жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
қорытынды оқу қызметінің тақырыбы "Табиғат біздің досымыз"
Оқу іс-әркетінің тақырыбы: « Табиғат біздің досымыз».
Мақсаты:
1.Білімділік: Балаларға табиғат-біздің тіршілік көзіміз, баға жетпес байлығымыз
екенін ұғындырып, оны қорғау, аялау міндетіміз екенін
түсіндіру.
2.Дамытушышылық:
Балалардың қоршаған ортаға деген түсініктерін кеңейту,Табиғат Анаға
сүйіспеншілікпен қарауға үйрету.
3.Тәрбиелік: Балаларға қоршаған
ортаны, елін жерін, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, мейірімділік-
ке, ізгілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбие беру.
Оқу іс- әрекетінің барысы:
Зал іші табиғат көріністерімен дайындалған.Орман,ағаштар, шөптер, гүлдер т.т. Ғажайып орманның іші.Табиғатқа байланысты әуен ойнап тұрады. Табиғат аясында «Табиғат ханшайымы әндетіп, аралап жүреді, гүлдерді иіскеп көбелектерді ұшырады. Сол кезде балалар сиқырлы әуен арқылы ақырын жүгіріп келіп, ортаға тұрады.
Ханшайым: -Ой, сәлеметсіңдерме? Менің орманыма қонақтар келіп қалыпты ғой. Сендер кім боласыңдар? Ал, мені таныдыңдар ма? Мен орман ханшайымымын. Менің орманыма не үшін келдіңдер?
Балалар: -Біз «Қошақан»балабақшасының «Бүлдіршін» тобының балаларымыз. Біз сабақты осында өткізгелі келдік.
Ханшайым: -А, сабақ дедіңдерме? Өте жақсы, бүгінгі күніміз көңілді өтетін сияқты.
Шаттық шеңбері:
Табиғатымыз тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем саған нұрлы Күн!
Сәлем саған Жер Ана!
Сәлеметсіз бе, Ханшайым!
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Оны қалай білдіңдер? Балалардың жауаптары.
-Балалар жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Балалар: -Күн, ай, ауа, тау, тас, су, өсімдіктер, адамдар, хайуанаттар, құстар, балықтар, жәндіктер, т.т.......
Тәрбиеші: -Табиғат нешеге бөлінеді екен, балалар?
Балалар: -Жанды табиғат және жансыз табиғат деп екіге бөлінеді.
Тәрбиеші: -Жанды табиғатқа жататындарды атаңдаршы?
Балалар: Адамдар, хайуанаттар, құстар,балықтар, жәндіктер, өсімдіктер.
Тәрбиеші: -Ал енді, жансыз табиғатқа жататындарды атаңдаршы?
Балалар: -Ай, күн, жер, топырақ ,тау. тас, ауа, су, қар, жаңбыр......
Тәрбиеші: Балалар Табиғат ханшайымы сендердің білімдеріңді тексергісі келіп, сұрақтар қойғысы келіп отыр.
Ханшайым: -Балалар, менің сендерге қоятын бірінші сұрағым:
-Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір
өзегі не? Онсыз өмірді елестету мүмкін бе?
Еркежан: -Ол ауа.
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі ол ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?
Тіршілікте адами қымбат, сен қымбат.
Ал, адамға ауа қымбат бәрін,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Тәрбиеші: -Балалар, ауаны нелер ластайды?
Балалар: -Завод,фабрикалардан, машиналардың түтіні, майлары, бензині, қоқыстар ластайды.
Тәрбиеші: -Ауамыз таза болу үшін не істеу керек балалар?
Балалар:-Қоқыстарды әр жерге тастап ластамау керек, өрттен сақ болу керек, ағаштарды , гүлдерді көбірек отырғызу керек.
Ханшайым: -Дұрыс балалар.
Менің екінші сұрағым: -Табиғат балықтарының ішіндегі екінші тіршілік көзі - табиғат көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық пен тіршілік көзі ол не?
Нурикамал: -Ол су.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық
көзі –су. «Судың да сұрауы бар» - дейді дана халқымыз. Қазақстан
Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз
пайдалану судың азаюына әкеп соғады. Көп жерлерде ауыз суы жеткіліксіз. Сонымен су – табиғаттың жаны, қара жердің –сәні. Суды ластауға, ысырапсыз төгіп, жұмсай беруге болмайды.
Ханшайым: -Өте дұрыс, ендігі менің үшінші сұрағым сендерге:
-Балалар табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не?
Алуа: -Ол өсімдіктер.
Табиғат байлығының бір тобы – жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Өз өлкеміздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Ханшайым: -Дұрыс балалар.
Тәрбиеші: балалар, біз Ханшайымға табиғатымызды көркейту үшін гүл егіп берейік.
Тәжірбие «Гүл отырғызу»
Тәрбиеші: -Ал, балалар бәріміз сергіту сәтін орындап жіберейік.
Сергіту сәтіміз
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, солға түзу тұр,
Солға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Жоғары- төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Ханшайым: -Ал, балалар менің төртінші сұрағым:
-Сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не балалар?
Дария : -Ол құстар.
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар: Олардың әсем әндері бойымызды
балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар – табиғат
сақшылары. Егістіктің, бау – бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата – бабамыз
құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға
теңеген. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркіқұстарды қорғау әрқайсысымыздың парызымыз.
Тәрбиеші: -Балалар құстар бау-бақшамызды, егінімізді, ағаштарды неден тазартады?
Балалар: -Зиянды құрттардан, шегірткелерден, жәндіктерден тазартады.
Ханшайым: -Өте дұрыс балалар. Ал енді сендерге қояр бесінші сұрағым бар:
-Балалар, құстарды табиғаттың әні мен қоғаушысы десек табиғаттың сәнін келтіретін тағы нелер деп ойласыңдар?
Шырайлым : -Ол хайуанаттар.
Табиғаттың сәнін келтіретін ол – Хайуанаттар.
Табиғаттың сұлу мүсіні, көрікті келбеті – хайуанаттар.
Халқымыз ежелден – ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа
алған. Көздері мөлдіріеп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.
Ханшайым: -Дұрыс, балалар.
Өте білімді балалар екенсіңдер, Рақмет сендерге.
-Балалар менің мазам кетіп тұр ауырып қалған сияқтымын. Басым суырып, асқазаным бүріп тұр. Көмектесіңдерші маған.
Балалар: - Біз сізге дәріханадан дәрі-дәрмек әкеліп берейік.
Ханшайым: -Ой , не деп тұрсыңдар, мен дәрі ішпеймін ғой, менің орманымда, өзімнің шипалы дәрілік шөптерім бар. Сендер оны білесіңдер ме?
Балалар: - Иә, білеміз. Біз сізге айтып береміз. Қалақай, итмұрын, бақбақ, түймедақ, жолжелкен, емен, жалбыз, аққайың, мыңжапырақ, облепиха, тмин, мойыл, ермен.
Бақбақтың- тамырының дәрілік қасиеті бар. Ол асқазан , өтке, қуық ауруларына пайдасы зор.
Ақ қайың – қабығын, жапырағын, бүршігін, шырынын дәрілік мақсатқа пайдаланамыз. Оның құрамында С дәруменмімен эфир майы бар. Асқазан, бүйрек, ішек ауруларына, ішек құрттарын шығаруға әсері зор екен.
Ханшайым: - Ой, енді жеңілденіп қалдым ғой, сендер шипалы, емдік шөптерді де жақсы біледі екенсіңдер. Мені емдеп жібердіңдер ғой.
Рахмет сендерге.
Ханшайым: - Балалар флора деген не, фауна деген не, соны айтыңдаршы.
Балалар: -Флора деген өсімдіктер әлемі. Оған – ағаштар, шөптер, гүлдер жатады. Фауна деген- жануарлар әлемі. Оған аңдар, жануарлар жатады.
Ханшайым: балалар мен сендермен дидактикалық ойын «флора», «фауна» ойыны.
Тақтаға карточкадағы флора, фауна жаттатын суреттерді тауып жапсыру.
Ханшайым:-Жарайсыңдар балалар, білімдерің мол екен. Рақмет сендерге!
Тәрбиеші: Ал, енді балалар кім табиғат туралы тақпақ біледі екен. Айтып берейікші , Ханшайымға.
София:
Қандай сұлу табиғат!
Тіршіліктің анасы
Қорғай біл, ей адамзат
Табиғат – елдің анасы.
2.
Табиғат деген –Жер ана
Балар оны бағала
Табиғат деген – Туған жер
Қорғайды оны барлық ел.
Ибрахим:
Табиғатты қорғайық, аялайық
Барды жоқты аямай баяндайық
Болашақта қызығын көру үшін
Қатысса деп ойлаймыз барша халық
4.
Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбауда керек шығар дос үшін,
Екеуіңнің араңдағы байланыс
Өмір бақи үзілмесін, қосылсын.
Тәрбиеші: -Ал, қазір көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі екен?
5.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп –кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
6.
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем – су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.
7.
Тырна келді тыраулап,
Көк аспанда тізіліп.
Көк майсада жер аунап,
Бала біткен қызығып.
8.
Қырға шығып көктемде,
Қызғалдағын теремін.
Гүл құшақтап бөктерде,
Өлеңдетіп келемін.
9.
Қар кетіп,
Қыр көгерді.
Құс қиқуы көбейді,
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорада мол төлдеді.
10. Көктем қанадй көрікті,
Көз тартады төңірек.
Неше түрлі гүл өссе,
Сонша түрлі көбелек.
11. Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
12. Қараторғай келіпті,
Үйшік жасап берейін.
Алқашқы гүл көрікті,
Бәйшешекті терейін.
13. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
14. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, баулар да,
Ақ гүлдер өрілді.
Тәрбиеші: -Ал, балалар енді табиғатқа байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Мақал – мәтелдер.
1) Таулы жер бұлақсыз болмас
Сулы жер құрақсыз болмас.
2) Су жер береке
Ел жер мереке.
3) Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
4) Табиғат – халық қазынасы,
Табиғатсыз адамның күні жоқ.
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
5) Бір тал кессең он тал ек.
6) Орманға сен қалай қарасаң,
Орман саған солай қарайды.
Тәрбиеші. –Жақсы балалар, ал енді қандай ырым – тыйымдар білесіңдер?
1) Құстың ұясын бұзба
2) Аққуды атпа.
3) Жерді сабама, теппе.
4) Суға дәретке отырма.
Суға түкірме, суды былғама.
5) Жұлдызды, адамды санама.
6) Түнде суға барма.
7) Көкті жұлма,
Ағашты кеспе.
Ханшайым : мен сендерді табиғаттан басқа да тапсырмалармен сынағым келіп тұр. Дайынсыңдарма?
Сауат ашу: Аңдар мен жануарларға дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрау.
|
|
|
|
|
|
|
қоян
|
|
|
|
|
арыстан
|
|
|
|
|
|
|
|
Математикадан санның құрамын табу.

![]()
![]()
Тәрбиеші: -Өте жақсы балалар.
Сабақты қорыту:
-Ал, балалар бүгін қайда болдық?
-Орманда кімді кездестірдік?
-Табиғатқа қандай жақсылық істеу қолымыздан келеді екен?
-Не істедік?
-Не үйрендік?
Сабақты қорытып, балалар табиғат Анаға жақсы тілектер айтады, Ханшайыммен қоштасады, орманнан балабақшаларына қайтады.
1)
Гүлдей бер Жер-Ана!
2)
Аспаның ашық болсын!
3)
Орманың аң мен құсқа толсын!
4)
Суың мөлдір, таза болсын!
5)
Орманың қызыл, жасыл гүлге толсын!
6)
Күнің жарық болсын!
Хормен: Табиғат Ана, сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Ән: Қазақстан туған жерім, киелім,
Қасиетіңе, қастерлеп бас иемін.
Табиғатың тұнып тұрған қазына,
Осылардың бәрін аялаймын, сүйемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген