Материалдар / Қорытынды сабақ "Гүлдер гүлдер әсем гүлдер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қорытынды сабақ "Гүлдер гүлдер әсем гүлдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білімдерін тексеру үшін қорытынды сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
782
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қорытынды сабақ

Тақырыбы: «Гүлдер гүлдер әсем гүлдер»

Барлық іс-шара мультимедиялық презентациялармен сүйемелденеді

Сабақтың мақсаты: « Гүлдендіру » үйірмесінде жыл бойы өткен тақырыптарды қайталау және оқушылардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін тереңдету болып табылады. Бөлме гүлдерінің адам өміріндегі маңызы, гүлдердің көп түрлілігі, олардың көбеюі жолдары, өсімдіктерді минералды тыңайтқыштармен қоректендіру, бөлме гүлдерінің әр түрлі аурулары мен зиянкестері жайлы біліп, олармен күресу жолдарын білетін болады.

Сабақты өткізу әдістері: Әңгімелеу, демонстрация, сұрақ – жауаптар, ойындар, зымыран сұрақтар, «Ойлан, жұптас, ортаға сал».

Міндеттері:
1. Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамыту
3. Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Зерттеу объектісі: «адам мен өсімдіктер» арасындағы біртұтастықтық байланысты үйлестіру


Болжам:

Гүлдерді өсіру – бұл «адам-қоғам-табиғат» арасындағы біртұтастықты үйлестіру болып табылады, өйткені, қоғам қоршаған ортаның болашақ ұрпақ үшін қажеттілігін сезінеді.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдері кеңейеді;

  • Ғылымға деген қызығушылығы артады;

  • Зерттеушілік қабілеті дамиды;

  • Жасыл өсімдітерге деген жеке басының жауапкершілігі қалыптасады;

  • Алған білімін күнделікті өмірде қолданады;


Жобаны ұйымдастыру формалары:

  • Жеке

  • Жұптық

  • Топтық


Жобалау, зерттеу әдістері:

  • Сұхбат

  • Сауалнама

  • Ойын

  • Пікірталас


  • Зерттеу жұмыс.

  • Шығармашылық жұмыстар.

  • Фенолгиялық бақылау жұмыстары

  • Жолда өткізілетін танымдық таным жорық

  • Тәрбие сағаты


Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның қызыл кітабы,
плакат, слайд, гүлдер, карточкалар
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, биология.

Құрал – жабдықтар: Тірі бөлме гүлдері, бөлме гүлдеріне күтім жасау оларды көбейту жолдары, соған қажетті заттар: су құйғыш, қопсытқыш, қайшы, күрекше, топырақ, ыдыс, тыңайтқыштар, проектор, компьютер

  1. Педагогтің кіріспе сөзі.

Бүгін, балалар, әңгіме әрдайым бізбен бірге тұратын тірі ағзалар туралы болады, бірақ біз оларды жиі байқамаймыз. Олар бөлме гүлдері. Бөлме гүлдерінің адам өміріндегі маңызы, гүлдердің көп түрлілігі, олардың көбеюі жолдары, өсімдіктерді минералды тыңайтқыштармен қоректендіру, бөлме гүлдерінің әр түрлі аурулары мен зиянкестері жайлы біліп, олармен күресу жолдарын білетін болады. Оқушылар ашық сабақ жүргізеді:

Оқушылар жүргізеді: Дүйсенова Балауса

Арайлап таң атты

Алтын сауле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайрлы таң балалар!

Қайрлы таң қонақтар!

Балалар қараңдаршы біздің топқа бүгін көп қонактар келіпті.

Кәне амандасайық.

Балалар: Сәлеметсізбе!



Дүйсенова Балауса - Үй – жайдағы жасыл өсімдіктер микроклиматты жақсартатыны белгілі, ауру тудыратын микробтарға зиянды әсер ететін фитонцидтер-ұшпа заттарды бөледі. Дұрыс таңдалған бөлме гүлдері яғни өсімдіктер психологиялық қолайлы орта жасайды, адамдардың көңіл-күйіне оң әсер етеді, үй-жайға өзіндік бір әсемдік береді және белгілі бір жайлылық жасайды.

Дуйсенова Нұрай: Бүгін біз « Гүлдер әлеміне саяхат» атты қорытынды сабағымызды жүргіземіз. "Мұнда қанша түрлі өсімдіктер мен Гүлдерді қараңыз. Гүл өсіру үйірмесінде біз гүлдерді күтіп баптап оларға күтім көрсетіп үйрендік. Біздің кабинеттеріміз, дәліздеріміз оларсыз қызықсыз болып көрінеді сондықтанда гүлдерге аса көңіл бөлген жөн.

фариза - Гүлдер бөлмені жағымды және эстетикалық етеді, бірақ бұл ең бастысы емес. Ең маңыздысы, олар қосымша оттегі шығарады, әсіресе қысқы уақытта шаңсорғыш ретінде қызмет етеді, шаң сіңіреді және ауаны тазартады. Бұл біздің ең сенімді достарымыз, біз осы өсімдіктер патшалығының арқасында өмір сүреміз, ал біз кейде олардың атауларын білмейміз. Қазір сіздердің алдарыңызда

Бөлме гүлдері жайлы 3 минуттық бейне ролик. Бұл кезең оқушыларға өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінулеріне себеп болады.)

Дүйсенова Балауса: Ал енді балалар гүлдер туралы жұмбақтар шешеміз дайынсындарма? Балалар гүлдер туралы жұмбақтарды шешуге тырысыңдар.

  1. Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады. (Гүл)

  1. Қар астында қыстады,
    Жасылмен бөркін тыстады.
    (Бәйшешек).

  2. Осы гүлдің отаны –
    Қазақтың кең даласы
    Көктемде дала құлпырып
    Қып - қызыл болар қарашы.
    (қызғалдақ )

  3. Тазартады ауаны ,
    Бойына тартып қалың шаң

Шаңсорғыш деп атауға болады оны әрқашан? (хлорофитум)



Педагог: Енді әдемі отырып, мені мұқият тындаңдар, (гүлдер конкурсын өткіземіз). Ал енді оқушылар қонақтарды біздің әдемі гүлдерімізбен таныстырайық.

Оқушы: Қазтамақ гүлі – бұл гүлдің пайдасы зор. Оның 15 ке жуық түрі бар.Гүлдерінің және сабағының құрамында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен эфир майы бар. Қазтамақтың кептірілген тамырынан тұнба жасап ишсе бүйрек тасын түсіреді, ревматизм, шаш тусуіне де көмек береді.

Шегіргүл – отаны тропиктік Африка. Гүлдері әр түрлі өте әдемі болып келеді. Шегіргүлден неше түрлі препараттар жасайды. Олар: жөтелге қарсы қолданылады.

Хлорофитум – грек тілінен аударғанда жасыл өсімдік деген мағынаны білдіреді.Отаны Оңтүстік Африка. Бұл өсімдік нағыз ауаны тазалайтын қасиетке ие, яғни шаңсорғыш деуге болады оны жатын бөлмеде қоюға болады.

Сансевиерия қоянқұлақ - бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам иммунитетін күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды. Күн көзінде де, көлеңкеде де өсе береді.

Спатифиллум ( әйел бақыты) – тропикалық аймақта өсетін гүл. Айел адамның аялы алақанына ұқсайды, уйге үлкен бақыт әкеледі.

Ал бізде осы гүлдер бар ма топта ? Иа бар сіздердің алдарыңызда көріп тамашалауларынызға болады.





Педагог: Жыл сайын біздің оқушылар шығармашылық тапсырма алады – біздің орталық үшін өсімдік өсіру, осы уақыт ішінде сендердің өсімдіктеріңнің қалай өскенін көрейік. Оны тәжиірбелік жүзінде жасады. Акрамова Алма мандаринди сүйектен өсірді.

Педагог: Бүгінгі сабағымыздың нәтижелі болғанын білу үшін

Мейірімова Айзере : Сұрақ – жауап жүргізеді.

Педагог. Балалар енді біз сұрақ – жауап ойынын ойнаймыз

Педагог: Балалар! Бөлме өсімдіктерінің өсуі мен дамуы үшін қандай жағдайлар қажет?

Оқушылар жауабы: жылу, жарық, су, ауа, топырақ.

Оқушылар: күн сәулесін жақсы көретін өсімдіктер қалай аталады?( Жарық Сүйгіш) .

Оқушылар: жарық сүйгіш өсімдіктердің мысалдарын келтіріңіз?

(Аспарагус, зигокактус, колеус, цикламен, ал, кактустар).

Бұл өсімдіктерді қайда орналастыру керек?

(оңтүстік, оңтүстік – шығыс терезеде орналастырады)

Фенолоиялық бақылау жұмыстарымызды қорғаймыз;

    1. Маймылдарға фенологиялық бақылау туралы

    2. Теңіз шошқаларына фенологиялық бақылау

    3. Қояндарға фенологиялық бақылау

(Сіздердің назарларыңызға оқушылардың суреттерінен жиналып құрастырылған слайд шоу).

Келесі біздің оқушылардың көрсететіні бөлме гүлдерін көбейту әдістері:

Практикалық жұмыс (оқушылар шығып герань ( қазтамақ) гүлдерін ортаға алып шығып бөледі және отырғызады.

Жол бойындағы танымдық таным жорық туралы біздің оқушылар қысқаша шолу жасайды:





Қорытынды:

Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатты гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Жан – жағымызды яғни айналамызды жасыл желекке айналдыруға ат салысуымыз қажет.

Біздің бүгінгі қорытынды сабағымыз аяқталды сіздердің назарларыңызға көп рахмет. Ал енді бәріміз жиналып био орталыққа экскурсияға барайык. Сіздерге Дүйсенова Аяулым биологиялық ортаға экскурсия жүргізеді


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!