жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қорытынды кеш
Тақырыбы: «Нақты ғылымдар кеші»
Мақсаты:
Мектеп көлемінде ұйымдастырылған кештің негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
Математика және информатика пәндері бойынша білімдерін кеңейту;
Математикаға және информатикаға деген қызығушылығын арттыру.
І-жүргізуші:
Армысыздар құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар. Бүгінгі математика және информатика пәндері декадасына байланысты өткелі отырған қорытынды кешімізге қош келдіңіздер!
ІІ-жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түседі уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, — деп Абай атамыз айтқандай, математика, информатика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен,информатика әрі қарай сырласу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
І-жүргізуші: Кешіміз жалғасады тағаттасақ
Шынымыз биік болар, білім қусақ
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды жыр тындасақ.
10 сынып оқушысы Әскербек Айжан «Математика»
Мектепке келдім,
ұстазады көрдім,
Жазу, сызу мен санау
үйрендім.
Сан
менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына
оның, үңіліп көрсек.
Математика –
бар ілім басы,
Математика – ғылым
патшасы.
Математика-өмір тірегі
Математика
– шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара
алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала
алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле
алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз
2-жүргізуші: Назарларыңызға 5 сынып оқушыларының мерекелік кешке арналған өлең шумақтарын ұсынамыз!
1-оқушы: Ғылымдардың ғылымы,
Информатика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Информатика құрметтеуге лайық.
2-оқушы: Математика, шынында,
Ғылымдардың патшасы.
Барлық нақты ғылымға
Апарар жолдың қақпасы.
3-оқушы: Дүниедегі ақпараттың мәнін де,
Ақпараттық процестердің бәрін де,
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Информатика дүние кілті бүгінде.
4-оқушы: Үйретер өлшеу, сызуды
Геометрия секілді,
Кеңітер ой мен ұғымды,
Сала бар онда не түрлі.
Алгебра болса сиқырлы
Цифрлардың мекені.
5- оқушы: Компьютер бұйым жарамды,
Жетістігі ол ғылымның.
Үйренген кілтін алады
Ілім менен білімнің.
6- оқушы: Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Математика кереметті көрсетті елге.
7-оқушы: Ғылымның ең биігі –
Информатика пәні.
Компьютерді үйреніп
Жатыр жас пен кәрі де.
8- оқушы: Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды патриот, батыр ғалым.
Ғасырлар түкпірінен басып озған.
9- оқушы: Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
І-жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кештің төрінде
Математика, информатика кешінде
Ғылымдардың тілінде.
Оқушылардың қатысуымен «Математика сабағында»сахналық көрініс. (мұғалім- 10 сынып оқушысы Айжан, оқушы-8 сынып оқушысы Айбол).
ІІ-жүргізуші: Келесі кезекті әзіл-қалжыңдарға берсек. 6 сынып
1.Мұғалім: Адлет, сен онға дейін әзер санайсың. Миыма да сыймайды, өскенде кім боласың?
Оқушы: Апай мен өскенде бокс сарапшысы боламын!
2. Мұғалім: Есепті шығаруға тақтаға келеді....Серікбай Адлет
Оқушы: Адлет тақтаға келеді
Мұғалім: Адлет есептің берілгенін мұқият тыңда..Әкең 1 кг конфет сатып әкелді, анаң тағы 2 кг конфет сатып әкелді. Сонда қанша......
Оқушы: Адлет есікке қарай бет алады
Мұғалім: Адлет қайда кетіп барасың?
Оқушы: Конфет жеуге үйге кеттім.
3. Мұғалім: Серікбай Адлет, күнделігіңді әкел, кешегі 2-ді қойып берейін.
Оқушы: Ағай күнделігім өзімде жоқ.
Мұғалім: Күнделігің қайда?
Оқушы: Мен оны ата-анасын қорқытуға Көркемге бергенмін!
4. Мұғалім: Серікбай Адлет, сенде 100 теңге бар, сен ағаңнан тағы 200 теңге сұрап алдың. Сонда сенде қанша теңге болады?
Оқушы: 100 теңге.
Мұғалім: Сен қате есептеп тұрсың, математикадан түк білмейсің ғой!
Оқушы: Жоқ, сіз менің ағамның қандай екенін білмейсіз.
5. Мұғалім: Серікбай Адлет, 3*7 қанша болады, жауап берші?
Оқушы: Ағай, сіздің сұрағыңызға тек қана адвокатымның қатысуымен ғана жауап беремін.
6. Мұғалім: Адлет , неге саған үй тапсырмасын үнемі әкең жасап береді?
Оқушы: Ағай өйткені анамның үй тапсырмасын орындауға мүлдем бос уақыты жоқ.
7. Мұғалім: Қане балалар, өз бетімізбен №125 есепті шығарайық.
(Оқушылар тапсырманы орындауды бастайды).
Мұғалім: Серікбай Адлет, сен неге Дидардан көшіріп отырсың?
Оқушы: Жоқ ағай, керісінше ол менен көшіріп отыр, ал мен қатесін тексеріп отырмын.
8.Мұғалім: Балалар, Архимед деген кім?
Оқушы: Архимед-ол математикалық грек!(қолды жоғары шошайтып)
1-жүргізуші:
Біз жастары жаңа
ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста
деген қауымның
Бойға жинап қайрат,
жігер, намысты
Бағындырып бар әлемді,
ғарышты.
Біз тәуелсіз мемлекет
ұланымыз
Бар екпінмен самға алға,
тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім
алып Мәншүк Мәметова орта мектебінде
Бар
білімді болашаққа арнаймыз.
Желбіретіп,
татулық пен достықты
Жеңіс туын биік
ұстап самғаймыз.
Келесі кезекте ортаға математика пәні мұғалімі Дүйсембиева Бағдат тәтейді шақырамыз «Фокус»
2- жүргізуші: Кезекті 6 сынып оқушыларының «Электро» биіне берсек
1-жүргізуші: «Логикалық сұрақтар»Балалар, қазір математика және информатика пәндерінен логикалық сұрақтарға жауап беріп, ат салысып отырайық.
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?
Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Самат. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Самат
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
7. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
8. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
9. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
10. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
11. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
12. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
13. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін. Жауабы: 1 және 2
14. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады? Жауабы: Капитан ретінде 11 ойыншы бола алады. Капитанды таңдағасын қалған 10 ойыншы оның орынбасары бола алады. 11*10=110
15. Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 5*3=15
2-жүргізуші: Математикалық-информатикалық жұмбақтарға кезек берейік.
1.«Ас
-адамның арқауы»Ал компьютердің асы?
(электр тоғы)
2. Үлкен кіші сандарды сен
Ажыратқын келсе егер
Қандай таңба қояр едің
Қане ойлан куәгер (теңсіздік)
3.Ақпаратты сақтап таратқан
Жұртты өзіне қаратқан (монитор)
4. Патшаларға мола болған
Геометрияға мұра болған.
(пирамида)
5.Тетігін
басса алаңсыз,
Жазады қалам қағазсыз (компьютер)
6. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?(дәреже)
7.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетерзатым бар
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер,қане айтыңдар (тінтуір)
8. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілгеармандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан
бар достарым пікір демейді.
(бөлшек сан)
9. Нүктеден екі сәуледенҚұралған айтшы бұл не екен?
(бұрыш)
10. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)
11.
Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі,
бар ма, сірә,
дара пайым.(Түзу)
12. 1 ағаштың 12 бұтағы бар Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ, Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап? (жыл, ай, тәулік, күнмен түн)
13. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
Ендігі кезекте
декаданың өтілу барысында жақсы
білімдерін көрсеткен оқушыларды
марапаттауға рұқсат беріңіздер. ,
(Қорытынды.)
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет- деп бүгінгі математика, информатика пәндеріне арналған кешімізді аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген