22 билет
1) ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы
қалыптастыру үрдісін сипаттаңыз.

Қазақстанда

полиэтникалық

қоғамды
[5]

2) Мақала үзіндісі мен тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер
өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына тигізген әсерін талдаңыз.
Атқа міну мәдениеті
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында
жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға
үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде
адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен
әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну
мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты көшпенділер империялары
тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Автокөлік қозғалтқыштарының
қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар
үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі...
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған
байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.
https://afmrk.gov.kz/the-article-of-the-head-of-state.html сайтынан алынған
[10]
3) «Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялары сапалы экономикалық дамуға алып
келді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін
дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№ 23 билет
1) Ортағасырлық ғалымдардың Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесін
сипаттаңыз.
[5]
2) Суреттер және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақ халқының тіршілікті
қамтамасыз ету жүйесіндегі қолөнер мен кәсіпшіліктердің рөлін талдаңыз.

https://el.kz/k-shpeli_khaly-ty-_-ol-neri_turaly_ne_bilemiz_40129/ сайтынан алынған
[10]
3) «Қазақ КСР-нің құрылуы – мемлекеттілікті қалпына келтірудегі алғашқы қадам».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше
дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№24 билет
1) Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның көші-қон саясатының негізгі
бағыттарын сипаттаңыз.
[5]
2) Тарихи біліміңізді және берілген құжат үзіндісін пайдаланып, Қазақстандағы білім
саласын жаңғырту үдерісін түсіндіріңіз.
Шетелде кадрлар даярлау үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық
стипендияларын белгілеу туралы ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы
№1394 қаулысы (үзінді)
ҚР-ның экономикасы нарықтық қатынастарға көшіп, халықаралық байланыстар
кеңейген жағдайда тиісті білімі бар кадрларға деген ділгерлік барынша өсе түсті, осыған
орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердің маңдайалды оқу орындарына
оқуға жіберу мейлінше өзекті сипат алып отыр.
Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды іріктеуді жүзеге
асыру және білім саласында халықаралық байланыстарды үйлестіру мақсатында қаулы
етемін:
1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның және Германияның
және басқа елдердің маңдайалды оқу орындарында оқыту үшін ҚР Президентінің
«Болашақ» халықаралық стипендиясы белгіленсін. Стипендиялардың мөлшері
студенттерді шетелдердің тиісті оқу орындарында оқыту құнының деңгейінде көзделсін.
ҚР Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажетті валюта
қаражатын бөлетін болсын.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/K930001394 сайтынан алынған
[10]
3) «Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетіндегі
жетістіктері олардың өркениеттік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді». Сіз бұл
пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер
келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№25 билет
1) Ортағасырлық ғұлама Әл-Фарабидің «ізгіліктің қаласы» туралы ілімі негізіндегі
қоғамдық-саяси идеяларды түсіндіріңіз.
[5]

2) Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпелілер империясы
– Ғұндар мемлекетінің әлемдік тарихи процестерге тигізген әсерін талдаңыз.

Ғұндардың әскериленген мемлекеті
375 жылы олар Еуропаға дейін жетіп, герман тайпаларына шабуыл жасайды.
Еуропадағы ғұндар туралы ақпарат ежелгі дереккөздерде пайда болады, оларды «Батыс
ғұндар» деп атайды. Олар туралы Венгриядағы, Румыниядағы, Болгариядағы ежелгі
ескерткіштерде руникалық жазулар сақталған. Ғұндардың батысқа қарай жылдам алға
жылжуы оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Гот
тайпаларының жеңілісі халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды. Батыс
Германия мен Францияның шығысындағы көптеген қалалар қирады.
https://e-history.kz/kz/news/show/33472 сайтынан алынған
[10]
3) «Моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуы көшпелілердің әскери-әкімшілік
басқару жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?
Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№26 билет
1) ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан халқының моноэтникалық
құрамының өзгерісін сипаттаңыз.
[5]
2) Берілген дереккөзді және тарихи біліміңізді пайдаланып, ХХ ғасырдың екінші
жартысында Қазақ КСР Ғылым академиясының ғылымды дамытудағы рөлін
түсіндіріңіз.
ҚазКСР Ғылым академиясы бөлімдерінің 1946–1956 жылдардағы ғылыми
қызметі
Ғылым академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы, мәдениетінің, табиғи
ресурстарының зерттелуіне жол ашты. ҒА-ның құрамына минералды ресурстар, физикаматематикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық
ғылымдар бөлімдері енді. 1956 жылы Қ.И. Сәтбаевтың басшылығымен Орталық
Қазақстанның металлогенді картасы құрастырылды. 1946 жылы Тау-кен институтының
негізі қаланды. Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланды.
Ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі
тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Республикадағы барлық энергетикалық
ресурстардың зерттелуі Энергетика институты жұмысының басты бағыты болды.
«Халық шаруашылығын дұрыс электрлендіру» деген сұраққа басты назар аударылды.
1945 жылы құрылған Химиялық ғылымдар институты республикадағы минералды
ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық
және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт өнеркәсіптегі мұнай және химия
қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.
https://e-history.kz/kz/news/show/2768 сайтынан алынған
[10]
3) «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік
іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды
негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән: Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________

№27 билет
1) «Зар заман» ағымы өкілдері көтерген қоғамдық өмірдегі негізгі мәселелерді
анықтаңыз.
[5]
2) Берілген деректі және тарихи біліміңізді қолданып, ХІХ ғасырдағы қазақтардың
дәстүрлі музыка өнерінің дамуын түсіндіріңіз.
«...Қазақ әншілерінің арасында әнді ғажап орындайтын талантты жандар бар. Қазақ
халқы өздерінің әндерін өңдеп, көркемдік қасиетін арттырудан жалығып көрген емес.
Қазақ әндері өзінше бөлек, әсем болып келеді. Оның әуенін ести бастағаннан-ақ
қазақтардың әлдебір өзіндік ғажайып ортасына еніп кеткендей сезінесің, өзіңді қазақ
даласының бірде ыстық ауасын, бірде қазақ жерінің ғажайып сұлу көрінісін көз алдыңа
елестеткендей, тіпті дала өсімдіктерінің аңқыған хош иіс
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!