400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қорытынды сабақ "Менің сүйікті тағамым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұлттық тағамдар туралы түсінік берілді,олардың түрлерімен таныстырылды, білімдерін қорытындылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында (Алдар Косе Шықбермес Шығайбай) ертегі кейіпкерлері арқылы сабақ жүргізілді; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыта отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өтілген сабақ. Ертегінін мазмұнын арқау етіп, дайын слайдтардың тапсырмаларын өзгерте отырып сабақтарда қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лексикалық тақырыбы: Менің сүйікті тағамым

Грамматикалық тақырыбы: Жалғаулар түрлері

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты : Ұлттық сүйікті тағамдар туралы бойынша алған білімдерін тексеру, бекіту; пәнге деген қызығушылығын арттыру; оқушыларды сөз мағынасына мән беруге баулу; ұлттық тағам жайлы сөйлей алуға жағдай жасау.

Тәрбиелік /м. Талдауға алынған тапсырмалар арқылы қонақжайлылыққа, бауырмалдыққа баулу; оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа үйрету.


Дамытушылық/м сөйлеу тілдерін жетілдіру; ойлауға, ойын жеткізе білуге баулу.


Сабақтың түрі: қорытынды.

Сабақтың әдісі: жедел бақылау, тест.

Пәнаралық: қазақ әдебиеті

Көрнекілігі: слайдтар.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Кезекшінің есебі

II. Сабақтың мақсатын айту

III.Тақырып бойынша жұмыс


Кіріспе сөз: ( Тағам туралы Әбу Әли Ибн Сина )


Тағам деген тірегі ғой адамның,

Тек тағамнан адам болып нәр алдым.

Малдың сүті, еті және өсімдік,

Бұның бәрін тағам үшін өсірдік.

Тұз да қажет тағам болуға,

Дәрі қажет бойға ем боп қонуға.

Дүниеде сан алуан бар тағам,

Ал адамдар ең дәмдісін таңдаған ,


Қалай ойлайсыңдар бұл сабақта не туралы айтамыз?

- ақындар жырлағандай дәмді тамақ ішкенді бәріміз ұнатамыз. Осыған байланысты сабағымызды жалғастырайық.


Ерте бір заманда Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай болыпты. ( Слайд № 1 Шығайбай

  • Шықбермес Шығайбай деген кім?

  • Шықбермес есімі нені білдіреді? Шық – роса, бермес - ( Не дающий росинки)


Оның сарандығын естіген Алдар Көсе: ( Слайд №

-Маған дәм татырмай көрсін, - деп,Шықберместің үйіне ауылдың сыртымен үй -үйді жағалап келеді... (Слайд№

  • -Алдар Көсе деген кім?

( Қазақ ауыз әдебиетінің күлдіргі кейіпкері. Ақылды. )

Қандай мағына білдіреді ? (

Айлакер-хитрый, обманщик. Көсе - безбородый)


Алдар киіз үйге жақындап сығаласа, Шығайбай отбасымен дастарқан басында отыр екен. Дастарқанда не жоқ десеңші...

(Слайд № 11


  • Алдар оқыста - нежданно,вдруг

кіріп келгенде тағамдардың бәрі жоқ болып кетті.

(Слайд №


Ал енді, балалар, сол тағамдардан Алдар Көсе дәм татып кетуіне көмектесейік. Ол да дәмді тағамды ішкенді жақсы көреді. Ол үшін біраз тапсырмалар орындау керек.

1-тапсырма. Қазақ халқы асты, дастарқанды қалай бағалаған ? (Қазақ халкы дастарқанды, асты жоғары бағалаған, қадірлеген)


2-тапсырма . Қандай тыйым сөздер білесіңдер?

  • Астан үлкен емессің,

  • Асты көп күттіруге болмайды

  • дәмнен ауыз тимей кетпейді

  • Нанды шашпа.

  • Дастарқаннан аттама.

  • Суға түкірме.

  • Ақты төкпе.

3-тапсырма. Ас туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

2. Ас атасы – нан

3. Нан – киелі ас

4. Нан болмаса, ән де болмайды

5. Алтын- күміс тас екен,

Арпа - бидай ас екен.


4-тапсырма. Қазақтың ұлттық тағамдары неден жасалады?

( Еттен, сүттен, ұннан)


  • Ет тағамдарын атаңдар: бесбармақ, қуырдақ, қазы, шұжық Слайд №


  • Сүттен жасалатын тағамдар: қымыз, айран, шұбат, ірімшік, сары май,т.б.

Слайд №

  • Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, таба нан, тоқаш, жент, қуырған бидай, талқан.

Слайд №


5-тапсырма. Өзін- өзі тексеру.

Көп нұкте орнына тиісті әріптеді қойыңдар.

Дұрыс жауабы - 7 ( о,е,ү,е,а,е,ә )


Қ .. нақ к .. лсе есікке,

Ж .. гіріп шық, к .. шікпе.

Қ .. рсы алмасаң қонақты,

К .. сір болар н .. сіпке.



7-тапсырма. Тест бойынша жұмыс ( на экране)


1. Сөйлем мүшелерін зерттейтін сала:

А) Морфология

Ә) Фонетика

Б) Синтаксис

2. Ашық буынды сөзді тап.

А) Айран

Ә) Көже

Б) Сүзбе


3.Сусындар сөзінің аудармасы.

А) Напитки

Ә) Вещи

Б) Пища

4.Тәтті сөзінің антонимы.

А) Ащы

Ә) Дәмсіз

Б) Тұщы

5. « Қолма қол» піседі деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын тап.


А) Баяу

Ә) Тез

Б) Жай

6.Ойды аяқта. Қонақ келгенде сен...

А) «Сәлеметсіз бе, төрлетіңіз, шай ішіңіз» дейсің

Ә) Есік ашпайсың

Б) Амандаспайсың


7.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дұрыс табылған нұсқаны белгіле.

Жылқы мен түйе сүтінен айран ұйытылмайды

А) Жылқы мен түйе сүтінен

Ә) Айран ұйытылмайды

Б) Сүтінен ұйытылмайды

8. Қымыздың ерекшелігі.

А) Емдік қасиеті бар

Ә) Ағзаға пайдасы жоқ

Б) Зияны көп


9.Нан сөзінің сынын білдіретін сөзді белгіле.

А) Жұмсақ

Ә) Дәмді

Б) Екеуі де дұрыс


10. Сөйлем мүшелері дұрыс табылған нұсқаны белгіле.

Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар.

АDrawObject5 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject2 DrawObject1 ) -.-.-.-.-. ---------

ӘDrawObject11 DrawObject10 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject9 DrawObject6 ) -.-.-.-.-

БDrawObject13 DrawObject12 ) - - - - - -- ---------

DrawObject14 DrawObject15

11. Мақалдың жалғасын тап. Ат адамның қанаты,


А) Қөңілінде көші жоқ.

Ә) Ас адамның қуаты.

Б) Көп ашуды дос басады


12.Орфография бойыша дұрыс жазылған сөз

А) Жайа

Ә) Жәйя

Б) Жая



Барлық жауапты есептеп, жазу


Қорытындылау: сонымен, қандай ұлттық тағамдарды атай аласыңдар?

Кластер, дайын слайд


Сендердің осы тапсырмаларды орындағандарыңның арқасында Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың дастарқанынан дәм татып,

Слайд №


Мен Алдармын, Алдармын,

Кого хочешь алдаймын.

Шығайбайға сходил я

Дәмді тамақ поел я

О-о, е-е ,- деп қарнын сипап үйіне қайтыпты



Бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі