|
2Негізгі
бөлім:
Балалар бүгін бізде қарапайым
математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс - әрекеті, бұл күні біз
жыл бойы не үйрендік соларды есімізге
түсіреміз.
- Мен сендерге «бүгінгі
күндерін сәтті болсын!» деймін.
- Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай
бар?
- Қандай
айлар?
- Бір аптада неше күн
бар?
Тосын
сый:
Есік қағылады. Мақтақыз бен
мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақтақыздың қолында мысықтың
құйрығы, Мақтақыз бен мысық балалармен
амандасады.
- Сендерге не болған, неге
ренжісіп жүрсіңдер?
Мақтақыз: - Балалар мысық менің айтқан
тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын
бермеймін.
- Балалар мысыққа көмектесеміз
бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба?
- Ал, енді балалар,
Мақтақыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік,
олай болса теледидарға назар аударамыз.
/теледидардан ертегі
кейіпкерлерін тамашалап, естеріне
түсіреді./
- Өте жақсы
балалар.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын
сендер соны шешіңдер,
Екі найзасы
бар,
Екі айнасы
бар.
Төрт жылтырмағы
бар,
Бір шыбыртқысы
бар.
- Дұрыс сиыр. Сиырды орысша -
корова дейміз.
- Ал,
енді сиырдың
тапсырмасын тыңдайық.
1 - ден 5 - ке дейін сандарды
тура және кері санау.
/теледидардан сандарды
көрсету/
- Енді мысық сиырдан кейін
неге барады екен оны осы жұмбақтын шешімі
айтады?
Жазда
жатсаң,
Көлеңкесіне
алады.
Қыста
жақсаң,
Жаның рахат
табады.
- Дұрыс жауабы
ағаш.
- Ағашты орысша
дерево
-
Ағаштың
тапсырмасын тыңдайық.
- Пішіндерді атаңдар, түстерін
ажыратыңдар.
- Енді құстарға қамқорлық
танытып алдарындағы геометриялық пішіндерден құстарға ұя
құрастырайық.
Мысық енді кімге
барады?
Қыздардың
тапсырмасы:
«Сұрақ -
жауап»
1. Бағдаршамның неше көзі
бар?
2. Қолғапта неше саусақ
бар?
3. Адамда қанша көз
бар?
4. Жұлдыздың неше көзі
бар?
5. Аспанда неше күн
бар?
6. Бір жылда неше мезгіл
бар?
2.1. Сергіту
сәті. Ал балалар
тұрайық,
Үлкен шеңбер
құрайық.
Оңға қарай
иіліп,
Солға қарай
иіліп.
Алақанды
соғайық,
Алға қарай бір
адым.
Артқа қарай бір
адым.
Жоғары, төмен
қарайық,
Орнымызды
табайық.
Қыздардан кейін мысық қайда
барады?
Дүкеншінің
тапсырмасы:
«Тез ойлап
тап!»
Есеп: 1.
дүкеншіде 5 жұмыртқа болды,
біреуін жарып алды. Дүкеншіде неше жұмыртқа
қалды?
2.
Ермек дүкеннен 3 алма алды,
жолда 1 - ін жеді, Ермекте неше алма
қалды?
3. Ұлжан дүкеннен үш алма сатып
алды. Алманың 1-ін Дильназға, тағы 1-ін Мединаға берді. Ұлжанда
қанша алма қалды?
- Балалар мысық дүкеншіден
кейін кімге барады?
- Тауықты орысша курица
дейді.
Тауықтың
тапсырмасы:
«Адасқан сандарды
тап»
Доп - 1, алма - 2, сәбіз - 3,
саңырауқұлақ - 4, пирамида - 5.
- Балалар мысық тауықтан соң,
кімге барады?
Мен жұмбақ айтамын, шешуін
табындар.
Өзі егін
екпейді,
Егістен ұзап
кетпейді.
Қарны ток, қайғысы
жоқ,
Мысық қуса
жетпейді.
- Тышқанды орысша мышь
дейді
Тышқанның
тапсырмасы:
«Суретте не
жетіспейді?»
- Балалар, мысық сендердің
көмегімен Мақтақыздың барлық тапсырмасын
орындады.
- Міне Мақтақыз мысықтың
құйрығын қайтарып береді. Сөйтіп екеуі дос
болыпты.
|